Сабақтың мақсат-міндеттері:
- Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиеті, тарихы мен мәдениеті, рухани әлеміндегі орнын ашу;
-ақын шығармаларының тақырыптық-идеялық тереңдігін, көркемдік сипаттарын көрсету ;
- әдеби шығармаларды талдай алу, ой-түйіндерін терең түсіну;
- қоғам істерінде ой жіберу, өз көзқарастарын қорғай білу, жан-жақты саралай алу қасиеттерін қалыптастыру ;
- адамгершілік қасиеттердің барлық қоғам үшін мәнін ұғындыру, эстетикалық, гуманистік ой-түйіндер жасай алуға дағдыландыру.
Абай мен Ыбырай Алтынсарин туындылар салыстырылады
1. Ы.Алтынсарин әңгімелері.
2. Әңгімелерінің көркемдік, құрылымдық сипаттары.
3. Еңбек туралы әңгімелері.
4. Адамгершілік қасиеттер туралы.
5. Тәрбие туралы.
6. «Әке мен бала» әңгімесінің тақырыбы мен айтар ойы.
7. Әңгімедегі кейіпкерлерге талдау.
8. Әңгіменің бүгінгі күнмен сабақтастығы.
9. «Мол байлық басы әке ақылын тыңдаудан басталады», «Әке ақылын алған бала алысқа барады» тақырыбында жазған шағын әңгімелері.
Абай шығармашылығы туралы.
А. Құнанбайұлы. Өмірбаяны мен шығармашылығы. Сабақ төмендегі жоспармен түсіндіріледі:
1. Абай Құнанбайұлының туған жылы, жері.
2. Өскен ортасы.
3. Білім алған жерлері.
4. Ел ісіне араласуы.
5. Шығыс ақындары мен орыс ақындары үлгісі.
6. Абай шығармаларының құрылымы (Кестемен жұмыс).
7. Абайдың ақындық мектебі.
8. Абай шығармаларының кейінгі әдебиетке әсері.
10-кесте –Абай шығармалары
Өлеңдері |
Поэмалары |
Аудармалары |
Қарасөздері |
«Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Күз», «Жаз», «Өлсем орным қара жер», «Өлең - сөздің патшасы», «Жазғытұрым» т.б. |
«Масғұт», «Әзімнің әңгімесі», «Ескендір» |
Пушкин А. «Евгений Онегин», И. Крылов «Қарға мен құмырсқа», «Есек пен бұлбұл» Ю. Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып», «Төректің сыйы» т.б. |
46 қарасөзі бар. Тәрбие, философиялық ойлар, мысал, өсиет, афоризмдерден тұрады |
11-кесте-Абайдың өлеңдерінің тақырыптары
Өнер-білім |
Еңбек |
Махаббат |
Табиғат |
Әлеуметтік |
Аламгершілік |
«Ғылым таппай мақтанба», «Өлең - сөздің патшасы», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр» т.б. |
«Түбінде баянды еңбек егін салған» «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап», «Әсемпаз болма әрнеге» т.б. |
«Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Көзімнің қарасы», «Қызарып сұрланып», «Айттым сәлем, қаламқас», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл» т.б. |
«Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұрым» |
«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Қалың елім, қазағым», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың», «Бай сейілді» Т.б. |
«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа», «Сағаттың шықылдағы емес ермек», «Менсінбеуші ем наданды...», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» т.б. |
4. Сабақты қорытындылау
1. Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиетінің классигі, жазба әдебиеттің негізін салушы.
2. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық бағыттың өкілі.
3. Абай шығармалары құрылымы мен жанрлық жағынан кең ауқымды қамтиды: өлеңдер, поэмалар, қарасөздер, аудармалар.
4. Абай өлеңдерінің өнер-білім, ғылым, адамгершілік қасиеттер, қоғамдағы жайында және философиялық ой танымдардан тұрады.
5. Абай оқу-білім жайындағы өлеңдерінде оқудың рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, адамдық бейнені толықтыру үшін қызмет етуі керек деген ойды айтады.
6. Ақын оқу-білім мен ғылым талап, мейірім, қанағат, еңбек, ой сияқты асыл қасиеттерді бойға жинауы қажеттігін айтады.
7. Білім мал табу, дүние байлығы, мансап үшін емес, рухани жан азығы болуы шарт дейді.