Жәндіктер микроспоридиоздары


Микроспоридиядан туындаған аурулар жәндіктердің барлық таксономиялық топтарынд кездеседі, алайда олар өсімдік қоректі және жыртқыш жәндіктер арасында сирек байқалған, ал ластанған ортада өмір сүретін жәндіктерде бұл аурулар өте кең таралған. Микроспоридиозды аурулардың таралуы және белгілі қоздырғыштардың саны микроскопиялық зерттеулердің мұқияттығына және энтомологтар мен энтомопатологтардың жәндіктердің белгілі бір түріне немесе тобына назар аударуына байланысты болады. Мысал ретінде Apterygota алсақ, оның микроспоридиозы туралы тек екі хабарлама бар.

Пфеффер Podura aquatica L. және Sminthurus sp. жыныс бездерінде спораларды тапты, олардың формалара – жұмыртқа тәрізді формадан  ұршық тәрізді формаға дейін. Споралардың ұзындығы 16 мк және ені 7 мк болғанын ескере отырып, олардың микроспоридияларға жататындығы туралы мәселе даулы болып қала береді. Калькуттада Сенгупта ішек эпителийін зақымдайтын және споралары нәжістермен сыртқа бөлінетін Ctenolepisma longicauda Esch. микроспоридиясын тапты. Осы аталған автордың зерттеу жүргізген ортасында жәндіктердің 100 % паразитпен зақымданған [11, 14].