Абай Кұнанбаев мен Шәкәрімнің Құдайбердіұлы шығармашылық мұрасы қазақтардың дәстүрлі этикасында шынайылықты қайта ой елегінен өткізудің барысында жаңа деңгейге шығарды және терең философиялық идеялармен сусынды: олар Шығыс философиясындағы басты философиялық сұрақ адам мәселесіне тоұталды, әдептілік бастаулары туралы ілімді дамытты, әдептілік жетілудің гуманистік принциптерін алға шығарды, себебі адамның руханилығынсыз осы өмірдегі түрлі әрекеттің мәні болмаушы еді. Ақынфилософтар этикалық мәселелермен тығыз байланыста болған эстетикалық мәселелерді зерттеді, адамның танымдық қабілеттері мен олардың қазақ ұлттық әлем кейпіндегі ерекшеліктері туралы сұрақтарды қарастырды.
Абай мен Шәкәрім мұрасын талдай келе Аллах туралы толғаулар, ғни адам тіршілігінің кеңістігі мен дамуы туралы, діни сенім туралы ойлар олардың түгел шығармашылығын қамтитын көреміз.
Абайдың алдында өмір сүрген – Бұхар жырау, Дулат, Шортанбай және т.б. әлемді тек шығыс мәдениеті шеңбері аясында ғана қарастырған, олардың көздері көбінесе өткен шаққа қараған, ал өмір көбінесе статика тұрғысынан қарастырылған.
Абайдың әлемді түсінуі мүлдем басқаша болды. Ол тек Шығыстың ғана мәдениетімен сусынған жоқ, өзінің дүниетанымында Абай Шығыс пен Батыстың синтезін жүзеге асырған. Алғаш рет қазақ ойында әлемге даму, өзгеріс ұғымдары тұрғысынан қарау мүмкіндіктері жасалды. Абайдың көзқарастырана, сонымен қатар, диалектика да тән болды.
Абайдың Шығыс пен Батыстың рухани құндылыұтарын меңгеру үрдісін талдай келе бұл тек қазақ мәдениетінің шарттарына ақындық және философиялық деректердің бейімделуі ғана емес, бұл сонымен қатар шынайы қазақ мәдениетінің қалыптасуы, яғни жалпы әлем контексінде сұхбаттылық сипатыне ие мәдениеттің қалыптасу үрдісін көреміз.
Оның шығармашылығындағы басқа мәдениеттің рухани кеңістігін қабылдау – бұл аса өзекті үрдіс, себебі бір жағынан, қазақтарға Шығыс пен Батыс ашылады, екінші жағынан, әлем қазақ руханилығын тану мүмкіндігіне ие болады.
Абайдың фундаменталды жалпы адами құндылықтарға – ақиқатқа, сұлулылыққа және рахымшылдыққа деген ішкі тартылысы – оның шығармашылығында адам үстем екендігі көрінеді. Адам Абай үшін мән де және түрлі философияның шегі де болды. Себебі, адам әлем түйіні, жаратылыс шыңы, қоғамның тамыры мен негізі. Абай оның жаңаруының жолдарын іздеді, оған рахымшылдықты қосуға тырысты, адамның әдептілік жетілуіне шақырды, ол адамның күшжігері мен мүмкіндіктеріне шексіз сенді. Ойшыл, адамның өмір сүру фактісінің өзін өмір туралы жалпы философиялық түсінік қалыптастыру деңгейіне дейін жеткізді, өзінің барлық шығармашылық күштерін гуманизмнің жоғарғы мақсатына жұмсады, адамға тән шынайы адамилық қасиеттерді, өмірді іздеді.
Шәкәрім көбінесе Абайдың этикалық категориялары дамытып, кеңейтті. Ол аса терең этикалық феномендер жиынтығын, әсіресе – «ынсап» ұғымына терең анықтама берді. «Ынсап» бұл − арұждан, әділет, әділдік, адамның ақиқатты сақтауға тырысуы, өзара көмек пен рахымшылдық сияқты категорияларды өзінің мазмұнына сыйдырады. Шәкәрім бойынша, дәлс осы «ынсап» адамдарды зұлымдық пен зорлықзомбылықтан сақтайды, ал «ынсабы», ұжданы, абыройы, рахымдығы бар адам ешқашан жаман әрекетке бармайды.
«Ынсап» ұстамдылықтың, сабырлылықтың, қанағаттылықтың негізі, ал адам өзінің өмірінің ережесі немесе талабы ретінде «ынсапты» бекіте отырып, басқаларға қатысты жамандық жасамайды. Адамның өмірінде «ынсапқа» үлкен мән бере отырып, Шәкәрім, бұл этикалық феномен ақиқатқа тырысудан пайда болады дейді, және адамның сезіну, қайғыру, көмек беру қабілеттерімен байланысты болады деп пайымдайды.
«Ынсап» адамды жат, заңға қайшы келетін әрекеттерден арылтады және бұл этикалық феномен тұлғаның әлеуметтік жүрістұрысын реттейтін механизмдердің бірі болып саналады. Көпті көрген, қайғыға батқан, бірақ соның бәріне шыдап, өтей білген қазақ халқының даналығы өзіңнен әлсіз болып көрінетін адамдарғы қайырымдылықпен қарауға шақырады, ал өздеріне тең адамдарға «ынсап» позициясы тұрғысынан, ал өздерінен күшті адамдарға – ақылмен қарауды үйретеді.
Игіліктердегі ақылдылық пен ұстамдылық, өзінің бөлігіне риза болу, өзін потенциалды мүмкіндіктер мен қабілеттіліктер шеңбері аясында шектей білу – міне, Абай мен Шәкәрім бойынша адамның басты қасиеттерінің бірі. Адамның құнды қасиеттері болып саналатын моральдік қасиеттерді қарастыра отырып, олар Аристотельге жақын «ұстамды орта» идеясы туралы ойларын білдірген екен.
«Қанағат» этикалық ұғымын ұстамдылық, сабырлылық, қанағаттылық, адамның өзінөзі шектей алу мүмкіндігі, барға қанағат ұғымдары арқылы талдау Абай мен Шәкәрімнің назарларында болған ұғымдардың бірі болып саналады. Олардың пайымдауынша, «қанағат» бұл – адамның өзінөзі жетілдіру жолы мен оның руханиәдептілік тазаруы.
«Қанағат» бұл тек – адамды материалдық игіліктерді пайдалануда өзінөзі шектеу ғана емес, сонымен қатар рухани күш, және ол нәсіп тудырған кесілдерден құтқарады екен. Сабырлылық пен ұстамдылық адамда еңбекқорлықты, мейірбандықты, жомарттықты және қайырымдылықты тәрбиелейді.
Қазақ ойшылдарының этикалық ілімдерінде әдептілік құлаудың қаупі туралы ой өтеді, яғни бұл үрдіс адамның өзінде жасырылып тұрады. Сонымен қатар, философтар адамның әлсіздігі мен өзінеөзі сенбеушілігі туралы сөз қозғамайды, ал керісінше, адамның барынша тыныштығы туралы айтады, бұл қасиет өз кезегінде қазақ халқының көптеген қасіреттерінің қайнар көзі болды.
Жарамсақтық пен жалқаулық Абай мен Шәкәрім бойынша, адамда өмірлік мақсаттарды жояды.
Өзінің рухани дамуында тоқтаған адам түрлі бағыттарды жоғалтады және оның салдары ретінде тұлғаның шарасыз ыдырауы басталады. Адамдардың көптеген мәселелері ішкі себептерге ие, және қоғам мен Аллахты кінәлай отырып, адам ең алдымен өзөзін, өзінің жауапсыз және пассивті тіршілігін өзгерту қажет.
Қазақ ағартушыларының этикалық көзқарастары әдептілік пен адамның шығармашылық күштерін жүзеге асырудағы мәдениеттің гуманистік мәні туралы терең ойлармен сусынған. Бүкіл әлемді, соның ішінде Қазақстанды да жаулаған жаһандану үрдісі кезеңінде, ұлттық ұқсастықты іздеу шарттары аясында болашақ перспективалардың бағыттарын анықтайтын әдептіліктің кейпі мен заманауилықтың мәндері қалыптасады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. А. Құнанбаевтың этикалық ілімі бейнеленген басты еңбегін атаңыз?
2. Ш. Құдайбердиевтің этикалық категорияларын атаңыз?
3. Қазақ халқының этика лімінің дамуына Батыс пен Шығыстың әсері қандай?
4. Қазақ этика ілімінің дамуына диалектиканың әсері қандай болды?
5. А. Құнанбаевтың қара сөздеріндегі этика ілімінің дамуы?
Реферат тақырыптарының тізімі:
1. Қазақ философиясындағы этика ілімінің дамуы
2. Қазақ этика іліміне Шығыстық мәдениеттің әсері
3. Батыс мәдениетінің қазақ даласында этика ілімінің дамуына ықпалы
4. А. Құнанбаевтың этикалық ілімі
5. Ш. Құдайберидевтың этикалық ілімі