Жаңа Заман этикасы синтезінің ерекше тенденцияларының тәжірибесі адам «тек қана өзінің және көпшіліктің заңнамасына бағынады» (Мінез метафизикаға іргесін қалау, бөл. 2 // Шығ. 6 т. Т. 4 (1). М., 1965. б. 974) деген тұжырымды алғаш рет бекіткен Иммануил Кант (1721–1804 жж.) дәуірінде ерекше орын алады. Ол моральдың адам мінезіндегі басқа да уәждемелер мен реттеулермен байланыссыз екендігін, оның риясыз әрі сөзсіз екендігін дәлелдеуге ұмтылды. Кант бойынша мораль – тәуелсіз және басқа тіршілік сфераларынан автономды. Ол Құдайдан да, табиғаттан да, қоғамдық өмірден де негізін алмайды. Өзінің автономдылық туралы ойларын қорытындылау кезінде Кант моральдың діни, табиғи концепцияларын, сонымен қатар, «саналы эгоизм» теориясын сынға ұшыратты.
Канттың ойынша, өнегелі татулыққа және рақымшылыққа жету үшін Құдайға сенім арту адамның адам болуына кедергі жасайды, оның адамгершілік мотивтерін жоққа шығарады, басқа сөзбен айтқанда, осындай жолмен рақымшыл болу оңай болып кетеді.
Кант бойынша, моральдың табиғи концепциялары да адамның табиғи жолмен бақытқа және рақатқа жетуін болдырмайды. Моральдың ережелері үнемі қажетті әрі жалпы мінездемелерді сол уақыттағы эмпирикалық өмірдегі біздің кездейсоқ және өзгермелі тілектермен істес болатынымызға, кейде көбінесе өз-өзіміздің мәнерімізге, ұнамдылығымызға, икемділігімізге орай қарсы тұратынымызға қарамастан өзінде сақтайды. Рахаттылық пен бақыттың өзі әр түрлі адамдар үшін және бір тұлға үшін әр түрлі өмір жолында басқаша көрінуі мүмкін, сондықтан мұннан қандай да бір ортақ мәндегі және сөзсіз тұжырымдарды шығару мүмкін емес.
Көпшіліктің пайдасы үшін бағытталған әрекет өз қамын ойлаумен қатар, басқа адамдардың қызығушылығын ескерсе де, Кант бойынша, дербес көрегенді заттардан алшақ болып келеді, басқаша айтсақ, жалпы өз қамы үшін жағдайларға негізделеді. Қызығушылық принципі моральдың тазалығы мен жоғары дәрежелігімен және ізгі ниетті істерді жолықтырады. Егер өнегелі іс адамның табысқа деген талпынысына, бақытқа, қоғам қамына немесе алдағы жолда о дүниеде Құдайдың қамқорлығына және шаттығына негізделсе, онда әрекетке деген ниет басқа түрде болып келеді, ғибрат уәждемелеріне сай емес қанағатсыз қадамдарды көрсетеді. «Мүдірмейтін асқақ рухымен» әрі «өзіне пайда тигізбеу» мақсатымен, қиындыққа қарамай және ешқандай қызығушылықтарға ұрынбай жасалатын, «борыш жөнінде таза ұғымында» негізделетін амалдар Канттың айтқаны бойынша жоғары өнегелі және игілікті қасиеттерге ие.
Яғни, борышты орындау арқылы біздің іс-әрекеттеріміз өнегелі болады. Біз ішіндегі өнегелі заңы бойынша әрі борышты сыйлай білуден жасалатын амалдың моралі бар. Сол себептен, канттық этиканың басты нышаны – борыш, сондықтан Кант этикасы Борыш этикасы деп те аталады. Өнегелік дегеніміз – адамда туғанынан қалыптаспаған немесе пері затынан алынбаған, адамға бағытталған борышқа деген адалдығы. Өнегелік мотивацияда шарт пен пайда іздеу жоқ, ол адамның өзінің борышына субъективті көзқарасымен анықталады. Борыш дегеніміз – іс-әрекет жасау моральдік қажетілік. Оны ерекше моральді мотив деп атауға болады. Бұл жеткен мотив ретінде қарастырылатын амал етудің моральдік қажеттілік болып табылады. Моральдік әрекет ету – борышқа сай амал жасау. Бірдеңе борыш бойынша жасау, яғни моральге сай әрекеттену. Борышта өнегелік мотив басқа мотивтерге, мәселен, тұлға қызығушылықтарына, өмірінің жағдайларына қарсы қойылады. Борышқа қатысты іс-әрекеттер өзіндік бағасы бар деп қарастырылады. Канттың айтуынша, борыш – өнегелік заңға сыйластықтан жасалатын істер. Борыш дегеніміз – өнегелік заңның адам іс-әрекеттері мотивіне ауысуын атайды.
Моральдік борыш, Кант ілімі бойынша, еркін әрі пайымдауды білетін қоғамның жағдайы. Оның негізінде, яғни, моральдің негізінде мейірімділік бар. Мейірімділікті Кант таза рух күшімен салыстырады. Оның айтуынша, оындай күш ешқандай ықпалында болмайды әрі практикалық ажеттілікке сүйенеді.
Рухтың күші тек қана ойланатын жанда бар. Осы күш – заң бойынша әрекет жасау қасиет деуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, рух күші – практикалық ойлау.
Өнегелі амалдың іске асыру жағдаяты ретінде еркіндік немесе рух күші танылады. Канттың ойлауынша, адам бір кезде екі түрлі әлемде болады: материалдық – аумақтық-уақыттық, сезім әлемінде, руханилық – әлемнен тыс жерлерінде. Біріншісінде (сыртқы дүниеде) адам бас бостағынан айырылады, оның іс-әрекеттеріне жағдайлар әсер ете алады.
Басқа- рухани әлемінде адам уақыт, жағдайларға және өткен шақта болған істерге қарамай, бәрін ойланып, еркін шешім қабылдай алады. Рухани әлем – өнегелік әлем. Бұл әлемде еркіндік, мейірімділіктің күші бар. Бұл – адам еркін әрекет ете алатын практикалық ақыл-ойдың саласы. Сондықтан, Канттың іліміне сәйкес, өнегелік яки борыш салалары құдай тәріздес, ғылыми тәсілдермен зерттелмейтін нәрсе ретінде суреттеледі. Осы салада объективті қажеттілікпен өнегелік заң әрекет етеді.
Өнегелік заң адам рухының күші ретінде күштеу құралы сияқты қолданылады. Ол қызығушылықтарға, эмпириялық ықпалдарға қарсы әрекет ете алатындай болуы қажет. Сол себептен, ол императив (практикалық ережелерге сай ойланбастан жасалған іс-әрекет қажетті болып келеді) ретінде танылады. Кант бойынша императивтер объективті заңның адамның ішкі келіспеушіліктері бар рух күшіне жайсыздықпен қарау.
Адам іс-әрекеттерінің барлық императивтерді Кант гипотетикалық және категорикалық деп екіге бөлді. Гипотетикалық императивтер жағдаяттарға тәуелді. Олардың көмегімен мақсаттарға жетуге арналған жағдаяттар әрі құралдар анықталып, есеп жасауға үйретеді. Категорикалық императив объективті түрде жақсы амалдарды өнегелік борыш негізінде жасалатынын анықталады.
Категориялық императивті Кант екі түрлі формулаға негізделеді. Біріншісі: «Сен барлығына ортақ заң ретінде қабылдауға болатын мақсимаға сәйкес амалдарды жаса». Кант бойынша максима – тұлға әрекет жасау кезінде басшылыққа қоятын эмпирикалық мотив, субъективті принцип. Категориялық императив өнегеліктің «алтын ережесі» саналады. Оның тұлғаға қоятын негізгі талабы: басқалармен өзіне тілейтін қарым-қаынас жаса. Тек қана өзінің әрекеттері арқылы басқа адамдардың ойлауын, өзара қарым-қатынас жасағаныңды біл.
Категориялық императив адамның өзіндік құндылығы, мейірімділік субъект идеясын құптайды. Сол себептен оны әрқашан осылай өзгертуге болады: «Бүкіл адамзатқа өзіне немесе басқа адамға сияқты, мақсат ретінде, бірақ ешқашан құрал ретінде қабылдамай, амал жаса». Канттың пікірінше, адам абыройы – ең құнды нәрсе, оны сыйлай білу керек.
Кант этикасы - парыз этикасы. Ол адамның нақты не жасау керек екендігі туралы емес, ал тірі пенде ретінде қандай адамгершілік қасиеттерді жасау керек екендігі туралы ілім. Адамгершіліктің түпкілікті дәріптеу, ішкі сенушілікпен ізгі еркіндікті, моральділікті қорғау, міндетке деген қажеттілікті,өнегелі мұратты талап ету, моральді адам бостандығының шеңбері ретінде қарау Кант этикалық ілімінің терең гуманистік мазмұнын айғақтайды.
Неміс классикасындағы этиканың дамуына үлес қосқан Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770–1831 жж.). Ол канттық этиканың басты идеясы – автономиялық моральді басқаша қарастыруға тырысты. Гегель көзқарасы бойынша, мораль бұл субъективті принциптің іскерлігі ғана емес, объективті жағдайы да. Мораль мен инабаттылық Гегельдің философиялық жүйесінде «Философия құқығы» еңбегінде объективті рухтың құралу кезеңдері ретінде қарастырылады, яғни қоғамдық өмірдің қалыптасу түрінде.
Моральдің объективті өмір сүруін көрсету үшін, Гегель мораль мен инабаттылық түсініктерін қалыптастырады. Оның көзқарасы бойынша, моральдің өзіндік негізінде субъективті принципі бар. Бұл «нағыз бостандық». Инабаттылық моральдың ақиқаты болады, ол индивидтың әрекетінің жалпыға бірдей ұстанымын ұсынады, онда еркіндік, моралділіктің субъективті ұстанымы болып тоқтамай, ақиқаттық қатынасты асқақтайды. Моральдың санаттары «ниет», «күнә», «ниет», «қайыр» болып табылса, инабаттылық санаттары – «отбасы», «азаматтық қоғам», «мемлекет» болады. Ақырында, Гегель көзқарасы бойынша, инабаттылық институционалдық мінез бар. Инабаттылық «рух заңда және институттарда болады, өзінің мүмкіншілік объективті және ақиқаттық еркіндігінде органикалық тоталділік сияқты».
Этиканың дамуында Гегельдің ең маңызды еңбегімен мораль және инабаттылық тарихи мінез сомдады, объективті дамуының зандылық мінезін кездестірді. Алайда Гегель осы идеяларды идеалистік негізде жүзеге асырды, дүниежүзілік дамуы сияқты абсолютті идея, дүниежүзілік рухты, ақылды ұсынды. «Өмірге сай барлық заттар ақылға салынған, ал ақылға салынған барлық заттар – өмір заттары» деп, Гегель этикалық максимасында делінеді. Осы ұстаным болмыс көрінісінің апологиясы ретінде, өмірде кездесетін барша жамандықтың заңды нысаны ретінде қаралыстырылады.
Дегенмен, осы ұстанымды Гегель сияқты басқа қырынан да талдауға болады. Оның айтқаны бойынша, өмірде кездесетін барлық көріністер нақты, материалды деп те айтуға болмайды.
«Қажетті заттар – өмірде кездесетін заттар», яғни, ойланып өмір сүру үшін қажеттілік заңды болып саналса, қажеті жоқ нәрселер өлімге апарар жолға айналғаны анық. Гегель этикасы ақыл-ой әрі рационалдық пайымдау, болмыстың логикалық заңдылықтарға сәйкес және адамның өз өмірін саналы түрде өзгере алуына, гуманистік пен әділеттілік идеялары негізінде құралады. Жайсыздық, жалғандық, ессіздік, әділетсіздік сияқты қасиеттер Болмыстың уақытша қасиеттері ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, жоғарыда айтылған жағымсыз қасиеттерден арылу үшін ғылым әрі сауаттылықты пайдаланып Ақыл-ой өзіне жол ашады.
Гегель дуализмді шешуге тырысады (еркіндіктің және зардың, жақсылықтың және бақыттың, парыздың және икемдердің, категориялық және гипотетикалық императивтардың және т.д.). Мораль тек субъективті ұстанымы сонымен бірге объективті жағдай ретінде негіздеуге тырысып, Кант пікірінше индивид тұлға ретінде бөлініп, өзінің субъективтілігін қоғамда, мемлекетте ғана көрсетеді. Бүкіл жалпы ерік – «өзіндік және өзіне еркіндікте ақыл» - мемлекетте іске асырады; ол «объективті рух», «Құдайдың әлемге салтанаты шығуы», «ерік ретінде ақылдың билігінің іске сыруы» (Құқық философиясы, § 258). Құқық негіздегі қазіргі мемлекет субъективтіліктің ұстанымы бітіс жететіндігімен сипатталады. Онда жалпыға бірдей өзгешеліктің толық еркіндігімен тоқулы.
Жаңа кезеңді белгілей, адамгершілік институционалдық мінезді иемденеді және сол сияқты ақиқаттық қатынасты бекітеді, Гегель моральдың және инабаттылық ұғымдарын ажыратады. Моралдіқ еркіндік меншікті шексіздікті ара сапа субъективті ұстанымн кездестіреді, субъекттің бекітеді, ол «өзіне деген нағыз еркіндік». Инабаттылық моральдың ақиқаттығының болады, ол индивидтың әрекетінің жалпыға бірдей бейнесін ұсынады, онда еркіндік, моралдіқтің субъективтті ұстанымымен болу тоқтамай,ақиқаттық қатынастың асқақтайды.
Мәселелік сұрақ туралы шекараларда жеке жауапты тәртіптің себебі инабаттылық өзіне абсолютті идеяның қозғалысының үдерісіне деген мемлекеттің идеясы жұрт алдында сөйлейді.
Кант мораль міндеттену принципі ретінде қарастырған, оны жүзеге асуының мүмкіндігін ол гипотетикалық жағдайда, Құдай тіршілігі мен жанның мәңгіліктің жорамалмен байланысты деп есептеді. Гегель субъективті міндеттену көзқарасын объективті рух ретінде көзқараспен толықтырып, этикані Аристотель идеясының ауқымына кері алды, арада көріністе тек оның нақты мемлекет, саясат туралы ілім бірлігі емес сонымен бірге ара бүтіндік қайырымды әдет, табиғат облыс сияқты түсінді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. И. Кант бойынша мораль ұғымының мәні қандай?
2. Этиканың дамуында Гегельдің рөлі қандай?
3. И. Канттың категориялық императиві мазмұны қандай?
4. И. Кант гипотетикалық және категорикалық деп неге бөлді?
5. И. Кант этикасы борыш этикасы дегеніміз не?
Реферат тақырыптарының тізімі:
1. Гегельдің философиялық жүйесінде «Философия құқығы» еңбегі туралы
2. И. Канттың императив заңына шолу
3. Гегель этикасы
4. Канттыңборыш этикасын сипаттау
5. Неміс классикалық философиясындағы этика ілімінің дамуына қосқан үлесі