Су қандалылары


4-сурет – Су қандаласының таксономиялық жіктелімі

Сушалқақ тұқымдасы (Nolonectidae). Ағынсыз тоқтау сулардың бетінде құрсақтарымен жоғары малтып жүретін жәндіктер кездеседі. Олар су қандалылары – сушалқақтар. Оларда денелері – екі бүйірінен қысыңқы келген ұзынша сопақтау, қызғылт көздері, тікенекті тұмсықтары және ескек рөлін атқаратын артқы аяқтары да мықты болып келеді. Алдыңғы және ортаңғы аяқтары артқысымен салыстырғанда қысқалау, бекінуші тырнақтары бар – ол су асты нысандарда өрмелеуге мүмкіндік береді. Сушалқақтар – су омыртқасыздарымен қоректенетін жыртқыштар, кейде балықтардың шабақтарына шабуыл жасайды. ТМД-да сушалқақтардың 10-ға жуық түрлері бар.

Кәдімгі сушалқақ (Notonecta glauca). Кішкене тұрып қалған су қоймаларында сіз көлемі шамамен 15 мм болатын қандалыларды көре аласыз, ол біртүрлі күйде, яғни құрсағы жоғары қарап арқасымен тез жүзеді. Сопақтау, жылтыр, қысқа денесі бүйірлерінен сәл қысыңқы келген, ал артқы аяқтары ұзын есек тәрізді. Сушалқақтың құрсақ жағы қара-қоңыр не күңгірт, ал арқа жағы ақшыл түстес келген. Су жануарларының көпшілігінде, керісінше, арқа жағы құрсақ жағына қарағанда күңгірт түстес келген. Мұндай түстің реңі сушалқақтардың арқасымен жүзуіне байланысты түсіндіріледі. Шынында да, су қоймаларына жоғары жағынан қарасақ, күңгірт түстес, ал төменнен, су астынан оның беті мөлдір болып көрінеді. Сушалқақтар осы ерекшеліктеріне байланысты суда жоғарыдан да, төменнен де байқалмайды. Сушалқақ суға қарағанда жеңіл болып келеді, сондықтан егер ол су өсімдіктеріне жабысып қалмаса не жүзбесе, не отырмаса, ол су бетіне көтеріледі. Судығ бетіне көтерілген жағдайда ол судың беткі қабатының астына ілініп немесе артқы аяқтарының көмегімен судың беткі қабатымен сырғанай алады. Кейде сушалқақтар су бетіне шығып, аударылып, қанаттарын жайып ауаға көтеріледі. Сушалқақ – белсенді әрі жыртқыш. Себебі, ол әртүрлі су жануарларын, кейде тіпті өзі тектес жәндіктерді де ұстайды. Ол күніне 100-ге жуық масалардың дернәсілдерін жеп қоюы мүмкін – бұл біз үшін сөзсіз пайда. Алайда, сонымен қатар ол балық шабақтарына да шабуылдауы мүмкін. Егер сушалқақты қолыңызға алсаңыз, бізтұмсықтарымен шаңшып жараға улы сілекейін шашыратады. Олардың ауыртып шағуына байланысты кейде оларды су аралары деп те атайды. Ол бүкіл Еуропада, Азиядан Амурға дейін жерде кездеседі.

Ескекшілер тұқымдасы (Corixidae). Осы тұқымдасқа ұзынша келген, сопақтау денесінің ұзындығы 16 мм болатын қандалылар жатады. Денесінің арқа жақтары жалпақтау, ал құрсақ бөлігі шығыңқы келген. Құрсақ бөлімі күмістенеді, бұл осы құрсақ бөлімін жауып тұрған қалың түктерінің арасында ауа саңылауларының пайда болуымен байланысты. Ескекшілердің әрбір жұп аяқтарының өзіндік атқаратын қызметтері бар және ерекше құрылымды болады. Алдыңғы аяқтары – қысқалау, ожау сияқты келген, бұл аяқтарымен олар қорегін аузына апарады. Тырнақшалары бар жіңішке ортаңғы аяқтарымен олар топыраққа немесе өсімдіктерге жабысады. Артқы аяқтары – ұзын, жалпақ және қатты түктермен қапталған ескек тәрізді, осыдан да қандалылар атауы «ескекшілер» деп аталды. Ескекшілер өсімдіктермен немесе ұсақ жануарлармен, көбінесе масалардың дернәсілдерімен қоректенеді. Ағынсыз немесе баяу ағатын су қоймаларында тіршілік етеді. Олар жақсы жүзіп қана қоймай, жақсы ұша алады. Түнде жарыққа жиі ұшып келеді. Ескекшілердің ТМД-да 70-тен аса түрлері бар.

Тістіаяқты ескекшілер (Corixa dentipes) – ескекшілердің ішіндегі ең ірісі (1316 мм). Оның ұзартылған, қоңыр денесінде көлденең жолақтары бар. Кеудесінде жоғарыдан 1620 ашық көлденең жолақтары бар. Алдыңғы берік қанаттарында ашық дақтар мен ұсақ нүктелері бар. Ортаңғы аяқтарының балтыры жартылай дөңгелекті кескінді болады. Алдыңғы аяқтарының табандары ақшылдау, шеттері күңгірттелмейді. Солтүстік және Орталық Еуропаның орман аймағының су қоймаларында, сондай-ақ Азияда жиі кездеседі.

Жүзушілер тұқымдасы (Naucoridae). Бұл су қандалылары судың бетінде қалыпты жағдайда, яғни  арқасымен жоғары қарап, ортаңғы және артқы ескек тәрізді аяқтарының көмегімен жүзеді. Алдыңғы аяқтары – қармалаушы аяқтар, олардың сирақтары мен табандары сан бөліміне бәкінің жүздері тәріздес жатады. Олар негізінен су буынаяқтыларымен қоректенетін жыртқыштар болып табылады. ТМД-да олардың бір түрі ғана мекендейді.

Кәдімгі жүзуші (Hiocoris cimicoides) – жасыл қандала, оның ұзындығы 12–16 см құрайтын денесі кең, сопақ және жалпақ болып келеді. Ол – тойымсыз жыртқыш, себебі жемтігін алдыңғы аяқтарымен ұстайды. Жазда суда тіршілік етеді,  ал құрлықта қыстайды. Еуропа мен Азияда жиі кездеседі.

Су шаяндары тұқымдасы (Nepidae). Бұл су қандалылары, құрсағының артқы жағында ұзын тыныс түтіктері бар, ол екі науа тәрізді жартыдан тұрады. Су шаяндарында алдыңғы аяқтары ұстағыш, олардың сирақтары мен табандары сандарына бәкінің жүздері тәрізді жатады. Ортаңғы және артқы аяқтары жүзгішке қарағанда жүргіш болып келеді. Тұмсығы қысқа, ол алға және сәл төмен бағытталған. Мұртшалары өте қысқа және көз астындағы бастың төменгі бөлігіндегі шұңқырларда жасырылған. Су шаяндары сутақайлар, сүліктер, кенелер мен түрлі жәндіктердің дернәсілдерімен қоректенетін жыртқыштар болып табылады. Олар аз жүзеді, судың түбінде және су өсімдіктерінің арасында жүреді, суда қыстайды. ТМД-да су шаяндарының 6 түрі кездеседі.

Су шаяның (Nepa cinerea) судың түбінде және өсімдіктер арасында бірден байқамайсыз. Ол ұзындығы шамамен 20 мм болатын қоңырлау шіріген жапырақшаға ұқсайды. Бірақ шаянның алдында кішкентай жануарлар пайда болғаннан кейін «жапырақша» тіріліп, жемтікке қарай бірден алдыңғы мықты, қысқыш тәрізді аяқтары лақтырылады, қысқыш жабылып, жемтік ұсталады. Су шаяны, шынымен де, сыртынан қарағанда шаянға ұқсайды: оның алдыңғы аяқтары қысқыш тәрізді, ал артында ұзын құйрық өскіні бар. Бірақ егер мұқият қарасаңыз, өскін екі бүктелген түтіктен тұратындығын көруге болады. Бұл тыныс алу түтіктері болып табылады. Тыныс алу үшін су шаяны олардың ұштарын су бетінен жоғары шығарады. Су шаяны жүзе алмайды. Ол су өсімдіктерінің арасында қозғалыссыз отырады немесе баяу қозғалады. Оған әртүрлі су жануарлары қорек ретінде қызмет етеді. Еуропа мен Азияда кең таралған.

Ранатра (Ranatra linearis). Су өсімдіктерінің арасында ранатраны су шаянына қарағанда байқау қиынырақ. Ол қоңыр таяқшаға ұқсайды, ұзындығы 60–70 мм және қалыңдығы 4–5 мм құрайды. Егер оған тисетін болса, ол қашуға асықпайды, тек толық қозғалыссыз күйге түседі. Оны тек жүріс кезінде ғана байқауға болады. Бірақ кейде бұл баяу қозғалатын тірі таяқша кенеттен судың бетіне шығып, ұшуы мүмкін – шынын айтқанда, керемет көрініс! Су шаяндарында сияқты ранатраның құрсағының соңында екі тыныс алатын түтікшелері бар. Солтүстік аймақтарды қоспағанда, Еуропа мен Сібірде кең таралған.

Суөлшеушілер тұқымдасы (Gerridae). Жер шарында бұл керемет жәндіктер сырғып кетпейтін кішкентай шұңқырлар, бұлақтар, өзендер, көлдер және тіпті теңіздер болсын, су бетін таба алмайсыз. Суөлшеушілер – жіңішке, ұзартылған денесі бар, ұзын, кең қойылған ортаңғы және артқы аяқтары бар. Ортаңғы аяғымен судан итеріліп, суөлшеушілер оның бетіне ұзын және кіші секірулермен сырғанайды, ал артқы аяқтар басқару тұтқасы рөлін атқарады. Алдыңғы аяқтар алға бағытталған (суөлшеушілерде төрт мұртшалары бар сияқты) және жемтікті ұстап алу үшін қолданылады. Суөлшеушілер судан ауыр болғанымен, олар құлап кетпей, тез жүреді. Мұның құпиясы – суөлшеушілердің табандары суланбайтын түктерімен қапталуында. Әдетте суөлшеушілердің қозғалысы судың бетінде сырғанағандай өте төмен секірістерден тұрады, бірақ кейде жаулардан қашып немесе кедергілерді жеңе отырып, олар өте жоғары секіре алады. Суөлшеушілері су бетіне түскен жәндіктермен, оның ішінде ұшып кету кезінде масалармен қоректенеді. Күзде суөлшеушілер су қоймаларын тастап, «төрт аяқтап» әрең ақсаңдап, құлаған жапырақтардың астында немесе басқа оқшау жерлерде қыстайды. ТМД-да суөлшеушілердің 20-ға жуық түрі кездеседі.

Тоған суөлшеушілері (Gerris lacustris) – кеудесі қара түсті, оның бүйірлерінде ашық бойлық жолақтары бар шұбар аяқты суөлшеушілері. Алдыңғы аяқтардың сандары ақшыл түсті, бойлық қара жолақтары бар. Дене ұзындығы 8–10 мм қамтиды. Еуропа мен Азиядағы таяз су қоймаларында жиі кездеседі [9].

 

 

2.4 Пайдалы жәндіктердің-энтомофагтардың сандары мен белсенділігін көбейту және сақтау

Қандайда бір тұрғылықты жерді шыбын-шіркейлерден неғұрлым түбегейлі және тұрақты сауықтыру аумақты мелиорациялау, жайылымдар мен басқа да ауыл шаруашылығы алқаптарын мәдени игеру, шаруашылық маңызы жоқ ұсақ су айдындарын міндетті түрде құрғату, сондай-ақ ағынды су айдындарының гидрологиялық режимін өзгертетін және реттейтін гидротехникалық құрылыстар салу арқылы жәндіктердің көбею орындарын шектеуге және жоюға бағытталған экологиялық іс-шаралармен қол жеткізіледі. Бұл іс-шаралар дамыған аумақтарды жан-жақты өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық пайдалануды көздейтін ұлттық немесе экономикалық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.

Зиянкестерден қорғау үшін қансорғыш қос қанаттылардың табиғи жауларын пайдалану энтомофагтардың санын сақтау мен көбейтудің үш түрі қарастырылады:

  • басқа аудандардан ауыстыру және акклиматизация;
  • зертханалық жағдайларда өсіру мен табиғи жағдайларда сақтау және маусымға сай қоршаған ортаға жіберіп отыру;
  • паразиттер мен жыртқыштардың зертханалық және табиғи популяцияларын активизациялау.

Бірінші түр – бұл жыртқыштар мен паразиттерді басқа аудандар мен, тіпті, континенттерден алып келу және акклиматизациялау. Себебі көптеген зиянкестер басқа елдерден бізге келген, сәйкесінше олардың табиғи жауларынсыз, олар жаңа жағдайда белсенді дамиды.

Аудандастырудың жетістігі сырттан алып келген энтомофагтардың отанындағы табиғи жағдайлармен тек жаңа зонадағы климаттық ұқсастықтарға ғана емес сонымен қатар оның икемділігіне де байланысты болады. Сондықтан, энтомофагтарды таңдағанда климаттық ұқсастықтарға ғана мән беруге жеткіліксіз. Аралас популяцияны алу керек, яғни физикалық факторлар қатаң тербелісте болатын жерлермен қатар иесінің мекен ортасының әртүрлі стацияларын алған дүрыс. Бұл жаңа популяция қалыптасқанда табиғи сұрыптаудың қызметін күшейтеді және генотиптік өзгергіштігін жоғарылатуға қабілетті.

Энтомофагтардың санын көбейту және оларды сақтау екінші түрі – зертханалық жағдайда көбейту және қоршаған ортаға периодты жіберу. Бұл форма кейінгі кезде кең қолданыс тауып, жақсы дамып келеді.

Энтомофагтарды белсендіру үшін олардың тіршілігі, өмір сүру ұзақтығы және өнімділігін арттыру үшін аса қолайлы орта жасалады. Ол үшін, ең бірінші, жазғы мерзімде бізге пайдалы жәндіктерді қызықтыру және ұстап қалу үшін шырындылар гүлдеулері керек.

Ірі энтомофагтардың аса белсенді периодтарында қоршаған ортаны химиялық өңдеуге болмайды. Бұл пайдалы жәндіктерді сақтаудың екінші жағдайы немесе талабы болып табылады [10].

Зиянкестермен биологиялық күресу зиянкестердің популяцияларын табиғи фаторларды пайдалану арқылы теңдестіруді білдіреді, әрине адамдардың араласуын да талап етеді. Қансорғыш қос қанаттылармен биологиялық күресуде олардың сандарын табиғи реттеушілерді пайдалану экологиялық білімге және экологиялық жүйелердің қызметтерінің ерекшеліктерін түсінуге негізделу керек. Қансорғыш қос қанаттылармен күресудің табиғи факторлары – жыртқыштар, паразиттер және патогендер, бұл факторлар биологиялық бақылау агенттері ретінде де белгілі. Паразиттер – жас сатыларында ие-жәндікте дамып, біртіндеп өз иесін өлімге әкелетін түрлер. Кейбір түрлері монофагтар болып табылады.

Қансорғыш қос қанаттылармен күресуді ұйымдастырғанда олардың биологиясының ерекшеліктерін, түрлік құрамын, таралу сипатын, тіршілік орталарын, әр нақтылы зоналарда олардың даму мерзімі мен жағдайын ескереді. Мал шаруашылығында, аймақтық және жергілікті жағдайларға байланысты шыбын-шіркейлерге қарсы жалпы шаруашылық шараларды қарастыру қажет, әсіресе жәндіктердің көбею орталарын жою мен азайту сияқты, дернәсілдер мен қанаттанған жәндіктерді жою шараларын, сонымен қатар әртүрлі жануарлар түрлерін шыбын-шіркейлерден топтық немесе жекелеген қорғауға бағытталған шаралар болуы тиіс.

Қансорғыш қос қанаттылардың санын табиғи реттеушілерді пайдалану – жыртқыштық пен паразиттікке сүйенетін дезинсекция әдісі. Бұл әдіс зиянкестермен кешенді күресі бойынша бағдарламалардың маңызды құраушысына айналуы тиіс.

 

Бақылау сұрақтары

 

  1. Қосқанатты қансорғыш насекомдардың басқа жәндіктерден ерекшеліктерін көрсетіңіз.
  2. Әртүрлі таксономиялық топқа жататын жыртқыш насекомдардың таралу ерекшеліктерін мысалмен көрсетіңіз.
  3. Гомеостаз түсінігінің мәнін ашыңыз.
  4. Популяцияның тұрақтылығы қандай факторлармен тікелей байланысты болады?
  5. Қосқанатты қансорғыштар санын реттейтін факторларды сызбамен көрсетіңіз.
  6. Инеліктердің биологиясы және экологиясы туралы не білесіз?
  7. Инеліктердің түрлері, экологиялық топтарының басқа ағзалармен байланысын сипаттаңыз;
  8. Инеліктердің шаруашылықтағы маңызы.
  9. Су қоңыздары, олардың таралуы, биологиясы мен экологисы.
  10. Су қандаласы туралы қандай түсінігіңіз, біліміңіз бар, оларды сипаттаңыз.
  11. Стафилинид қоңыздары туралы жалдпы сипаттама беріңіз.
  12. Микроспоридиялар деген ұғымның мәнін толық ашыңыз.
  13. Паразиттердің табиғатта орны, олардың иелерімен қатынасы және насекомдар санын реттеудегі маңызын көрсетіңіз.
  14. Саңырауқұлақтар, олардың биологиясы, түрлері, ерекшеліктері мен пайда-зияндарын кестемен көрсетіңіз.

Вирустар мен бактерияларды салыстырмалы түрде қарастырып, олардың жәндіктермен байланысын көрсетіңіз.