Қансорғыш қос қанаттылардың санын азайтуда инеліктердің рөлі


Зиянды жәндіктерді жоюда инеліктердің рөлі зор. Қамысты инелік тұқымдас жәндік (Aeshna juncea), әміршіл инелік (Anax imperator), Calopteryx туысының инелігі (Calopteryx splendens), нағыз инеліктер тұқымдасының жәндігі (Libellula depressa), теңқанаттылар отрядына жататын инелігі (Lestes) және т. б. сияқты түрлері жақсы ұшатын және жәндіктерді аулайтын жыртқыштар болып келеді. Алтынкөздер (шатырқанаттар) сонымен қатар жыртқыштар болып саналады.

Инеліктер (лат. Odonata) – жыртқыштар отрядына жататын жақсы ұша алатын жәндіктер (2-сурет).

2-сурет – Инеліктердің таксономиялық жіктелуі

Олар – ірі, қозғалмалы бастары бар, көздері үлкен, қысқа түкті мұртшалары бар, төрт мөлдір қанаттары бар және құрсақ бөлігі жіңішке ұзартылған. Бұл отрядқа 5600 аса түрлер жатады (2008 жылдың ақпандағы жағдайй бойынша 5680 түр), олардың көпшілігі тропиктер мен ылғалды субтропиктерде кездеседі. Қазақстанда инеліктер елдің барлық жерлерінде кеңінен таралған, олардың фаунасы шамамен 150 түрді құрайды. Бұрынғы КСРО-ның территориясында 3 отряд тармағы, 10 тұқымдас және 52 туысты құрайтын 69 түр асты және 172 түрі тіркелген.

Инеліктерді зерттеуге арналған энтомологияның бөлімі одонатология деп аталады.

Инеліктерді 3 отряд тармағына бөледі: теңқанаттылар (Zygoptera), әртүрлі қанаттылар (Anisoptera) және Anisozygoptera (Япония мен Үндістанда 2 заманауи түрі бар).

Инеліктер ұшу кезінде қанаттарының алдыңғы және артқы жұптарын кезектесе соғып, жақсы ептілікке немесе үлкен жылдамдыққа жетеді. Теңқанатты инеліктерде алдыңғы және артқы қанаттары жіңішке, пішіні бірдей, демалу кезінде жоғары көтеріліп, бір-біріне басылады. Әртүрлі қанатты инеліктерде қанаттарының пішіні әртүрлі болады, демалу кезінде қанаттары екі жаққа жайылады. Қанатының ұзындығы 10–94 мм, құрсақ бөлімі 14–120 мм құрайды. Ұшудың максималды жылдамдығы сағатына 50 км-ға жетуі мүмкін. Инеліктердің қанаттарының алдында оның жоғарғы жағына жақын орналасқан қара-қоңыр қалыңдаған жері – птеростигма айқын байқалады, ол ұшу кезінде белгілі бір жылдамдық шегінен асқан кезде қанаттарға зақым келтіруі мүмкін қанаттардың өздігінен тербелісін, қауіпті тербелістерді сөндіреді.

Ересек инеліктер етқоректілер және тек олар мекендейтін жерлерде жеткілікті тіршілік ететін тірі ұшатын жемтіктермен қоректенеді. Олардың азық мәзірі қос қанаттылардан және біркүндіктерден тұрады. Масаларды, шіркейлерді және басқа да зиянды жәндіктерді аулайды. Олар өте сирек ірі олжаларға – теңқанатты инеліктерге және көбелектерге шабуыл жасайды.

Көздерінің үлкендігінің арқасында және бастарының қозғалмалығынан өздерінің жемдерін жақсы табады және оларға астынан шабуыл жасайды.

Инеліктер қорегін іздеу кезінде әдетте су объектілерінен алыс ұшып кетеді. Инеліктердің кейбір түрлері су объектілерінен алыс қашықтыққа ұшып кетуі мүмкін. Жаппай ұшу кезінде Libellula quadrimaculata төрт теңбілді инелігі ондаған шақырымға созылатын тұтас жолды құрайды.

Инеліктер өте икемді және ауада өздерінің жемтіктерін оңай аулайды. Қараңғы түскен кезде бірнеше инеліктер бір уақытта шіркейлердің үйірін ешқандай бәсекелестіксіз бақылап, аулайды.

Инеліктер өздерінің жемтіктерін алдыңғы қосаяқтарымен ұстап, оны жақтарымен жыртады. Әдетте ол ұшып жүргенде болады. Алайда, егер жемтігі ірі болған жағдайда ғана инеліктер бір жерге тоқтап жейді.

Басқа түрлерінде, әсіресе нағыз инеліктерде, бұл жүріс-тұрыс өте жиі байқалады. Жем-қорегін қабылдағаннан кейін инеліктер өздерін тәртіпке келтіреді.

Олар үй құстарының қауіпті ауруы – простогонимозды таратулары мүмкін.

Көптеген жәндіктер сияқты инеліктердің де көздері торлы (фасетті) болып келеді. Инеліктің әрбір көзі 30 000 жеке торлардан тұрады, тек төменгі жақтары түстерді, ал жоғарғы жақтары тек пішінді ажырата алады. Оның көздерінің бір ерекшелігі – инфрақызыл диапазонда көру қабілеті, яғни олар жануарлар мен заттардың температурасын өлшеу арқылы қоршаған ортаны бағалайды. Бұл оған кеңістікте дұрыс бағыт ұстауға және қолайлы олжаны табуға көмектеседі.

Инеліктер ұшып жүріп шағылысады. Аталықтарының екінші реттік копулятивті аппараты жоғары мамандандырылған және жәндіктер арасында аналогы жоқ – өз ұрығын қалдырмас бұрын болған ұрықты жояды. Жұмыртқалар суға немесе сулы өсімдіктердің тіндеріне, кейде ылғалды топыраққа салынады. Кейбір түрлерінің аналықтары өздеріне аталықтардың көңілін аса аудартпау үшін аталықтардың түсіне қарай өзгереді және жұмыртқа салуға кіріседі.

Денәсілдері (наяда деп аталады) суда дамиды, желбезектерімен дем алады. Тең қанатты инеліктердің дернәсілдерінде құйрық қосалқыларында кеңірдек желбезектері (трахея), ал әртүрлі қанатты инеліктердің дернәсілдерінде ректальді желбезектер уақтылы сумен толтырылатын тік ішектің қабырғасында орналасқан. Олар толық түрленбейді. Дернәсілдер «маска» деп аталатын өте ұзартылған астыңғы ерні арқылы қоректі аулайды. Олжаны ұстаған кезде ол алға қарай лақтырылады, демалу кезінде басын төменнен және/немесе бүйірден жабады.

Инеліктердің дернәсілдері де (наядалар) – жыртқыштар, су жәндіктерінің дернәсілдерімен қоректенеді. Олардың тамақтану рационы ересек жәндіктерге қарағанда әртүрлі, дернәсілдер тек қозғалыстағы тірі олжаларға шабуыл жасайды.

Ол жылдың уақытына байланысты өзгереді, ал жемтігінің көлемі дернәсілдің көлемімен анықталады.

Жазда олар қос қанаттылар, біркүндіктер мен тең қанаттылардың дернәсілдерін жейді, ал қыста олар бұзаубастар дернәсілдерімен және жылғалықтар дернәсілдерімен қоректенеді.

Инеліктердің барлық дернәсілдері жемтіктерін көздері арқылы табады, аулаудың екі тәсілін пайдаланады. Олар:

  • пассивті;
  • активті.

Бірінші тәсіл – пассивті. Қандай да бір субстратқа бекініп алып, дернәсіл үнсіз, қозғалыссыз отырады. Жемтігі жақындаған кезде ол бірден ерін маскасының алдыңғы бөлігін алға қарай лақтырады.

Ерін маскасы (дернәсілдің төменгі ерні) бастың төменгі бөлігі мен кеудеде орналасқан және тыныш күйде ол қан айналымын тездететін ерін бұлшықеттері мен құрсақтың жиырылуымен басқарылады.

Масканың алдыңғы бөлігінде өткір тістері бар, солар арқылы дернәсіл жемтігін ұстап алады.

Екінші тәсіл – белсенді: дернәсіл белсенді түрде өзінің жемтігін аңдиды, ол қасына келгенде ғана ерін маскасын лақтырады.

Сонымен, Anisoptera дернәсілдері ірі қозғалмалы жануарлармен қоректенеді: су жәндіктері (біркүндіктер, қоңыздар, масалар), су қандалалары, сүліктер, бақашабақтар дернәсілдері, ал кейде балық шабақтары дернәсілдері. Zygoptera дернәсілдері негізінен ұсақ шаян тәрізділерді (дафниялар, циклоптар, остракодтар), сондай-ақ олар жеңе алатын су жәндіктерінің кішкентай дернәсілдерін қорек етеді. Жемтігін ұстау қырғынға ұшырататын қару болып табылатын масканың көмегімен жүзеге асырылады. Жемтігі жақындаған кезде дернәсіл шабуылдаушы қалпын ұстанып, содан кейін қозғалмаған күйде масканы лақтырып, жемтігін ұстап алады, оны аузына апарады, жоғарғы және төменгі жақтарымен ұнтақтайды және тез жұтады.

Судың түбінде тіршілік ететін дернәсілдер өздерінің маскаларын ожау немесе күрек ретінде пайдаланады, резервуардың түбінен топырақ алып, одан тағамға жарамды жақтарын таңдайды. Үлкен және күшті жәндіктерді немесе балық шабақтарын ұстаған кезде, инеліктің дернәсілі жемтігін алдыңғы жұп аяғымен мықтап ұстайды, оның кетуіне жол бермейді; сол жұп аяғы оған тамақ қалдықтарынан ауыз қуысын тазартуға қызмет етеді.

Наядтар балық үшін тамақ ретінде қызмет етеді. Дернәсілдің дамуы аяқталған кезде судан шығып, өсімдіктерге немесе тегіс емес топыраққа бекінеді. Су қоймасының жанындағы құрлықта соңғы түлеуі жүреді.

Н. А. Березина белгілі бір түрдің жемтіктерін тамақ үшін жыртқыш энтомофагты қолдануға қатысты тар түсінік береді: инеліктердің дернәсілдері полифагтар болып табылады және олар үшін қолайлы жағдайларда қол жетімді қоректермен қоректенеді. Жемтік түрін өзгертуге мүмкіндік беретін Cloarec дернәсілдерінің полифагиясын жыртқыш пен жемтік популяциясын тұрақтандырудың мүмкін механизмі ретінде қарастырады. В. М. Мордковичтің пікірінше, бұл инеліктердің қоршаған ортаның тұрақсыз биотикалық факторларына кең бейімделуін – жыл мезгілдері мен жылдары жемтік болғандардың барлық түрлерінің санының айтарлықтай ауытқуын көрсетеді.

Алайда, егер инеліктер дернәсілдерінің полифагиясы, олардың кейбір буынаяқтылардың, мысалы, масалар, шіркейлер, дафниялар, санын реттеудегі рөлі бірқатар зерттеушілермен зерттелсе, ал ересек инелік үшін бұл сұрақ іс жүзінде зерттелмеген. Ересектердің кездейсоқ бақылауларының деңгейінде ғана қоректенуі туралы тек аздаған ғана мәліметтер кезедеседі.

1973 жылы алғашқы отандық ересек инеліктердің қоректенуі бойынша арнайы жұмыс жарық көрді, ол: «Іле бассейндегі шыбын-шіркейлердің санын азайтуда инеліктер мен жабайы аралардың рөлі» (Кумачев, 1973). Далалық зерттеу жұмыстарын автор қансорғыш масалар мен соналардың жаппай көбейетін жерлерінде жүргізді. Инеліктердің ұсақ түрлерінің тығыздығы 1х10 м алаңда ескеріліп, ал әртүрліқанатты аралар – 5х20 м алаңда қарастырылды. Бірақта, есептеу әдісі біраз күдік тудырады: инеліктердің саны оларды бұталардан үркіту арқылы есептелді. Олардың қоректенуі бірнеше әдістермен зерттелді. Мәселен, теңқанаттылар үшін есеп алаңындағы 30 минут аралығында олардың жемтіктерінің саны ескерілді, ал кейбір зерттеу нүктелерінде жәндіктердің үлгілері сачокпен алынды. Инеліктердің жемтіктерін ұсталған жәндіктердің түрлік құрамымен салыстыру ірі инеліктер түрлерінде белгілі бір жемтіктерін қалауын бағалауға мүмкіндік берді. Автор қорек нысандарының ішінде қансорғыш емес жәндіктердің: масалар, құмытылар, цикадалар мен олардың дернәсілдері, ұзын сирақ масалар, өткірқанатты-шыбындар, қабыршаққанаттылар, соналар, тахиндер, біркүндіктер мен ұсақ және орташа қатты қанаттылар, ал Anax пен Aescha туыстарының инеліктері үшін тағы да қансорғыш масалар бар екенін атап өтеді. Өкінішке орай автор инеліктердің жемтіктерін ең болмағанда туысқа дейін анықтамаған, сонымен қатар инеліктер саны және олардың негізгі жемтіктері бойынша мәлімет келтірмеген, жұмыста оған сипаттаушы мән беретін нақты сандық мәліметтер жоқ. Осыған қарамастан, автор, Іле басссейнде шыбын-шіркейлердің санына инеліктердің түрлерінің шектелген айналымы айтарлықтай әсер етеді деп қорытындыға келген. Олардың тәжірибелік мәні өз кезегінде айтарлықтай мөлшерде санға байланысты болады.

Бұл жұмыста инеліктердің қорегін ұстау кезінде үлкен жәндіктерді жақсы көретіндігі туралы ескерту маңызды болып көрінеді. Егер үлкен және кіші жәндіктерді аулау кезіндегі энергетикалық балансты қарастырсақ, бұл орынды болып саналады.

Бұл бағытта көптеген жұмыстар болды, солардың бірінде авторлар инеліктердің қансорғыш жәндіктердің санына әсерін бағалады. Осы жұмыс Флоридада орындалды, одна табиғи жағдайда қызықты эксперимент жасалды. Ауданы 100 акр болатын аздап қоныстанған аралға бір уақытта 1,2 миллион 2–3 күндік Aedes taeniorhynchus масалары шығарылды. Осыдан кейін Anax junius масаларының асқазандарында таңбаланған масалардың тез жинақталуы байқалды. Далалық бақылаулар инеліктермен жасанды түрде пайда болған жемтіктерінің жоғары концентрациясын селективті қорек етуін көрсетті. Алайда, авторлар зерттелген биотоптағы фондық тығыздығы кезінде Anax junius тамақ мөлшерінің қанша пайызы осы түрдің масалары екендігі туралы мәліметтерді келтірмеді, инеліктердің қорек талғамдылығы бойынша екі ықтимал олжаның бірдей тығыздығымен салыстыруға тырыспады, мысалы, қан соратын және қан сормайтын масалар бойынша салыстыру мәліметтері жасалмаған.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, осы уақытқа дейін ересек инеліктердің қоректік байланыстары туралы бірде-бір жүйелі кешенді зерттеу жүргізілмегенін айтуға болады. Кейбір түрлердің қоректенуін зерттеудің жеке элементтері және натуралистік бақылаулар әр түрлі экожүйелердегі инеліктердің ықтимал рөлін бағалауға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайдың себептерінің бірі – инеліктердің тамақтану рационы мен тамақты қабылдаудағы сандық бағалауды зерттеудің қолайлы әдістерінің болмауы. Бұрыннан қолданылып келе жатқан зерттеу әдітері статистикалық нақты нәтижелер бермейді. Әрине осындай зерттеулерге қазіргі жаңа әдістерді қолданған орынды.

Тұтас алғанда, инеліктердің қоректік байланыстары және олардың экожүйелерде заттарды өзгеруіндегі рөлі нашар зерттелген. Тек жекелеген түрлері бойынша жемтік нысандары және жеке далалық бақылауларға негізделген кейбір теориялық есептеулер бар. Қазіргі кезде биологияның аралас облыстарында қолданыс тапқан, кейіннен энтомологияда пайдаланылып келе жатқан әдістер бар [6].