Мал шаруашылығы мен халықтың зиянкестерінің санын табиғи реттеушілер


Зиянды түрлер жоғары тығыздыққа жеткен кезде өнімділіктің төмендеуі немесе басқа да материалдық шығын қауіпі туындап, олардың санын азайту шаралары қарастырылады. Зиянды жәндіктермен күресудің жолдары әртүрлі, олар механикалық, химияляқ, биологиялық және агротехникалық болуы мүмкін.

Зиянкестермен биологиялық жолмен күресу олардың сандарын табиғи жауларымен реттеу дегенді білдіреді. Бұл популяцияны басқарудың бірден бір түрі, яғни зиянкестердің шексіз экпоненциалды көбеюін тоқтату болып табылады. Кейбір ғалымдар күресудің биологиялық әдісіне генетикалық манипуляцияны да жатқызады [2].

Жәндіктермен күресудің биологиялық әдістері әсіресе болашағы зор, себебі адам үшін де, қоршаған орта үшін де зиянсыз болып табылады. Олардың ішінде: энтомофагтарды, патогенді микроағзаларды пайдалану және генетикалық әдістерді пайдалану сияқты түрлері бар.

Зиянды жәндіктермен күресуде жыртқыштар мен паразиттердің энтомофагтарын қолдану үшін пайдалы жәндіктер мәдениетін жүргізетін биофабрикалар мен биозертханалар құрылады.

Қазақстанның Мақтарал ауданында 2012 жылы энтомофаг-жәндіктерді өсіру бойынша ең алғаш мемлекетте биофабрика ашылды. Енді мақтаның зиянкестерін алтынкөз қоңызы, габробракон және трихограмма жоятын болады, ал инсектицидтердің қолдану көлемін азайтуға болады. Биофабрикада өсірілетін жәндіктер мақта егістігінің 5 мың гектарын бір маусымда зиянкестерден тазартуға қабілетті.

Рессейде энтомофагтарды өсіру бойынша 1500 зертхана бар, оларды зиянкестердің санын азайту үшін алқаптарға жібереді. Сонымен қатар, алқаптарда табиғи энтомофагтардың жиналуы бойынша шаралар да атқарылады.

Басқа аудандардан әкелінген зиянкестермен күресу үшін сол зиянкестердің отанынан алынған энтомофагтарды өсіреді. Мысалы, колорадо қоңызына қарсы Америкадан әкелінген жыртқыш қандалыларды, ал калифорния сымырына қарсы сол аймақтан алынған жыртқыш родолия қоңызын пайдаланады [3].

Энтомофагтар. Басқа жәндіктермен қоректетін жәндіктер мен кенелерді энтомофагтарға жатқызады, олардың арасында паразиттер мен жыртқыштар да бар. Олар иелерін немесе құрбандарын белсенді түрде іздейді және оларды жұқтырады немесе жейді. Әдетте, жоғары дамыған іздеу қабілеті бар энтомофагтар ең тиімді болып табылады [4].

Ежелгі уақытта зиянкестермен күресу үшін энтомофагтар қолданылған. Қытайлар б.з.д. VII ғасырда мандарин бақтарына жыртқыш құмырсқаларды еліктірген. Қызыл қоңыздардың пайдалы қызметі белгілі. Реомур жеміс бақтарына жыртқыш қоңыздарды еліктіру идеясын алға тартты.

Паразит-энтомофагтар сыртқы белгілері бойынша айтарлықтай әртүрлі, оларды біріктіретін жалпы белгілері: олардың дернәсілдері ұзақ уақыт бойы иелерінің ішкі мүшелерінің есебінен өмір сүреді. Ересек жәндіктерде қанаттары бар және еркін тіршілік етеді, кейде гүлдердің шырындарымен, сонымен қатар жәндіктердің гемолимфаларымен қоректенеді.

Бас салу және иесінің типіне байланысты жәндіктер паразиті эндопаразиттер (иесінің ішінде дамитындар) және эктопаразиттер (иесінің денесінде дамитындар) деп бөлінеді [1]. Эндопаразиттер иесінің денесінің кез-келген жеріне немесе белгілі бір жерге жұмыртқа салады. Бұл кезде жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, тіпті ересек жәндіктер де зақымданады. Егер паразит иесінің жұмыртқасында дамитын болса, онда оларды нағыз жұмыртқа паразиттері немесе жұмыртқақоректілер деп атайды.

Энтомофагтардың ішінде жұмыртқа дернәсілдерінің паразиттері де бар. Олар иесінің жұмыртқасына жұмыртқа салады, бірақ паразиттің дернәсілі өзінің дамуын дернәсілде аяқтайды, ал кей жағдайда иесінің қуыршағында да дамиды.

Дернәілдердің паразиттері жұмыртқаны немесе дернәсілдерді иесінің дернәсілдері ішіне салып, олардың дамуын аяқтайды. Дернәсіл иесінің денесінің ішінде дамиды.

Дернәсілді-қуыршақты паразиттер жәндіктердің дернәсілдеріне жұмыртқа салады. Туылған паразиттің дернәсілі өзінің дамуын иесінің қуыршақ сатысында аяқтайды. Көптеген паразиттер ересек жәндіктерді де зақымдайды.

Эктопаразиттер өздерінің жұмыртқаларын немесе дернәсілдерін иесінің денесіне салады, алдын-ала оны жансыздандырып алады, немесе иесінің айналысындағы азықтық өсімдіктер арқылы жансыздайды.

Сыртқы паразиттер өздерінің жұмыртқаларын иелерінің жұмыртқаларының қасына салады, пайда болған дернәсілдер иесінің жұмыртқаларымен қоректеніп, жұмыртқа жырқыштары болып табылады.

Жасырын өмір сүретін жәндіктерді де зақымдайтын эктопаразиттер кездеседі.

Еркін тіршілік ететін жәндіктерді зақымдайтын эктопаразиттер аз тараған. Жұмыртқа немесе дернәсіл иесінің денесіне салынады, немесе паразиттің тескен жеріне жартылай енеді.

Бірқатар түрлерде азықтық өсімдіктеріне салынған паразиттердің жұмыртқалары қалыптасқан дернәсілдерден тұрады. Ұрықтанғаннан кейін паразиттің дернәсілі иесімен кездескенде оған жабысып, денесіне енеді.

Паразиттердің топтық және жалғыз түрлері бар.

Зақымдауға таңдалған иесінің айналасына қарай паразитті жәндіктер бірнеше топтарға бөлінеді:

- монофагтар – бір түрге жататын жәндіктерді зақымдайды;

- полифагтар – бірнеше иелерді таңдай алады.

Әдетте, паразит пен иесінің даму уақыттары сәйкес келеді. Егер паразит фитофаг жәндіктің есебінен дамитын болса, онда ол біріншілік паразит деп аталады. Егер ол біріншілік паразиттерді зақымдайтын болса, онда екіншілік деп аталады. Екінші деңгейден жоғары паразиттерді асқын паразиттерге жатқызады. Алайда әдебиетте көбіне екіншілік паразиттер асқын паразиттер деп аталады.

Жыртқыш-энтомофагтар. Жыртқыштарға дернәсілдері мен ересектері жемтік-дарақтың арқасында қоректенетін энтиомофагтар жатады. Бұл – кенелер мен жәндіктердің әртүрлі отрядтарының өкілдері. Олардың арасында мамандандырылған жыртқыштар мен полифагтар болып ажыратылады. Мысалы, родолия қоңызы қоректену үшін тек австралиялық науалы сымырын (червец) таңдайды.

Жыртқыш қандалылар – антокористер (Anthocoris nemorum L.), миридалар бау-бақшаларда, егістіктерде кеңінен таралған полифагтар болып табылады, кенелердің жұмыртқаларымен, жапырақ ширатқыш көбелегінің жұмыртқалары мен кішкене құрттарымен, алма құртымен, қарабүлдірген галлицінің дәрнәсілдерімен қоректенеді.

Сирфид шыбындарының дернәсілдері, біте қоңыздарының дернәсілдері мен имагосы негізінен бітелер мен бүргешіркейлерді жояды.

Жыртқыш кенелер фитосейдтер, жемісті кенелердің және алмалы үтір сымырларының жұмыртқаларымен қоректенеді. Жыртқыш ызылдауық қоңыздар далалы, жемісті, жидекті және басқа да дақылдардың топырақтағы зиянкестерін жояды.

Алтынкөз қоңызының (торқанаттылар) дернәсілдері қабыршаққанаттылар, бітелер, бүргешіркейлер, мен басқа жәндәктердің дернәсілдері мен жұмыртқаларымен қоректену арқылы жыртқыштық тіршілік етеді.

Ересек жыртқыштар өздерінің дернәсілдері қоректенетін зиянкестермен қоректенеді (мысалы, жыртқыш қандала мен кенелер) немесе гүлдердің балшырындарын, балтамшыны жеп, еркін тіршілік етеді (алтынкөз қоңыздар, ызылдауық шыбындар) [5].