13-сабақ.Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі өнер-білім тақырыбы. «Ғылым таппай мақтанба » өлеңі


Сабақтың мақсат-міндеттері:

- өлеңдегі ақын ойын ашу, өлеңнің басқа тақырыптас өлеңдермен ерекшелігін салыстыру;

- өлеңдегі ақынның ғылым жайындағы ой тереңдігін, оны жеткізудегі көркемдік құралдар қолданысының орнын ашу;

- өлеңдегі жеке сөз, ой мағыналарын түсінуге, өзіндік тұжырым жасауға баулу;

- білім пайдасы, оның адамның рухани байлығына қызмет етуі керектігін ұғындыра отырып, ғылым жолы үшін қажет адам мінезінің қалыптарын көрсету;

2. Өлеңдегі ақын ойларын ашу үшін мұғалім талдауды сұрақ қоя отырып, оқушылардың өздеріне талдатады.

Жетелеу сұрақтары, проблемалы сұрақтар, тірек сөздерге екпін түсіре қойылған сұрақтар болып келуі мүмкін. Біз олардың үлгісін бердік. Мұғалім сынып ерекшелігіне, әдебиетті игеру, сөз өнеріне қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттеріне қарай өзгертулеріне болады. Сұрақтар деңгеймен бөлінеді.

Қарапайым деңгей.

1. Өлең не жайында?

2. Өлең идеясын анықтаңдар.

А) Ақыл айту;

В) Өсиет ету;

С) Нақты қажетті көрсету.

3. Өлең кімдерге арналған.

А) Жастар мен балаларға;

В) Ғалымдарға;

С) Кез келген адамға;

Орта деңгей

1. Білім мен ғылымның айырмасы қандай?

2. Біліммен мақтану, ғылыммен мақтану дегенді қалай түсінесіңдер («Ғылым таппай мақтанба...»).

3. «Суытып көңіл тыю», «Ойға жию» дегенді қалай түсінесіңдер.

Күрделі деңгей.

1. Абай ұсынатын ғалым адам қандай болуы керек? Өлеңді пайдалана отырып, өз ойларыңды айтыңдар.

2. Жақсылыққа еліктеу, жат қылық, жамандықтан аулақ болу да ғылым үшін қажет қасиет екендігін айтады.

«Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз,

Жақсылық көрсең ғибратлі,

Оны ойға жисаңыз».

Бұлар ғылым үшін неге маңызды деп ойлайсыңдар. Өз пікір, көзқарастарыңды нақыл сөзбен, нақты мысалдармен, қоғамдағы, өмірдегі тәжірибемен дәлелдеңдер.

3. «Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз»

Шумақтың мағынасын ашып, өз пікірлеріңді қосыңдар.

3. «Ғылым таппай мақтанба » өлеңі талданған кестені ұсынады

3.1. Бес жақсы мен бес жаман қасиет – мінездерді кестеге жазады.

3.2. Әрқайсысының жанына түсініктеме береді.

3.3. Талап, ой сөздерінің мағынасын жақсы біледі, ал қанағат, рақым сөздерінің мағынасынтереңірек ашу керек.

«Түсініктеме» бөлігіне Абай неге осы сөзді ғылым үшін қажет қасиет деп алғандығына түсініктеме береді.

3.4. Екінші қатардағы өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек сөздерін мал шашпақ сөзінің мағынасын ашады

«Ғылым таппай мақтанба »өлеңі

Ғылымға қажет қасиеттер

Кесірлі міңездер

«Бес нәрсеге асық бол»

Түсініктеме

«Бес нәрседен қашық бол»

Түсініктеме

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі ғылым үшін қажет адамдық қасиеттерді ашады.

2. Оқу, білім, ғылым жайындағы өлеңдерінде ақын олардың пайдасын, қажет екендігін айтып қана қоймайды. Жолдарын көрсетеді.

3. Ақын ғалымға бет бұрудан бұрын әркім өзін табуы, өзінің қай жерге қажет екендігін анықтап алуы керектігін айтады («Орын таппай баптанба...»).

4. Бес асыл мен бес дұшпан ғылым үшін ғана емес, жалпы қай істі игеруге бет алған адам үшін де білуі керек қасиеттер мен мінездер. Бірақ ақын бұлардың ғылым үшін, үлкен мақсаттарға ұмтылғандар үшін қауіпінің күштіліген мән берсе керек.

5. Абай ғылымға барудың жолдарын көрсетеді:

1) әр адамның өз орнын табуы, өзі қай жерге қажеттігін білуі;

2) балалықты ( босқа уақыт өткізбеу, еркелікті қою) қию;

3) жақсы қасиеттерді бойға жию;

4) жақсылыққа еліктеу, үйрену;

5) жаман істерден бойды аулақ салу;

6) ақын айтқан асыл қасиеттерді бойға жинаған («шын ғалым») ғалымды үлгі ету;

7) ғылыммен айналысу соған ғана көңіл аудару –дүние-мүлік байлығына қызықпау.