Айтыс


Өз пікірін, ойын, көзқарасын жеткізуде пікірталас түрлерінің ішіндегі ең көркемі, нағыз сөз шеберінің ғана қолынан келер өнер туындысы – айтыс. Айтыс:

– ой жарысы;

– сөз жарысы;

– көркем сурет кестесі;

– қолма-қол тауып айта алу шеберлігі;

– қоғам, ел мүддесін өлеңмен жеткізуші.

Қазақ еліндегі айтыс, оның ерекшелігі туралы әдебиеттен өздеріңіз де оқыдыңыздар. Халыққа танымал айтыс ақындары ән мен жырдың шеберлері ғана емес, ел тілегін, жұрт құқын айтқаннан соң, ел еркелері де – солар.

Айтыстың пікірталастьың бір түрі ретінде ерекшелігін тарата кетейік.

Айтыстағы ақындар жыр додасына шығар алдында қандай да бір мақсат- мүддені арқалап шығары сөзсіз.

Айтыс - пікірталастың бір түрі.

1. Айтысушы – ақынның қорғайтын өз мүддесінің болуы.

2. Қарсылас – ақынды сөзбен сынауы.

3. Өз көзқарастарын қорғауы.

4. Сөз орамдарын қорғану құралы ретінде қолдануы.

5. Өзін-өзі мәдениетті ұстау, әдеп ережелерін сақтаудың мәні.

6. Ұтқыр ой, шешен тілді қолдануға ұмтылыс.

7. Қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәселелердің көтерілуі.

Айтыс қай кезде болсын шаршы топ алдында өтеді. Көптің, халықтың алдында сынға түсуде нағыз жүйрік топ қана жеңері сөзсіз. Шын талант халық қолдауынан қуат алып, шабыттана түседі. Айтыс – қазақ үшін өнер мектебі. Халықтың жай-күйі, қоғамдық-әлеуметтік мәселелер – айтыс тақырыптары. Қазақ тарихындағы Шөже, Біржан, Сүйінбай, Түбек, Кемпірбай, Қалихан т.б. ақындардың жалғасы Ә.Беркенова, Р.Зайытов, Б.Шойбеков т.б.