5.1 Ара шаруашылығымен айланысу ерекшеліктері
Ара шаруашылығымен айланысу үшін біздің мемлекетте көп мүмкіншілік бар, араларға қажетті жем қор базасы жеткілікті, сол себептен оларды жаппай өсіріп көбейтуге болады. Қазіргі кезде Қазақстанға Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Еуропа, тіпті Латын Америкадан да апельсин балы ұсынылып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан өңдірушілерді қинайтын сұрақтардың бірі, ол бір ғана өсімдік түрінен монофлерді бал алу болып табылады. Бірақ алтай балы өсімдіктердің алуан түрлілігімен тұтынушыларды қатты қуантады. Бұл жерде 200 астам балды өсімдіктер бар, сол себептен ғажайып «микс» жасауға мүмкіншіліктер бар. ТМД және де Қазақстанда ара шаруашылығы консервативты жолмен дамыды. Ара ұя жүйелері еңбектің механикаландыруын және қарқындылығын тежейді. Бірақ сонымен қатар тұқымды жақсарту жұмыстары жүргізіліп отырды. ҒЗИ және техникумдар сапалы кадрларды дайындады. Қортындылай келгенде Шығыс Қазақстанның өзінде ең басты балды өңдейтін аймақтарда көптеген омарташылармен айналасатын жұмыскерлер өздігінен білім алғандар.
Өңдірістегі төмен көлемдегі өнімге, нарық заманында сатып алатын ірі компаниялар қызықпайды. Оларға жүз тоннаға дейінгі көлемдегі партиялар қажет, оларды 10–грамм орама түріне келтіріп бөлшектеген сауда жүйелеріне жібереді. Бірақ қазақстандық өңдірушілердің бағалары орташа әлемдік бағамен салыстырғанда еке есе қымбат сол себептен экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді емес.
Тағы да бір жіті мәселе–сапасыз және бұрмаланған өнім. Бір немесе екінші рет сорттардын брендтық маркасымен сапасыз бал сатып алған тұтынушы келесі жолы мүлдем өнімге қарамай және басқадай сапалы тауарды іздей қоймас. Сонымен қатар, жергілікті тамақ өнімдері құрылымында, ара балы көбінесе кулинария тағамдарын жасауға және аурыған кезде қолданылады.
Жалпы айтқанда, мәдени тұрмысқа қатысты, көп мөлшерде бал қолданылмайды. Соңғы екі онжылдықта аралардын да сапасы қатты төмендеді. Балды ерте кезде аламыз деп Шығыс Қазақстанға оңтүстік аймақтар мен Қырғызстаннан көптеген ара әулеттерін әкеліп орнатқан. Сол себептен бір жағынан алым ерте алынады, басқа жағынан жаңа бұдандастырған аралар тұқымдары ұзақ алтай қысына және ауруларға төзімсіз болған. Бұдандастыру жұмысы керсінше болып шықты, шағылысқан тұқымдардан жаңа даралар ата аналарының ең нашар қасиеттерін сіңірген. Бұл сұрақтарды түзету үшін мамандарға, білім, ақша, уақыт және құзырлы мемлекеттік саясат қажет.
Омарташы жыл бойы араларды күтіп бағады, жоғары өнімді аралар әулетін өсіріп бұдандастыру жұмыстарын жүргізіп, аналықтарды шығарып ауыстырады, кәрездердін санын көбейтіп, шикізат балауызын ерітіп қайтадан қолданады, ара ұяларынан балды шайқап алады, араларды бал жинайтын орындарға және ауылшаруашылық дақылдарын тозаңдату үшін апарады, қыс уақытына сапалы тамақ қорын дайындайды.
Сонымен қатар араларды, қыстайтын бөлмелерін және оларды қыстауға дайындап ара ұяларын қыстаққа көшіріп, қыстақта температура мен ылғалдықты реттеу қажет, жабдықтар мен құралдарды сақтау, ұяларды түзету, қондырғыларды балауыздау, өндірістік және шаруашылық есебін жүргізу және ветеринариялық дәрігердін қадағалаушылығымен араларды емдеу.
Әр бір ара жұмыскері өзінін омартасында тәртіп сақтап орнату қажет. Ара ұяларын және омарта орындарын реттеп оны ара биологиясына сай жасау қажет.Омарта объектілері орынды болуы қажет және зоотехникалық талаптарға сай болу қажет.
Омарта – тірі табиғаттын өзара ұстаханасы. Көптеген жылдары омарталарда болған зоотехниктар келесі қортындыға келген: омарта аймағында қандай тәртіп болса, ара әулетінің, араның және ұяларының жағдайы да сондай болады, сол себептен бал жинаудын мөлшері де осыған тікелей қатысты болады.
5.2 Омарта жерін жоспарлау және ара ұялары
Аралар орманның негізгі мекендеушісі болып саналады, сол себептен омартаны орналастырудын негізігі шарты болып – орман, орман жолағы, ағаштар өскен ойықтар, бақша, желден қорғанған немесе үй–жайы шаруашылығы тірі қоршаумен шектелген. Тіпті омарта манайында орналасқан қоршаулар мен құрылыстар желден қорғайды, сол себептен ара ұясынын ішіндегі температураның күрт өзгеруінен сақтайды. Өте жоғары күн сәулелену аймақтарында аралар ағаш көлеңкесіне қарай икемденеді, ал жұмысты күнгей сәулелер астында атқарады. Омарталар ауаны ластайтын өндірістерден, сонымен қатар балалар мекемелері, спорт кешендері мен автомобиль және темір жолдардан алыс орналасуы қажет.
Омарталардын маңайында су қоймаларының болуы өте қажетті, ал 1–2 км қашықтықта автокөлік жолы мен темір жолы болған дұрыс, егер оқыс керек жағдайда медициналық-коммунальдық және сауда орындарына жету үшін.
Омарта қою үшін 5–10 0С еңіспен атмосфералық тұнбалардын ағынына арналған түзу жерді таңдайды.
Сатып алатын ара отбасының сапасы Жергілікті ара тұқымынан араларды алған дұрыс болады. Ара отбасына баға бергенде ГОСТ 20728–75, талаптарына тіренген жөн болады, бұл 5-кестеде көрсетілген.
Көрсеткіш | 1.04 | 1.05 | 1.07 | 1.09 | Ескерту |
---|---|---|---|---|---|
Аралар, кг | 1.5 | 1.5 | 3.0 | 2.0 | Барлық жастағы |
Ұрықты аналық, дана | 1 | 1 | 1 | 1 | 2-кі жастан аспауы қажет. Дене салмағы, ұзындығы және түсыжергілікті тұқымдарының талаптарына сай болуы керек. |
Аралар, кг | 1.5 | 1.5 | 3.0 | 2.0 | Барлық жастағы |
Ұрықты аналық, дана | 1 | 1 | 1 | 1 | 2-кі жастан аспауы қажет. Дене салмағы, ұзындығы және түсыжергілікті тұқымдарының талаптарына сай болуы керек. |
Ұядағы ұрпақтың кәрездері, дана: раманың сыртқы көлемдері 435–300 мм, раманың сыртқы көлемдері 436–230 мм | 12 20 | 12 20 | 12 20 | 12 20 | Ашық-қоңыр немесе қоңыр дұрыс салынған ұйымдармен |
Ара ұрпақтары рамкадағы кәрездерге көшіргендегі сыртқы көлемдері, 435-300 мм, дана | 1 | 2 | 5 | 1 | Барлық жастағы |
Аталықтар | Жеткізіліп тұратын аралар отбасы жергілікті тұқымдарға сай болса,рұқсат етіледі | ||||
Бал, кг | 6 | 6 | 6 | 16 | табиғи |
Перга, кг | 0.5 | 0.5 | 1 | 1 |
Араларды кәрезі пакеттерде сатып алуға болады (6-кесте). Бұл жағдайда ара отбасының бағасы төмен болады, бірақ сол жылғы алынатын табыс не ғурлым төмен болады.
Көрсеткіш | 4-рамалық пакет | 6-рамалық пакет | Ескерту |
---|---|---|---|
кг, кем емес, аралар | 1,2 | 1,5 | Барлық жастағы |
Ұрықты аналық, дана. | 1 | 1 | 2-кі жастан аспауы қажет |
Кәрездер | 4 | 6 | Ашық-қоңыр немесе қоңыр |
Ара ұрпақтары рамкадағы кәрездерге көшіргендегі сыртқы көлемдері, 435–300 мм, данадан кем емес | 1,5 | 2 | |
Аталықтар | Жеткізіліп тұратын аралар отбасы жергілікті тұқымдарға сай болса,рұқсат етіледі | ||
Араның жемі (бір кәрезде 1,5 кг аспауы қажет), кг | 3 | 4 | Табиғи бал немесе 60%-тік қант шырыны |
Аналықтың жемі, г, кем болмауы қажет | 15 | 15 | Канди, қолданыла-тын рецептерге сай дайындалған |
Қыстайтын артық ара отбасын ЖШС ара шаруашылықтарынан, сонымен қатар жеке омарташалардан да, алдын ала сату бағасын, санын, жемнің қорын және ұялардын сапасын біліп сатып алуға болады. Барлық араларға қатысты қаражаттық шығынды санасақ, ескеру қажет – бос ұядарды сатып алуын, рамкаларды, болащақ көбейетін ұрпаққа қатысты балауыз жапырағын, арнайы киімдерді, араларға қатысты сайман құралдарды және қыстауға арналған ұяларды салу.
Егер көктемде бірақ 5 дана ара пакеттерін сатып алса, бұлар толығымен кеткен шығынды ара балын сатқанда өтейді.
Көктемде сатып алған аралардан, иелері, сол жылы өсімін тосып алуға мүмкіндіктері болады. Үздік ара жұмыскерлерінің тәжірибесінен көруге болады, егер ара отбасы дұрыс болса, омартаны 100–200 % және одан да артық ұлғайтуға болады.
Сондай мысалдарды суық аймақтардан көруге болады, Ресейде Челябинск аймағында А. А. Пивкин омарташы жылдан жылға 140 ара отбасынан 250–330 жаңа ара отбасын көбейтіп шығарады.
Ал оңтүстік аймақтарда ара отбасының бұндай ұлғайюы әдеттегі құбылыс. Ең жоғары көбейетін ара отбасының деңгей саны омарталарда қоршаған балды өсімдіктермен, есейген отбасы мүшелер санымен, жер аланының көлемі және т. б. факторлармен анықталады. Жалпы әуесқой арашыға бал жинау мол жерлерде 8–25 ара отбасы келеді.
Ара ұялары. Ұялар құрлысы. Классификациясы. Ұялар, омарта жабдығы және ара өсіру құрылыстары шаруашылықтардың, фермалар мен омарталардың негізгі өңдіріс құралдары болып саналады. Дүние жүзінде алағашқы рет ара өсіру маманы П. Е. Прокопович 1914 жылы өз ұясын жасап шығарды. Бұл автордан кейін бізде және көптеген шетелдерде бөлшектелетін ұялардың көптеген типтері мен конструкциялары белгіленді. Ұя типінің немесе қандай болуына қарамастан ол келесі негізігі шарттарға сай болуы қажет:
- ұя ара отбасының биологиялық талаптарына сай болуға және қолайсыз сыртқы әсерлереге мықтап қорғауға, маусымға және отбасының жетілу өнімділік сипатына сәйкес оңай өзгертуге болатындай көлемі жеткілікті үлкен болуға тиіс;
- ұяның іргелері мен рамкаларыдың бүйір планкалары арасындағы қашықтық 7,5–8,0 мм көршілес рамкалар кәрездерінің тұрақты торларының арасындағы қашықтық 35–37 мм, рамкалар арасындағы аралықтар ені 12 мм;
- ұяның жеке бөлшектермен тетіктері корпустарды ұядағы бос орын қондырғыларын, қақпақтарды, түптерді рамкаларды және диафрагмаларды онай алмастыру үшін стандартты өлшемдерді сақтай отырып жасалуға тиіс;
- ұя ара өсірушінің еңбекті аз жұмсай отырып жұмыс істеуі үшін жарамды болуға тиіс.
Тік қойылатын ұялар олардын көлемі қосымша корпустар немесе жартылай қондырғылар қоя отырып тік бағытта ұлғайтылады. Бұларға бір немесе екі бос орынмен қос корпусты он екі рамкалы ұя, үш бос орнымен қос корпусты ұя және көп корпусты ұя жатады.
Көлденең қойылатын ұялар олардың көлемі көбінесе көлденен бағытта ұядан әрі қарай ұлғайтылады. Бұл ұялардың ені биіктігінен артық, соңдықтан да оларды жатақтар дейді. Бұларға жиырма рамкалы ұя–жатақ, украиндық жатақ және басқалары жатады.
Біздің елімізде стандартты рамкаға жартылай қондырғысымен он екі рамкалы ұялар көп таралған. Ұя көлемінің шағындығынан 12 рамкалы ұялар, бірқатар аудандарда қос корпусты ұялар ойдағыдай пайдаланыла бастады, олар әсіресе балды мол жинауға болатын басқа да аудандарда кеңінен қолданылады. Ұялардың басым көбі өнеркәсіп орындарында немесе қазіргі кезде қолданылып жүрген типтік жобалары басшылыққа алатын өңдіңрістік бірлестіктердің шеберханаларында жасалады. Ұялар құрғақ кесілген қарағай-тақтайдан, шырша,самырсын, жөкеден және ылғалдылығы 15 пайыздан аспайтын басқа да жұмсақ ағаш тұқымдарынан жасалуға тиіс. Ұялардың пайдалану мерзімін ұзарту үшін олардың қабырғаларымен төбесін сыртқы жағынан олифпен жағады және ашық, аралар оңай айыратын түспен (ақ, көк, сары) бояйды. Әр ұяның кешеніне мынадай негнізгі бөлшектер жатады:
- түп (алынатын немесе корпусқа мықтап шегеленген), ұшып келгенде қонатын тақтасымен;
- бір немесе бірнеше корпустар, бұларда ұя рамкалары орналасады;
- төбесі жалпақ, ауа тазартатын тесіктері бар, төбе жабатын қанылтырмен немесе тольмен жабылған;
- ұяның және ұядағы бос орынның рамкалы (он екі рамкалы ұя мен жатақ үшін), ағаш төбелер немесе кенептен жасалған жабынды;
- көшкен кезде қолданылатын тетіктер ұя бөлшектерін бекіту және тасымағанда желдету үшін/, ағаш төбелер немесе кенептен жасалған жабынды;
- көшкен кезде қолданылатын тетіктер және ұяны жылыту бүйір және жоғарғы көпшіктер немесе бойралар/
- варроатоз таралған аудандарда рамка астындағы темір тор.
Қос корпусты ұя бірдей екі корпусты, түбі мен төбесі бар. Корпустардың ішкі өлшемдері 450 х 450 х 310 мм. Олардың әрқайсысы 12 стандартты рамканы сыйдырады. Корпус қабырғаларының қалындығы 40 мм, түбінікі–30мм. Төбесі жазық, қалындығы 15 мм тақтайлардан жасалады және жұқа табақ қанылтырмен немесе тольмен жабылады. Төбенің алдынғы және артқы қабырғаларында металл тормен тартылған ауа тазартқыш тесіктер жасалған.
Қос корпусты ұя үш бос орнымен. Оған өлшемі 435 х 230 мм 20 ұялы рамка және өлшемі 435 х 145 мм бос орын рамкаларын сыйдырады. Ұяның алмалы–салмалы түбі қалқаннан және орама байламнан тұрады, соңғыға өлшемі 10 х 250 мм тесік жасалған, оны ысырмамен жабуға болады. Әр корпуста өлшемі 10 х 80 мм араның ұяға кіретін үстінгі тесігі бар, ұшып келгенде қонатын тақта салынған. Төбесі жабық. Көшкен кезде ұялардың ауасын тазарту үшін оның орама байламының бүкіл саңылауына темір тор тартылған.
Қос қабырғалы ұялар ауа райы қатаң келетін Солтүстік аудандарында қолданылады. Олар 12,14 және 16 ұялы рамкаларды және тиісті мөлшердегі жартылай рамкалардағы бір-екі қондырғы сыйдыра алады. Бұл ұялардың қабырғаларын 16–20 мм тақтадан қосарлы етіп жасайды. Екі қабырға арасындағы кеңістікке құрғақ жылытқыш материал тығады (мүк, ағаш үгіндісі, зығырдың, кеңдірдің ірі қалдық талшықтары). Қос қабырғалар жылу сақтауға себін тигізеді, бірақ көшіп қону үшін ұялар өте үлкен және қолайсыз болып шығады.
Сонымен бірге, кейбір басқа конструкциялы ұлардың да жергілікті мәні бар, мысалы, өлшемі 300 х 435 мм қушық–биік рамкаға украйналық жатақ ұядағы бос орын қондырғылармен т. б.
Бақылау ұясының танып білерлік мәні бар және ара отбасының тіршілік әрекетін зерттеу ушін пайдаланылады. Мұндай ұяларды бір жазықтықта орналастырылған бір немесе 4–6 рамкаларға жасайды. Бақылау ұясының жалпақ бүйір қабырғалары шыныдан, кушық шеткілері–ағаштан жасалған. Мұнда ара ұясының барлық қуыстары шыны астында: осының нәтижесінде отбас әрекетінің бәрін көруге болады. Бүйір шыны қабырғаларды сыртынан ағаш есіктермен жабады. Бақылау кезінде ашады.
Тексеру ұясы аралардың қорек жинау барысын тіркеп отыру үшін әр омартаға керек. Бұл лапас астында таразыға қойылған жақсы ара отбасы бар әдеттегі ұя. Ондық өлшеуіштік немесе күйентесі төмен, қаратылған жүк көтергіштігі 100–150 кг шкалалы таразыларды пайдаланған дұрыс.