1. Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс туралы өлең жазған ақын кім?
2. Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, қазақ балаларына арнап оқулық жазған ағартушыны білесіңдер ме?
3. «Ғылым таппай мақтанба», «Қыс», «Күз» өлеңдерінің авторы кім?
4. Қазақтың тұңғыш ғалымын, саяхатшысын атай аласыңдар ма?
5. Қазақ әдебиетінде ғасыр жасаған ақын кім?
4-кесте – XIX ғасырдағы қазақ даласындағы тарихи жағдайлар мен оның салдарлары
Қазақ қоғамына ықпал еткен құжаттар |
Салдары |
«Сібір қазақтарының жарғысы», 1822 |
Қазақ даласын Ресей патшасы толығымен басқара бастады |
«Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғы», 1822 |
Арнайы бекіністер, әскери басқармалар шекаралық салынды |
Дала билеушілері биліктен айырыла бастады |
|
Халық өз жерінен айырыла бастады |
|
Салық түрелрі көбейді |
|
Қазақ жері округтерге бөлінді |
Кестемен жұмыс істей отырып, мұғалім халыққа түскен осындай жағдайлар ел ішінде бірнеше көтерілістердің шығуына себеп болғандығын айтады. Солардың ішінде тарихи-саяси жағынан өзгешелері, әдебиетте мол мұраға өзек (тақырып) болғандары –И. Тайманұлы (1836–1838), К.Қасымұлы (1837–1847) бастаған көтерілістер екендігін баяндайды. XIX ғасырдағы әдебиетте Дулат, Махамбет, Сүйінбай, Шортанбай, Қашаған, Майлықожы т.б. сияқты ірі өкілдер халық мұңын, тілегін, арманын жырлады. XIX ғасырдағы ақындар өздерінің алдындағы XV–XVIII ғасырлардағы жыраулар жырларын үлгі етті. Бұл Махамбет, Дулат, Мұрат өлеңдерінен анық көрінді.
5-кесте –XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Тақырыптар |
Идеясы |
Ақындар |
Ел мен жер |
Ел мен жерді ерлер қорғауы керек, халыққа бақытты тұрмысты күшпен, қан майданмен алу керек |
Махамбет («Ұлы арман», «Айғайдасып жауға ти», «Аспандағы бозторғай»,) |
Ел мен жерді қорғайтын батырлар болғанымен, оларды құрмет ететін, қадіріне жететін ел жоқ |
Дулат «Еспембет» дастаны |
|
Елін сүйген, жерін қадірлеген ерлер заманы өтті |
Махамбет(«Әй, Махамбет, жолдасым»), Дулат(«Сүлеймен төреге») |
|
Ел билеушілері туралы |
Қоғамымен бірге ел билеушілері де өзгерді, халық қамын ойлайтын ел ағалары қалған жоқ |
Махамбе(«Баймағамбет сұлтанға айтқаны»), Дулат(«Бараққа»), Сүйінбай «Тезек төреге» Алмажан («Жетім қыз») |
Өткенді жоқтау |
Халықтың бар жақсы өмірі өтіп кетті, енді заман түзелуі қиын |
Дулат(«Ақжайлау мен Сандықтас»), Шортанбай, Мұрат(«Үш қиян») |
Қоғамдағы жаңалықтар |
Ел ішіне келіп жатқан өзгерістер халықты жақсылыққа апармайды |
Шортанбай, Мұрат(«Топқа түскенде айтқаны») |
Дін, адамгершілік |
Жаратушыға сену, адамгершілік қасиеттер халықты жақсылыққа жеткізеді |
Майлықожа, Қашаған |
1) Қазақ әдебиетінде тақырып пен идея өзгерді. Әдебиетте бұрыннан бар тақырыптар басқа идеямен көрінді. Қоғам өзгерісіне қарай жаңа тақырыптар пайда болды.
2) Әдебиетте жыраулық үлгіні ұстанған ақындар да болды. Махамбет, дулат, Мұрат ақындар жырларының құрылым ғана емес, сөз үлгілері де осы кезеңнің жалғасы екендігін дәлеледеді. Сонымен бірге Дулат Ақтамбердіні, Мұрат қазтуған жырларын еске түсіріп отырды.
3) Қоғам өзгерісін халық басына төнген қауіп деп бұны жамандық басы ретінде қабылдаған жырлар көп болды. М. Әуезов айтқан «Зар заман ақындары» деп бөлетін әдебиет кезеңінің шегіне жеткен шағы болды.
4) Жаңа қоғам, заман өзгерістерін көркем суреттеу, бейнелеу, кейіпкер жасау жағынан әр ақын өз стильдерімен өзгешеленді. Бұл ақындар өмір сүрген кезге ғана емес, ортасына да байланысты болды.
5) Жаңа жанр түрлері шыға бастады. Табиғатты бейнелеуде жаңа пейзаждық суреттеудің өзгеше түрлері жасала бастады.