Өмірбаяны мен шығармашылығы. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ақын жырау, жыршы да болған. Шығыстың поэзиясын көп оқыған. Жаңа жол іздеген. Сүйінбаймен кездесіп, жырға жақын жан екендігін танытқан. Бізге жеткен өлеңінің жалпы шамасы – 68 тармақ. «Аңғарып көрсем байымдап» атты жырда жастық шақ және кәрілікті етіп алады. Екеуіндегі арманның екі басқа екендігін жырлайды. Ақын жалған тірліктің мәңгілік еместігін, тірлікте сыйласып өткеннің қажеттігін айтады.
Майлықожаның әр сөзі нақылға айналған. Әр сөзінде елге керек мән бар. Жауапкершілікке үйретеді. Адамшылық, адамгершілік күнделікті тірлігіміз, өмір сүру дағдымыз екендігін ұқтырады. Қоғамдағы адамдар арасындағы нәзік тұсқа назар салдырады. Ақыл, сабыр, достық, жақсы ниет, кішіпейілділікті ұмытпауды насихат етеді:
1) Майлықожа өлеңдері – елді адамгершілікті насихаттауымен, тәрбие-тағлымды үйретуімен жақсы етуге болады деген ойларға бастайды
2) Ақын өлең-толғаулары сыршылдығымен өзгеше.
3) Жақсылыққа сенеді, соны басқаларға насихат етеді
4) «Үш жігіт», «Қасқыр», «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға» делінген жыр-толғаулары бар. Бұл өлеңдер ақылға, тәрбиелік мәнге толы. Ақылы мол, ойы терең жырлары термеге айналдырып айтуына да ыңғайлы. Сондықтан да Майлықожаның жырлары терме болып, ақыл-ғибрат ретінде әлі де айтылып келеді.
Бақылау сұрақтары
1. Майлықожа шығармашылығының ерекшеліктерін атаңдар.
2. Ақын өлеңдерінің тәрбие мен нақылға, адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге құрылуына қоғамның әсері бар ма? Майлықожаның өлеңдері бүгінгі заманда өзекті деп ойлайсыңдар ма? Неге? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.
3. Майлықожаның «Толғауын» оқып, ақын айтатын ғибрат, тәрбие сөздердің бүгінгі күнге қажеттілігін әңгімелеңдер.
4. «Сабыр түбі – сары алтын», «Жақсының жолы – жарық күн», «Жігіттің көркі – өнері» деген тақырыптардың біріне шағын әңгіме жазыңдар.
Терме – қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең түрі. Ғибрат пен тәрбиеге құрылады. Жеті-сегіз буынды болады. Толғауға ұқсас.
Толғауда қоғамдық-саяси тақырыптар көтерілсе, термеде нақыл айтылады.