4-сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Сүйінбай Аронұлы. Өмірбаяны мен шығармашылығы. «Бөрілі менің байрағым» өлеңі».


Сабақтың мақсат - міндеттері:

- С. Аронұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат беру;

- шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу;

- ақын өлеңдері арқылы ұлттық таным мен бояудың көркем әдебиеттегі орнын айқындау.

1. Сүйінбай жайындағы ғалым Е. Ысмайлов пікірінің түйінін анықтау. Ғалым ақынның екі ерекшелігін ашады. Бірі –шешен, тапқыр тілі мен тарихтағы батырларды өз жырларын тастамайтындығы. Екіншісі – өткенге адалдығы, тарихты терең білетіндігі, оны құрмет тұтып, кейінге жеткізіп отыратындығы.

2. 2, 3 – сұрақтар жауаптары. Ақынның өмірбаяны туралы деректер өз өлеңдерінде мол. Өлеңдері арқылы ақынның әлеуметтік жайын, шыққан ортасын, мақсат - мұраттары ашылатындығы айтылады.

3. 4, 5 – сұрақтардың жауаптары оқулықтағы мәтінде бар. Тауып жауап берулеріне жеңіл.

3. Өлең талдау.

1. Ақынның «Бөрілі менің байрағым» өлеңін талдау.

2. Өлең тақырыбы мен идеясы не туралы екендігі айқындалады.

3. «Бөрі» сөзінің мағынасын ашады. Бұл үшін тотем туралы түсініктеме берілген. Осыны оқып, қазақы танымдағы бөрінің орны, мәні туралы айтылады

6-кесте – «Бөрілі менің байрағым», «Көк тудың желбірегені» өлеңдері

Ой, мағына, түйін

«Бөрілі менің байрығым»

«Көк тудың желбірегені»

Тудағы суреттер

Бөрі

Күн, бүркіт

Ерекшеліктері

Ту ұстаған батырлар аты аталады

Тудың көтерілуіне мақтаныш, қуаныш сезімі бейнеленеді

Тудың қызметі

Ел қорғауға шақыру

Қазақтың егемендігінің, жеке мемлекеттігінің белгісі

Өлеңдегі идея

Ерлікке шақыру, ел қорғау

Егемендікті сақтау, елдік пен бірлікті құрмет ету

Сабақты қорытындылау. Сүйінбай Аронұлының «Бөрілі менің байрағым» өлеңінде ақын елді жаудан қорғаған батырларды ерлікке бастаған, өрлік берген байрағы – бөрілі байрағының ұраны болғандығы туралы айтылады. Ақын елді жаудан қорғаған Қарасай, Қастек, Қазыбек, Шапырашты сияқты батыр бабаларының бөрілі байрақ ұстап жауды жеңгенін бейнелейді. Ақын өлеңі жоғары пафоспен, аталар рухына құрметпен, солар қадір тұтқан байрақты қасиетті тұту идеясымен өзгеше. Өлең қазақ халқының танымын суреттейді. Түсініктерін береді. Ел қасиет тұтқан белгілерге құрметпен қарауға үйретеді. Халық танымын қадірлеу, батырлар ісін бағалауға бағыттайды.