Қазақ әдебиетінің өнер қалпындағы өзгеден бөлектер ұлы мұраларының бірі – сал-серілер шығармалары. Сал-серілер поэзияда өзге бағыт–бағдарымен кестеленеді.Өзге жұрттың билігінде қалып, өз еркінен айырылған ұлттың қарсылықтары өлеңмен өрнектеліп, әнмен шырқалып, ел дәстүріндегі өнерді қадірлеудің үздік үлгісі сал-серілік жолға түсті. Сал серілер – ел сүйген, халық алақанға ұстаған, жұрт еркелері. Сондықтан да өрлік, еркіндік жырларында ғана суреттеліп қоймай, киген киім, өмір сүру дағдылары мен де ерекшеленеді. Ел еркелетер, жұрт бөлектер себептері қазақ өнерінің бірнеше түрін басын біріктірген. Ел үшін өнердің өзге қалпын таңдаған сал-серілер ұлт рухани құндылығына ғана бас иеді. Әнді әуелетіп, көркем кестеге түсіріп, алғыр қыран, тұлпар мініп, жүйрік тазы ертіп, елдің өткенін еркін кезін жұрт есіне қайта салады. Оның ішінде Сегіз сері секілді қолына қару алған ерлер де, Біржандай тәкаппар да, Ақандай тылсым өмірдің иелері бар. Сал-серілерді өзгеден бөлектер қасиеттері: ақын, әнші, сазгер, орындаушы, ер көңіл, кең жүректі, байлықты емес, рухани құндылықтарды жоғары қойған ерекше өнерпаздар. «Сал-сері–сегіз қырлы, бір сырлы, яғни әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі ерекше үздік жаратылған өнерпаз. Олар халық мәдениетінің көрнекті өкілдері. Сал мен сері әншілік, ақындық өнері жағынан ұқсас болса да, мінез-қылығы, киім-киісі,жүріс-тұрысы жағынан өзгешелігі болған. Салдардан серілердің өзгешелігі мынау: серілерде өрескел мінез, ерсі, оғаш қылық болмайды. Мейлінше сыпайы, орнықты, ибалы, сәнді киімге, бекзаттыққа үйір» (С. Негимов. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996, 179 б.). Қазақ өнерінде сал-серілердің орны ерекше. Ұлттың екіжақты езгіге түскен шағында еңсесі түскен халықтың өткенін еске түсіріп, елдіктің ұмытылмас қалпын сақтағандар, кейінгі ұрпаққа жұрт өнерінің бар бояуымен жетуіне еңбек сіңірген жандар. Қазақ әдебиеті мен ән өнерінің ажырамас бірлігін де сақтаушылар – сал-серілер. Сондықтан да Б.Қожағұлұлы, А.Қорамсаұлы, Н. Баймырзаұлы, Сегіз сері Баһрамұлы, Ә.Найманбайұлы, Ы. Сандыбайұлы т.б. өнерпаздар шығармашылығы – ұлт әдебиетінің, өнерінің асылдары.
Бақылау сұрақтары
1. Сал-серілер поэзиясының ерекшеліктері қандай?
2. Сал мен серінің қандай өзгешеліктері бар?
Сал |
Ортақтық |
Сері |
1.Оғаш мінез көрсетуге бейім 2.Ауылдың не үйдің сыртында аттан түсіп, жатып алады. Ауыл адамдары (жастар, әсіресе қыздар) үйге көтеріп кіргізеді 3. Сал елге түрлі еркелік көрсетеді. Халық оны көрсетеді. 4. Киімдері түрлі шүберектерден құралып тігілетіндері де болады. (елге күлкілі болу үшін) 5. Бас киімдеріне үкі, моншақ қадайды |
1.Ақын 2.Әнші 3.Сазгер 4.Күйші 5.Спорт ойындарын игерген 6.Топ құрып жүреді 7.Махабатты, жастықты жырлайды |
1. Оғаш қылық, ерсілік болмайды 2.Сыпайы сәнді киінеді |