5,6-сабақтар. Сабақтың тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы, Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы


Сабақтың мақсат-міндеттері:

- Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы, Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы өмірбаяндары мен шығармаларының басты сипаттарынкөрсету, шығармаларындағы қоғам шындығының суреттелуі;

- XIX ғасыр ақындарындағы түрлі тақырыптық-идеялық ерекшеліктерді ашу, жанрлық түрліліктің болғандығын анықтау;

- ел мен жерді қадірлеу, адамгершілік қасиеттерінің мәнін аша түсу, рухани құндылықтарды құрметтеу сезімдерін дамыту.

1) Ш. Қанайұлы шығармалары. Ш. Қанайұлы–зар заман аталған кезең ақындарының бірі деп аталатын болса, бұл ақын шығармаларындағы көркемдік оймен, идеямен байланысты екендігі айтылады.

2) Көркемдік кеңістігінің өзгешеленген ақындардың қатарында Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы, Алмажан Азаматқызы өлеңдері.

3) Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы.

Ақын жырлары толғаулардан тұрады. Ендеше жыраулық дәстүрді ұстанған ақынның шығармаларында Асан Қайғы, Шәлгез, Қазтуған есімдерінің ұшырасуы да заңды. Ақын батырлық, заман өзгерісі жайында ғана емес, махаббат, әдемілік туралы да жырлар жазған.

4.1. Майлықожа Сұлтанқожаұлының қысқаша өмірбаяны мен шығармашылығы айтылады, басқа ақындардан өзгешелігіне тоқталу.

4.2. Ақынның басты ерекшелігі – заманның өзгерісін адамгершілік мінезбен түзеуге болады деген идеямен жалғасатындығы. Сондықтан да ақын өз өлеңдерінде насихат, өнегені мол айтатындығы.

4.3. Ақын өлеңдері терме қалпында әуенмен айтылып, қазіргі күні де халық сүйіп тыңдайтын өнер түрі екендігі мәлімет ретінде беріледі. Терме туралы түсініктеме.

4.4. Қашаған Күржіманұлының өмірбаяны мен шығармашылығы. «Есқали сопыға айтқаны» деген өлеңі(үзінді)

5. Алмажан Азаматқызы «Жетім қыз» дастаны

Мұғалім жоғарыда аталған ақындар шығармашылықтарын бекіте түсу үшін кестемен жұмыс істейді.

Ақындар

Ерекшеліктері

Шағармалары

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

1.Заманға қарай өзгерген елді адамшылыққа тәрбиелеп, насихаттау арқылы жақсылыққа жетуге болады деген оймен түйінделеді

2.Шығармалары терме түрінде нақыл болып келеді

«Аңғарып көрсем байымдап», «Үш жігіт», «Қасқыр», «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға» т.б.

Қашаған Күржіманұлы

1.Өнерді қадірлеуді айтады

2.Отарлық езгідегі ел жайын суреттейді

«Есқали сопыға айтқаны», «Адай тегі», «Атамекен», «Топан», «Оразылыға» т.б.

Алмажан Азаматқызы

1.Махамбет жырларындай өткірлік, өрлік бар.

2. «Жетім қыз» дастаны ғана жеткен. Оның өзі аяқталмаған

«Жетім қыз» (аяқталмаған дастан)

Мұрат Мөңкеұлы

1.Елдің отарлық өзгіге түскенін жырлаған

2.Жерінен айырылған елдің жоқтаушысы бола білген.

3.Халықтың келешегі өткенді білуде ғана емес, жаңа заманды үйренуде екендігін де көркем кестелеген

«Қарасай - Қази»(дастан), «Сарыарқа», «Қазтуған», «Үш қиян»(толғаулар), «Оқудан қайтқан жігітке хат» т.б.

7. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті бөлімін қорытындылау. Осы сабақта XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті бөлімін қорытындылайды.

1. Қоғамдық өзгерістер және оның қазақ ұлтына әсері.

2. Қазақ халқының қоғамдық өзгерістері және әдебиеттегі көркемдік тақырыптар мен ой-түйіндер.

4. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар.

5. Осы кезең ақындары шығармашылықтарының өзгешеліктері .

6. Ғасыр басындағы тақырыптар мен соңындағы тақырыптар.

7. Жаңа тақырыптардың шығуының алғышарттары.

8. «Зар заман» ұғымы. Зар заман ақындары.

9. «Майлықожа Сұлтанқожаұлы» тақырыбы бойынша өлеңдер рухани-адамгершілік қасиеттер туралы ұғымдарды кеңейту, адамдық құндылықтарға терең ой жіберу мақсатында берілген. Тапсырмалар ақын ойларын заманмен, қоғаммен байланыстыруды қалайды. Сонымен бірге екі тақырып ұсынылып, таңдаған біріне шағын шығарма жазу тапсырылған.

10. Шағын әңгіме, шығарма жазу «Алмажан Азаматқызы» тақырыбында да бар. Дастанды аяқтау тапсырылады. Шығармашылық ойларын дамыту, қиялдарын ұштау мақсаты қойылған.

11. «Қашаған Күржіманұлы» тақырыбы бойынша «Есқали сопыға айтқаны» өлеңі бойынша сұрақтар берілген.

12. «Мұрат Мөңкеұлы» тақырыбы бойынша сұрақтар мәтінді негізге ала құрастырылған.