7 XIX–XX ғғ. Батыс этикасы


Гегельден кейінгі философияның үстем қалпы болып келген мораль мен этиканы олардың дәстүрлі түсініктерінде жоққа шығару үрдісінен кейін ХІХ ғасырдың соңына қарай моральға деген оң қатынас қалыптасып, сонымен қатар онымен бірге этиканың ерекше мәртебесі де қалпына келеді. Кант этикасына деген қызығушылықтың жаңғыруы мен эволюциялық этиканың қалыптасуы байқалады.

Неокантиандықтар канттық әдептілік метафизикасынан, ноуменалды әлем идеясы мен практикалық ақылдың теориялықтан басым қолданысынан бас тартады.

Марбург мектебінің нұсқасында неокантиандық этиканы ғылыми білімдердің логикасы, құқық пен мемлекет философиясының жалпы принциптік негізі деп білді; ол борыш пен бейімділік, рахым мен бақыт арасындағы жарықты шешуге тырысты, этиканы құқықпен, педагогикамен тоғыстырды (Герман Коген, М. Венчер). Баден мектебінің нұсқасында (Вильгельм Виндельбанд, Генрих Риккерт) моральдің формалды кейпі көзқараспен толықтырылды. Бұған сәйкес жүріс­тұрыстың шынайы мотивтері этикалық жалпылауға жатпайды, ал құндылықтық анықтамалар тарихи негізделген жеке сипатқа ие болып табылады.

Эволюциялық этика, ең алдымен, «Этиканың іргетасы» (1893) атты кітапты жазған Герберт Спенсердің (1820–1903 жж.) есімімен байланысты. Ол әдептілікті эволюциялық үрдістің әмбебап сатысы ретінде қарастырады. Әдептілік эгоизм мен альтруизмді реттеуге бағытталған әлеуметтік іс­әрекеттермен байланысты. Адам табиғатының қоғамдық өмірдің сұраныстарына бірте­бірте бейімделуі, Спенсердің ойынша, мүмкіндігінше толық болуы мүмкін және оның салдарынан қоғамдық пайдалы істер әрдайым қуаныш әкеледі, ал қоғамдық зиянды әрекеттер – жағымсыз сезімдерді тудырады. Рахат алу мен азап шегу арасындағы айырмашылық жүріс­тұрыстың рахымшылдығының тура өлшемі болып саналады.

Этиканың дамуында жаңа маңызды сатылардың бірі бұл неміс ойшылдарының Карл Маркстың (1818–1883 жж.) және Фридрих Энгельстің (1820–1895 жж.) ілімдері. Этика облысындағы барлық классикалық мұраны қайта сыни көзден өткізе отырып, Маркс пен Энгельс моральдің жаңа концепциясын қалыптастырды. Мораль мен әдептілікке қоғамдық­тарихи үрдістің талдауынан шығуға түрткі болған Гегельдің даму концепциясы, тарихилық принципі Маркс пен Энгельстің ілімдерінде тарихты материалдық тұрғыдан түсіндіру принципінің арқасында басқаша дыбысталды. Бұл принциптің негізінде мораль рухсыз материяға қарсы келетін рухтың – Құдай еркінің, жалпы әлемдік Ақылдың ерекше саласы сияқты емес, керісінше, қоршаған ортаны рухани­практикалық меңгеру әдісі, қоғамдық болмыстың даму негізінде қалыптасып, дамитын қоғамдық сананың саласы ретінде алға шығады.

Олардың көзқарасы тұрғысынан, құндылықтардың, мақсаттар мен идеалдарлың қайнар көзі қоғамдық­тарихи процес болып саналады және ол материалдық өндірістің негізінде ашылады.

Тарихты материалдық тұрғыдан түсіну принципі әдептілік өмірдің құбылыстарын зерттеуді объективті тарихи детерминизм позициялары тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Қоғамдық даму өзінің логикасына ие және ол оған − моральға тән императивті­құндылықтық формасында, құндылықтар мен талаптардың өндірісінде білінеді.

Олардың мазмұны тарихи негізделген және объективті сипатқа ие, сондықтан ол субъективті рефлексияның көмегі арқылы емес, ал қоғамдық дамудың логикасын талдау арқылы анықталуы қажет. Осылай, этика объективті таным мен моральдік құндылықтар мен талаптарды ашу мүмкіндігіне ие болады.

Маркс пен Энгельс этикалық адасулардың табиғатын түсіндірді. Бұл адасулардың қайнар көзін олар ойшылдардың қателіктерінде емес, сана саласында емес, ал одан тыс – әлеуметтік шындықта көрді. Моральдік сананың адасуы мен елестері олардың әлеуметтік шындықтың негізінде қалыптасудың салдарынан орын алатын үрдіс. Маркс пен Энгельстің ойлары бойынша, өткен шақтың этикалық теориялары тарихи үрдістің шынайы қарама­қайшылықтарын көрсетті. Бұл өз кезегінде жатсыну басым болған кезде ғана жүзеге асырылады. Жатсынудың қайнар көзі еңбектің әлеуметтік стихиялық бөлінуі мен оны бекітетін жеке меншік.

Маркс пен Энгельс бойынша, қоғамдық болмысты қайта құруға бағытталған тек әлеуметтік тәжірибенің этикалық теориясына кіріспе, жеке меншікпен негізделген әлеуметтік антогонизмдерді өтеу жатсынуды жеңе алады және өмірдің моральдік көтеріліуін қамтамасыз етеді және моральдік сананы елестер мен адасулардан босата алады. Осылай, Маркс пен Энгельстің этикасы әлеуметтік тәжірибенің үстем болу пікірінде негізделеді және ол қоғамдық қатынастардың жүйесі мен адам табиғатын қайта құру қабілетіне ие.

Маркс пен Энгельстің этикасы тарихи оптимизммен сусынданған. Бұл оптимизм адамның жаратушы күштеріне деген сенімде негізделген, яғни адам қоғамдық қатынастардың сипатын өзгерте алады, қоғамды рахымшылдық пен әділеттілік негіздерінде құра алады.

ХХ ғасырда философиялық этика салиқалы академиялық түрді иеленді және ғылыми рационалдылық идеалы әсерінің негізінде дамыды. Ол профессорлардың ісі болды, университеттерде өмір сүрді, сонымен қатар әлеуметтік­сыни бағытылықты сақтады – әдепсіздік пен уақыттың тоталитарлық рухына қарсы тұрды.

Бұл көзқарас тұрғысынан аса көзге көрінетін бұл аналитикалық этика мен феноменологиялық этика болып саналады, біріншісі эмпирикалық, ал екіншісі моральді түсінуде метафизикалық дәстүрді жаңғыртуға тырысады.

Аналитикалық этика аналитикалық философия шеңбері аясында қалыптасты және өзін мета­этикаға теңестірді және оның мазмұнына моральді пайымдардың тілдік формаларының сыни анализі кіреді.

Мұндай түсініктің негізінде этиканың пәні ығыстырылады: жүріс­тұрыстың, нормалар мен рахымшылдықтың моральдік принциптерінің талдауының орнына моральді ұғымдар мен ұсыныстардың мағыналары келеді. Бір нұсқада (когнитивті) аналитикалық этика моральдің объективтілігін мойындау мен оның принципиалды танымдылығы тұрғысынан түсіндіріледі. Нақты шешімдер әр түрлі болып келеді. Біреулері (мысалы, Р. Перри) моральдің объективті­танымдық мазмұнын сүйкімді, пайдалы және рахат алу эмпирикалық ұғымдары арқылы анықтауға болады деп айтады. Басқалардың ойы бойынша (мысалы, Джордж Эдвард Мур), моральдік ұғымдарды моральді емес ұғымдар арқылы анықтау логикалық мүмкін емес және «натуралистік қателікке» әкеледі. Олар моральді ұғымдарды ерекше топқа топтастырады және оларды адам іс­әрекетінің моральдік қасиеттерін интуитивті меңгерумен байланыстырады. Үшіншілері (мысалы, Ричард Хеар), аргументацияның ерекше әдісін, тіпті ерекше деонтикалық логиканы бөліп көрсетеді, себебі жаңағылар моральдің рационалды құрылымын ашуға бағытталған. Аналитикалық этиканың когнитивтік емес нұсқасы (мысалы, Альфред Джулс Айер) моральдік ұғымдарда сезімдердің көрінісін көреді. Осылай, моральдің жалпыға маңызды мүмкін критерийі дауға түседі. Этиканың ғылыми қаталдығының өлшемін нақтылауға бағытталған аналитикалық әдіс маңызды рухани­эмансипациялайтын мәнге ие: ол моральдік демагогияға және қоғамдық сананы манипуляциялаудың басқа да формаларына қарсы бағытталған.

Феноменологиялық этика классикалық этиканың (әсіресе Канттың априориі) қатаң догматизміне және утилитаристік релятивизмге де қарсы болды. Ол құндылықтар белгілі бір объективті құрылымды (құндылықтар әлемі) білдіретін, яғни адамға сезіну актілері арқылы келген үрдістер тізбегін көрсетіп тұрады. Рационализмнен гөрі, феноменология сезіну актісін құндылықтарды тану әдісі деп біледі. Рахымға бағытталған ерік актісі, Эдмунд Гуссерльдің ойынша табиғи негіздерге емес, керісінше, бұл рахымға қатысты себептер негізінде рахым деген сипатқа ие болады. Априорлы, идеалды­объективті құндылықтар тұрақты нәсіптің шегі болып саналады және адамның алдында практикалық императив ретінде орнығады.

Осының негізінде туындайтын мәселе акт бағасында құндылықтардың өздерін олардың жалпыға маңыздылығын көрсету мен олардың объективті тәртібін өмірлік міндетке трансформациялау болып саналады.

Макс Шелердің (1874–1928 жж.) ойынша, оның «Этикадағы формализм және құндылықтардың материалды этикасы» (1913–1916) атты кітабында феноменологиялық идеялар этикалық жүйеге алмасады, құндылықтар төрт сатыдан тұратын иерархияны қалыптастырады: гедонистік, витальді, рухани және діни. Әңгіме тарихи сатылар туралы емес, ал уақыттан тыс құрылым туралы. Абсолюттік құндылықтар мен олардың тарихи негізделген адам мақсаттарының формасында өмір сүруі феноменологиялық этика үшін маңызды мәнге ие, кейін ол Николай Гартманның «Этика» (1925) атты еңбегінің орталық ұғымдарының біріне айналды.

Мораль мен этиканың міндеттері адамның жүріс­тұрысыны объективті құндылықтар тәртібімен сәйкес бағыттау болып саналады. Феноменологиялық этика моральді түсінуде метафизикалық дәстүрлерді оның нақты тұлғаның этикасы ретінде танып білуге мүмкін болатындай қайта құрды.

Біздің ғасырымызда этика пәнін түсіну барысында біз американ прагматизмінде (Уильям Джеймс, Джон Дьюи және т.б.) және орыс діни философиясында (Владимир Сергеевич Соловьев, Сергей Николаевич Булгаков, Николай Александрович Бердяев және т.б.) қалыптасқан мораль кейіптерімен тоғысамыз.

Прагматизм моральдік ұғымдарды қызығушылық, қажеттілік, дұрыс жүріс­тұрыс ұғымдарымен байланыстырады және оларға ситуативті сипат береді. Джон Дьюи, мысалы, моральдік универсалиелердің барын жоққа шығарған. Оның ойынша, әрбір моральдік жағдай әмбебап және өзінің игілігін өзінде ұстайды. Мораль дәстүрлі түрде ішкі наразылықтың қайнар көзі бола отырып, рухани жайлылық пен өмірдің рахатын көруге бағытталған жол немесе әдіс деңгейіне дейін жетеді. Рахым мен зұлым ұғымдары метафизикалық өлшемдерден арылады және аса практикалық тәжірибелер ретінде орнығады.

ХІХ­ХХ ғғ. орыс діни­философиялық этикасы Жаңа заманның түгел батыс этикасы сияқты моральді азат тұлға идеясымен сусынған. Оның айырмашылығы – ол бұл идеяны мораль метафизикасынан және адам тіршілігінің бастапқы ұжымдылық идеясынан бас тартпай отырып негіздеуге тырысады. Бұлар діни­мистикалық форманы иеленеді: моральдің негіздері құдай абсолютінде көрінеді, ал ұжымдылық жинақылық, қауымдық ретінде түсіндіріледі.

ХХ ғасырдың соңына қарай еуропа этикасында жаңа екі тенденция көрініс тапты – қолданбалы этикаға көшу мен этика пәнін постмодернистік философия тұрғысынан қайта қарастыру. Қолданбалы этика қоғамдық тәжірибенің нақты салаларында моральді коллизиялармен айналысады және биоэтика, бизнес этикасы, ғылым этикасы, саяси этика және т.б. сынды пәндер жиынтығы ретінде өмір сүреді. Дискуссиялық сұрақ болып қолданбалы этиканың мәртебесі саналады, әсіресе ол философиялық этиканың бір бөлігі бола ма немесе жеке пәнге алмаса ма? Этико­қолданбалы зерттеулердің аргументациясының сипаты адамның философиялық образдарымен байланысты және моральді түсінуде, оның адам приориттерінің жүйесіндегі орны, оның құқықтары мен мәртебесі, тұлғаның онтолгиялық қасиеттері және т.б. сияқты сұрақтардың алдын­ала шешілуі қолданбалы этика моральдің өзінің тарихи дамуының маңызды сатысы болып табылатындығы туралы қорытынды жасауға болады. Оны теориялық түсіндірудің ерекше түрі ретінде анықтауға – өмір терминдерін теориялық тұрғыдан түсіндіргенде қолдануға болады.

Постмодернистік философия оның логоцентризмінен бас тартуы, классикалық философиялық оппозицияларды қайта құруы, ең алдымен, таным субъектісі мен объективті шындық оппозициялары және оларға тән бірегейлік, жағдайлық, ашықтық пафостары маңызды, аяғына дейін ашылмаған этикаға тән мәнге ие. Ол философияда басым болған, яғни абстрактілі принциптер мен жалпыға тән анықтамалардың, этиканың ағартушылық­репрессивті кейпін бұзады. Алдағы кезеңде постмодернизмді ой елегінен өткізу, этика шынайы моральдік тәжірибемен тоғысады, ол көпшілік, көпдыбысты және ашықтық қасиеттеріне ие болады. Автор, оқырман мен мәтін арасындағы шекараларды өтеудің нәтижесінде мән өрнекпен үйлеседі, ал олар бірге түсіністікпен тоғысады, дәл моральға қатысты жоғарғы әрекет деңгейіне жетеді. Постмодернизмді соңына дейін жеткен антинормативті ұстаным деп білуге болады және ол гегельден кейінгі этикасында басым болып қала берді. Олардың пайымдауынша, жеке индивидтен бөлінген және оның үстінен басым болған мораль жоқ.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Прагматизм дегеніміз не?

2. ХІХ­ХХ ғғ. орыс діни­философиялық этикасының өкілдеріңіз атаңыз?

3. Постмодернистік философияның өкілдерін атаңыз?

4. Н: Гарттманның еңбегін атаңыз?

5. «Этиканың іргетасы» еңбегінің авторы кім?

Реферат тақырыптарының тізімі:

1. Американдық прагматизмінің ерекшеліктері

2. Ғылымдағы этика ілімі

3. Маркс пен Энгельс филояофиясындағы этика ілімнің дамуы

4. Орыс философиясында этика ілімінің дамуы

5. Этикадағы формализм ұғымына шолу