3 Антикалық этика


Антикалық ғалымдардың ертегі еңбектерінде этика философиямен тығыз байланысты болған. Бұл еңбектерде көбінесе әлемнің қалыптасу мәселелеріне, адамның космостығына, оның бұл космостағы орнына көп мән берілген. Содан кейін, көптеген грек қалалары демократия орнаған өзіндік полистер болған кезде, ғалымдар адамның қоғамдағы тәртібінің моральдік-этикалық мәселелеріне көңіл бөле бастады да, біртіндеп антикалық этика өзіндік ғылымға айнала бастады. Бұл б.з.д. ІV ғасырда болды.

Этиканы білімнің ерекше түрі ретінде бөлінуі софисттердің (б.з.д. V ғасыр) ашылымымен байланысты, оған сәйкес мәдениетті қалыптастыру табиғат заңдарынан өте айрылады. Софисттердің байқауынша, адамдардың заңдары, салттары, ғұрыптары өзгеріледі де, әр түрлі болады. Әрқашан біркелкі табиғатқа қарағанда, олар кездейсоқ және еркін. Қайсысы жақсы екендігін білу үшін, әртүрлі заңдарды, ғұрыптарды салыстыру мәселесі туындады.

Сократ (б.з.д. 469 – 399 жж.), олардың замандасы мен оппоненті, адамның жетілдігі, оның рақымшылығы мен білім арасында теңдік белгісін қойды. Оның оқушысы Платон игілік идеясын білу керегін және сол білімді негіз ету, қоғамды басқаруды философ-абыздарға беруді қажет деді.

Аристотельдің (б.з.д. 384 – 322 жж.) ойынша, этиканың мақсаты білім емес, әрекеттер, ол өз бетінше игілікпен емес, жасалатын игілікпен байланысты. Игіліктің не екені этикада оған жету мәселесімен тығыз байланыста. Сонымен тәжірибелі философия ретіндегі этика теоретикалық философиядан (метафизикадан) бөлінді. Этиканың бастапқы жері ұстаным емес, қоғамдық өмірдің тәжірибесі,сондықтан онда математикадағыдай дәлдік деңгейіне жету мүмкін емес; ақиқат мұнда «жақын арада және жалпы алғанда» орнатылады (Никомах этикасы, 1 кітап, тарау 1-1094 в). Аристотельдің «Никомахтың этикасы» көп уақытқа дейін этикалық білімнің каноны болып қала берді.

Аристотельдің айтуынша, адам мақсатына сәйкес әрекет жасайды, әр әрекетте өз мақсаты бар, әр түрлі мақсаттар өзара байланысты және иерархиялық ұйымдасқан. Содан кейін ол жоғарғы (соңғы, ақырғы) мақсаттың болуын қажет екендігіне ойлап жетті. Ақырғы мақсат өзі үшін ғана құтты болуы және қандай-да болса басқа мақсатқа жету құралының деңгейіне түсірілмеуі қажет. Ол сөздің өз мағынасында игілік болады немесе адамның кемелдік шегін, мінезін және полис институттарын анықтайтын жоғарғы игілік болады.

Жоғарғы игіліктің жалпы табылған белгісі – бақыт. Бақыт үшін сыртқы игіліктер, тағдырдың мейірімділігі болуын болжайды, бірақ жасаған әрекеттен тәуелді. Аристотельдің айтуы бойынша, рақымшылық жанның сапалы мінездемесі ретінде оның әрекетті көрінісінде этика пәнін құрастырады.

Адам – ақыл бар тіршілік иесі, оның әрекет кемелділігінің шегі оның ақылдылық шегіне тәуелді. Бірақ адам жанының ақыл емес да бөлігі бар. Соған сәйкес Аристотель екі түрлі рақымшылық туралы айтады. Біріншіден, адамның білеушілік жоғары бастауы ретіндегі ақыл рақымшылдығы туралы, олар дианоэтикалық рақымшылық деп аталады. Екіншіден, бағыну ақылдың рақымшылығы туралы, яғни жанның ақыл емес бөлігімен сәйкестігі туралы, олар этикалық рақымшылық деп аталады. жанның ақыл емес бөлігімен сәйкестігі туралы, олар этикалық рақымшылық деп аталады. Рақымшылықтың екі түрін беретін ақылдың екі деңгейінің арақатынасын біз жер меншігінің қожайыны мен жер меншігінің басқарушысы арақатынасы мысалында қарастыруға болады.

Этикалық рақымшылықтың тағы да бір маңызды анықтамасы олар өз өмірінің тәжірибесінде қалыптасып, жүре болған қасиеттерге, әдеттерге, жан дүниесінің тұрақтылығына қатысады. Адамның рақымшылықтары полистік өмірдің қалыптасқан нұсқаларымен, қалыпты формалармен сәйкестірілген. Жетілдірілген адаммен жетілдірілген полис бір бірін бағамдайды. Тек өзін ашқанда, ақылды тіршілік иесі ретінде жүзеге асырғанда ғана адам саяси (полистік) тіршілік иесі болып қалыптасады.

Аристотельде этиканың екі мәні бар. Тар ұғымда ол этикалық рақымшылық, адами эвдемонияның маңызды мазмұны ретіндегі жетілдірілген жан күйі жөніндегі ғылым болып табылады. Кең маңызда ол саяси ғылым (яғни полис туралы ғылым), сонымен қатар ол жоғарғы саяси ғылым. Адами қызметтің жоғарғы мақсатын қарастырғандықтан, ол өз мәнінде мемлекеттің құрылымын қарастыратын саясат үшін де, өз мәнінде үй шаруашылығын қарастыратын экономика үшін де негізді көрсетеді.

Китийдегі Зенон (б.з.д. 490 – 430 жж.) және Эпикур (б.з.д. 341 – 270 жж.) (стоицизммен эпикуреизмнің негізін салушылар) философияны сонымен қатар платондық Академияға баратын логикаға, физикаға және этикаға бөлетін. Эпикур этикасының мақсатын құрайтын жан үрейі мен дененің қиналуының жоқтығына, қорқыныштардан босататын рақаттықты дұрыс ұғу және ақылды білім арқылы жетуге болады.

Стоикалық этикада толық өңделген дана адам бейнесі жүзеге асқан рақымшылық болып көрсетіледі. Дана адам прецеденті моральдің негізі болады да, этика жеке адамға бағытталған өнегелі мысалдарда, жұбатуларда және насихаттауларда көрінеді. Дана адам қиналудардан, тағдырдан және жағдайлардан жоғары тұрады, өзімен-өзі және жалпы табиғатпен ішкі келісуде өмір сүреді. Оның үйі де полисі де жалпы космос, ол – космополит.

Секст Эмпирик (160 – 210 жж.) (скептицизмнің өкілі) философияның құрылымын көрсететін үш аналогияны келтіреді (Ғалымдарға қарсы. кітап 1, 17-20). Біреулері оны өсімдіктер (физика), жемістер (этика), өскен, мықты дуалы бар (логика) бау-бақшамен салыстырған. Басқалары философияны жұмыртқаға ұқсастырды, мұнда саруызы – этика, ақуызы – физика, ал қабығы – логика. Сонымен бірге оны тіршілік иесіне ұқсатты, сонда этикалық бөлім - жанды, физикалық – қан мен ұлпаны, логикалық – сүйек пен бұлшық еттерді көрсетеді.

Өзін-өзі тексеру арналған сұрақтары:

1. Этика ілімінің дамуында софистердің рөлі қандай?

2. Аристотельдің «Никомахтың этикасы»туралы не білесіз?

3. Аристотель бойынша этика ілімінің мәні қандай?

4. Стоикалық этикада дана адам бейнесі қандай болды?

5. Эпикур этикасының мақсаты қандай?

Рефераттар тақырыбы:

1. Антика дәуірінің ғалымдарының этика ілімінің дамуына қосқан үлесі.

2. Этика ілімінің дамуындағы Аристотельдің рөлі.

3. Этика іліміндегі Платонның игілік идеясы.

4. Китийдегі Зенон, Эпикурдың этика ілімінің дамуына қосқан үлесі

5. Этика ілімінде Сократтың рөлі.