Ойталқы – қоғамдық маңызды мәселені талқылау. Ойталқының басқа таластарынан ерекшелігі талқылауға түскен мәселенің қойылысы, мақсаты түрпкі нәтижесі т.б. сипаттарынан танылады.
– Ойталқы – жиылған топқа талқылауға ұсынылар сөз таласы.
– Ұсыналар тақырып алдын-ала белгіленеді.
– Түрлі көзқарастарды талдай отырып, оң шешім мүмкіндіктерін табу.
– Ортақ шешімге келу міндетті емес.
– Ғылыми және қоғамдық тақырып талданады.
– Бірнеше адам баяндама, хабарлама да жасалуына болады.
– Ғылыми тақырыпты, көркем шығарманы талқылау, «Дөңгелек үстел» т.б.
– Қатысушылар саны үш-төрттен он бес, жиырмаға дейін болу мүмкін.
Диспуттың басты сипаты сөз таласы емес, белгілі бір мәселені талдау, талқылау екенін есте ұстаған жөн. Сөз таласынан, айтыстан талқылаудың айырмашылығы қатысушылар өз пікірлерін, көзқарастарын айтады, әрі жаңа мәліметтер, тың ойлар алады. Ойталқыда өз ойының дұрыстығын, екінші біреудің пікірінің бұрыстығын дәлелдеудің қажеттігі жоқ.
Сөз таласы, пікірталасы сияқты белгілі бір мәселені талқылауда түрлі көзқарастарды ортаға салу. Қатысушы жақтар өз көзқарас, ойларын, пікірлерін дәлелдейді. Бірақ қарсы жақты сынамайды. Сөз таласының мақсаты да неғұрлым ыңғайлы, қолайлы, маңызды мәселені ашу. Анықталған мәселені кейінде толықтыру, әрі қарай зерттей түсу міндеті қойылады.
Көпшілікпен талдау дебат немесе жарыссөз болуы мүмкін.
Дебат – қоғамдық мәні бап мәселеге қатысты түрлі көзқарастарды көпшілікпен талдау.
Жыарыссөз – ғылыми, саяси, есеп-беру баяндамасына қосымша талдау.
32-жаттығу. Берілген тақырыптарға дебат ұйымдастырыңыздар.
1. «Ренжіспей өмір сүруге бола ма?».
2. «Әрқашан шындықты ғана айту қажет пе?».
Дебат өткізуге дайындық
1. Аталған тақырыптардың бір таңдап алу.
2. Көзқарастарды сәйкес келтіру.
3. Дәлелдейтін тезистерін анықтау.
Мысалы: 1. «Ренжіспей өмір сүруге болады».
2. «Керіссіз де келісімнің жолы бар».
Тезистерге қойылар талап:
– тақырыпқа сәйкес келуі;
– тұжырымды, нақ, анық, бере білу;
– неғұрлым қысқа болуы;
– тыңдаушыларға түсініктілігі;
– қорғай алатындай ыңғайлылығы.
4. Дебатқа қатысушылардың бір-біріне сыпай түрде «сіз»үлгісінде тілдесу.
5. Регламент сақтау.
6. Қарсылас сөзін бөлмей, соңына дейін тыңдау.
7. Қарсыласқа сұрақтарына жауап берген соң, алғыс айту.
8. Егер қарсылас сұрағына жауап бере алмаса, соңында қорытынды сөзде жауап беруді ұмытпау.
9. Қарсылас сөзінің соңын көрермендермен бірге қолпаштап отыру (қол шапалақтау).
10. Соңында өз топ мүшелерінің, қарсыластарының қолын алып, алғыс айту.
33-жаттығу. Қазіргі жасөспірімдер мен жастар мәселесі, олардың қоғамға берері жайында дебатты қалай ұйымдастырар едіңіздер?
1. Тақырыбын қалай деген жөн?
2. Қатысушылар кімдер болады?
3. Қандай тезистер алынғаны дұрыс?
4. Сауалнама жүргізген жағдайда кімдерге сұрақ беруге болады? Қандай сұрақтар қойылуы керек?
5. Дайындалуға материалдарды қайдан алуға болады?
– Газет-журналдардан;
– теледидар, радиодан;
– сауалнамадан;
– көркем әдебиеттерден.
6. Дебат қорытындысын шығаруға кімдер төрелік етуі керек?