4 Батыс Еуропадағы ортағасырлық этика


Заманының ортағасырға өтуін біз этикада оның діни болғанымен атап өте аламыз. Діни этика негізінде теоцентрлік болып табылады. Әлемдегі бәрін шындықпен анықтайтын діни этикада табиғат та емес, ғарыш та емес, ал ғажайып түбі – Құдай. Б.з 1 мыңжылдығындағы Христиан сенімінің пайда болуы Батыс Еуропадағы этиканың дамуымен тығыз байланысты. Ғибрат Құдайдың ашылуы нәтижесі сияқты діни этикада абсолютті және өтпейтін мағына. Олар өзгермес және мәңгілік. Олардың өмір сүруі және іскерлігінің кепілі – Құдай болып саналады. Христиан этикасы өз мінездік сипатында діни этиканы сақтайды. Бірақ діни этиканың басқа салалары сияқты христиандық этикада оның құрылуы мен дамуының өзгешіліктерінің өзіндік байыпты сипаты бар.

Орта ғасырдағы христиандық ой имандылықтан шығады, не этика немесе мораль өзінің түптерін өзінде асырамайды. Теология ілімімен байланысында ғана ол жақсы мен жаманның шекарасын жүргізе алады. Бұл ортағасырда аса зор өзгешілік болды, бірақ жалғыз болмады. Осы заманда зияткерлік дәстүр ұсынылған, бұл этиканы адамдын эмансипация негізі ретінде қарастырылған.

Христиан этикасынының өзгешіліктерінің бірі болып адамзаттың күнә мен оны зарлаумен жуып-шаю, Құдайға деген махаббат және оған табынушылық болды. Күнәкәрлық мұнда менменшілдіктен туатын адамзаттың әмбебап мінездемесі болып табылады.

Адам өзінің күнәһар табиғатына қарағанда өте әлсіз,сондықтан әлемде жамандық пен зорлықтың саны көп. Адами өмірдің барлық бәле-қазалары ол кедейлік, ауру, аса ауыр еңбек, алауыздық пен зорлық, өлімнің өзі жалпы адамзаттың күнәсының айқын көрінісі. Адамның күнәкарлығының бастауы еркіндікте. Дәлірек айтқанда, еркіндіктің дұрыс қолданбалуында, тәңірлік тәртіпке емес, өзінің мақсаттарын көздеуде.

Адамның рухани мінезінің Құдаймен байланысы христиан этикасының басты жағдайы болып табылады. Ол қорқынышқа емес, парызға емес, махаббатқа негізделеді. Махаббат өсиеті; Құдайға деген махаббат, жақындарына деген махаббат, соның ішінде дұшпанына деген махббат христиан діни-танымы ілімінің іргетасы болып табылады. Және де Құдай мен адам арасындағы айтылмаш рухани байланыс христиан дініде Құдай да, адам да жеке пенде болып саналатындықтан ықтимал болып саналады. Христиан дінінің танымы бойынша адам Құдайдың «бейнесі мен түрінен» жасалған. Осымен, өмірінде бірінші рет христиан діні тұлғаны табиғат пен қоғамнан жоғары қойған, барлығының Құдай алдында тең екенін көрсетті, әр адамның бағалығын оның түрі мен рассасына, халқына, шыққан тегіне қарамайтынын көрсетті.

Дербес оқу тәртібі сияқты ортағасырлық білімнің шегінде этика Аристотель болжамында жекеленеді, ал XIII ғ. латын тіліне аударылғаннан кейін «Никомах этикасы» негізгі университеттік оқу құралы болып саналады. Этика бүкіл практикалық философияның белгісі және де соңғының бірінші құрама бөлігі болып табылады. Рақымшылдықты жүйеге келтіру әзірленеді, мұнда аристотельдің 10 рақымшылдықтар және Сократ- Платонның 4-еуі (қанағат, батырлық, ақылмандық, әділдік) бірге тіркесте және иерархияда христиан жақтаулары сенім,үміт, көңілмен аяқталады.

Көне заманның эстетикалық систематикасының негізгі авторы Фома Аквинский (1225 – 1274 жж.) болып табылады. «Никомах этикасына комментариялар» еңбегін жазған. Философиялық білімнің реттілеуінің негізі Фоманың санауынша, жинақтылық категориясы болды. Дүние-мүліктің тәртібін натурфилософия немесе метафизика қарайды, ақылдың меншікті ұғымының тәртібін рационалды философия, жігерлі әрекеттің тәртібін - моралдіқ философия, адами ақылдың қызметінен құралғанды – механика қарайды. Моралдіқ философияға , бір мақсатты көздеген жігерлі және ақылды әрекеттер ғана кіреді. Ол жеке адамның іс-әрекетін, политика мен экономиканы қарастыратын монастикаға бөлінеді (от monos). Осы бөліктердің бірлігі біртұтас жоғары бір қайырымдылық пен оған байланыстылығымен қамтамасыз етіледі. Жоғары қайырымдылық пен оған өту жолдарын қарастыру, тәңірлік қасиетті ой арқылы ағарту философиялық этиканың басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Ортағасырлық этиканың басқа бір өкілі Аврелий Августин (354 – 430 жж.) Платон Академиясының философия, этика, логикаға бөлінуін жоғары бағалайды, оның айтуынша, Платон заттардың объективті тәртібін ашып (шығармаған) қана қойған. Бұл контекстте патристика этиканы Аристотельден кейінгі индивидуалды жеке тұлғаның табиғатпен, космоспен байланысы бар нұсқада қарастырмағанды байқап өту қажет. Ол өз талғамын социал – полисті аристотельдік бағытқа берген. Өз ішіндегі философиялық бағыттардың бірлігі байыпты саналды.

Августиннің айтуынша, Құдай әлемнің жаратушысы және оның ұстазы болып табылады. Тілшіліктің авторлары өздері Құдаймен берілетін нәрселерді ұққысы келген, нақтылы болғанды қарастырған, бірақ оның қасиетті екенің білмеген. Осыдан олардың Христ туралы мағыналарды қайта қарау шығады. Августи «барлық философтарды емес, әлемнен тыс» философтардан аулақ болуды ұсынады. (Августин. Тәртіп туралы. Кітап 1, 2).

Пьер Абеляр (1079 – 1142 жж.) үшін Евангелия философтардың реформациялау және табиғи занның жаңартылуы болып табылады. Сондықтан этикаға адамның Құдайға деген қатынасын кіргізу керек, оның біріншіге үміткер бола алмайтының түсіндіруі үшін. Бірінші болып теология қалады. Бір Құдай ғана жалғыз құдірет болады. Құдай ісі күнә бола алмайды, ол адамзат санауы бойынша ғана сондай бола алады, «Шайтанның өзі Құдай болғызбаған істі жасамайды» (Абеляр. Теологиялық трактаттары. М., 1995. б. 261).

Өзін-өзі тексеру арналған сұрақтары:

1. Эстетикалық жүйеліліктің негізгі авторы кім?

2. Ортағасырлық этиканың басты өкілдері кімдер?

3. «Никомах этикасына комментариялар» еңбегінің авторы кім?

4. Философиялық этиканың басты мақсаттарына не жатады?

5. Аристотельден кейін жеке тұлғаның табиғатпен, космоспен байланыстырған ортағасырлық философ?

Рефераттар тақырыбы:

1. Діни этика негізінде теоцентрлік бағытқа шолу.

2. Христиан сенімінің пайда болуы.

3. Христиан этикасынының өзгешіліктерінің бірі.

4. Ортағасырлық этиканың өкілдеріне сипаттама.

5. Ортағасырлық этика іліміне Фома Аквинский қосқан үлесі.