1.9 Мұрат Мөңкеұлы (1843–1906)


Өмірбаяны мен шығармашылығы. XIX ғасыр ақындарының келесі өкілі Мұрат Мөңкеұлы болды. Мөңкеұлы қазіргі Атырау облысының Қызылқоға жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан мұсылманша оқыған. Мұрат жастайынан ақындығымен танылады. Шешен бала атанады. Айтыстарға қатысады. Ақындығы күшейе түседі. Ел тарихын, өткенін жақсы біледі. Қазақ тарихы мен өнеріндегі Қарасай, Қази, Асан Қайғы, Қазтуған, Шәлгез сияқты тұлғалар туралы өлеңдер жазған. Олардың істеген істері мен ерліктерін жырға қосады. Асан Қайғы, Қазтуған, Шәлгез жырларын кейінге жеткізеді. Мұрат Мөңкеұлы 1906 жылы Жайық бойында Өрлік деген жерде дүниеден қайтады.

Қазақтың орыс боданы болуына қарсылығын жырмен суреттеген.

Ақын шығармашылығындағы қомақты туынды – «Қарасай–Қази» дастаны. «Үшқиян» – қазақтың өз билігінен тұтастай айырылып, отарлық езгіге түскен шағындағы ақынның жерді жоқтауы. «Сарыарқа», «Қазтуған» секілді толғаулары ақынның жан күйзелісін көрсетеді. «Топқа түскендегі толғауында» да жатқа кеткен жердің жайын жырлайды. Ол тек қана әлеуметтік тақырыпты жырлап қоймай, махаббат, әсемдік, сұлулық туралы да толғаған.

Мұраттың «Оқудан қайтқан жігітке хат» деген өлеңінде халықтың келешегі қазақтың өткенін білуде ғана емес, орыс тілін меңгеріп, оның заңын білуде дейді. Бар біліммен елге қызмет етуді айтады. Оқыған адам елдің болашағына дұрыс жөн сілтеу керек дегенді түйеді. Бұл Мұраттың болашақты аңғара білген сұңғыла жан болғандығын көрсетеді.

Бақылау сұрақтары

1. М. Мөңкеұлының шығармашылығының тақырыптық-идеялық сипаттары туралы айтыңдар.

2. Жер мен ел жайындағы толғауларының басқа

3. Ақынның жыраулар өлеңдерін жаңғыртуының (воспроизводить) мәні неде деп ойлайсыңдар?