Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі


Іскерлік қарым-қатынастағы маңызды, тұстың бірі – ауызша ресми іскерлік тілінде әдеп пен мәдениет шеңберінен шықпай сөйлеу білу. Бұның басты шарты өзің баяндағалы немесе кеңеске, келісімге, талқыға салар тақырып жайында кең білімің болуы әрі осы мәселені алдын ала ой елегінен өткізіп, зерттеп алғаның жөн. Келесі бір көңілге тоқыр талдап, өз пікіріңді, ой түйіңіңді дайындап ортаға салуға әзірленген, жағдайда іс дұрыс шешімін табары сөзсіз.

Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша жүргізілетін істердің ерекшелігі – ресмилігі мен қолма-қол шешім шығарып, сол мәжіліс, жиналыс, кеңесте істің нәтиже, қорытынды, түйінін анықтау қажеттігінде. Маманның шеберлігі, білім, білігі, әдеп, тәрбиесі анықталады.

Іскерлік қарым-қатынастағы тіл мәдениетінің ауызша түрі ақпарат алмасу, белгілі бір сала жұмысы бойынша талдау мен талқылау мәселелрін қамтиды. Пікірлесуші, кездесушілердің жеке бас мәселесі, ішкі сезім көңілдегі әңгіме тақырыбынан тыс қалғаны дұрыс.

Ауызша сөйлеу тілі:

–баяндау, есеп беру, хабарлау, талқылау;

–істің жүру, өту барысы туралы ақпарат, мәліметтермен алмасу;

–жұмыстың нәтижелі, оңтайлы, ыңғайлы жолдарын табу;

–мәселеге қатысты таңдап алынған ой-пікір шешімдерді іріктей білу.

Кеңес, жиналыс, мәжілістің міндеті белгіленіп, алдын-ала кіріспе сөз әзірленсе, сондай-ақ, қатысушыларға күн тәртібі мәселесі, өтетін уақыты туралы алдын-ала хабарлап, жиналыс өтетін жерді әзірлеп, қажетті көрнекі, техникалық құралдармен жабдықтап, әр сөйлеуші сөзінің тезисі, баяндама, хабарлама мазмұны, шешімнің жобасы даярланған жағдайда жиналыс, мәжіліс, келісім жоспарланғандай өтері сөзсіз.

Іскерлік қарым-қатынастағы әңгіменің жүйелі болуы үшін:

– тақырыптың нақтылығы;

– ортақ тақырып – - әңгімелесушілердің тақырып байланысты мәліметтері болуы;

– ортақ мақсат – міндетті белгілей білу,

– ортақ шешімге келе алу қажет.

Ауызша әңгімелесу, сөйлесу түрлерін іскерлік қарым-қатынас ыңғайына қарай:

1. Пікір алған әсер жаңалық туралы ой бөлісу.

2.Түрлі жағдайға, ой, көзқарасқа пікір білдіру.

3.Жиналыс, мәжілістен баяндама, жарыс сөз.

4.Жаңа іс, мәселеге байланысты келісім жасау деп жіктеуге болады.

120-жаттығу. Кестені толтырыңыздар.

кіммен?

Достарымен, жақсы таныстарымен

Жүз таныс жандармен

Жұмыс жайында әріптестерімен

Оқытушымен, ғылыми қызметкерлер-мен

қайда?

 

көшеде

 

 

қандай мақсатпен?

 

 

алдағы жиналыс жайында

 

қандай әңгіме

достық

 

 

 

121-жаттығу. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құраңыздар.

Келісімшарт, баспасөз қызметі, кеңес, қол қою парағы, ұсыныс, құжат, қызметтік нұсқау, келісімге келу, түрлі көзқарастар, негізгі міндеттерді бөлу, тапсырыс беру, міндеттеме қабылдау.

122-жаттығу. Көрсетілген жағдайларға қарай әңгіме құрастырыңыздар.

1) Драма театры директорына мектептегі драма үйірмесіне қатысты кеңесу алу.

2) «Іскерлік қарым-қатынастағы ресми тіл» тақырыбындағы ғылыми жобаның жоспары жайында оқытушымен ақылдасу.

3) «Біз сүйетін жырлар» атты өткен поэзиялық кеш жөнінде филология факультетінің студенттерімен кеш барысын талқылау.

4) Өзіңіз қалаған мамандығыңыз туралы жоғары осы сала қызметкерінен ақыл-кеңес алу.

5) Соңғы оқыған кітабыңыз жөнінде кітапханашы апаймын ой бөлісу.