4 Ара аурулары белгілерін анықтау әдістері және аралардың тоғышары мен зиянкестері

4.1 Ауру аралар балұясын және омарталарды зерттейтін негізгі әдістері


Омартада жұмыс жүргізгенде алдымен сау ара ұясын зерттеп, кейінінен әлсіз, одан кейін ауру ұяны зерттеуге көшу қажет.

Әдетте омартада тұрақты зерттеулер жүргізгенде, ара ұясын зерттегені жайында кесім жүргізу қажет емес. Ара ұясын тек күдік туындағанда, жазғытұрым ревизия кезінде және соттық сараптама жұмыс кезінде өте нақты зерттейді.

Негізгі зерттеу әдістері

Қарау. Ұшақтын қасындағы аралар бар жоғына , олардын тәртіп әрекетіне, өлген аралардың санына, араларға құмырсқалар тиісе ме жоқ па және басқа жағдайларға назар аудару керек.

Пальпация (саусақ сезіммен тексеру). Ауру араларды аспергиллезға саусақ сезімімен тексереді.

Тындау. Омарташы ара ұясындағы дыбысқа және аралардың қозуына, ұяның желдетуіне назар аударады

Иіс сезіммен тексеру. Америкалық шіріме ауруында ара ұясынан желім иісі ал Еуропалық шіріме ауруында қышқылт иіс сезіледі.

Дәм сезіммен тексеру. Араның бал жемсауын жарып тексергенде олардың шырын немесе су тасымалдайтыны көрінеді.

Өлшеу. Әр бір омартада бақылау ұясы болады.Омарташы күнделікті алымның мөлшерін біледі. Ол үшін әр бір кезеңде, жаңадан шыққан аналықтардың салмағын өлшеп отыруы қажет.

Араларды жартылай жарып тексеру. Ішектің құрамы мен ұлғаюын бақылап анықтайды.

Микроскопия. Ара балұясында нозематоз және басқа ауруларды анықтайды.

Акарицидтермен диагностикалық домдау жұмысын жүргізу. Варроатоз және браулез ауруын анықтағанда қолданылады. Лабораторлық әдістерден бактериологиялық, биохимиялық және токсикологиялық әдістер қолданылады. Жұқпалы аурулардың негізгі көзі болып ұяның қанқасы, балауыз жапырағы, ескі кәрездер, аналық ара, қымтауға арналған материал, диафрагмалар саналады.

Ара шаруашылығында ара ауруында маусымдық кезеңдері байқалады. Олардың ауруын анықтағанда келесі тәртіп бойынша зерттеу болады:

1. Ара ұясы.

2. Қыстап шыққаннан кейінгі қалған қоқсық заттар.

3. Ұшақтын қасында және ұяның ішінде өлген аралар.

4. Рамка және кәрездер.

5. Ара балұясы.

6. Аталық ара және аталық араның ұрпағы.

7. Аналық ара және аналық ара шығаратын ұя табақшалары.

8. Ашық қуыстардағы ара дернәсілдері.

9. Жабық қуыстағы ара дернәсілдері.

10. Араның ұясындағы аралар.

11. Ұшатын аралар.

12. Перганың мөлшері және сапасы.

13. Бал.

14. Прополис.

15. Омартаның санитарлық жағдайы.

4.2 Ара ұясын зерттегенде анықталатын аурулардың белгілерімен зиянкестері


1. Ұяның қақпағы тығыз жабылмаған, ұшақ кенінен ашылған тесіктері болады.

Жаз айларында әлді ара отбасы әлсіз ара отбасына шабуыл жасайды.

Қыс айларында ара ұяларына тышқандар кіріп кетеді.

2. Ұяның қақпағын алғанда араның зиянкестері мен жыртқыштары табылады.

Жаз айларында. Үлкен және кіші балауыз күйесі, ұшатын көбелектер, құмырсқалар, әрене немесе филант

Қыс айларында. Тышқандар

3. Ұшақ өлген аралармен бітеліп қалады, ұяда желдету процесі бұзылады (вентиляция)

Қыс айларында. Аралар от тегі жетіспегеннен тұншығып кетеді

4. Ұяның алдынғы жағы артқы жағынан биік болады.

Қыс айларында. Ұяда ылғалдық болады, ол әр түрлі зеңнің көбеюіне себептес болады (пеницил, мукор,аспергилл).

4.3 Ара ұясындағы қыстан қалған қоқсықты зерттегенде анықталатын аурулардың белгілерімен зиянкестері


1. Ара ұясындағы қоқсықта көптеген кәрезі ұсақтары мен балауыз қақпақтары көрінеді, тышқандардың өлекселері табылады.

Қыс айларында. Ұяда тышқандар тұрған (үй тышқаны, дала тышқаны, жертесер)

2. Ұя қоқсығында ұя ішінде тұратын акарапидоз кенелері көрінеді.

Ұя ішінде тозаң қалдықтарымен, балмен және өлген аралармен қоректенетін кенелер тұрады.

3. Қоқсықта өлген вароа кеңелері табылады

Қыс және көктем уақытында. Варроатоз.

4. Қоқсықта аралар шығарған бал қалдықтары кездеседі .

Қыс айларында. Аралар тез кристалданатын өсімдіктерден жиналған балды қалдырған (күнбағыс,күрделігүлді тұқымдасы өсімдіктерінен)

5. Қоқсық қалың зең қабатымен жабылған.

Қоқсықтың үстінде пенициллиум, аспергиллиум, мукор және басқа төмен сатыдағы саңырауқұлақтар кездеседі.

6. Қоқсықта үлкен және кіші балауыз күйесінің личинкалары кездеседі.

Көктем айларында. Ұяда үлкен және кіші балауыз күйесінің дернәсілдері кездеседі. Қоқсықта тек олардың түлегеннен қалған сырт қабықтары қалады, ал дернәсілдер болса ұя корпусының қатты қабырғалары мен түбіне жабысып қалады.

4.4 Ұшақтын қасында және ұяның ішіндегі өлген араларды зерттеп ауру белгілерін анықтау


1. Ұшақтың қасында әр түрлі жастағы үйіліп жатқан тұмсықтары созылған өлген араларды табуға болады, инсектицид иісі білінеді.

Жаз айларында. Дала ауыл шаруашылық дақылдарын өте жиі инсектицидтармен домдайды, олар улы болады.

2. Өлген аралар ішінде қыстап қалған аралар көп, көбі кәрез торларда жатады, кейбіреуі ұяның түбінде кездеседі.

Қыс және көктем кезінде. Араларға бал жеткен жоқ немесе олар корпустың аралығында ұшып балға жете алмаған (жиі бал корпустың үстінгі жағында болады, ал аралар оған жете алмайды).

3. Өлген аралар арасында көбінесе ұшатын аралар кездеседі.

Жаз айларында. Шірне токсикозы, өлген аралар саңы өте көп.

4. Өлген аралар арасында көптеген жас аралар кездеседі (қоректендіруші ара)

Жаз айларында. Шірне токсикозы. Шірне жинайтын аймақты зерттеу қажет.

5. Өлген аралар арасында, қанатсыз, толық дамымаған, жарымжандары кездеседі.

Варроатоз. Варроатозды сапасыз емдеген себебін анықтау қажет.

6. Ұшақтың қасында аралар құрысып өледі.

Жаз айларында. Жіті вирусты салдану (паралич). Химиялық токсикоз болуы мүмкін. Соңғы жағдайда аралардың тұмсығы созылады.

7. Өлген аралар арасында дернәсілдер өлексесі кездеседі.

Жаз айларында. Көмірсу, белок, минерал және витамин жетіспегенде.

8. Ара өлексесіне сәл тиіп кеткенде жарылады

Септицемия. Патологиялық материалды ветеринарлық зертханаға жібереді.

9. Ұшақтан бал ағып тұрады,кәрездер жыртылады, ериді.

Жаз айларында. Аралар буланады. Жиі әлді ара балұяларын жабық ұяда ыстық күні көшіргенде олар ауырады.

10. Ара балұясы қыстаған кезде қырылып қалады. Аралар кәрездің ішінде жатады.

Қыс айларында. Қысқы кезде араларға бал жетпей қалғады. Ашығу кездеседі.

4.5 Рамкалар мен кәрездерді тексергенде анықталатын аурулардың белгілерімен зиянкестері


1. Рамкалар мен кәрездер қоңыр нәжіс дақтармен былғанған.

Қыс және көктем кезінде. Нозематоз, амебиаз, гафниоз, септицемия. Патматериалды ветеринарлық зертханаға жібереді.

2. Рамкалар мен кәрездердер қара–қоңыр нәжіс дақтары көрінеді.

Қыс және көктем кезінде. Шіре токсикозы.

3. Кәрезде өрмектер мен індер көрінеді.Рамкаларды сәл қағып отырса кәрездерден дернәсілдер түседі.

Жаз айларында. Басы қоңыр, үлкен балауыз күйесінің дернәсілдері, басы және денесі сары түсті–кіші балауыз күйесінің дернәсілдері болады.

4. Рамкалар зиянкестермен зақымданған.

Жаз айларында. Теріжегіш

5. Кәрездер ескі, қара, жіңішке тордары кездеседі.

Жаз айларында. Ондай кәрездерден кіші салмағы бар және кіші көлемді ара шығады. 100 араны алып өлшеп бір араның салмағын анықтау қажет.

6. Кәрездерде өлген аралар табылады. Бал мен тозаң болмайды.

Қыс, көктем айларында. Аралар ашығып өлген, бал мен перга жетіспейді.

7. Балауыз жапырақтары жартылай құрастырылады.

Жаз айларында. Әлсіз ара балұясы, балды нашар жинайды. Аралар корпус пен кәрездер арасындағы қуысты толтырады. Омарташы әр түрлі көлемдегі рамкаларды пайдаланған.

8. Кәрездегі тозаң ақ түсті зеңмен жабылады.

Жаз айларында. Аспергиллез. Көктем және жаз айларында ылғалдылық мол кезінде ұяларда байқалады.

9. Кәрездерде шұбар тозаңы бар, сарғыш, ақшыл-жылтыр түсті болады.

Көктем және жаз айларында. Кандидомикоз. Аралар қыста жейтін балға жүзім жемісінде көбейетін саңырауқұлақтар түседі.

10. Кәрездегі перга қоңыр түсті, борпылдақ, жағымсыз иісті.

Көктем және жаз айларында. Акаридиялар: сүт түсті, үй және сыр кеңесі.

11. Кәрезде бал кристаллданады.

Қыста, көктемде. Араларды қоректендіру үшін тез кристаллданатын өсімдіктерден (күнбағыс, күрделігүлді тұқымдас) жиналған бал қалдырылған. Аралар аштан өледі.

4.6 Ара аналықтарын және аналық ара қуыстарын зерттегенде анықталған ауру белгілері


1. Аралар қозады, ара отбасында аналығы жоқ.

Жазда. Аналық ара ұшып шағылысқан кезде, көшірген, немесе араларды дұрыс қарап зерттемегенде, өліп қалуы мүмкін. Ара бал ұясында аталық ара басып шығаратын немесе әлсіз аналық аралар болған себептен жұмысшы аралар оны өлтіруі мүмкін.

2. Ара отбасында ұрпақ бере алмайтын аналық ара.

Күзде және жазда. Аналық ара неге байланысты өлгенін анықтау қажет. Егер ұрықсыз ұрғашы ара болса, аралар сонымен бірге қыстайды.

3. Аралар аналық ұрықты және ұрықсыз аналық араларды өлтіреді. Ара отбасында аталық ара басып шығатын аралар болады. Бір торға 2–3 жұмыртқа салынды ма тексеру қажет.

4. Қоңыр күзде ара отбасында аралық аралар табылады.

Күз. Ара отбасында аналық ара жоқ немесе аналық ара ұрықсыз.

5. Ара отбасында көптеген кішкентай аталық аралар бар.

Жаз, күз. Аталық араларды басып шығаратын аралар, меланоз немесе көктемде ара ұясында ұрықсыз аналық араның болуы.

6. Аралар қозады. Ара әулеті меланозбен ауырады.

7. Аралар жай дамиды. Бал жинау нашар себептен аралар аштыққа шалынады немесе ара төлі ауырады.

8. Аралар ұяларын тастап кетеді.

Жазда. Жағымсыз иістер (бензин, карбол қышқылы, жылқының киы, сасықкүзеннің иісі). Кейде әлсіз ара отбасы әлді ара отбасына, немесе балды өсімдіктер өсетін жерлерде орналасатын ара ұяларына ауып көшеді.

9. Ара отбасы ақуыз–витаминдармен үстеп қоректендіргенде жақсы дамиды.

10. Ара отбасында өлген төлді табуға болады немесе төлдің саны аз болады.

Жазда. Қатып немесе кеуіп қалған төл, аталық аралардың көбеюі, көп Америкалық шіріме, Европалық шіріме меланоз, ұнтақталған төл, толық жетілмеген тропилелапсоз.

11. Ара отбасында жұмысшы ара аз, ал жабық төл көп. Инсектицидтармен улану.

12. Ара әулетінде қара жылтыр аралар көп.

Жазда. Бал арасының вирустық салдануы.

13. Ара әулетінде кемістіктері бар аралар табылады (қанаттары, құрсақтары, аяқтары толық жетілмеген.

Жазда. Имбридинг,гинандоморфизм, варроатоз.

14. Аналық әлсіз, қимылдары баяу, кәрезден түсіп құлай береді.

Жаз, күз. Аналық ара меланозбен ауырады. Ол жұмыртқа салуды тоқтатады немесе өте баяу салады. Кейде аналық араны ұшақтын манайында табуға болады. Кейде аралар аналық араны ұядан лақтырып жібереді.

15. Аналық аралар өледі.

Жаз, күз. Алым болмағанда аралар ашығады, спироплазмоз, меланоз, нозематоз, амебиаз, браулез. Шағылысу кезде аналық араларды инеліктер жойып тастаған.

16. Аналық аралардың қанаттары мен аяқтары майысқан. Ара әулеті аналық араны ақырын ауыстыруға дайындалады.

17. Аналық араның анал тесігінен нәжіс тығындысы көрінеді. Жарып тесерген кезде өлген аналық араның аналық жыныс бездері қара түсті болады.

Жазда. Меланоз.

4.7 Аталықтарды және аталық төлді зерттегенде білінетін ауру белгілері


1. Жас аталықтарда кемшіліктері білінеді, ұялардан қанатсыз және аяқсыз шығады.

Жаз айларында.Варроатоз, тропилелапсоз.

2. Карлик аталық аралар көп.

Аталық аралар көбейеді.

3. Аталық аралар әлсіз, төлде варроа кенелері табылады.

Жаз айларында. Варроатоз, тропилелапсоз.

4. Аралар ара ұяларын аталық ұяларға ауыстырып салады.

Ара отбасында аналық жоқ.

5. Эндофаллус аталық араларда сыртқа қайырылады, бірақ шәуеті байқалмайды.

Көктем және жазда. Аталық аралар жыныстық жағынан жетілмеген.

4.8 Ашық төлді зерттегенде анықталатын ауру белгілері


1. Көктемде ара отбасында ашық төл болмайды.

Көктемде.Ара әулетінде аналық жоқ немесе аналық ұрықсыз болады.

2. Ұяда ашық төл жоқ.

Жаз айларында. Аталықтар көп. Аналық ара ауысады. Ара отбасында ұрықсыз аналық ара. Мүмкін аналық меланоздан өледі.

3. Жұмысшы аралар жұмыртқаны тордан шығарады, торда личинкаларда аналық сүт болмайды.

Жаз айларында. Ақуыз жетіспейді. Табиғатта бал алымы мен тозаң жетіспейді.

4. Жазда бос ара торларында 2-3 жұмыртқа кездеседі.

Жаз айларында. Тордың қабырғасында кіші көлемдегі жұмыртқалар орналасады. Оларды аталық араларды басып шығаратын аралар салған. Аталық аралар басым болады.

4.9 Аралардың тоғышары мен зиянкестері


Балауыз күйесі. Оның екі түрі бар:үлкен және кіші. Екеуі де түнгі көбелектер тұқымдастарына жатады.

Ұрғашылары 26 күнге дейін тіршілік етеді, осы уақыттың ішінде ұя қоқсығына, саңлауларға және кәрездерге 2000–3000-ға дейін (үлкен) және 300-400 (кішкене) жұмыртқалар салады. Олардан балауызбен қореқтенетін жұлдызқұрттар шығады. Соңғылары жолдар жасап, бұларды өрмекші өрмегімен шырмайды. Жұлдызқұрттар саңлауларда, кенеп астында қуыршақтанады, мұнда сигар тәрізді піллаларды иіреді.

Жұлдызқұрттар көбінесе кәрездерде жолдар жасай отырып, ұрықты зақымдайды, содан ол өліп қалады. Күйемен әсіресе ескі кәрездерде ұсталатын әлжуаз отбастар, сондай-ақ дұрыс сақтамаған кезде бос кәрездер және балауыз шикізаты зақымданады.

Ұя қатты зақымданнған кезде барлық кәрездер өрмекші өрмегімен және жұлдызқұрттардың қоқсығымен толып кетуі мүмкін,соның салдарынан олар қиқымға айналады.

Ескерту. Омартада тек қана күшті отбастарды ұстайды, ескі бос кәрездерді жаңа кәрездермен алмастырады. Бос кәрездерді арнайы жасалған сақтау орындарында немесе рамкалар арасындағы қашықтық кеміңде 15 мм келетін аспалы күйдегі жәшіктерде сақтайды. Сақтандыру мақсатымен кәрездерді күкірт газымен өңдейді, оның үшін рамкалары бар шкафтың 1м 50 г жанғыш күкіртті жандырады. 10–20 аралата үш дүркін түтіндетеді. Мұнан соң рамкаларды мұқият желдетеді. Кәрездерді бірінің үстіне бірі қойылған бірнеше корпустарда өңдеуге болады. Төменгі корпус бос қалады, оған жанып тұрған күкіртті қояды. Үстінгі корпусты қақпақпен нығыздап жабады, корпустар арасындағы барлық саңлауларды балшықпен мұқият бітеп тастайды.

Күресу шаралары. Ұялар қатты зақымданғанда отбастарды жаңа кәрездерге отырғызады, ал шамалы зақымданғанда күйені механикалық әдіспен құртады.

Тышқандар. Олар ұяға күзде және қыста кіреді, жылытқыш материалда өз ұясын жасайды,өлген аралармен, балмен қоректенеді және кәрездерді бұзады.

Ұяда тышқандардың болғаны желінген аралардың қалдықтарынан (құрсақтары қалады), сондай-ақ табылғантышқан қиынан байқау қиын емес. Тышқандар ара отбасына елеулі зиян келтіреді, аралар тышқанның иісіне төземсіз және тышқандар зақымдаған кәрездерді қайтадан құрмайды.

Күресу шаралары. Ұялардағы саңлауларды нығыздап бітейді, ал тесіктерді күздігүні арнайы бөгеуіштермен қамтиды. Қыстауда тышқандармен күресу әр қилы жалпы қабылданған әдістермен жүргізеді.

Ара отбасының жыртқыштары. Оларды бал жыртқыштарына және аралар жырқыштарына бөледі. Алғашқыларға соналар,жансыз бас көбелегі, құмырсқалар, ал екіншілерге – есекара, филант, көк торғай жатады.

Соналар. Аралар отбастарына әдетте күздігүні балды, кейде тіпті араларды ұрлау үшін шабуыл жасайды.

Күресу шаралары. Тесіктер бөгеуіштерін қояды.

Құмырсқалар. Олар ұяларға жиі кіреді және балды алып кетеді.

Кейде жылытқыш материалдар орналасады.Құмырсқалардың кейбір түрлері араларды да құртады.

Күресу шаралары. Ұялар тұратын қазықтар мен тіреулерді минералдық маймен жағады.

Есекара – ұзындығы 26–27 мм ірі сона. Араларды егістікте, омартада және тесіктің жаныңда ұстап алады. Бал жемсауын тесіп, шірнені сорады.

Ол шайналған араларымен өзінің дернәсілдерін қоректендіреді. Есекара омартада күзге қарай пайда болады. Өз ұяларын ағаш кеуектерінде, кейде төбелерінің астына құрады.

Күресу шаралары. Ескі аралардың ұяларын құртады.

Әрене немесе филант – ұзындығы 12–15 мм бунақденелі. Сонаға ұқсас, бірақ басының үлкендігімен және құрсағының неғұрлым сарғыштығымен ерекшеленеді.

Араны ұшып келе жатқанда қуып жетеді. Ұстап алған аралармен өзінің дернәсілдерін қоректендіреді. Бір дернәсілді өсіру үшін алты араға дейін пайдаланады. Әренелер әсіресе Өзбекстанда, Түркменстанда көп тараған және омарталарға көп зиян келтіреді. Құрғақ құмдақ топырақты жерлерде орналасады.

Күресу шаралары. Ұя салған жерлерін гексахлоран дустысымен өңдейді. Омартада тараларды-бөтелкелерді қояды.

Көк торғай, яғни арашы торғай ұзын иіңкі тұмсығы бар ашық реңді бунақденелілер қоректі кішкентай құс. Көк торғайлар әсіресе оңтүстікте көп, олар омартаның үстінен ұшып жүріп араларды құрта отырып, отбастарды әлсіретеді. Ұяларын өзендердің және жыралардың тік жарларындағы терең індерде орналастырады.

Күресу шаралары белгіленбеген. Құсты жоюға және лардың ұяларын құртуға тыйым салынады, өйткені көк торғай Қызыл кітапқа жазылған.

4.10 Аралар ауруының алдын алу және күресу жөніндегі жалпы шаралар


Араларды аурулардан сақтандыруда омартада күшті отбастарды ұстаудың айрықша мәні бар. Аурудың алдын алу үшін омарталарды шірнелі өсімдіктері мол, құрғақ, желден қорғалған жерлерде орналастыру қажет. Ара отбастарын мол қорекпен қамтамасыз етіп, мұқият бағып–күткен жөн. Орманды аймақта отбастағы қоректік қордың бір бөлігін қант шырыныменалмастыру керек. Аса маңызды алдын алу шараларының бірі-мол өнімді, жақсы қыстап шығатын, ауруға төзімді ара отбастарын іріктеп алу. Мұнда жақын туыстас өсіруге жол бермеген жөн.

Ауруды емдеуден де оның алдын алу анағұрлым оңай әрі тиімді екені мал дәрігерлік және медициналық тәжірибеден белгілі.

Ара ауруының алдын алу үшін ұйымдық, зоотехникалық және мал дарігерлік–санитарлық шараларды дер кезінде кешенді түрде жүргізудің шешуші мәні бар. Бұл үшін омарталарды карантин ауруынан аман–сау жерде орналастырған жөн. Тұрақты омартаның аумағын қоршайды, шірнелі ағаштармен және бұталармен айналдыра егеді. Шірнелі базасы жақсы омартада ең көбі 150 ара отбасын, ал базасы нашар болса 5–50 отбасты орналастырады. Аралардың өзге отбасқа кіріп кетпеуі үшін ұялар мен олардың топтарының бірінен қашықтығын 3–4 м жеткізеді және аралар жақсы айыратың ақ, сары және көк түстерге бояйды. Омарта аймағында бақылау ұясына лапас жасайды, аралар үшін су құйғыш науаларды қояды және ұялар мен құрал-сайманды лапаспен бірге және ағын су мен дәретхана үшін жабық шұңқырды дезинфекциялауға алаңшық бөледі.

Омарта үйшігінде немесе көпше күрке қолжуғыш, сабын, орамал, шылапшың, қақпағымен шелек, аптешке және қолды зарасыздандыру үшін ішінде дизенфекциялайтын ертіндісі бар ыдыс болуға тиіс. Омарта үйшігінің, көше күркесінің, кәрездер қоймасының және бал ағызып шығаратын үйшіктін терезелерін тесіктері ұсақ, араларды өткізбейтін тормен жауып бітейді. Әрбір омартада малдәрігерлік қызмет өкілінің тиісті жазулары бар малдәрігерлік–санитарлық паспорты болуға тиіс, сол жазулардың негізінде тасымалдауға, басқа жаққа жөнелтуге және ара отбастарын, ара өсіру шаруашылығының өнімдерімен сатуға рұқсат беріледі. Омартаға өзге адамдар жіберілмейді.

Ара отбастары ауырғанда немесе өлім–жітімге ұшырағанда, ара өсіруші бұл туралы ара өсірушаруашылығы жөніндегі аудандық зоотехникке және бөлімшенің мал дәрігеріне немесе ауыл шаруашылық малының ауруларымен күресу жөніндегі аудандық малдәрігерлік станцияға дереу хабарлауға тиіс. Солармен бірге ол ара отбастарын қарап тексереді және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі аралардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою жөніндегі. Мал дәрігерлік бас басқармасының нұсқауында көзделген қажетті шараларды қолданады. Ауруға шалдыққан омартада бағып–күту ережелерінде және аралардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою жөніндегі нұсқауда көзделген зоотехникалық және малдәрігерлік–санитарлық шаралар кешенін жүргізеді.

Бұрын тізімге тіркелмеген, ауруға шалдықпаған жерлерде карантин ауруларымен ауырған алғашқы жағдай байқалғанда, олардың бұдан әрі жайылуының аалдын алу үшін ауру ара отбастарын күкіртті газбен тұншықтыра отырып, дереу құртып жіберген жөн. Оның үшін ауданның (қаланың) Бас мал дәрігерінің ұсынысы бойынша аудандық әкім(қалалық әкім) тиісті карантин қабылдайды.

Аурулардың жайылып кетуінен сақтандыру үшін ұяларды және ара өсіргенде қолданылатын құрал–сайманды дезинфекциялайды. Омарта аймағын таза ұстаған жөн, ал өліп қалған араларды өртеп жібереді немесе топыраққа көміп тастайды. Ара өсіруші әрдайым өз тазалығын сақтап жүруі керек. Сонымен қатар араларға арналған су құйғыш науаларда үнемі таза, салқын судың болуын қадағалау қажет. Аралардың адасып қаңғыруына және олардыңұрлық жасауына қарсы тиісті шаралар қолданған дұрыс.

Дезинфекция–сақтандыру, күнделікті және ақырғы дезинфекция болып бөлінеді. Сақтандыру дезинфекциясын омартада ауру отбастар болмаған кезде жүргізеді. Оның мақсаты–сау отбастарды аурудан сақтандыру. Күнделікті дезинфекцияны жұқпалы аурру пайда болғанда әдетте емдеу шараларымен және араларды бағып-күту жағдайын жақсартумен бірге жүргізеді. Ақырғы дезинфекция жұқпалы ауру көзін құртқаннан кейін сауықтыру шараларын жүргізумен аяқталады.

Дезинфекциялық дәрулер физикалық және химиялық деп аталады. Физикалық дәрулерден қайнатуды, күйдіруді, құрғақ қызуды қолданады. Халаттарды, орамалды, кішкене кенептерді, металл құрал–саймандарды және ағаш заттарды (рамкалар, бөлу тақтайларын, аналықтарды басқа жаққа жөнелту үшін торлар т.б.) қайнатады. Күйдірумен ұяларды, оттықтарды, рамкаларды және басқа ағаш заттарды дезинфекциялағанда пайдаланады. Ағаш заттарды алдың ала балауыздан, ара желіменен, іш өткендігі дақтардан мұқиат тазартады, мұнан кейін оларды дәнекерлегіш лампаның отымен аздап күңгірттенген дейін күйдіреді.

Дезинфекцияның химиялық дәрулері ара өсіру шаруашылығында кеңінен қолданылады. Бұларға жаңадан сөндірілген әк, күлді сілті, формалин, сутегі тотығы, сіркесу қышқылы, этилен тотығы,бромды металл жатады. Сөндірілген әктен (кальций тотығы)даярланған жаңадан сөндірілген әк қыстауларды, қоймаларды ақтау үшін пайданылады. Әк ерітіндісі шіріме ауруы байқалған омарта тұрған жерді зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Формалинмен кәрездерді дезинфекциялайды. Оның 4%-дық су ерітіндісін даярлайды (сатудағы 40 %-дық формалиннің 1 бөлігі және судың 9 бөлігі) кәрездерді пульверизатордан бүркеді немесе ерітіндіге 4 сағат бойы батырып қояды, одан соңерітіндіні бал ағызып шығаратын машинамен ағызып шығарады, ал кәрездерді ашық ауада желдетеді. Күл сілтісін ағаш күлінен даярлайды.1 кг құрғақ күлге 5 л су құйып, араластыра отырып, 2 сағат қайнатады, салқындатқаннан кейін електен өткізеді. Сілтіннің негізгі ерітіндесінде 6–7 % сілті бар. Сілтінің 1 %-дық ерітіндісін алу үшін негізгі ерітіндіні ыстық судың 3–4 бөлігімен араластырады. Хлороминді (4 %-дық) кәрездерді және ұяларды дезинфекциялау үшін қолданады.

Хинозол – сары ұнтақ,суда жақсы ериді: 2 %-дық ерітіндіде европалық шіріме байқалған кезде кәрездерді дезинфекциялау үшін колданылады. Күкіртті газ күкіртті жандырғанда алынады. Балауыз күйесін құрту үшін пайдаланылады.

Аурудың диагностикасы. Белгілі бір ауруды ойдағыдай емдеу ең алдымен дұрыс диагноз қоюға байланысты. Алдын ала диагнозды тікелей омартада аурудың белгілері негізінде кояды. Омартада жұқпалы ауруды тапқанда немесе соған күдіктенгенде жақын жердегі малдәрігерлік лабораторияға зерттеу үшін тиісті мәлеметтерді жібереді.

Материалдарды зерттеуге жіберу.Ұрық ауырғанда өлген және ауру дернәсілдері немесе қуыршақтары бар кәрездің (өлшемі 10 х 15 см) үлгілерін жібереді. Кәріздің үлгілерін қосымша орауышсызақ жәшікке салады. Есейген аралар ауырған кезде, аурудың ерекше белгісі бар (немесе өлген аралар) бес отбастың әрқайсысынан 50 арадан алады. Араларды отбастардың нөмірлері қойылған қарапқа салады. Бүкіл отбасы құрап келген жағдайда, араларды үстіңгі қабатынан алады. Сонымен бірге бал мен гүл тозаңының үлгілерін жібереді. Аурудың себебін және белгісін айыру материалын жөнілткенде, жолдама хатта омартаның орналасқан жері, отбастардың ауырған немесе өлім–жетімге ұшыраған уақытты және омартаны қарап тексеру мәліметтері көрсетіледі. Химиялық уытқа зерттеу үшін 400–600 араны шыны ыдысқа салып жөнелтеді, балдың шіреге сынамасын (50–100 грамнан) жабық шыны ыдысқа салып жібереді. Аралардың сыртқы қатты қабығы бар жыртқыштары мен тоғышарлары қораптың ішіндегі мақта қабатының арасына салып орайды, сыртқы қабығы жұмсақ бунақденелілердің үстінен формалиннің 70 %-дық ерітіндісін құяды. Зерттеуге арналған материалды поштамен немесе арнаулы дербес тапсырма түрінде жіберіледі.

Карантин. Аралардың ауруларымен күресу жөніндегі нұсқауға сәйкес, еуропалық, амермкалық шірімеге, дорба тәрізді ұрық, варроатоз, акарапидоз, браулезге шалдыққан омарталарға, осы аурулардың өзге омарталарға жайылуына жол бермеу үшін карантин салады. Егер омартада осы аурулардың бірінің диагнозы анықталған болса, ара өсіруші көршілес омарталарға, сондай-ақ шаруашылық ұжымдары мал дәрігеріне хабарлауға тиіс.

Карантинді малдәрігерлік маманының ұсынуы бойынша тиісті органдар салады. Мұнда ара отбастары, аналықтарды және ауруға шалдыққан омарталардан ара үйірлерін сатуға рұқсат етілмейді. Соңғы ауру ара байқалғаннан кейін бір жыл өткен соң, карантин алынады.