1 Этика, оның пәні, түрі, құрылымы


«Этика» термині «ethos»(«этос») деген көне грек сөзінен шығады. Әуелгіде этос деп бірлесіп тұрудың әдеттегі мекені, үй, адами тұрғын үй, хайуандық апан, құстың ұясы қарастырылған. Кейінгіде ол қандай да болсын құбылыстың тұрақты табиғатын, ғұрыпты, мінезді белгілеу болды. Мінездің мағынасындағы «этос» деген сөзді қарастырғанда, Аристотель «этикалық» деген сын есімді этикалық рақымшылдықтар деп аталған адами ерекше қасиеттердің белгілеу үшін құрастырды. Этикалық рақымшылдықтар адам мінезінің, темпераментінің қасиеттері болып табылады, оларды ішкі сезім қасиеттері деп атайды. Этикалық рақымшылдықтардың жиынтыған білімнің ерекше піндік саласы ретінде белгілеу үшін және бұл білімді ерекше ғылым ретінде айыру үшін Аристотель «этика» деген терминді енгізді.

Аристотелдің этикалық деген ұғымын грек тілінен латын тіліне тиянақты аудару үшін Цицерон «moralis» (моральдік) терминін құрастырды. Ол оны «mos» (mores – көпше түр) деген сөзден - мінезді, темпераментті, сәнді, киім пішінін, ғұрыпты белгілейтін «этос» грек сөзінің латын аналогінен құрастырды. Әсіресе, Цицерон, Аристотель этика деп белгілеген білім саласын түсініп, моральдік философия туралы айтқан. Б.д. IV ғасырында латын тілінде «этика» деген грек терминнің тура аналогі болып табылатын «moralitas» (мораль) термині пайда болды.

Алғашқы мағынада «этика», «мораль», «инабаттылық, әдептілік» – бөлек сөздер болғанымен, бір термин болып табылды. Бара-бара жағдай өзгереді, әр сөздің өз мағынасы тұрақтанады: этиканің мағынасында ең бастысы білімнің сәйкес тармағы, ғылым, ал мораль (адамгершілік) деп ол зерттейтін зат қарастырылады.

Жалпы «этика», «мораль», «инабаттылық, әдептілік» сөздеріне әр түрлі мазмұндық мағына беру және бұған сәйкес оларға әр түрлі түсіну-терминологиялық мәртебе беру әрекеттері академиялық тәжірибе шеңберінен шыға алмады. Жалпымәдениеттік лексикада үш сөздің барлығы өзара алмастырылатын болып қолданылып келе жатыр.

Екі жарым мың жыл бойындағы этика тарихында, мораль (инабаттылық) этиканың зерттеу назарының негізгі фокусы болып қалады. Моральдің біртұтас, талассыз түсінігі жоқ, сондықтан айтылмыш феноменнің ерекшелігіне тура қатысты. Моральдің кей-бір жалпы анықтамалары (мінездемелері) бар, мұнда мораль екі өзара қатысты, бірақ әртүрлі кейіптерде көрінеді: а) моральдік қасиеттердің, рақымшылдықтар жиынтығы ретіндегі тұлға мінездемесі, мысалы, шыншылдық, адалдық, қайырымдылық; б) адам арасындағы қатынас мінездемесі ретінде моральдік қағидалар жиынтығы (талаптар, өсиеттер, ережелер), мысалы, «алдама», «ұрлама», «өлтірме».

Грек антиктігінен бастап, мораль адамның өзі-өзіне билеу шара, адамның өзіне өзі істеген ісіне қаншалықты жауапты екенінің көрсеткіші ретінде түсіндірілді.

Оқу пәнінің шеңберінде «этика» деп пәні ретінде «мораль» немесе «инабаттылық» қарастырылатын ғылымды, білімнің саласын, зияткерлік дәстүрді белгілейді. Оны тағы тәжірибелік философия деп атайды. Оны тек рақымшылдықты тану үшін ғана емес, ең бастысы рақымшыл болу үшін зерттейді. Этика өмірдің әр сәті үшін рецепт бермейді. Ол жалпы бағыт беріп, өз-өзімен диалог құрған адамға көмектеседі. Бірақ әр адам өз-өзімен ішкі диалог жасай алмайды. Сондықтан жоғарыда айтылғанмен қатар этиканы келесілермен белгілейді:

- нормативтік ғылым;

- инабаттылық туралы ілім;

- адам тәртібін түзететін және бақылайтын ережелер жүйесі;

- адам әрекетін бағалаудың, оларды жақтау немесе кінәлаудің әдісі;

- адам арасындағы қатынастар мен тәртіптің «әлеуметтік реттеуіші».

Аристотель бойынша этиканың мақсаты – жалпы білім емес, әрекеттерді және олардың мазмұнын бағалау, басты міндет – адами қатынастарды олардың ең жетілдірілген қалпында зерттеу. Аристотель этиканы философияға тәуелсіз, дербез ғылым ретінде көрсетті.

Этиканың маңызды өзгешілігі – оның қалыптылығы. Этиканы тәжірибелі философия ретінде теоретикалық философиядан (физика, математика, басқы себеп туралы ілім) бөлгенде, Аристотель оның соңғы міндет – білімдерді емес, құндылықтарды қалыптастыру екенін мәлімдейді. Ол адами әрекеттің құндылықты негізін көрсетеді, ақыр аяғында бұл әрекет неге бағытталған және оның кемелдігі (рақымшылдық, төзімділік) неден құралатынын белгілейді. Этиканы рақымшылдық (мораль) не екенін білу үшін емес, рақымшыл болу үшін зерттейді. Этика тәжірибемен байланысты, өйткені тәжірибе адамның ақылмен дәлелдеген таңдауына тәуелді.Біртіндеп этикада мәселенің екі түрі қалыптасты:

- адам тәртібін реттейтін, оның әрекеттерін бағыттайтын, адамгершілік жақсылықты бағалау критерийлерін анықтайтын қағиданы (немесе қағидаларды) іздеу;

- жеке мәселелерді зерттеу және нормативтік этикада, моральдік таңдаудың жеке жағдайларында (қолданбалы этика) тұжырымдалған моральдік идеялар мен қағмдаларды қолдану;

- моральдің маңызы, оның пайда болуы (метаэтика) туралы гносеологиялық аспектінің теоретикалық мәселелері. Метаэтика – моральдің «таза философиясы». Жақсылық пен жамандық абстрактті, теоретикалық деңгейде, тәжірибемен тиістірілмей зерттеледі.

Еуропа этикасының тарихындағы этика пәні туралы ойлар бірқатар баламалардың жанында шұғырланды.

Сөз ең алдымен арақатынастар туралы болды:

- теоретикалық және тәжірибелік философия: жауаптар этиканы арнайы, философиялық пәнінің гносеология мен онтологиясынан (Р. Декарт, Д. Юм) шыққан немесе жай ғана жеке пән (Э. Дюркгейм, аналитикалық философия) деп қарастырудан этикада барлық рухани өмірдің құпиясымен негізін көретін философиялық панэтизмға (Эпикур, А. Швейцер) дейін;

- бақыт пен рақымшылық: рақымшылықты бақытқа жету құралы мен жолы деп қарастыру эпикурейлық-эвдемонистикалық ғұрыпқа жеткізеді; бақытты рақымшылықтың нәтижесі ретінде қарастыру стоикалық ғұрыпқа жеткізеді;

- ақыл мен сезім моральдік уәждемеде: әр-түрлі шешімдер соңғы шекте этикалық интеллектуализмге (Сократ, И. Кант) және этикалық сентиментализмге (Э. Э. К. Шефтсбери, Ф. Хатчесон) шұғырланады;

- моральдің өзіндік құндылығы және оның эмпирикалық келісілгендігі: бұл негізде этикалық абсолютизмнің (стоиктер, И. Кант, А. Швейцер) және релятивизмнің (скептицизм, марксизм, Ф. Ницше, прагматизм, ситуативтік этика) антитезасы пайда болды;

- жеке және әлеуметтік этиканы: айыру критериі - моральды тұлғаның өзін-өзі жетілдіру әдісі (Б. Спиноза, Л.Н. Толстой) немесе қоғамдық өмірдің реттеу формасы (франция ағартушылары, К. Маркс) ретінде қарастыру;

- тұлғаның этикалық-әлеуметтік және моральдан жоғары мұраттары: келіспеушілік келесі сұраққа байланысты, жақсылықтың жамандықтан, рақымшылықтың жалғандықтан жоғарлауы адамның мұратқа жету шегі болып табыла ма (Пелагий, В.С. Соловьев) немесе ол жақсылық пен жамандықтың моральдан жоғары шынайылыққа жетуді қалау қол жетімді ме (Августин, Ф. Ницше).

Этикалық-философиялық жүйелерді жіктеудің негізгі және өзгеше нышандарының бірі – олар ұсынған нормативтік бағдарламалардың сапалы анықталғандығы.

Бұл критерий бойынша бөлінеді: рақаттылық этикасы (гедонизм); бақыт этикасы (эвдемонизм); қарапайымдылық этикасы (кинизм); пайымдау этикасы; міндет этикасы; махаббат этикасы; аяушылық этикасы; пайда этикасы (утилитаризм); ерлік этикасы; сентиментализм этикасы; қисынды эгоизм этикасы; зорлық жасамау этикасы; өмірді қастерлеу этикасы және т.б.

Сонымен қатар этика ілімі мораль ұғымымен тығыз байланысты. Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Мораль адамдық қарым-қатынастарды реттеу сатыларымен байланысты:

а) Табыну сатысы адамның «Біз» феноменімен көрініс табатын әлеммен біртұтастығын, оның әлем мен басқа адамдардан ажырамайтығын, адамның дүниетанымының басқалармен біртұтастығын білдіреді.

ә) Мәдениет сатысы адам қызметінің және адамдық ерекшеліктердің алун түрлілігі жағдайындағы мәдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, әділдік пайда болады. Мәдениет сатысы өркениеттің пайда болуымен аяқталады.

б) Әлеумет сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары борыштың әлеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда әлеуметтендіріледі де, әлеуметтік және құқықтық нормаларға айналады

Егер алдыңғы сатыда біз гуманистік этика (фр. humanite – адамды сүю) туралы сөз қозсақ, бұл сатыда этика жөнінде пікірлер айтылды.

Әлеуметтік этиканың ерекшелігі – ол жекелеген, нақты бір адамның емесе, социумның мүдделеріне бағытталған. Адам бұл этикада қоғам әсер ететін объект ретінде немесе басқа социум (қоғамның немесе белгілі бір әлеуметтік институттың бөлігі) ретінде көрініс табады.

Әлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүріс-тұрысының сыртқы келбетіне, оның этикеттік имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы әсер мен жеке мінез-құлық арасындағы ішкі шиеленіс жетіп, ол сыртқы қарама-қайшылықтардан көрініс табады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары

1. Аристотель бойынша этиканың мақсаты қандай?

2. Еуропа тарихындағы этика ойларды атаңыз?

3. Этика ғылымының қазіргі замандағы маңызы қандай?

4. Антикалық философтардың этика ғылымы туралы пайымдары қандай болды?

5. Этика ғылымының түрлерін атаңыз?

Рефераттар тақырыбы:

1. Антика кезеңінде этика ілімінің дамуы

2. Әлеуметтік этиканың ерекшелігі

3. Этика қоғамдық өмірдің реттеу формасы ретінде

4. Этика ұғымының категориялары

5. Кәсіби этика туралы түсінік