3.1 Біржан сал Қожағұлұлы (1834–1897)


Өмірбаяны мен шығармашылығы. XIX ғасырдағы ән, сөз өнерінің ірі өкілі – Біржан сал Қожағұлұлы 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржан атасы Қожағұлдың тәрбиесінде ерке болып өседі. Салдық, серілік құра бастайды. Әнші, ақын Біржан алты алашқа танылады. Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік тұлғасына айналады.

Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ секілді әнші-ақындар – Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолын ұстанғандар.

Біржанның әр әні өзгеше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Біржан – даладағы синкретті өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншіліктің – үш өнердің басын қосқан айрықша талант. Біржан әндерінің өміршеңдігі – әр сөздерінің көркем айшығында.

«Созады Біржан даусын қоңыр қаздай Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай», – секілді сөздері Біржанның ақындық күшін көрсетеді:

Аты жоқ құс болады көкек деген,

Алдында терезенің секектеген.

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,

Айырылып сені сәулем кетет деген.

Кім сүймес шешек атқан көкек айын

Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.

Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,

Әй, көкек, ұшып барып білші жайын.

Шекеңе селдіретіп айдар тағып

Көкектеп бос жүргенше секең қағып,

Қосайын өле-өлгенше мен әніме,

Қалқадан хабар әкел ұшып барып.

Ақын сағынған сұлуымен ортасын жалғасар сәлемші құсты жырға қосады. Біржанның сезімді әндерді ақындық қуаты мол. Сүйгенімен арасын жалғауды кішкене көкек құстан сұрайтын ақын жырында сазға лайық нәзіктік басым. Біржан әндеріндегі «Ләйлім шырақ» әнінің орны ерекше. Елге еркелік пен жас сұлуға наз да бар.

Ұлы Абай Біржан өнерін бағалаған. «Абай жолында» романында айтылғанындай, Біржан Абай ауылына барып қайтады. Абай Біржанды соншалық ыстық құрметпенен, жақыншылықпенен қарсы алады.

64 жасында қазақ даласын әнге бөлеген асыл өнердің иесі – Біржан бүл дүниемен қоштасады. Біржанның өмірі, Біржанның әндері – қазақ музыкасының биік белесі.