ЕСТЕ САҚТА


Әдебиеттану мәселелерін тарихи-диалектикалық методология негізінде зерттеу тәсілдері

Тарихи-генетикалық талдау және оның эволюциялық тегі. Хроникалы талдау және диахронды зерттеу қырлары жүйелі кешенді зерттеулер және синхронды факторлар.

 

Әдеби шығармашылық табиғаты

Әдебиеттің сөз өнері санатындағы дуалистік сипаты. Шығармашылық және шығармашылық тұлға туралы ежелгі түсініктер. Классицизм және романтизм дәуіріндегі көркем шығармашылықтың табиғаты жайлы ұғым. Позитивистер (О. Конта, И. Тэн және т.б.) еңбектерінің маңызы мен негізгі тұжырымдары. Әдеби ықпал ұғымы. Шығармашылық тұлға туралы Ю. Кристева мен Ч. Ломброзоның интертекстуальдылық теориясы. Әдебиеттанудағы фрейдшілдік бағыт. Әдеби шығармашылық табиғатын пайымдаудағы А. Маслоудың холистикалық әдісі.

 

Көркем мәтінді талдау жолдары

Мәтінталдау мәтінтудырушы (көркем туындыны тудырушы – Ғ.Ә.) тілдік тұлғадан бастап, көркем шығарманың өзін түзуші белгілерді, мәтінтүзілімге қажетті тілдік бірліктерді, мәтіннің типтері мен түрлерін анықтауды, мәтіндік бөліктерді талдаумен бірге, қабылдаушының тілдік құзіреті қарастырылатын, түрлі тілдік кеңістігі зерттелетін маңызды сала.

Қазақ тіл білімінде табиғаты толық ашылмаған көркем мәтін, көркем мәтін түзетін тіл бірліктері құбылыстарын зерттеу, олардың тіркесу, байланысу сипаттары түрліше, соларды топтап, жинақтап, айырмашылықтарын, ортақ қасиеттерін тауып зерттеу – мәтін лингвистикасының басты міндеттері.

Шығармадағы автор, кейіпкер және оқырман мәселесі

Автор, кейіпкер және оқырман мәселесін әдебиеттану ғылымында зерттелу жолдары. Автор және оның көркем мәтінді өмірге әкелу жолдары мен оқырман тілегін ескеру себептері. Образ жасау жолындағы жаңаша ізденістер. Жаңаша ойлау және жаңа образ сомдау жолындағы көркемдік ізеністер. Қазіргі әдебиеттегі автор, кейіпкер және оқырман мәселесі және оның зерттелуі.

 

Әдебиеттегі көркем психологизмнің табиғаты туралы

Әдебиеттегі психологизмнің мәселесінің зерттелуі. Психологизм табиғаты концепциялары. Психологиялық романның мазмұны мен құрылымындағы психологизм табиғаты. Психологизм түрлері, психологиялық мінездемелер. Психологиялық талдау тәсілдері мен негізгі принциптері. Қазақ әдебиетіндегі психологизмнің дәстүрлік арналары мен жаңа арналары.

 

Қазіргі әдебиеттанудың әдіснамалық мәселелері

Шығармашылыққа қоғамдық сананың әсері, сұранысы мен қаламгердің физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, дүниетанымдық ерекшеліктерінің ықпалы. Шығармашылық психологиясындағы субъективті және объективті факторлардың рөлі. Эстетикалық әсердің автор ақылы өз еркінен тыс тұратын жұмбақ сырларының шығарма мазмұны мен идеясына әсері. Оның табиғатын зерттейтін әдіс-тәсілдердің қазіргі жай-күйі және болашағы. Шығармашылық процестің таңғажайып сәттері, оның шығарма поэтикасына әсері, көрінісі. Оны тәжірибе және деректі материалдар негізінде зерттеудің мүмкіндігі. Психоанализ және шығармашылық. Психологиялық талдау және қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы.

Мифопэтика және архопоэтика. Қазақ эпикалық жанрының бастаулары. Қазақ поэмасының даму кезеңдері. Эпикалық туындылардың жанрлық сипаты. Қазіргі қазақ поэмасының тақырыптық, идеялық ерекшеліктері. Қазіргі әлем әдебиетіндегі эпикалық жанрдың тоқыраушылық сипаты. Поэма және оқырман мәселесі.

 

Әдебиеттегі дәстүр және жаңашылдық мәселелері

Әуезовтің әсемдік әлемі, талант және шеберлік. Дәстүрге айналған жаңалық және дәстүрлі бұзған жаңалық қатынастары. Таланттың қалыптасуына қажетті өмірлік шығармашылық факторлар. Жазушыны өмірді поэтикалық тұрғыдан көре білу ерекшелігі. Қазіргі кезеңдегі әдебиеттану проблемасы. Жазушының өмір құбылыстарын жинақтап бейнелеуі, көркемдік шеберліктің үлкен үлесі екендігі. Прототив пен қиялдау элементтерінің маңызы туралы Әңгімедегі тартыс туралы соңғы ғылыми тұжырымдар. Әңгіменің өткені мен ертеңі туралы болжамдар. Қазақ әңгімесінің образдық жүйесі. Әңгімедегі романтикалық сарын. Повесть жанрының қазақ әдебиетінде қалыптасуы мен дамуы туралы жазылған ғылыми еңбектер. Қазіргі қазақ повесінің тақырыптық-идеялық негізі. Повесть жанрының болашағы туралы жаңаша пайымдаулар.

 

Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік ұғымдарына байланысты көзқарастар

Көркем шығарма, әдеби туынды мәтінінің мазмұндық-пішіндік бірлігі туралы жаңа ізденістер. Әдеби шығарманың идеялық мазмұны, оның көркемдік компоненттерінің қызметі. Шығарманы туғызған тарихи кезең және автор дүниетанымы. Автор және оқырман. Әдеби шығарманың ішкі әлемі туралы түсінік, кейіпкер – қаһарманның психологиялық қалпын бейнелеудің жаңа қырлары. Психологиялық орта және автор қиялы. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі. Уақыт пен кеңістікке байланысты ұлттық пайымдаулар. Ауыз әдебиеті мен қазіргі ақын-жазушылар шығармаларындағы уақыт пен кеңістік туралы таным-түсініктердің ерекшеліктері. Хронотоп туралы жалпы түсінік. Эпикалық шығармалардағы хронотоп үлгілері.