Жарнама


Біздің күнделікті өмірде жарнамаға мән бере қарауымызға тура келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, жарнама теледидарда радио, газет-журнал т.б. көп беріледі. Жарнама не үшін керек деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

1. Тауар өндіруші өз өнімінің сапасы, басқадан ерекшелігі, қалай, қайдан алуға болатыны туралы мәлімет береді.

2. Қызмет көрсету түрін, сапасы, артықшылығы жайында айтып, жұртшылықтың назарын аударады.

3. Саяси партия сайлау алдында ұсынар адамы жайында, оның істеген істері мен болашақ елге тигізер пайдасы жайында айтады.

Тауар

Сапасы, ерекшелігі, сатылатын нүктелері.

Сатып алуға ұсыныс жасау

Қызмет көрсету

Сапасы, артықшылығы, мекен жайы

Аталған қызмет көрсету үлгісін таңдау

Жеке тұлға

Атқарған істері, болашақ жоспары

Сайлауда дауыс беру

Жарнама мен ақпарат беру, мәлімет таратудың арасында ұқсастық та бар. Мысалы концертке келу, экскурсияға шығу, көрмеге шақыру т.б. сияқты әрі ақпараттық және жарнамалық үлгілер кездеседі. Жарнама болу үшін ең бастысы ақпарат беру және жарнамалап отырған істің тыңдаушыға керек екеніне сендіру мақсаты қойылады. Осындай ерекшелігіне қарай жарнаманы:

1) хабарландыру – жарнама;

2) аңдатпа – жарнама;

3) хабарлама - жарнама деп бөлуге болады.

Ақпарат пен жарнаманың айырмашылығы

Ақпарат

Жарнама

Өткен, өтетін оқиға (немесе зат) жайында айтады

Өтетін оқиға (немесе зат) жайында айтады

Неғұрлым жан-жақты мол мәлімет беру

Нақты, кең көлемде айту міндетті емес

Бейнелеп, суреттеу міндетті емес

Көркем, бейнелі назар аударатындай

Хабарлама, ақпарат беру

Сатып алу, пайдалану, қолдау

36-жаттығу. «Менің тауарымды сатып алыңдар» ойыны.

1. Ұялы телефон, сумка, қалам т.б.заттарын сату үшін жарнамалау.

2. 3-4 студент шығып, әркім өз заттарын кезек-кезек қатар-қатар тұрып жарнамалайды.

3. Ойын соңында кімнің жарнамасы жақсы шықса (заты өткені), жеңіске жетеді.

37-жаттығу. Жарнама жазыңыздар.

– Балалар кітаптарын шығаратын баспа ашылғаны туралы.

– Соңғы көрген көркем фильм.

– Өз оқу орындарыңызды.

– Өз мамандықтарыңызды.