Жыртқыш омыртқасыздарды (жәндіктер мен кенелерден басқа) ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкес-жәндіктерін биологиялық басу бағдарламасында пайдалану мүмкіндігі әзірге аз зерттелген.
Өрмекшілер (Aranei) тобының өкілдері барлық жерлерде кездеседі. Олар көбінесе жәндіктермен қоректенеді және сәйкесінше олардың көп түрлерін жоюға тиісті. Өрмекшілер қорегі өздері тоқыған торларына оралып қалған ағзаларға байланысты, сондықтан қандай да бір жемтіктерінің популяциясын азайту үшін олар өздері көп болулары тиіс. Кезбе өрмекшілері нақтылы бір мекен орынға бейімделеді. Егер онда қандайда бір зиянды жәндік болатын болса, онда оның популяциясы басылуы мүмкін. Өрмекшілердің көптеген түрлерінің қоректену кезіндегі мінез-құлқын далалық жағдайда бақылағанда көптеген мәліметтер береді, бірақ оларды практикада пайдалану туралы мәлімет өте аз.
Pardose monticola Cl. өрмекшісінің тәуліктік рационының жартысынан көбін картоптың зиянкесі шабдалы бітесі құрайды. Алдын ала асбұршақ бітелеріне радиоактивті фосформен таңба салып оларды бақылаудың нәтижесінде байқалғаны: алқапта солармен бірге өрмекшілердің болуынан бір тәуліктен соң бітелермен қоректенген өрмекшілер радиоактивті фосформен ластанған. Ондай өрмекшілердің ондаған түрлері кездескен. Жәндіктердің дернәсілдері мен ересек түрлерінде дамитын паразитті нематодтарға арналған айтарлықтай көп жұмыстар бар. Жемісті және орманды алқаптарда жібек көбелегі және басқа да қауіпті зиянкестердің жаппай көбеюі жылдарында паразитті нематодтардың қызметі арта түседі. 1930 жылы А. В. Яцентковский қабықшы қоңыздарда дамитын кейбір нематодтар олардың өнімділігін төмендететінін, тіпті кей жағдайларда аналық өкілдерінде толық көбею қабілеттілігінен айыратындығын көрсетті.
Шетелдік әдебиеттерде зиянды жәндіктерді биологиялық басудың бағдарламасында қосмекенділердің (Amphibia) классын пайдалану туралы мәліметтер бар. Ага бақасын (Bufo marinus L.) сәтті қолданудың мысалдары бар. 1936 жылы Фиджи аралына интродуцияланып әкелінген ага бақасын үлкен жетістікпен зиянкестерге қарсы қолданған. Ол жібек көбелегі мен түнгі көбелектің құрттарының популяциясын азайтуға көмектескен. B. Marinus ең сәтті интродукциясы Пуэрто-Рикода байқалды, онда ол 1920 жылы маусымдық қоңызды, бұзаубас пен тарақандарды басу үшін әкелінген. Қант қамысы плантацияларынан жиналған бақа асқазандарының құрамын талдауда B. Marinus рационының 51 %-ы қауіпті зиянкестер екенін көрсетті. Бақалар зауза қоңыздың дернәсілдерін жояды, банан алқаптарында әр бақа бір түнде орташа алғанда 12 қоңыз жейді.
Бірақта, ауылшаруашылық тәжірибесінде зиянды жәндіктерді биологиялық жолмен жоюдың осы сәтті әрекеттерінен бастап бақалар үшін айтарлықтай қолайсыз өзгерістер болды.
Омыртқасыздардың арасында құстардың ұшуға қабілеті олардың артықшылықтарын көрсетеді. Құстар мен жәндіктер өзара байланысады. Көптеген құстар көп мөлшерде құстармен қоректенеді. Кейбір мәліметтерге сүйенетін болсақ, жәндіктердің көптеген түрлері популяцияларының 50 % астамын жейді екен. Орнитологтардың негізгі ұсыныстары: жасанды ұяларды пайдалану және құстардың табиғи тіршілік орталарының жағдайын жақсарту [1].
Зиянды жәндіктерді биологиялық басудың бір мысалы – үнді майнаны қызыл шегірткеге қарсы қолдануы. Бұл пайдалы жыртқышты халықаралық әкелудің ең бірінші жағдайы болды. Құсты Үндістаннан 1762 жылы Маврикий аралына әкелді, оның нәтижесі өте жақсы көрсеткіштерді көрсетті. Шегірткелердің шапқыншылығы 1770 жылы майнаны интродукциялағаннан кейін 8 жылдан соң толығымен жойылды [1].
Бақылау сұрақтары
Малшаруашылығын зиянды жәндіктерден, ауру қоздырғыштардан сақтау үшін қойылатын экологиялық талаптар.