7,8-сабақтар. Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, Шоқан Уәлиханов. Өмірбаяны мен шығармашылығы. «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы», «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сот реформалары туралы жазбалар» еңбектерін талдау.


Сабақтың мақсат-міндеттері:

-XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетке әсер еткен тарихи жағдайлар мен әдебиет дамуының сабақтастығын ашу;

- Шоқан Уәлиханов өмірі мен еңбектерінің мәнін көрсету, өзектілігін айқындау;

- XIX ғасырдың екінші әдебиеттегі ағартушылық идеяның адамгершілік пен рухани құндылықтарды қалыптастырудағы орнын анықтау, Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектері арқылы халыққа еткен қызметінің маңызын көрсету;

- адамның рухани-адамгершілік мәртебесін оқу, еңбек, білім көтеретіндігін айқындау, өнерді сүюге, білім мен ғылымға табандылықтарын шыңдауға баулу;

1. Ш. Уәлихановтың кейбір еңбектерінің ғылым салаларына қатысы.

2. Ш. Уәлихановтың «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» еңбегіне жасалған кесте.

3. Жаңа кезеңдегі тарихи жағдайларға талдау.

4. Қазақ даласындағы өзгерістер.

5. Халықтың оқу мен өнер үйренудің қажеттігін сезінуі.

6. Әдебиеттегі оқу-білімнің халық дамуының, өркендеуінің негізі деп ұстанған жаңа бағыттың шығуы.

5. А. Құнанбайұлы, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин еңбектеріне шолу.

6. Қазақ мәдениетінде бірнеше өнерді қатар ұстаған сал – серілер шығармашылығы.

Ағартушылық бағыттың өкілдерінің бірі – Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны мен еңбектеріне шолу жасалады. Қазақтан шыққан тұңғыш ғалымның қысқа ғұмырындағы ғылымның әр саласынан жазған еңбектері аталады. Оның саяхатшы, тарихшы, этнограф, әдебиет зерттушісі, құқық т.б. ғылым салаларынан жазған еңбектерінің бүгінгі күнгі мәні баяндалады. Қазақ ортасына ғана емес, өзі еңбек еткен орыс ғалымдары арасында терең білімі мен қабілетін, өзгеше зеректігін көрсете білгендігі, олардың Шоқанды ғалым ретінде жоғары бағалағандығы айтылады.

Ш.Уәлихановтың кейбір еңбектерінің ғылым салаларына қатысы.

7-кесте –Шоқан еңбектері

Шоқан еңбеітері

Ғылым салалары

«Тәңірі»

Этнография

«Қазақтардағы шамандықтың қаладағы»

Этнография

«Жоңғария очерктері»

Саясаттану

«Сот реформалары туралы жазбалар»

Құқықтану

«Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы»

Әдебиеттану

«Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» еңбегі. Ш. Уәлихановтың әдебиет зерттеушісі ретіндегі еңбектерін бірнеше салада қарастыруға болады:

1. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алып жеткізуші.

2. Қырғыздың «Манас» жырын жазып алып, ол туралы алғаш зерттеу жасап, өзге халыққа таныстырушы.

3. Халық поэзиясы түрлеріне тұңғыш ғылыми талдау жасап баға беруші.

«Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» еңбегіндегі Ш. Уәлихановтың қазақ поэзиясын жанрлық жағынан жіктеуі

Поэзия түрі

Сипаттары

Жыр

Көлемді дастандарды жатқызады

Жылау

Жоқтауды жылау деп береді.

Белгілерін:

-әйелдер айтады;

-суырып сылап шығарады;

-жыр өлшемімен шығарылады деп анықтайды

Айтыс

-жиын-тойда, мейрамда айтылады;

-қысқа, тапқыр сөздерден тұрады

Қара өлең

-жалғыз шумақтан тұрады;

-әнмен айтылады

Өлең

Қалған лирика жанрлары

«Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» ғалым еңбегінің мәні де үлкен. Шоқанның өз халқының поэзияға бейімділігін арабтардың бәдеуин тайпасымен салыстыратындығы, оның себебін екі халықтағы ортақтық – табиғатпен біте қайнасқан бірлікте деген пікірі де әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, адам мен табиғат арақатынастары үшін де маңызды пікір.

Ғалымның әдебиеттану, соның ішінде «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» еңбегі мен «Манас» жыры туралы.

1. Туған жылы, өскен ортасы.

2. Білім алған мектебі.

3. Саяхаттары.

«Сот реформалары туралы жазбалар» мақаласы бойынша:

1. Ш. Уәлиханов қандай мәселені көтереді?

А) Заң шығарушылар мен реформа жасаушылардың нені басты мәселе етуі қажеттігін айтады.

В) Саяси реформаның дұрыс жасалуын талап етеді.

С) Елдің рухани дамуын көтеру керек дейді.

2. Заң шығарушылар мен реформа жасаушылардың халыққа қандай реформа пайдалы, қандай зиянды екендігін анықтау басты мәселе етуі қажеттігін айтады.

3. Саяси реформалар – экономикалық, әлеуметтік реформалардың жүзеге асыру үшін қолданылу қажет.

4. Халықтың әл-ауқаты көтерілсе, рухани дамуға құлшыныс, ұмтылыс болары сөзсіз. Ендеше прогресс – тек материалдық игіліктер үшін емес, рухани даму үшін де қызмет етеді.

5. Экономикалық реформа мен әлеуметтік реформалар туралы не білесіңдер? Бұлардың сабақтастығы неде деп ойлайсыңдар?

6. Адамдар тұрмысын жақсартудың негізі деп қай реформаға мән береді ? Прогресс деген не? Оның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуға қатысы қандай?

7. Жеке адамдар тұрмысының жақсаруының прогреске қатысы қандай?

Ш. Уәлихановтың ағартушылық идеялары, өз ұлтын дамыған елдер қатарынан көргісі келген арманы, сол кездегі халық тұрмысмен, әлеуметтік жағдайымен сабақтастыра ашылады.

8. Бүгінгі күн үшін Шоқан ойының өзекті болып қала беретіндігін дәлелдеңдер.

9. «Қазақстанға қажет жаңа реформа» деген тақырыпта өз ойларыңды мақала етіп жазыңдар деген үйге тапсырылады