2-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы (1802–1871)


Сабақтың мақсат-міндеттері:

- ақын өмірбаяны мен шығармашылығын оқыту арқылы Д. Бабатайұлының өз заманы мен қоғамын суреттегендігін ашу;

- ақынның өз жері мен елінің тілегін, арманын, мұңын туындыларында көркем бейнелегенін көрсету;

- Д. Бабатайұлы шығармаларында елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткендігін таныту;

- әдебиет пен тарихтың сабақтастығын түсіндіру, ақын шығармалары арқылы идеал тұлғалар бейнесін ашу;

- Д. Бабатайұлы сияқты елін, жерін сүюге, оның бүгіні мен болашағына сыни, саналы көзбен қарай білуге үйрету.

1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуына ықпал еткен тарихи жағдайлар қандай болды?

1.1. Қазақ жерін басқару туралы қандай Ережелер қабылданды?

1.2. Ресей билігі қандай жаңалықтар енгізді?

1.3. Халықтың тұрмыс жағдай неге төмендеді?

1.4. Дуан (округ) деген не? Дуандарды кімдер басқарды?

2. Көтеріліс деген не?

2.1. Қазақ даласында қандай көтерілістер болды?

2.2. Көтерілістер туралы қандай шығармалар жазылды?

3. Қандай ақындар өмір сүрді?

3.1. Ақындар шығармаларының тақырыптары қандай болды?

3.2. Идеялары туралы не айтуға болады?

4. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің ерекшеліктерін атаңыздар.

Ақынның «Тегімді менің сұрасаң...» өлеңі бейнелі кестеге, өрнекке толы екендігі өлең жолдарымен дәлелденеді. Ақын өзінің шыққан әулетін, тегін суреттеуде «Қалың Найман нуынан» деуі көп сөзіне жалғасады (метонимия). Өзінің жырының көркемдігін алтынның буымен қатар қояды. Сырын – тұнық бұлаққа (тұма) балайды. Бұл – ақынның суреткерлігінің, көркемдеу шеберлігінің куәсі.

2. Ел сүйіп тыңдайтын ақын екендігі. Екінші шумақта жырын тыңдайтындар тек қарапайым халық емес, ел таңдаулылары екендігін жырға қосады.

3. Халық сөзін сөйлейтін, шындықты айтатындығы.

4. Ақын өз жырларының өміршеңдігіне сенеді. «Жырымды менің тыңдаға, Сөз ұғатын соңғы адам»

5. Дулат жырлары кешенің ғана емес, бүгінгінің де тақырыптарына жауап бере біледі.