Сөйлеудегі қосымша құралдар


Біз бір-бірімізбен сөйлесу кезінде әңгімелесушіміздің қимыл-қозғалысына еріксіз назар аударуымызға тура келеді.

Беті бұл-бұл жайнап, көздерін кеңірек ашып қараса көбіне қызығушылық, тыңдаушыға айтылғандардың көңілінен шыққанын білдірсе, қулана көзін жылмитса – күдік пен сенбестіктің белгісі екенін байқаймыз. Ал егер тыңдаушы жанарын басқа жаққа бұрып әкетсе, немқұрайлылық пен құлықсыздық екені белгілі.

Әрине, адамның әңгімеге көзқарасын тек көз ғана білдіріп қоймайды. Қол сілтесе, «Бәрібір, ештеңе өнбейді», «Жағдай өзгермейді» деген сөйлем орнына жүреді.

Ым-ишара, қол, бет, көздің түрлі қозғалыстары мен өзгеруі, дене қимылдары - қарым-қатынастың қосымша құралдары. Оны үйрететін, оқытатын саланы кинесика деп атайды (грек тілінде кinesis – қозғалыс). Кинесикада бет-жүз қиымылы мен эмоцияны білдіруге (мимика) мен қол қозғалыстары арқылы, ойды, анықтауға көрсетуге (жестикуляция) ерекше назар аударылады.

Қабағы түйіліп, бет-жүзі сұрлана түскен қалыптан ашуды байқасақ, бақырайған көз, ашылған ауыз таңданысты білдіретінін барлығымыз да жақсы білеміз.

Сөйлесу кезінде бет-жүз, қол қимылдарын көп пайдаланатынымызды өзіміз де байқай бермейміз. Ешкім бізге олардың нені анықтап, нендей қызмет атқаратынын түсіндірмесе де, күнделікті тұрмыста, қоғамдық ортада кеңінен қолданылады. Бұның түсінікті бола түсуіне сөйлемдегі сөз ырғағы, екпін, интонацияның да рөлі бар.

Сөйлесу кезінде мұрынын шұқып немесе түймесін ұстап, галстугін жөндеп, не болмаса тырнағын тазалап тұрса т.б. бұл – әдепсіздік. Бұндайды механикалық ым-ишара дейді. Механикалық ым тыңдаушының назарын аударып, ойын бөліп, әңгімелесуге кедергі келтіреді. Оны ырғақты, эмоциялы, сілтеме, суреттеме және символдық деп бөледі.

1) Ырғақты: логикалық екпін, сөйлеуде сөздің жылдам немесе бояу айтылуына қарай қол қозғалысымен анықталады.

2) Эмоциялы: қозғалыс, көбіне тұрақты сөз тіркестері мен тілді көркемдеуші құралдары арқылы: Мысылы: жүрегі ұшып кетіп, дыбысы шықпай қолымен басып отыра кетті.

3) Сілтеме: мысалы: «Мына терезені ашыңызшы», дегенді терезені нұсқап, қос қолын кеуде тұсынан екі жаққа қарай жайса ұғамыз.

4) Суретеме: затты суреттеуде сөз таба алмаған жағдайда немесе неғұрлым күшті әсер бергіміз келгенде, қол қозғалысымен суретін көрсетеміз.

5) Символдық: мысалы, қолымызды жүрек тұсына қойсақ, ыстық ықыласымызды білдіре аламыз.