3 Дәстүрлі ән мен сазға тәрбиелеудің теориалық негізі


Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.

Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй,-деген.

Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуанилар, бақсылар, жыршылар, сал-серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той-томалақ, түрлі ойын-сауық отырыстардың көркі болды. Ақын әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый-құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз әңгімеге айналып ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

Ән сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығару да адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Осы күнге дейін музыкалық тәжірибесі мол құлағымыздың өзі, жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен халық әнінің тақырыбы естіле қалса біраз уақыттан бері көрмеген, кездеспеген бір досыңның төбесі көрінгендей болады. Өйткені сол ән тақырыбы есіңе сан алуан оқиғаларды түсіреді. Өйткені ол ән көркемөнер жасаймын деген алдын-ала сызылған жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің, табиғаттың өз туындысы. Халық әндерінің үлкен қазына екендігі де сол қасиетінде, сол әндерде халық өмірінің сәулесі болуында.

Қазақ әндерінің жанрлық сипаттамасы ретінде оқыту тәжірибесінде этномузыка танушы – Б. Ерзаковичтің тұжырымдамасы қолданылып келеді. Ғалым өзінің «Қазақ халқының ән мәдениеті» еңбегінде мынадай жанрлық анықтамаларды келтіреді:

1) Тұрмыс-салт әндері. Күнтізбелік әндер-жыл өлеңдері, емдік-жоралық әндер – «Бәдік», «Күлапсан», жан-жануарларға арналған әндер;

2) Әулеттік-жоралық әндер. Той әндері – «Жар-жар», «Беташар», «Той бастар», «Сыңсу», «Қоштасу», қазаға (өлімге) байланысты әндер - «Естірту», «Жоқтау», «Көрісу».

Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г. Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күткен жас, кәрі, «Жар-жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – бәрі де әндетеді. Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады. Әннің осы қасиетін қазақ халқы: «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер», «Ақылың болса жыр тыңда» деген сөздер арқылы жақсы айтқан.

Данышпан Абай:

Туғанда дүние есігін ашады өллең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең, –

деген жолдарында әннің өмірдегі орнын нақ суреттеген. Халық аузындағы: «Бір әнді сатып алдым құнан нарға» немесе «Сұрасаң менің атым Таңжармаймын, болсам да малға жарлы әнге баймын» деген әннің аса жоғары бағалағанын, әншілердің өз өнерін сасық байлардың үйірлеген жылқысы мен қоралаған қойынан төмен санамайтын көкірегін көрсетеді.

Қазақтың халық әндері орыс зерттеушілерінің назарына ерте ілікті .Әрине, бұл жөнде қазақ халқының Ресейге қосылуының үлкен рөлі болды. Орыстың этнографтары, саяхатшылары, тіпті жорық себебімен барып қалған көзі ашық офицерлері қазақтың халық әндері жөнінде көп нәрселер жазып қалдырды. Өткен ғасырдың басында бірен-саран, бірлі-жарым болса да әндер нотаға түсіп, түрлі журнал, жинақтарда басылып шықты.

Халық әндерін мұндай жанрларға бөлудің тым саяси рең алғаны кейінгі зерттеулерде айтылып жүр. Б. Ерзакович сөз жоқ, халық әндерінің жанрлық тұғырын дәл таныған, дегенмен әндердің бөлінуінің дәстүрлі формалық түрлері анықталмай отырғаны да рас. Ж.Кәрменов халық әндерінің екі томдық жинағын шығарғанда кеңестік кезеңдегі ән мәтіндерінен арылу керектігін баса жазды, сонымен бірге әндердің күрделілігі мен формасын жанр ретінде ұсыну қажеттілігі айтылды. Мұндай пікірді А. Алматовтың зерттеулерінен де кездестіруге болады. Осы орайда ән жанрларын мынадай топтарға бөле қараудың ыңғайы бар сияқты: Әндерді бұлай бөлу арқылы олардың формасын анықтауға болады, романс тектес әндердің диопозоны кең, вокалдық қайырымы мол болады. Ал, сатиралық-юморлық әндерде керісінше, мұндағы ән ырғағы шапшаңырақ, мәтіні мен мелодиясы үнемі қайталанып отырады, вокалдық дамуы шектеулі.

Халық әндері аймақтық мектептерге бөлінгенмен негізгі сарыны жалпы қазақы әнге ортақ сазға құрылады, сондықтан бір өлкенің әнін басқа өлкенің әншісі қиналмай айта береді, яғни қазақ әнінің біртұтастығы аймақтық әншілік мектептеріне қанша жіктегенмен бұзылмайды. Ғарифолланың Арқа әндерін тамылжыта шырқағаны, Жүсіпбектің Мұхит әндерін тебірене айтқаны соған дәлел бола алады.

Халықтық ән дәстүрінде орындаушылық ерекшеліктеріне қарай аймақтық мектептерге бөле оқыту тәжірибесі қалыптасқан. Жалпылай айтқанда, шартты түрде Арқа мектебі, Жетісу мектебі, Батыс Қазақстан (Мұхит Мералиев) мектебі деп бөлінеді.

Халық әндерін аспаппен сүйемелдеу ежелден келе жатқан өнер, ертеде түркі серілері әнді барабан, сыбызғы, домбыра (танбура, танбур, дутар, шертер, рубаб, қомуз т.б шертпелі-шекті аспаптар), қобыз, жай, ғиджак (немесе гыпжак төркіні қыпшақ деген сөз), жетіген (ятган, чаткан), шаңқобыз (варган) аспаптарының көмегімен шырқағаны тарихтан белгілі. Кейіннен қобыз бен домбыра аспабындағы үрдіс кең тарады, қалғандары қолданыстан шыға бастады, яғни, осы аспаптармен айту дағдысы мейлінше дамып, қалғандарын ығыстыра бастады. ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінде татар (қазан) сырнайының қазақ даласында пайда болуы қобызбен айту дәстүрін кейін шегерді, ең соңғы қобызбен жырлаған адам ретінде тарихта Жанақ ақынның аты аталады, басқалай мәдени дерек жоқ. Сырнайдың келуі ән сахнасына Майра, Шашубай, Тайжан, Нартай, Құтбай сияқты тарландарды әкелді, олардың сырнаймен толғаған әндері cахарада жаңаша мәнермен шырқалды.

Домбырамен ән салу сәттілігінің елу пайызы аспапқа байланысты. Әнші күйшіге барабар өнерпаз болуы шарт. Ертеде әншілер халық дамылдауы үшін күй тартып сейілтіп отырғаны белгілі. Жүсіпбектің Тәттімбет күйлерін сұңғыла шерткені, Манарбектің артында ондаған күйі қалғаны осыған куә. Қазіргі кезде домбыраны оқыту біржақты жүргізілетін сияқты. Себебі, белгілі ән мектебінің өкіліне өз аймағына тән күйлерді оқыту біздің пайымымыз бен тәжірибеміз көрсетіп отырғандай үлкен нәтиже бермек. Арқа әншісі шертпе күйші, Батыс Қазақстан әншісі төкпе күйші болуы керек. Алайда жаппай төкпеге тәрбиеленген Арқа мектебінің шәкірті аспапты әнге ылайық жатықтықпен ешқашан тарта алмайды, немесе керісінше. Жалпы арнайы домбырадан дәріс беруші мамандар халық әнінің білгірі болғаны дұрыс. Бұл талап домбырашылар үшін қиын болмаса керек-ті, себебі күй мен ән егіз өнер екені бесенеден белгілі.

Аспап меңгеру – дәстүрлі әншінің алатын алғашқы асуы. Сондықтан мамандықтан сабақ беретін оқытушы бұған аса мұқият болғаны абзал.

ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII ғасырдың басында Арқа елінде ертеден дәстүрге айналып, кейінірек әртүрлі себептермен бәсеңдеп қалған сал-серілік өнері ХIХ ға-сырда қайта жаңғырып, дами бастады. Сал-серілер өз жанынан өлең, ән-күй шығарып, ел аралап, сауық құрып, ойын-тойлардың ұйтқысы, құрметті қонағы болған. Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серілік үрдісті қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иесі бола білген. Сонымен қатар олар атақты мерген, сұңқар, лашын ұстаған құсбегі, аттың ең жүйрігін таңдап міне алатын атбегі, он саусағынан өнері тамған теңдессіз шебер, керемет зергер де бола білген.Сал-серілерді халық әрқашан ардақ тұтып, оларды қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан.

Қазақ ұлтының мәдениеті тарихындағы ХІХ ғасыр – ақын-әнші, сазгерлердің өзін-дік «алтын ғасырына» айналып, қазақтың кәсіби өнері – әдебиетінің, поэзиясының, музыкасының шыңына кезеңіне шыққан кезі болды. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысы – қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды. Осы кезде ақындық өнерге тән тұрақты жанрлар да қалыптасты. Солардың ішінде әсіресе ақындардың өзін-өзі бейнелеуге арналған әндерін келтіруге болады. Оған мысал ретінде «Біржан сал», «Ақан», «Жаяу Мұса», «Мәди», «Әсет», «Майра», «Ағаш аяқ», «Нартай», «Мұхит», «Сары» әндерін атауға болады. Олар бұндай әндерінде әр ақын, бір жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өтсе, екіншіден туған ел өмірі мен мәдениетінде алып отырған өз орнын жақсы түсініп соны әнге қосады. Бұл әндерде ақынның өзіне тән музыкалық мәнерлі ерекшеліктері шоғырланған. Әр әнші-ақынның өзіндік шығармашылық өнері дербес қалыптасқан. Мысалы, әрбір ақындағы шешендіктің, суырып-салма өнердің, театралдық, актерлік элементтердің болуы, тіпті киген киімі, жүріс-тұрысы, өнерге деген көзқарасы әнші, сал-серілерге ортақ нәрсе болды. Мұхтар Әуезов ақынның осындай орындаушылық өнерлерін сипаттай келіп, оны «жалғыз актердің театры» деп айтқаны кездейсоқтық емес.

Біржан, Абай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаевтармен бірге сал-серілік өнерді, дәстүрді әрі қарай жалғастырып, өз үлесін қосқан басқа да әйгілі ақын-сазгерлер, солардың бірі көпке танымал «Ғалия» әнінің авторы Балуан Шолақ Шаймұрзаұлы мен Құлтума ақын. Бұлардың екеуі де Біржан салдың шәкірті болып қасына еріп тәлім алғандар; Біржан дәстүрін ХІХ ғасырдың орта кезінде халыққа кең таратқан, «Гәкку», «Қарақат көз», «Сүйгенім», «Қараторғай» әндерін шығарған Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы; «Әсет», «Гауһар қыз», «Кіші Ардақ», «Қоғыр қаз», «Қысмет» әндерінің авторы Әсет Найманбаев; «Қорлан», «Жайқоңыр», «Еркем», «Қаракөзді»шығарған Естай Беркімбайұлы; «Мәди», «Үш қара», «Қарқаралы», «Қаракесек» сияқты әндер шығарып, ірі әнші ақындар қатарындда тұрған Мәди Бәпиұлы Арқаның ән ақындық дәстүрінің көрнекті өкілдері болып, Біржан салдың шәкірттері аталса, Қазақстанның Шығыс өңірлерінде Ноғайбай ақын мен Құдайберген Әлсеитовтың аты шықты. Батыс жақта Мұхит Мерәлиевтың «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние», «Паңкөйлек», «Алуаш», «Бала-Ораз», «Иіс» сияқты әндері халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленді, ал Жетісу өңірінің ән дәстүрі Сүйімбай, Жамбыл, Кенен тәрізді ақындардың есімімен тығыз байланысты аталады.

Халықтың әнші сазгерлерінің тағдырындағы шиеленісті оқиғалар олардың көзқарасына, дүниені танып-білу қабілеттіне, көркемдік шеберліктеріне ықпал етпей қалмағандығын атап айтуға тұрарлық. Сондықтан да олар шығарған өлең-жырлардың көпшілігінде азаматтық әуен кеңірек сипатталады. Мәселен, Біржанның «Жанбота», «Көлбай,Жанбай», «Адасқақ»,Жаяу Мұсаның «Ақсиса», «Хаулау», «Бұзау зары», Кененнің «Бозторғай»,Ақан серінің «Құлагер» әндерінде, басқа да авторлардың шығармаларында әлеуметтік теңсіздік, еркіндік, өмір шындығы айқын көрініс тапқан.

Қазақ өнерпаздарының шығармашылығында өмірбаяндық және тәңірге шағыну, жалғыздық тақырптары кеңінен көрініс тапты. Мысалы «Ақан сері» әнінде романтикалық көтеріңкі сезім азаматтық әуенмен тамаша үндестік табатынын атап көрсеткен дұрыс. Бұл шығарманың негізгі поэтикалық мән мағынасы ақынның өнердің өміршеңдігінде жатыр. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарына тән ерекшелік-ішкі терең күйзеліс осы әнде аңғарылады. Әнші, сазгер Ақан өз шығармасын оның әнін еститін адам бар ма, өнер иесіне бостандық алар күн туа ма деген сұрақ желісінде құрады.

Қазақтың дәстүрлі кәсіби ән-ақындық өнер өкілдерінің ішінде ұлы ақын-композитор Абай Құнанбаевтың орны бөлек. Ол ауызекі өнер мен жазбаша мәдениеттің дәс-түрлерін біріктірген суреткер. Абай өзі жасынан өлең және сол өлеңнің мақамын шығарса да, басқа сал-серілер тәрізді ауылды аралап, халықты өз өнерімен таныстырған ақын емес. Сонымен қатар, ол өлеңдерін ауызша шығармай, хатқа салып жазатын. Ал Абайдың әндерін халық арасына жайған өзінің шәкірттері Шәкәрім, Көкбай ақын, Уайыс, ұлдары Ақылбай, Мағауиялар да ұстазы тәріздес, әндерінің сөзін хатқа қалдырып жазған. Ақынның өнеріндегі шешендік өнермен байланысты ерекшеліктің бірі – үндеушілікті, тура айтушылықты кеңінен пайдалануы. Бұл ерекшелікті негізінен Абай да атап көрсеткен. Ол ән мен әуен оятады, адамның жан сезімін толқытады әсерлендіреді деп бағалаған. Суырып салып айту – ақындық өнердің ажырамас ерекшелігі. Ал, суырып салмалық қабілет шығармашылық тәжірибе барысында қалыптасады. Ақындардың көбі: Біржан сал, Ақан сері, Әсет және басқалары айтыстарға қатысу арқылы өз шеберліктерін жетілдірді. Ақындар өлең сөз бен әуенді тасыған өзендей түйдек-түйдегімен төгеді. Нағыз ақындар суырып салма болып келеді. Ол әрқашанда өз заманының ең көкейкесті мәселелерін қозғайды. Суырып салушылық өнер халық арасында кеңінен дамығанын атап көрсету керек. Қазақтың аса көрнекті этнограф-ғалымы Ш.Уалиханов мұндай ерекшелікті халықтың ақын жандылығынан, ән құмарлылығы, жандүниесінің сезімталдығынан, бұл барлық көшпелілер тұқымына тән құбылыс деп есептейді. Күнделікті қарапайым тіршіліктің өзінде ауылдағылардың бәрі дерлік суырып салушылық өнерге қатысып жататыны Г. Потанин, В. Даль, В. Радлов, А. Затаевич және басқа да орыс этнографтары мен шығыстанушы ғалымдарын таң қалдыруы тегін емес.

Ақындық суырып салма өнерді зерттеп қарағанда, суырып салушының жеке басының ерекшелігін, оған ықпал етуші ортаның жағдайын ескерген дұрыс. Бұл ақынның орындаушылық мәнеріне де әсер етеді. Мәселен, Біржан салдың «Жанбота» және «Айтбай» әндері орындалуы, құрылымы жағынан екі түрлі. Құйқылжыта төгіліп, баяулап, шарықтап, адамның жан сеземіне әсер ететін Айтбай әнін атақты компазитор М. Төлебаев «Біржан сара» операсында басты кейіпкерге айтқызуы да бекер емес.

Қазақтың ұлы ақын-композиторларының барлығы да дауыс реңіне аса бай, диапазоны кең дауыстың иесі болған, өз әуендерінде осы ерекшеліктерді ескеріп, өзіндік копозиторлық, вокалдық мүмкіндіктер тудырған. Ақынның күшті дауысы мен сұлу тембрі, жүйеленген ән айту үрдісі мен мәнерлі орындаушылығы, кең тынысты вокалдық каденцияларды айтудағы жоғары техникалық шеберлігі – қазақ даласында қалыптасқан жоғарғы кәсіби әншілік мектептің болғанын дәлелдей түседі. ХІХ ғасырда барынша гүлденген бұл үрдіс Біржан, Ақан, Әсет, Балуан Шолақ, Естай, Майра, Мәди, Мұхит сияқты әнші-ақындардың шығармашылығында көрініс тапқан. Атап айтқанда ХІХ ғасырдағы қазақтың бір туар сал серілері Біржан, Ақан, Естай, Мәди, Мұхит, Балуан Шолақ, Майралардың өнерінде орын алған қаздай дауысының күші мен реңінің сұлулығы, жылдар бойы қалыптасқан орындаушылық жеке мәнері жүйеленген ән айту үрдісі мен мәнерлі орындаушылығы, өзінің құрылымдық сапа-сына, әншілік параметрлеріне сай алатын орны мен мағыналылығына, тарихи құндылығына эмоция мен драматизмге толы дамыған терме мен желдірмелер, ұзақ кан-тиленалар, нәзік фиоритуралар, каденциялар және жалпы орындаушылықтың өте жоғары деңгейі – осының бәрі қазақ даласындағы жоғарғы кәсіби ән мектебінің қалыптасуының айғағы.

Қазақ ақындарының шығармаларында, әсіресе, ән шығару тәжірибесінде бір әннің бірнеше нұсқасының болуы жиі кездеседі. Мәселен Ақанның лирикалық әні «Мақпалдың» алты нұсқасы бар, «Құлагердің» төрт нұсқасы бары кеңінен мәлім. Жаяу Мұсаның махаббат тақырыбындағы «Шолпан», «Гауһар-қыз», «Көгершін» әндерінің барлық нұсқаулары жиі айтылады. Жаңа шығармалар ауыздан ауызға тараған кезде кейбір өзгерістерге ұшырайтыны былай тұрсын, орындаушылардың тарапынан оған өзіндік қосуларын енгізетіні де болады. ХІХ ғасырдағы ақындық өнердің даму тарихы, оның қалыптасу тарихы, ұлттық аудитория тарихы бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ақынның әрбір жаңа шығармасы халық арасындағы орындаушыларға автордың өз аузынан тарайды, мұның бәрі тәжірибелі тыңдарман қауымның қатысуымен, солар арқылы жүзеге асады, есте сақталады, ауыздан-ауызға жалғасады.

Ақын компазиторлардың шығармашылығы қазақ халқының жүздеген жылдар бойы дамыған ән ақындық дәстүрдің саласында жалғасын тапты. Осы дәстүрдің шеңберінде ұлттық ой сана мен ұлттық мінезді келтіретін бейнелеу жүйесі, тақырыптары, тіл ерекшеліктері қалыптасты. Мысалы Жетісу, Арқа, Батыстың әншілік дәстүрлері; ал Абайдың тұлғасы жеке ән мектебі болып дараланды.

Қазақтың ұлттық музыка қорының ішінде ән жанры ерекше орын алады. «Ән – өмір шежіресі, өмірдің сәулесі, музыка мектебінің негізі, керегетасы, халықтың игілігімен ақыл парасаты» болды.        (А. Толстой).

Халықтың дәстүрлі әндерінің таралып, біздің дәуірімізге жетуінің өзі халық әнші-лерінің өнерімен тығыз байлынысты. Өйткені сол әнші арқылы әнді естіп, ұғынамыз, сырына қанамыз. Әншілердің шығармашылық жолы ұлттық дәстүрді сақтаушы ғана емес, бұрынғы мен бүгінгінің арасын жалғастырушы ретінде көрінеді. Осы күні халық игілігіне айналып, қазақ музыка мәдениетіне кесек кірпіш болып қаланған атышулы әнші компазиторларымыздың классикалық шығармалары осының айғағы. Бұдан жүздеген жылдар бұрын дүниеге келіп, сол уақыттың, сол заманның көрінісі мен тіршілігін суреттеген бұл туындылар бүгінгі күнде өз қасиеттерін сақтаумен бірге бұрынғыдан да түрлене түсуде. Мұның құпиясы, біздіңше, халық таланттарының озық дарындылығында болса керек. Олардың әндері – адам сезімін оятып, ойын қозғап толғандыратын мәнді мазмұнды шығармалар. Ондай үлгілер тарихтың сан қилы талқысына түсіп, неше буын елдің қолынан өтсе де, өз маңыздылығын жоймастан, адамның өнегелі мақсаттарын жырлап келеді.

Халқымыздың тарихында небір бұлбұл әншілер өмір сүріп, белгілі музыка аспаптарының сүйемелімен туған елінің өткендегісі мен бүгіні тұрмысын жырлайтын, оның арман қиялын көрсететін тамаша эпопеялар, көрнекті туындылар жасады. Олар қашанда халықтың мақсат-мүддесінен жырлап онымен бірге жүріп, біте қайнасып өтті. Қазақ халқының музыка мұрасы да сондай озық ойлы, өнерпаз өкілдерінің қалдырған үлгі өнегесінің арқасында сақталып келді.

Көзі хат танымайтын, қолы жазу-сызуды білмейтін кездің өзінде қазақ халқы әні мен күйін рухани азық етті. Бір орыннан екінші орынға, жайлаудан қыстауға көшіп-қонып жүріп те олар ердің басына іліп алған домбырасын кез келген уақытта ат үстінде шертіп ән шырқай беретінді. Шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру, басқа да түрлі жиын-тойларда ән айтып күй тарту – қазақ халқының ежелден келе жатқан ата дәстүрі. Алайда музыка тек ойын-сауық, көңіл көттеру үшін ғана керек десек, өнердің бір түрінің маңызын әлсіретіп, мәнін кемітіп жіберген болар едік.

Ұлттық әншілік салт-дәстүр бірден туа қалмаған. Ол- сонау замандардан қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан көремдік қасиет. Музыка зерттеушілеріміз әншілік дәстүрдің бастамасын, негізінен Ақан сері, Біржан сал Мұхиттан бастап сөз етіп жүр. Сонда оларға дейін әншілер болмады деп кім айтады? Әрине болды. Бірақ уақыт озған сайын есімдері ұмытылып, шығармалары халықтық атанып кетті. Әншілердің шығармашылық жолы ұлттық дәстүрді сақтаушы, дамытушы, бұрынғы мен қазіргі өнердің арасын жалғастырушы ретінде көрінеді.

Ұрпақтан ұрпаққа жетіп, дамып келе жатқан халық әні – адам баласының айрыл-майтын жан серігі. Басқа халықтар тәрізді, қазақ халқының да әнсіз, өлеңсіз өмір сүрмейтінін, ән, өлеңнің адам баласының дүниеге келгеннен бастап өлгенге дейін ажырымас досы екенін данышпан Абай айтып кетті. Ол әннің ерекше күшін, ролін поэзиясын да шеберлікпен суреттеді. Адамның нәзік қиял шегіне тиіп, қозғау, түрткі салатын құралдың ән екенін:

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Оның тәтті орлған мәні оятар,-

деген жолдар арқылы суреттеді.

Біздіңше, әнші-ақын, ақын-компазиторлардың алғаш жеке дара өнерпаз ретінде жіктеліп, таралуы жыршы, жыраулардың қызметіне байлынысты болса керек. Сондықтан да сол жыршы жыраулардың өзі қазақ ән өнерінің тұңғыш өкілдері болуға тиіс. Ендеше сол атышулы Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Әсет, Шашубай, Қали, Кенен, Манарбек, Жүсіпбек, Ғарифолла, Құтбай, Дәнештердің әншілік өнерін ата дәстүрден сабақталып, ана сүтімен қалыптасқан арна деп қарауымыз керек. Сол сияқты қоғамда өмір сүрген әр түрлі топтардың көзқарастарымен ой мүддесі де ән арқылы көрініс тауып, бізге жетті. Бір сөзбен айтқанда, ән өнері - өмірдегі қоғамдық қөұрылыстың жай-жапсарын суреттей алатын идеялық құралдың бірі. Ерте кезде ән бірден-бірге, бір жерден екінші жерге ауыздан ауызға таралып, ауызша үйрену арқылы меңгерілген. Ол заман жай сауттың да, музыкалық сауаттың да жоқ кезі еді.

Әннің халық аузында сақталып, таралу жолдарының өзінше себептері бар. Ол уақытта қазіргідей компазитордың шығармасын профссионал әнші жаттап алып, радио, теледидар арқылы орындайтын жағдайдың жоқтығынан шығарған әнін айтып, халыққа тарататын да компазитордың өзі болды. Егер ол компазитордың әншілік өнері басым болса, онда орындалған әннің көркемдік дәрежесі де жоғары, сапалы болып шығып, тыңдаушыларды қызықтырып, олардың көкейлеріне тез қонатын. Ал жақсы ән шығарып, бірақ оны автордың өзі тиісті дәрежеде орындай алмаса, ол шығарма аз таралуымен қатар, кейде ұмытылып та кететін еді. Әнші жыршылар бір жерден екінші жерге барып, өнерлерін көрсетіп, елдің сыйлы қонағы болып жүрді.

Сан дәуірлік тарихы бар қазақ музыка өнері осы күнгі мәдени сатыға көтерілгенге дейін ауызша таралып жеткені мәлім. Халық музыкасының етене болып кеткені сонша, біз оларды күнде тыңдап, әуеніне соншалықты қанық болсақ та, ғасырлар асып жеткен асыл қазынаның авторларына көбінесе мән бермей, баспасөз бетінде болсын, радио, көгілдір экранда болсын «халық әні», «халық күйі» дейтін үйреншікті айдар тағып айта береміз. Әрбір әннің өзіне тән әуені бар, белгілі мазмұны бар. Әннің интонациясы оның өлеңнің ішкі мән мазмұнымен қабысып, бірін-бірі толықтырғанда ғана емес бір тұтас дүние болады. Әннің ішкі құдіреті мен шеберлік дегеніміз – орындаған шығарманың ішкі-сыртқы сипатын, музыкалық табиғатын жан-жақты аша білуде. Әрбір әннің айтпақ ойы, идеясы түрліше. «Қазақ әндері қандай назды десеңізші», - деп Затаевич айтқандай, халық компазиторлары әндерінің музыкалық құрылысы, өлшем ырғақтары, формасы мен өлшемдік түрленулері қаншалықты сан алуан болса, олардың адамға тигізетін әсер ықпалы соншалықты мол. Алайда ән қаншалықты ғажап болғанымен, оның тағдыры орындаушыға тәуелді. Өйткені оны екінші рет дүниеге әкелетін адам – әнші болғандықтан, шығарманың жақсы, жаман шығуы орындаушы шеберлігіне тікелей байланысты. Мәселен, Жаяу Мұсаның «Ақсисасы», Мәдидің «Қаракесегі», Біржанның «Жанботасы», Ақан серінің «Құлагері», Естайдың «Қорланы», Рамазанның «Жас қазағы» әншіден үлкен орындаушылық шеберлікті, білімділікті қажет етеді, өйткені белгілі бір туындыны жоғары дәрежеде орындау үшін бір ғана дауыстың болуы жеткіліксіз, әнші сол дауысты пайдалана отырып, әнді керек жерінде жай, енді бірде қатты, бірде созып, бірде қысқа қайырып, өз нәшінде, келістіре шырқай білуі қажет. Атышулы әншілеріміз Әміре, Қали, Манарбек, Жүсіпбек, Ғарифолла және басқалардың орындаушылық өнерлерінде репертуар жағынан ортақ қасиеттер болғанымен, әрқайсысы әнді түрлі ырғақ, айшық-өрнектермен безендіріп, жүз құбылта түрлендіріп, өздеріне тән ерекшеліктермен шырқайтын.

«Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті – оның шын жүректен шыққан эмоционалдық сезімталддығымен сезгіштігі... әуендерінің оралымдығы, олардың құлақтан кіріп бойды аларлығы, ән тақырыптарының әр алуандығы – осы қасиеттердің бәрі халық психикасының аса терең толғауын көрсету арқылы, қазақ әншілерінің жарқын орындаулары арқылы айқын сезіліп оырады»,- деп белгілі музыка зерттеушісі, академик Б. Асафьев айтқандай, бір әнде қаншалықты музыкалық нюанстар сөйлем, фраза, интонациялар бар. Бір ән жоғары үнмен басталатын болса, екінші біреулері төменгі дыбыстан бастау алады. Міне, осылардың бәрін әнші жете түсіне біліп, сырына қана терең сезімталдықпен шырқауы керек. Сонда ғана әнші ойлаған мақсатына жетіп, тыңдаушылардың алдында абыройы артады. Орындаушылық шеберлікті сөз еткенде үлгі болатын әншілеріміз көп-ақ. Мәселен, Қали Байжановтың орындауындағы «Тоқсанбай», «Алқарай көк», «Жанбота», «Қанапия» және басқа әндер алуан түрлі сөз нақышымен, сезімді қозғайтын сан қилы нюанс көркемдігімен ерекшеледі. Ол қайсы әннді орындаса да, ешбір артық айқайды, құлаққа жағымсыз тиетін ешбір дыбыстарды аңғармайсын, әншінің қоңыр салқын үні тыңдаушысын баурап алатындығы да сондықтан болар. Қалидың орындауындағы әрбір әнге арналған арналған домбырада кіріспелердің өзі бір-біріне ұқсамайтын өзгеше бір әсем сарында басталады, әнді дауысқа қосқанда ғана әнді орындап отырғанын сезесің. Әсіресе Біржаннның «Жанботасындағы» «сабап кетті-ау, қойып қалды-ау» дейтін кезеңдері нағыз әнші актердің қолынан ғана келетін дүние, қайталанбас қасиеттер деуге болады.

Әміре, Иса, Қали, Ғаббас, Манарбек, Жүсіпбек, Ғарифолла тәрізді атақты әншілердің орындаушылық шеберлігі, олардың ән салу ерекшелігі, үлгісі өз алдына бір-бір мектеп десе де болады. Әміренің орындауындағы «Үш дос», «Ағаш аяқ», Жүсіпбектің «Сұржекей», «Көгершін», «Жас қазағы», Манарбектің асқақтата салатын «Ардақ», «Топай көк», «Паравоз» әндері Исаның желдірмелері мен Ғарифолланың жорғалаған термелері тыңдаушы көңіліне ұялап, көпке дейін ұмытылмайтыны сөзсіз. Өйткені кез-келген әншінің толық меңгеріп орындап шығуы қиын. Бұл әншінің дарынына байланысты. Атап айтқанда, дауыс мүмкіншілігі – орындайтын әнге, ән сол дауысқа лайықты болуы тиіс. Домбыраның сүйемелімен орындағанда ғана халық әнінің әсерлігі мен әдемілігі, жүрек қылын шертетін дыбыс бояуы өз дәрежесінде шығады. Әнді қанша тамылжытып сүйемелсіз салғаныңмен оның ойдағыдай көңілге қонбайтыны белгілі. Естай ақынның «Әншінің домбырасы – қолғанаты» деп жырлауы осыған байланысты болса керек. Сондықтан да әншінің дауысы мен домбыра үні бір-бірін толықтырып, үндесіп отыруы керек. Әнші музыкалық пауза жасағанда, сүйемелдеуші аспап шығарманың желісін, жеке интонацияларын, немесе аккордтық гармонияларын орындап, әнге көрік беріп отыратындығы аян.

Бір әншінің аспапта ойнаған кіріспесінен-ақ оның қандай әнді орындайтындығы білінсе, екінші әншіден оны байқау қиын. Ол әнді соған сәйкес басқа бір үнді аккордтар, түрлі өрнектгі саздар арқылы бастайды. Бір әнші пернелерді іліп, шертіп қақса, екіншісі бес саусағымен төгілте, көсілте ойнап әнге басады. Осы сияқты түрлендіру, домбыра мен дауыстың бір-бірінен алшақ кетпей, өзара үйлесім табуы – әнші шеберлігі болып табылады.

Әнді нақышында, бұзбай жармай айтудың оңай еместігін әншілердің өздері де мойындаған. Солардың бірі – ақын-әнші Әсет «Арғынмын, атым Әсет арындаған, арындап ән сала ма дарымаған» деп, нағыз әнші болу үшін табиғи дарынның қажеттігін, дарынсыздың әнді игере алмайтындығын атап көрсетеді. Ол: Бозбала, осы әнімді үйренерсің,

Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің.

Асау ән жетегіңе жүрмегенсін,

Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің,-

дейді. Шынында да, Әсет әндерін осы күні келістіре шырқайтын әншілердің азайып бара жатқандығы да осындай әншілік шеберлікке байланысты екені даусыз.

Орындаушылық өнері туралы сөз еткенде, бір кезде ән фольклорын насихттауға аянбай атсалысып, қазақ әндерінің інжу-маржандарын жұртшылыққа танытқан Әміре Қашаубаев, Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, тағы басқа майталман әншілердің есімдері ойға оралады. Алайда бұлардың әншілік шеберліктері жөнінде А. Затаевичтің жинақтарында, басқа да еңбектерде сөз болғаны болмаса, қайталанбас дауыстары күйтабақтарға, киноленталарға түсірілмей қалды.

Аталған әншілердің ізін басып, халық әндерін таратуда көп күш жұмсап, бір жағынан ұстаздық жұмыспен шұғылданған Жүсіпбек пен Ғарифолланың, бұлармен үзеңгілес Н. Әбішев, М. Көшкінбаев,             Н Әбілева, Б. Жылқыбаев, Р. Есімжанова, Ә. Нұғыманова,                  Ж. Қартабаева, М. Ешекеев, Д. Рақышев, М. Балқашева, Г. Ақпанова Қ. Байбосыноов, Ә. Еңкебаев, Ж. Кәрменов, Қ. Рахимова тағы басқа өнерпаздардың болғаны және бар екені қуантады.

Сонау Ақан мен Біржандардан соң сал-серіліктен кейін арқаның дәстүрлі әнін мектеп етіп жалғастырушы Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, есімі қазақ музыка тарихының төрінен Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Әлли Құрмановтармен қатар орын алатын Жүсіпбек Елебеков «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, өмірінің соңғы кезеңін жас ұрпаққа тәрбие беріп, әншілікке баулыды. Өзінің әншілік өнерін биік сатыда алып жүре алатын дарынды ізбасарларын дайындауға кіріседі. 1965 жылдан бастап өмірінің соңғы күніне дейін Алматының эстрада студиясының педагогі қызметін атқарып, бойына жиған ән байлығын жас буындарға үйретуден жалықпады. Жүсекеңнің әншілік мектебінен үлгі алған Мағауия Көшкінбаев, Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Мұратбек Жүнісбеков тәрізді белгілі әншілер ән сырының сиқырлы сазын терең түсініп, сан алуан ырғақтарын, неше түрлі сұлу үндерді меңгерді. Осылайша сал-серілік заманнан келе жатқан Арқанның дәстүрлі ән өнері Арқаның дәстүрлі ән мектебі болып қалыптасты.

Өнер гүлі өмірге әнмен келдім

Думандата өңірді сәнмен келдім

Жас ұлғайып қалса да қажымаймын

Әлі дағы келеді шырқай бергім, –

деп Жүсекеңнің айтқанындай, артына өлмес, өшпес із қалдырған ерен әншінің дәстүрін жалғастыратын тамаша әншілердің бары ән сүйгіш қауымды қуантады. Осылайша Арқаның дәстүрлі ән мектебі өз дәрежесінде дамуда.

Кез-келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы – әдебиет пен өнер. Өз кезегінде өнер де сала-салаға жіктелелі. Оларды қол өнері, сүрет онері, сәулет өнері және саз өнері дейміз.Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны – ән. Ән – халық мұрасы. Халық әндері – сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән - өнер. Ән – адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән – табиғат сүреттемесі. Ән – халықтың өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған. Ерте дәүірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған кобыз сарынына қосылып ән салады, би бнлейді және аруақтарға бағыштап олең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз. Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде қалыптасады. Оның бір ғана саласымен шұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп онердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі – ән өнері.

Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән – өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз,

Әннің келесі бір қасиеті – әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.

Халық әндеріне тән тағы бір белгі – әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез-келген ән белгілі бір оқиғаға құрылады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терен сезім арқылы тербеліп, көркем кесте – өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мұны әннің поэзиялық арқауы немесе әдеби сипаты дейміз.

Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды.

Әннің осы аталған үш сипатына орай тарихшы, ақын және сазгер қызметіне де тоқтала кеткеніміз орынды. Әнді тудырудағы бұлардың қызметі қандай? Өзара ерекшелігі неде?

Тарихшы – шежіреші. Әдетте ол нақты бір оқиғаны қара сөзбсн баяндайды. Өлең кестесін, поэзия тәсілдерін қолданбайды. Сондықтан оның тілінде өлеңге тән ырғақ, өлшем, ұйқас бола бермепді. Егер әлгі шежіреші баяндаған тарихи оқиғаны өлең кестесіне түсірер болсақ, оның мазмұны өзгерер ме еді? Осы мәселеге токталған жерде тарихшы мен ақынның айырмасы олардың бірі болған оқиғаны, екіншісі болуы мүмкін оқиғаны баяндауында, деп көрсетеді Аристотель. Сөйтіп поэзияның тарихи шежіреден гөрі маңызды әрі күрделі жанр екенін айтады.

Тарих жеке бір оқиғаны баяндаса, поэзия сол оқиғаны жалпылай жырға қосады. Оған ән әуенінің де қатысы зор. Демек поэзия сияқты әннің де әлеуметтік маңызы елеулі. Ән – халықтың көркем ой-санасы деген сөзіміздің мәнісі осында.

Қазақ халқының ән өнері сан-салалы. Көне дәүірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.

Ән – вокалдық жанр. Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:

1) әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.

2) әннің әуені, яғни музыкасы.

3) әннің жанрлық ерекшелігі.

Әннің алғашқы сипатына орай В. Е. Гусев: .»Песня поется, и ее содержание выражает не только слово, но и мелодия, и ритмический ее строи, песенный образ не тождествен образу стихотворному» (Эстетика фольклора. – Л.,1967, 88–б.), – деп жазған болатын. Халық әндерін біз тақпақ сазды речитативтік, тарихи және лирикалық деп білеміз. Бұл ерекшеліктер бірде әндердің музыкалық интонациялық жүиесіне қатысты болса, енді бірдс жанрлық сипатьн білдіреді.

В. Я. Пропп музыкалық шығарманың жанры оның тарихи шындықты бсйнелеу немесе көрсету дәрежесіне байланысты деген пікір айтқан. Осы тұрғыдан келгенде халық әндерін тарихи, лирикалық деп бөлуге әбден болады. Тарихн әннің ел аузында сақталған үлгілері аз емес. Бізге жеткен көркем бір нұсқасы – «Елім-ай» XVIII ғасырдың бас кезіндегі жоңгар шапқыншығына байланысты туған шығарма.

Халық арасына кең таралған лирикалық әндерге келер болсақ олардың жүздеген үлгілерін атауға болады. «Қамажай», «Бипыл», «Сәулем-ай» секілді толып жатқан әндердің барлығы да лирикалық жанрға жатады. Лирикалық әндерге қатысты бір ерекшелік - онда сюжеттің болмауы, оның есесіне эмоцияға негізделген сезім лирикасы, поэзиялык. параллелизмдердің басым кездесуі. Оның мәнісі, әннің бір шұмағын құрайтан алғашқы екі жол басқа, соңғы екі жол өзге ойды білдіруінде. Әннің тұтастығы осы ойлардың сабақтастығынан туады.

Халық әндерінің стильдік ерекшеліктеріне бойлай түсетін болсақ, олардың музыкалық әуені мен әдеби мәтінінің бірде сәйкес, бірде сәйкес еместігін аңғарамыз. Бұл ерекшелікті ғылым тілімен синхрондық және асихрондық деп екіге жіктейміз. Асинхрондық жүйеге негізделген әндердің музыкасы мен әдеби мәтіні әр түрлі кезеңдерде тугандықтан, олардың құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалады. Речитативтік әндер халық шығармашылығына да авторлық шығармашылыққа да тән құбылыс.

Олардың басты ерекшелігі – өлең жолының әр буынына жеке музыкалық үн-дыбыстың келіп отыруы (слогонота). Мұндағыы жеке буындар бірнеше дыбысқа созылмайды, музыкалық интонациясы бір деңгейде дамиды. Оның диапазоны-шектеулі, ннтонациялық секірістер өте сирек кездеседі.

Қазақ фольклоры аясында жеткен әндерге тән ладтық құрылым –диатоника. Хроматикалық жүйе речитативтік, созылмалы лирикалық әндерде мүлде кездеспейді. Музыка теориясында бірінші «гептатоника» немесе «классикалық диатоника» аталып жүрген халық ладтарының көптеген үлгілері кездесіп отырады. Тағы бір ескертеріміз, халық әндеріне келгенде тональдік терминін қолдануға болмайды. Олардың ладтық негізі ғана анықталуға тиіс.

Тональдік – классикалық музыкаға тән ұғым. Ондағы дыбыс қатары міндетті түрде 8 басқыш болып келеді; кез келген октаваның тоникалық дыбысы сол шығарманың тұрақты басқышы болып табылады.

Қазақ фольклорындағы мақам (лад) – әдетте 7 кейде одан да аз басқыштан тұратын дыбыс қатарына байланысты қолданылатын атау. Одардың ладтық тұрағы -тоникасы міндетті түрде дыбыс қатарының төменгі дыбысы болып табылады.

Халық әндерінің интонациялық-диапазондық құрылымын талдағанда оларға классикалық музыкаға тән терминдерді қолдануға болмайды. Музыкалық фольклортану ғылымында халық әндерінің дыбыс қатарына байланысты мынадай терминдер қалыптасқан:

  1. Трихорд (до– ми– фа; ре – ми – соль) – үш дыбыстан тұратын құрылым.
  2. Тетрахорд – төрт дыбыстан тұратын құрылым.
  3. Пентахорд – бес дыбыстан тұратым құрылым.
  4. Гексахорд – алты дыбыстан тұратын құрьлым.

5.Гентахорд – жеті дыбыстан тұратын құрылым.

Фольклорлық шығармалар тұсында оларға қатысты ғылыми үғым-түсініктер мен арнайы терминдерді ескеру қажет.

Айтыс. Қазақ музыкалық фольклорының дара бір саласы – айтыс. Айтыс көбіне түркі тектес халықтардың мәдениетіне тән құбылыс. Оны Еуропа халықгарының әдеби-музыкалық дәстүрінен табу қиын.

Эпос бір адамның орындауында жеткізілетін ірі жанр болса (монолог), айтыс екі адамның (диалог) тартысына құрылған шығарма. Оның да көптеген түрлері болған. Мысалы, ертеде ру-тайпа арасындағы айтыстар болса, кейін айтыс әлеуметтік тақырыптарға негізделетін болған. Оның келесі бір түрі — қыз бен жігіт айтысы.

Айтыс – музыкалық-эпикалық дәстүрдің бір арнасы. Оның негізгі ерекшелігі импровизацияға негізделіп, сөзбен жеткізілетін ой тартысына кұрылуы. Айтыстың қайым, бәдік, сүре, т. б. түрлері бар. Ал музыкалық әуеніне келгенде олардың бір-бірінен пәлендей айырмасы жоқ Айтыстың жоғарьда аталған кез-келген түрі белгілі бір музыкалық мақаммен орындала береді. Сонымен бірге, әрбір айтыскер өз ойын ел арасына тараған әуен-саздарды қолдану арқылы да жеткізетін болған. Бүгінде айтыс өнері қайта жанданып отырса, оның музыкалық табиғаты бізде енді зерттеліп келеді.

Айтыс күйлері. Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынғасалу қазақ күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Елге есімі мәлім күйшілердің қай-қайсысы да небір әсем өрнекті күйлерін егес үстінде төгіп тастайтын болған. Күй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де намысы сынға түскен сәттер аз емес. Бұған қазақ пен түрікмен, қазақ пен қырғыз, қазақ пен қалмақ арасында болған күйшілер сайысы, соған орай туған толып жатқан күйлер куә. Дәулеткерей, Өскенбай сынды күйшілердің түрікмен күйшілерімен арада болған күй сайыстарында дүниеге келген небір сиқырлы саздары мен шежірелі аңыз-әңгімелері ұрпаққа мұра.

Күй айтыстары тек әсем сазды күйлерді ғана дүниеге әкеліп қоймайды, сол күйлердің қалай дүниеге келгенін баяндайтын тамаша аңыз-әңгімені де туындатып отырады.Мұндай аңыз-әңгімелер өзінің деректілігімен, ширыққан оқиғасымен ерекшеленеді. Әсіресе, айтыс барысында тың күйді төгіп тастайтын арқалы өнерпаздың шеберлік шалымы күй айтыстарына қатысты аңыз-әңгімелердің негізгі арқауы – болып отырады.

Өскенбай Қалмамбетұлы шығарған «Жаңылтпаш» күйінің аңыз-әңгімесінде тарихта болған адамдар, олардың арасындағы туысқандық, достық қарым-қатынастар, жер-су атаулары, ол жерлердің аңы мен құсы, адамдардың қарым-қатынасындағы этнографиялық көріністер, ең соңында күйшілердің арқалы өнері, міне осының бәрі де тарихи деректілігімен, ақпарлық мағлұматының молдығымен назар аударады. Түптеп келгенде, күй айтыстарына байланысты айтылатын аңыз-әңгімелердің өзекті бір ерекшелігі де осы болса керек.

Жалпы өнер жарысының, оның ішінде күй айтысының дәстүрге айналуы өнерпаздардың кемелдігін танытып қана қоймайды, ең мәндісі халықтың рухани мәдениетінің кемелдігіне де айғақ. Өнері бүкілхалықтық өмір салтқа ұласқан ел рухани бәсекені дәстүр етеді. Мұндай дәстүр әдетте мемлекеттік нұсқаудан ада, саяси науқаннан тыс, халықтың табиғи-рухани сұранысымен, шынайы демократиялық сипатта өтеді. Бұған күй айтысы жарқын айғақ бола алады.

Күй айтысының қазақ арасында ежелден орныққан екі түрлі үлгісі бар. Оның біріншісі – «қара тартыс», екіншісі – «түре тартыс» немесе «қайым тартыс» деп атайды. Қара тартысты таңдаушылар, әдетте, күйдің санын асырып жеңуді мақсат етеді. Ал, түре тартыстың шарты бойынша, бірінші адам тартқан күйді екінші бәсекелесі айнытпай қайталап тартып отыруы керек. Күй айтысының осы екінші үлгісі мейлінше қиын болғандықтан, кезекке таласып қалатын жағдай жиі кездесіп отырған. Кейбір күйшілер түре тартысты бастау құрметіне ие болса да, мінез көрсетіп, қарсыласынан күй тарту тәсілін жасыру үшін киіз үйдің іргесін түргізіп қойып, керегенің екі жағында айтысатын болған. Әрине, айтыстың бұл үлгісіне шын мәнінде өзіне -өзі сенген нағыз дәулескер күйшілер ғана тәуекел еткен. Соның өзінде, неше жерден дәулескер күйші болса да, тосын естіген қиын күйді бірден айнытпай қайталаудан мүдіріп, өзекті сарынын ғана іліп қалып, нобайын тартып беретін кездер болады. Мұндайда төреші болып отырған адамның алды кең болса «жетеді-жетеді, күйдің құлағы шықты, келесі күй тартылсын» деп отырады.

Сөз орайында «Күй айтысының үлгісі» деген тіркестің әдейі қолданылып отырғаны ескерте кеткен жөн. Ауызекі сөзде күй айтыстың қара тартыс және түре тартыс болып бөлінуін «күй айтысының түрлері» деп те айта беретіні белгілі. Алайда, «Күй айтысының түрлері» деген тіркестің басқа мағынада қолданылатыны төменде сөз болады.

Әдетте, күй айтысы алқалы жиында, ас берілгенде, ұлы дүбір тойда алдын-ала дайындалып келіп өтетін болса, төреші белгілейтін дәстүр бар. Сөз жоқ, төрешінің өзі де, күй тарта алатын, білікті адам болуы шарт. Мұндай күй айтысында алдымен күй тарту кезегі төрешіге беріледі. Мұны «бата тартыс» немесе «күй шақыру» деп атайды. Бата тартыс, біріншіден – төрешінің күй жайын білетін лайықты адам екенін танытса, екіншіден – күй айтысына түсетіндердің шабытын шақыру үшін қажет.

Күй тартып айтысу дәстүрі, күймен жауаптасу дәстүрі қазақ даласының барлық өңірінде болған. Күй аңыздарының дерегіне қарағанда, осынау тамаша өнер жарысының ертеден-ақ орныққан дәстүр екенін аңғаруға болады. Жалпы көшпелілер өмір салтында мәдениет өзінің біртектестігімен, біртұтастығымен ден қойдырады. Дегенмен, күй айтысын айрықша дәстүр еткен өңірлер назар аудармай қоймайды. Бұл орайда күй айтысы айрықша дамыған өңір ретінде Маңғыстау, Арқа алабын алдымен атауға болады. Бұл өңірлерде күйшілік өнердің сыналар тұсы да, нағыз күйдің дүниеге келер сәті де көбінесе намыс қозғар әрекет үстінде өтеді. Тіптен, тосын күй, сәтімен шыққан күй қоғамдық өмірдің күрделі мәселелеріне араласып, көбінесе оң шешімдердің кілті болып отырған. Сөзбен жібіте алмаған жүректі күймен жібіткен, күшпен қайтара алмаған ашуды күймен тоқтатқан, байлықтың кеудемсоқ арынын күймен басқан оқиғалардың небір мысалдары айтыс күйлерінің аңыздарында мол ұшырасады. Бұл ретте, тек айтыс күйлері ғана емес, жалпы күйшілік өнер бір ғана эстетикалық әсермен шектеліп қалмай, қоғамдық өмірдің реттеушісі ретінде де көрініс табатыны айрықша назар аударады.

Жоғарыда күй айтысының қара тартыс және түре тартыс деп бөлінетін үлгілерінің бар екені айтылды. Енді осы күй айтысының үлгілері біртұтас музыкалық дәстүр ретінде өз ішінде төрт түрге бөлінеді. Бірінші – күйшілердің алдын – ала құлақтасып, хабарласып сайланып келіп айтысатын түрі. Екінші – күйшілердің тосын кездесу сәтінде, ерегіс үстінде немесе даулы жағдайға тап болғанда дүниеге келетін күйлер. Үшінші – күйші куә болған оқиғаға арнап немесе бұрын өткен, бірақ ел есінен өшпей жүрген оқиғаға арнап күй шығарады. Ол оқиғаның желісі күй тілінде екі дай ерегіс, бәсеке түрінде баяндалып, одан әрі ширыға өрбіп, ақыры түйінді шешіммен аяқталады. Төртінші – күймен жауаптасу, сәлем айту, күйшілердің бір-біріне күй арнау дәстүрінде күй айтысының бір түріне жатқызуға болады.

Күй айтысының бірінші түріне сайланып келіп айтысатын күйшілердің өнері жатқызылады. Әдетте, мұндай күй айтыстардың өтетін мезгілі, мекені алдын-ала белгілі болып, тіптен айтысқа түсетін күйшілердің кімдермен өнер сынасатынын алдын-ала біле алады. Сондықтан да, айтысқа түсетін күйшілер де бір-бірінің қандай күй тартатынын, қандай бұрауға салатынын, күй тарту мәнері қалай екенін алдын-ала түрлі тәсілдермен білулеріне мүмкіндік болады. Әрине, күйшілердің бәрі бірдей көпшіл емес, олардың ішінде өз өнеріне ерекше қызғанышпен қарап, әркімнің алдында ашыла бермейтіндері де болған. Мәселен, Сайдалы Сары Тоқа өз күйлеріне мейлінше қызғанышпен қарап, әлдекімнің бұзып тартқанын естісе қатты ашуланатын болған. Өз күйлерін оңаша отырып тартуды ұнататын күйшілердің бірі Сүгір екені айтылады. Әрине, күй айтысына түсерде мұндай мінездегі күйшілерден сыр тарту, алдын-ала өнерпаздың қарамын болжау қиын. Мұндай жағдайда айтыс күйшілері бір-біріне түрлі кейіптегі жансыздарын жіберіп алдын-ала шолу жасасатын да дәстүр болған. Бір мысал келтіруге болады. Тарбағатай сілеміндегі Маңырақ тауының арасынан ағатын Терісайрық өзенінің бойындағы Қайрақбайдың Заманбегі деген дәулескер күйші 19 ғасырда ғұмыр кешкен. Руы-Найман. Бұл өңірде Қайрақбайдың Заманбегінің «Қайрақбай» деген күйі күні бүгінгі дейін тартылады.

Сол Заманбектің буынсыз күшілігіне, алыстан жеткен даңқына Керей Жұмажан деген күйші ынтық болады. Жұмажанның өзі де қаражаяу емес. Керей ішіне аты жайылған өнерпаз болса керек. Бірақ, келген-кеткеннен құлағы шалып қалатын небір сиқырлы саздың тегін сұраса, ылғй Заманбекке барып тіреле береді ғой.

Бір күні әбден төзімі таусылған Жұмажан ел ақтаған дуананың киімін киіп, мылқау адамның кейпіне тұсіп, Найман ішіне келеді. Содан елдің көзін үйретіп біраз жүрген соң, Заманбектің де үйіне жетеді. Бұл үйдің тобылғысын бұтап, суын әкеліп, біраз аялдайды. Ертелі-кеш Заманбек күй тартса болды, босағаға отыра кетіп, телміріп күй тыңдайды. Мұндайда Заманбек: «Қайтсін, тегін адам тіл ауыздан қала ма, ішінде бір шер бар ғой!» деп мүсіркеп, Жұмажанның көңілін аулау үшін одан сайын егіліп тартады. Осылайша Жұмажан сол үйдің есігінде жүріп, Заманбектің баойындағы өнерін көкірегіне түйіп алған ғой.

Кейін Найман мен Керей арасында өткен бір бәсекеде қос күйші кездесіп, өнер сынасқанда, Заманбек: «Япырай, біредің өзегін жарып шыққан перзентін екінші біреу жатсынбай бауырына салып, мәпелеп ұстай алады екен-ау!» деп, Жұмажанның күй тартысына тәнті болады. Мұнысы, Заманбектің күйін Жұмажанның шебер тартатынына сүсінгені ғой. Бір қызығы, күні бүгінге дейін, Найман арасында Заманбектің «Қайрақбай» деп тартылатын күйі Керейлер арасында Жұмажанның «Арманда» деген күйі болып тартылады.

Осы орайда көшпелілер үшін өнердің жеке адамға атақ-даңқ әкелуі басты мұрат емес, өнердің әрі таймай халық көңілінен шығуы, халыққа қызмет етуі негізгі мақсат екені аңғарылды. Көшпелілер қоғамының демократияшыл болмысымен үндес бұл да бір ерекше құбылыс. Біртуар дарындарының өз өнеріне қатысты авторлық абырой-атақ туралы эгойстік пендешіліктен ада болуы, жалпы шығармашылық психология туралы арнайы зерттеуге болатын жайт. Мұны өнердің мифтік немесі діни мүддеден арыла қоймауынан деп шолақ қайыра салуға ешқандай негіз жоқ. Бәлкім ұжымдасып-ұруласып қана күн көре алатын көшпелілер үшін өнердің қоғамдық өмірді реттеп отыруда белсенді ролінің болғанына ден қою керек шығар.

Алдын-ала сайланып өткзілетін күй айтысы әдетте ірі жәрмеңкелерде, күні бұрын сауын айтып берілетін астарда, салтанатты жиындарда, той-думан, бас қосуларда өткізілетін болған. Қырғыздың белгілі манабы Шәбденнің асына қазақтың жеті уезінен адамдар қатысқан. Соның ішінде Ақмола уезінің адамдарын әйгілі күйші әрі болыс Тоқа Шоңманұлы бастап келсе керек. Осы аста бірнеше жұп күй айтысы болып, Сайдалы Сары Тоқа қырғыздың Ыбырай Тұманұлы және Қарамолда Оразұлы деген «жас пері» атанған қос күйшісімен айтысқа түскен. Тоқа өле-өлгенше осы күй айтыстарын еске алып: «Ыбырай да, Қарамолда да түпсіз терең күйшілер екен. Қырғыздың әрідегі Арыстанбек, Қайду, Абақ сияқты күйшілерінен бастап, берідегі Мұраталы, Тоқтағұл, Ниязалы, Айдарлы сияқты күйшілердің мұрасын таңды-таңға ұрып тартады екен. Қара тартыстан күйдің түбі көрінбейтін болған соң, жұртшылық кеу-кеулеп, бізді түре тартысқа салды. Әлі есімнен кетпейді, Ыбырайдың «Қамбархан», «Бата», «Тертолғау» деген, Қарамолданың «Қамкейдің арманы» деген күйлері кісінің буынына түсетін асыл өнер еді-ау! Қырғыз ағайынның көңілі көлдей, мейірімі таудай халық қой , менің жасымның үлкендігін сыйлап, түре тартыста кезекті маған беріп отырды. Намыс деген қиын ғой, біраз теріс бұрауға салып тартқан күйлерім жанымды алып қалды» – деп отырады екен.

Қырғыз өнерпаздарымен әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы да талай рет күй айтысына түскен. Сондай-ақ Жамбыл мен Мұраталының күй айтысы да ел есінде күні бүгінге дейін сақталған.

Алдын-ала сайланып өткізген күй айтысының небір қызықты үлгілері Маңғыстау өңірінде өткен. Күй өнерін бұл өңірде мейілінше қадір тұтатыны соншалық, күй қоғам өмірінің үлкенді – кішілі мың сан жағдайына араласып, талай-талай кісілікті шешімдердің кілті болып отырған. Абыл, Боғда Қоңыр сияқты дәулескер күйшілердің қанатты өнерінің дүниеге келеп ортасы үнемі додалы айтыс үсті, тосын сын сәті болып отыратынын көреміз. Мұның жарқын үлгісі сияқты «Үш ананың айтысы» атты күй сайысы күні бүгінге дейін Маңғыстау өңірінде мәлім. Бұл айтысқа Әлімнен Тоғызбай, Табыннан Наушағыз, Бойұлынан Еспай сияқты күйшілер сайланып келіп қатысқан. Күй айтысының аса қызу тартысты өткені сондай, нәтижесінде «Шиелеме-шегелеме», «Терісқақпай», сияқты тамаша күйлер дүниеге келіп ұрпақтың рухани игілігіне айналған.

Сайланып келіп өткізетін күй айтысының бір ерекшелігі, мұнда бір-бір қайырым күй тартумен тынбайды.

Күй айтысының екінші бір түрі күйшілер тосын жағдайға атп болғанда, немесе намыс қазғар ерегіс үстінде туатыны айтылады. Көшпелі өмір салтта туыстық қарым-қатынастың бүкіл этносты біріктіріп ұстауы, жеті атадан арғы буынмен ғана қыз алысып, қыз берісуі кеңістік аясында ұдайы қозғалыста жүруі, көрші мен көршінің, ауыл мен ауылдың, ру мен рудың ұдайы қарым қатынаста болуын қамтамасыз еткен. Мұның өзі, алуантүрлі салт-дәстүрдің қалыптасуына, моральдік-этикалық қалыптардың орнығуына себепші болған. Күйшілердің күтпеген жағдайда күй айтысына түсуі қаншалықты тосын болғанымен халықтық дәстүр аясынан, кісілік жолынан әсте шықпайды. Сондықтан да күйшінің өнері көп жағдайда тығырықтан шығудың кілті болып отырады.

Тосын жағдайда күйді араға салу, күймен іс түйінін шешу, күймен түсінісу халық күйлерінің де, халық композиторлары күйлерінің де аңыздарында мол ұшырасады. Мәселен қазақ пен қалмақ арасындағы қан төгілер қақтығыстың түйінін қос күйшінің айтысымен шешетін «Қазақ пен қалмақтың күйі», қонақ жігіт өзі түскен үйдегі бойжеткен қыздың балағындағы жыртықты күймен сынаймын деп, ол қыздың өнерпаздығын білмей қарымта күйден тосылатын «Қағытпа» күйі сияқты халық күйлері тосын жағдайда күйшілердің шарпысуынан шығып отырған. Тосын жағдайда күй айтысына түсу немесе сырын білмейтін бейтаныс өнерпазбен күй тілінде жауаптасып қалу жағдайы халықтың күйші-композиторларының бәріне тән десе де болады. Тәттімбеттің күйші қызбен тосын айтысында етігін шешіп тастап, домбыраны башпайымен қағатыны, дәл осындай жағдайда Тоқаның домбыра пернесін бәкімен сыр еткізіп қиып тастап, пернесіз тартатыны Өскембайдың түркімен өнерпаздарымен өнер сайысы сияқты мысалдарды молынан кездестіреміз.

Осы сияқты тосын жағдайдағы күй айтысының әдемі үлгісі Адайдан шыққан әйгілі домбырашы Құлшардың басынан өткен. Күйші жолаушылап келе жатып ат басын бұрған үйдің қызы да, шешесі де асқан домбырашы болып кезіккен ғой. Алғашқыда «Күй дегенде күй таңдаймыз» деп менменсіп домбыра шерткен Құлшар, кешікпей-ақ қыз бен оның шешесінің қақпақылына түсіп, қатты сасады. Себебі, қыз бен оның шешесі бір-бірінен асқан домбырашыдар болса керек. Осынау тосын оқиғаның айғағаындай болып, бүгінгі күнімізге «Қыз қамаған», «Сық-сақ» сияқты тамаша күйлер жеткен.

Тосын жағдайда өтетін күй айтысының негізгі бір ерекшелігіне айрықша назар аударған жөн. Ол – осынау өнер жарысында туған күйлердің ел ішіне бір күйшінің мұрасы ретінде тарап отыратыны. Мұның мәнісі, күйші өз басынан өткен оқиғаға байланысты тартылатын күйлерді өзінің толықтырып, өңдеп тартуы да мүмкін. Мәселен, жаңағы Құлшардың басынан өткен оқиға бойынша оның өз жанынан шығарып тартқан күйі «Қыз қамаған» ғана. Ал, «Кербез Керік», «Ат жортақ», «Кебіс қалған», «Сық-сақ» сияқты күйлерді қыз бен оның шешесі шығарған болып баядалады. Осыған қарамастан бұл күйлердің бәрі де ел ішінде Құлшардың төл күйлері ретінде тартылады. Яғни, әр түрлі тосын жағдайда өткен күй айтыстарында тартылған күйлер, әдетте, бір күйшінің мұрасы ретінде танылады. Мұның негізгі себебі, күйші тосын оқиғаның кейіпкері ғана емес немесе тартушысы ғана емес, ең бастысы сол оқиғалы күйлерді ұштап, толықтырып шығарушы да болып табылады. Осы орайда, көшпелілер өнерінің тек өнер ретінде ғана тумайтыны, міндетті түрде нақтылы өмірдің айғағы, шежіресі әрі реттеушісі ретінде дүниеге келіп, өмір сүретіні тағы да айқын аңғарылады. Қазақтың дәстүрлі өнерінің төл сипатын даралап көрсететін тамаша қасиеті осы болса керек. Енді, күй айтысының үшінші түрін тарата сөз етіп көрейік. Күй айтысының бұл түріне күйшінің өзі куә болған немесе бұрын өткен, бірақ ел есінен өшпей жүрген оқиғаға арнап шығарған күйлер жататыны аталып өтті.

Егер күй айтысы дегеннің өзі күй тіліндегі диалог екенін мойындасақ, онда белгілі бір түйінді оқиғаға байланысты кезектесе тартылған күйлерді де күй айтысына жатқызуға болады. Рас, бір ғана күйшінің белгілі бір оқиғаға арнап шығарған күйлерін көлденең тарта отырып, мұны айтыс күйі емес, арнау күйі деп қарастыруға да болар еді. Алайда, күй жанрының бірде-бірі белгілі бір өмір құбылысына немесе белгілі бір адамға арналмай дүниеге келмейтіні аян. Бұл ретте, қазақ күйлерінің бәрін де арнау күйлері деп қарастыруға болады. Мұның өзі түптеп келгенде, күй жанрының ғана ерекшелігі емес, жалпы көшпелілер өнерінің себепсіз дүниеге келмейтін, міндетті түрде өмірмен шендесіп жататын қасиетін танытатын құбылыс. Сондықтан күй жанрының арну түрінде дүниеге келуін оның жалпы типалогиялық қасиеті ретінде қаперде ұстай отырып, соның ішінде арнау айтыстарды күй айтысының қызықты бір түрі ретінде қарастырған жөн.

Белгілі бір оқиғаға арналған күй айтыстары да қазақ күйлерінің ішінде мол ұшырасады. Мәселен, «Кәрібоз бен Салторы» деген халық күйі бар. Мұндағы Кәрібоз бір кездегі алдыңғы қара салмаған жүйрік ат. Ал, Салторы болса кейін көне бастаған сәйгүлік. Күйші кәрі жүйрік пен жас жүйрікті оқиға кейіпкері етіп алуының өзінен-ақ бәсекелік жағдай бірден назар аударады. Күй тілінде осы екеуінің қатар бәйгеге түсуі баяндалады. Кейіпкер екеу болғандықтан, ол екеуі бәсекеге түскендіктен күй өзінен-өзі диалог айтыс түрінде тартылады. Тіптен, ел ішінде «Кәрібоз» бір бөлек күй болып, «Салторы» бір бөлек күй болып тартылатын да дәстүр бар. Бұл екі күйді аңыз ғана біріктіріп қоймайды, күйдің драмалық бітімі, әуендік шиеленісі, сөз жоқ, айтыс күйі екенін айқын аңғартады. Рас, мұндағы айтыс оқиға түрінде, яғни күй аңызы түрінде алдымен назар аударады. Алайда, кеүйді тыңдағанда аңыздан гөрі әуеннің тәжікесі басым екенін аңғару қиын емес.

Белгілі оқиғаға арналған күй айтысындағы күйлердің жеке-жеке, дербес күйлер болып келуі шарт емес. Айтыс, диалог белгілері бір күйдің ішінде болуы да мүмкін. Әйгілі Қазанғап Тілепбергенұлының шәкірті Қыдыралі Есжанов деген күйші болған. Сол Қыдыралы да «Күндестің күйі» деген күй бар. Бұл күй бастан аяқ бай мен бәбішесінің тәжіке диалогына құрылған. Әрине, күйдің аңызы ғана емес сол аңыз сөздерінің буын ырғағына бағынған әуендік диалогы да тыңдаушыға айтыс күйлерінің бір қызық үлгісіндей әсер береді.

Айтыс күйлерінің соңғы, төртінші түріне күйшілердің күймен жауаптасуы, күймен сәлем жолдасулары, күймен танысулары, бір- біріне күй сыйлауы, күй арнауы жатады. Күй айтысының бұл түрін саралап тану үшін Құрманғазы мен Дәулеткерей арасындағы кездесулерді еске түсіруге болады. Құрманғазы алғаш істі болып сауға сұрау үшін Дәулеткерейді арнайы іздеп келген. Қос күйші де бірін-бірі ең алдымен өнерде өрістес болғаны үшін қадір тұтса керек. Екеуі де көңілдеге айтар ой, шағар мұңын күй тілінде сөйлеткен. Бір жағы төрелігі бар, бір жағы үй иесі болған соң, алдымен домбыраны Дәулеткерей ұстап бір күй тартады. Бұрын естімеген әсем сазға Құрманғазы елең етіп, «Бұл не күй» дегенде, Дәулеткерей күйдің атын «Бұлбұл» дейді. Іле домбыраны Құрманғазы алып, ол да «Бұлбұл» деген атпен бір күй тартады. Сонда Құрманғазының құдірет өнеріне тәнті болған Дәулеткерей: «Жоқ, бұл жай ғана бұлбұл емес, бұлбұлдың құрғыры екен» депті. Осылайша екі ұлы күйші бір-біріне өлмес өнер мен белгі қалдырған. Құрманғазы күйінің «Бұлбұлдың құрғыры» деп тартылуы осы Дәулеткерейдің бір ауыз сөзіне сүйсіну сөзімен байланысты болса керек.

Дәл осы сияқты Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі мен Тәттімбеттің әйгілі «Көкейкесті» күйі де екі ұлы күйшінің бір-біріне арнаған күйлері деген аңыз бар. Әрине , өмір бірыңғай күнгей болып тұрмайды. Өмір болған соң әртүрлі жағдай өтіп жатады. Күй айтысының жауаптасуы, арнау түрлері сол түрлі жағдайда дүниеге келіп отырған. Жетісу, Шығыс Қазақстан өңірінде есімі кең тараған күйші Қожеке Назарұлының «Жиреншенің Қарашашты жоқтауы» деп аталатын екі күйі бар. Аты айтып тұрғандай, бұл күйлерден белгілі бір жағдайға орай жауаптасуды аңғаруға болады. Яғни, күй айтысы демесек те, күй – диалог екені, қос күйді қатар тыңдаса ғана толық эстетикалық-деректік әсерінің болатыны аңғарылып тұр.

Күй айтысында күймен жауаптасу, күймен сәлем айту түрі де ел ішіне кең тараған дәстүр. «Кербез қыз» және «Сал жігіт» дейтін халық күйлерінде алдымен жұртты менсінбеген кербез қыздың мінезі суреттелсе кейін отырыңқырап қалған сол кербез қызға сал жігіттің базына сәлемі күй тілінде жетеді. Әрине күй тілін кербез қыз түсініп бір кездегі астамшылдығын мойындап мұңаяды.

Міне, бұл сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Соның қай-қайсысында да ұдайы қатар өрілетін екі тінді оқиға немесе қатар көрінетін қос тағдыр, қос тұлға күйдің оқиғасы мен әуенінің негізгі өзегі болып отырады. Мұның қай-қайсысы да күй айтыстарының оқшау бір саласына тән қасиеттер ретінде ден қойғызады.

Айтыс күйлерінің музыкалық бітім болмысы сол күйдің аңызын айту барысында кеңірек ашылып, тыңдаушыны эстетикалық-эмоциялық терең сезімгебөлейді. Сондықтан да, қазақтың дәстүрлі талғамы бойынша оның айтыс күйімен аңыз әңгімесі бір бөлек, бір тұтас эстетикалық құбылыс ретінде бірге орындалып отырған. Былайша айтқанда, айтыс күйі бір бөлек, оның аңыз әңгімесі бір бөлек тартылмаған да, айтылмаған да. Егер бөлек-бөлек тартылып айтылатын болса, онда көркемдік – эстетикалық әсер қуаты да жартыкеш болып отырған. Күй мен күй аңызы арасындағы дәстүрлі байланыстың бір парасын осылайша байқауға болады.

Лирикалық әндер. Қазақ халқының терең сүйіспеншілік сезімге құрылған лиикалық әндері өзінің көркемдік келбеті, әуездік құрылысы мен жырлаған тақырыбы жағынан аса қомақты. Олардың арғы дәуірлерден келе жатқан үлгілері де жоқ емес. Мұндай әндердің әуен-сазы әдетте қысқа. Соған орай өлең шумағы да ықшам, қос жолдық болып отырады. Сонымен қатар қара өлең өлшеуіне құрылған үлгілері де баршылық.

Лирикалық әндердің басты ерекшелігі, оның адамның жеке басына байланысты сүйіспеншілік сезімге негізделуі дер едік. Сол себепті олардың туған кезеңін дөп басып айту қиын. Әннің мазмұны бірде ашық та айқын, енді бірде астарлы ойға құрылады.

Япур-ай.

Жас болса жарқыраған көлдің беті,

Көгеріп толқындайды, япур-ай, алыс шеті.

Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын,

Шайқайды жас балдай, япур-ай, желдің лебі, – деп басталатын ән жайма шуақ жаз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын аса бір нәзік сезіммен жырласа:

Алтын бу ақ көбіктің бетін жабар,

Судан бу көкке төніп, япур-ай, маржан тағар.

Есіме ақ еркемді алған кезде,

Ақ маржан жылт-жылт етіп, япур-ай, жерге тамар, – деген келесі шумағында сол сезім табиғат аясынан шығып, сүйген жанның ішкі жан-күйін, толғанысын білдіреді. Ән бастан-ақ біркелкі созылмалы түрде орындалады. Алғаш оның әсерлі әуені жоғары шарықтап, соңынан төмен түсіп, баяулап барып аяқталады. Бұл төменгі дыбыстың тұрақтылығына негізделген халық сазы. Әннің осындай лирикалық мазмұнына сай оның әуен-сазы да барынша көркем, әсем әрі сырлы. Ол өлеңнің әр жолының ой-мазмұнымен тығыз байланыста көрінеді. Халық әндерінің көне үлгілері сияқты «Япур-ай» сазы да ықшам, өлеңнің әрбір қос жолы сайын оның әуені қайталанып отырады. Алғаш баяу басталатын ән әуені бірте-бірте көтеріледі де, ұзамай қайта басылып, алғашқы сезім күйіне оралады. Әннің осы қарапайым құрылысы оның ел арасына кең таралуына себеп болған сияқты.

Сусамыр – елдің жайлауы. Бұл соңғы жылдары ел арасына көңінен тарап жүрген әндердің бірі. Соған қарамастан әннің лирикалық әуен-сазы мен сөз саптауы оның нағыз халық туындысы екенін байқатады.

Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,

Сала берме көзіңді әр жақсыға.

Сусамыр бар ма байлауы, – деген жерде әннің негізгі шумағы да, қайырмасы да екі жолдан құралып тұр. Бірі –11, екіншісі – 8 буындық өлшеммен берілген. Қайырмасы ықшам, тұрақты.

Әннің әуені мен мазмұны да назар аударады. Бұл әдеттегідей кең тынысты саздардың бірі емес. Мұнда халықтың көшпелі тұрмысына, оның көркем ойлау жүйесіне тән бірқатар белгілер бар. Ән жастарды әсем сезімге бөлей отырып, орныққан ел дәстүрінен, әдептен озбауға үндейді. Оның астарында ер жігіт қандай болу керек, сұлу қызға не жарасқан деген тәрбиелік мәні бар ұғымдар жатқаннын аңғарамыз. Мұның өзі халықтық тәлім-тәрбиенің ән өнеріндегі көрінісі болуға тиіс. Әннің халық атынан айтылуының бір сыры осында.

Соңғы кездері жиі айтылып, ел арасына кең тараған әндердің бірі – «Қоғалы-ай». Бұл жері шұрайлы, шөбі шүйгін, малға жайлы қонысты, қазақ халқының белгілі бір таррихы кезеңіндегі тыныс-тіршілігін суреттейтінән.

Әуені созылмалы, қайырмасы сазды, әсерлі.

Боз беткейлі, ендеше, боз беткейлі,

Боз беткейден, ендеше, мал кетпейді.

Шөбі жұмсақ, шаруаға жері шүйгін,

Бағаналы Мансарға жер жетпейді, - деп басталатын әннің өлең кестесі шалыс ұйқасқа құрылған қазақтың қара өлең үлгісін еске салады. Әрбір екі жолдан соң қайталанатын «қоғалы-ай, қоңыр салқын-ай малға жай» деген жолдар әнді толық аяқтап отырады. Мұны халық әндеріне тән көркемдік тәсілдердің бірі деп ұғынғанымыз жөн. «Қоғалы-ай» әнінің осы сипаты оны ғасырлар қойнауынан біздің дәуірімізге дейін жеткізіп отыр.

 

3.1 Жыраулардың шығармаларындағы потриоттық жігердің өнермен берілуі

 

Халықтық педагогикаға тәрбие жөніндегі халыктың білім-тәрбиесі, халық педагогикасының зерттеу негізіне халық ауыз эдебиетінің шыгармалары, этнографиялық материалдары, халыктық тәрбие дәстүрлері, халыктық ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері т.б. жатады. Халыктық педагогика ауызша тарайды. Халықтық педагогика іліміндегі ұлттардың санасындағы қалыптасқан салт-дәстүрлер этнопедагогика нысанында қоғам сұранысына орай өзгерістерге ұшырауы басты заңдылық болып табылады.

Халықтық педагогиканың, ата-бабаларымыздың бай мұрасын зерттеу, бізге жеткен салт-дәстүрлерді, тұтас өнегелерді оқыту-үйрету үрдісінде пәнаралық байланыстарды, көпшілік орындарында өткізілетін қоғамдық, әдеби және мәдени, мемлекеттің және кәсіби мерекелер, жәрменкелер, кәсіби және басқа әртүрлі тақырыптағы акциялар, аукциондар сияқты ic-шараларды қазіргі заманға сай мазмұндап ұйымдастыру адамзат құндылығы деңгейінде білім алып және тәрбиеленуге қол жеткізеді.

Халықтық педагогиканың негізі халықтық тәлім-тәрбие мұрасы тұрғысында құрылады. Халықтық педагогиканың негізгi мақсаты – ұлттық сана-сезімі мол, рухани деңгейі биік, іскер, еңбекқор, иманды, табиғи әдепті адам тәрбиелеу.

Тәрбиенің халықтық негіздемесі күрделі үрдіс, оньң басты амалдарын ғасырлар бойы жинақталған халықтық өміртану қағидалары мен тәжірибелерінен туындайтын дәстүр-дағдылар және әдістерден іздестіру анағұрлым тиімді. Жеке тұлғаның ақыл-ойын, дүниетанымын жетілдіруге беиімдейтін халықтық педагогиканың негізгi нысандарын қазіргі заманғы оқыту-тәрбиелеу қызметіне енгізудің нәтижесінде оқу мен тәрбие жұмысының күн-делікті аса маңызды міндеттерін қамтитын ақыл-ой, адамгершілік, қоршаған ортаны қамқорлыққа алу (жерді, суды, ауаны ластандырудан қоргау, аумақтың экологиялық ахуалын тұрақтандыру), физиологиялық және еңбек сүйгіштік сияқты әртүрлі аспектілердің адамдар санасына орнығу үрдістері жүзеге асырылады.

Адамның көру, тану және оны ойлау-түйіндеу арқылы дүниетанымы қалыптасады. Табиғат адамның мәдениетін жетілдірудің қайнар бұлағы. Табиғатты сезінудің, онымен кауышудың нәтижесінде мәдениеттің нақты нышандары айқындалады. Мәдениет – адамның қалыптасуының және шығармашылығының жетілу шыңы. Мәдениеті жоғары болмаса адамның адамзат құндылығын иеленуіне мумкіндігі жоқ. Қоғамдағы біліктілік адамзат жаратылысындағы аса бай білім мен тәрбиені меңгере бiлуді қажет етеді. Еңбек, тұрмыс, сондай-ақ, бepiк сақталған адамдардың арасындағы дәстүрлі қарым-қатынастар жоғары мәдениетке және адамзат құндылықтарынан тыс қалмауға бейімдейді және оларды жан-жақты меңгеруге жеткізеді. Бұл үрдістердің бәpi жоғары оқу орындарында және жалпы қогамда білімдендірудің стандартына сай дифференцияланған модельдердің жасалуы нәтижесінде icкe асады.

Этнопедагогика ұғымы халықтық педагогика ұғымының мәнін ашпайды. Этнос үлкен халықтың арасындағы ұлт өкілдерінде мұндай ұлт өкілдерінде қалыптасқан педагогикалық талаптар жан-жақты қарастырылмайды. Этнопедагогика халықтық педагогиканың құрамдас бөліктерінің бipi болып табылады.

Этнопедагогика – балаларды, этикалық топтарды тәрбиелеу мен білім берудің отбасы, ру, тайпа, ұлт пен ұлыстардьң моральдық-этникалық және эстетикалық құндылықтарының ежелден жинақталуы – эмпирикалық тәжірибесі жайлы ғылым. Ұлттар мен ұлыстардың өмip сүру дәстүрлері мен салт, әдет-ғұрып, ырым-жоралғыларының қазақ халқында бәріне бірдей санасында тұрақталып қалған тәлім-тәрбиесі. Халықтық педагогика іліміндегі ұлттардың санасындағы қалыптасқан салт-дәстүрлер этнопедагогика нысанында қоғам сұранымына орай өзгерістерге ұшырауы басты заңдылық.

Этнопедагогика – тұлғаның заңдылық сипаты бар әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының құндылық жақтарын үйретуге, ұлттық тәрбие ісіндегі жетістіктерін нақты жағдайда пайдалануға үйрететін көп салалы білімдердің ғылыми нeгiзi.

 

 

 

Жеке тұлғаны қалыптастыратын және оны қоғамға бейімдейтін халық бұқарасының көзқарастары мен салт-дәстүрлері. Ауыз әдебиетінде, салтында, балалар ойынында сақталып келген халықтың тәрбие жөніндегі тәжірибелері, халықтық эмпирикалық білімдер саласы болып табылады.

Этнопедагогика мазмұны халықтық педагогика нысанының материалдарын жинақтау, талдау, жуйелеу: тәрбие туралы халықтық білім, халық даналығы, діни iлім ертегілер, аңыздар, жырлар, (жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар, ойыншықтар, тұрмыстық жағдаяттар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ырымдар) педагогикалық жеке ой-пікірлер, тұжырымдар, түіндерден тұрады. Этнопедагогика мазмұны бірнеше бағыттарды оқытып үйретеді: негізгі халықтық педагогикалық ұғымдар (адамның объектісі және cyбьeктici (өзінен туған балалар, өзінен тумағандар, орта), өзара қарым-қатынас үрдісінде жеке тұлғаның дамуы; тәрбиені ұйымдастыруы (мерекеге және еңбекке катысты бірлестіктер), тәрбие функциясы (еңбекке даярлық, адамның мінез-құлқын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту, денсаулығын қорғау т.б. ), тәрбие факторлары (табиғатпен қарым-қатынас, ойын, дәстүр, дін, ic, өнер, мысал, мұрат), тәрбие әдістер: (сендіру, үлгі-өнеге, бұйрық, жаттығулар, түсініктемелер, үйренү, тілек-бата, қорғау, ант, мұқату, парыз-уағыз, жазалау), тәрбие құралдары (әлпештеу, күлдіргі ойындар, санамақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер, эпостар, аңыздар, мифтік ұғымдар т.б.).

Жіктемемен берілген этнопедагогика мазмұны бүгінгі оқыту және тәрбиелеу үрдісіне де жат емес. Kepicіншe, жасампаздық қабілетке бастау жол этнопедагогика мазмұны болмақ.

Этнопедагогика – саясаттан тыс ғылым. Әpбip халықтың өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, олараға тән ортақ тәрбие арқылы білім мен ғылымға шығар харекеттік мән бар. Олар: тәрбиенің адам тағдырының құтты, бақытты, дәулетті, білімді болуына бағдарлануы; табиғатты cүюi, өзінің шұғылданатын кәciбiн және даналықты қадірлеуі; ұлттық құндылықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуі этнопедагогиканың ғаламдасуы; әр тәрбиеленушінің еркіндігі, дербестігі, жеке тұлғаға бағытталуы. Халықтың педагогиканың ең негізгі және басты мәні кішінің үлкеің сыйлау, үлкеннің ұлағат беру, жатты жатсынбай, жолаушыға құрметпен қарау, еңбекшілдікке, адамгершілікке, шындық пен әдiлдiккe тәрбиелеуінде; аруақты сыйлау негізінде туған жерін, қонысын қастерлеп, елі мен жерін көздің қарашығындай қорғай білуге үйретуінде.

Әр ұлттың, халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Отырықшылар және көшпенділер немесе осы екеуін қатарынан басынан өткеретін халықтар да кездеседі. Әу бастан «Ұлт», «халық» деген мәртебеге ие болғанға дейін олардың сана-сезімдерінің сәбилік дәуірден бipтe-бipтe есею үрдістері болып отырады. Сол себепті сонау ықылым заманнан отқа, суға, жерге табыну дағдысы бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Адам баласының таным деңгейі бірден өркениеттікке жетпегені тарихи деректемелерден белгілі. Осындай ic-әрекет шегіне қатысты әр ұлттың әнұраны, елтаңбасы қалыптасып, қоғамдық формациялар өзгеріске ұшырағанда олардың сапасы да басқаға ауысады. Бірақ; Heгізгі улттык сипаттағы ежелден қалыптасып келген дәстүрлер жалғасын тауып отырады. Мәселен, Күннің нұры, пырақтың қанаты (елтаңба), тудың көгілдірлігі, күннің нұры мен шаңырақтың үндестігі де сонау заманнан бергі дәстүрдегі нысандар болып келеді. Ұлттың танымдық деңгейі - оның ұлттық психологиясын қалыптастыруға бірден-бір себепші. Халыктық педагогиканың арнасы кең. Барлық ғасырлар бойы бүгінгi күнге дейін ешпей келген салт, дәстүр, ырымдар мен жоралғы, ғұрыптардың барлығын ғылыми негіздемеге салғанда, ол өзінің ауқымын ықшамдайтын дәрежеде болады. Сөйтіп, халық педагогикасының нысанында этнопедагогика ілімі туады. Дүниетанымдық пайым алдымен өмip сүру тәжipибeciндe сыннан өту арқылы сараланып отырады.

Педагогикалық мәдениет халықтар арасында өмірге қатысты болып кeлeдi. Yлкeндi сыйлау, Kішіге құрмет, iзeт көрсету. өзінен дәрежесі жоғары адамдармен санасу, оларға тағзым жасау. Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің екі түрлі болуы және т.б. атап өткен орынды. Этнопедагогика халықтық педагогиканың сабақтастық қағидасынан сараланған деп түйін жасауға негіз бар.

Халықтық тәрбие туралы жинақталған ой-тұжырымы, халықтық мұрат деңгейінде кемелденген адам туралы А. Құнанбаевтың ғылыми пайымдарына сүйенеміз.

Ғасырдан-ғасырға жинақталған халықтық мүдде-мұрат тәрбиенің жалпы міндеті арқылы кәмалаттық тәрбие беру көзделді. Оған адамгершілік мұраты және адам бойындағы езіне қажетті саналы күш-қуатын тәрбие мен бейімділікке жүгіндіре алу урдісі жатады. Ол адамнын қарапайым педагогикалық ic-әрекеттен күрделі харакеттерге ынталануы. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай өзгерістері-еңбек сипатында, тәрбиесінің мақсатында күрделендіру өзін-өзі білуге үйретеді. Кемелденген тұлға өзінің ic-әрекетін, еңбегін күрделендіріп, дамытады. Оның еңбек құралдарын жасаудағы эстетикалық талғамы тұрақтанады. Адамның тұлғалық болмысына байланысты жетілдіру ұғымының өзгеруі, халықтың әртүрлі болмысына орай мұраттардың түрленуі халық ауыз әдебиетінде баяндалған. Мысалы, түркі жұртында ақыл-ой, туысқа деген қамқорлық, еңбеққорлық, кеңжүректілік, қайырымдылық, ата-бабалар дәстүр құрметтеледі. Орыс халқында сұлұлық, ақыл-ой, батырлық, батылдық, денсаулық және барлық халыққа тән мәртебелі қасиеттер; басқа ұлттар арасындағы ұлттық намысы, ата-баба өсиеттеріне бас ию, Отан алдындағы парыз дәстүрі берік сақталып келеді. Парасат, еңбек, табандылық, төзімділік, шыдамдылық қасиеттері арқылы бақытты, қутты, дәулетті болуға ықыластану – барлық халықтар өмip тануының өзегі. Кемелденген адам тәрбиесінің жолдары: нәрестенің өмipгe келуіне қатысты жақсы ой, тілек жырлары; болашақ өмip кілті жас нәрестенің атын таңдау; ұлағатты, озықтық отбасыларымен туыстасуға ниеттену; сөзбен істің қабысуы, оның бірлігі. Тәрбие факторының ақиқаты – табиғат. Табиғатпен үндестік. Табиғаттағы сұлулықты пip тұту; байқағыштық; жалпыадамзаттық мұраттар: тұрмыстық жырлар, той-думандар, ұлттық спорттық жарыстар, айтыс, бәйге, қыз қуу, алтыбақан, ақсүйек т.б. адамның рухын кетерер қозғаушы күш ретінде дамыған. Этнопедагогика – жалпыадамзаттық ізгілікi дарытушы ілім, сондықтан оның кемелді адам факторын шешуге мүмкіндігі мол.

Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер – философиялық ой-түйндер. Мақалдар – өлең өрнегімен, әндерді ырғақпен нeгiзгі ойды айшықтайтын түйін. Мақалдың құрамы: 1) пайымдау (айтатын ойдың түп негізі); 2) ой қорытындысы. Мақалдардың eкi мағынасы: тура және ауыспалы. Мақалдардың кейбір сыңарлары нұсқалы сөз қанатын ауыстыруы. «өлең сездің патшасы», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» т.б. Мақалдың екінші сыңарының мәтелге айналу заңдылығы. Мақал-мәтелдердің адам өмірінe үлгі-өнеге құралы ретінде пайдаланылуы. Мақал-мәтелдердің тақырыптарының салалық жіктемесі (елдік, ынтымақтастық және т.б.). Мақал-мәтелдердің болашақ жастар тәрбиесінде бүгінгi күнге дейін құнын жоймай келуі оның тәрбиелік мәнділігінде. Мақал-мәтелдердің балаларды тұлғалыққа бағдарлауы (адамгершілік, шыншылдық, мейірімділік, қайырымдылық, ризашылық, ақыл-ой толысуы т.б.) дамуына түрткі болып келеді. Нақты бip зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту. Баланы ойланту оның танымдық, білімдік, тағылымдық ұғымдары мен түсіністерін ой-қиял елегінен өткізу, тұжырым жасап, шешімге келу тапқырлығы мен Дүниетанымдық дәрежесін байқау құралы – жұмбақ. Қоғам өзгерісіне қарай жұмбақтардың мағынасы өзгеріп отырады.

Баланың тілін ширатуға, дыбысжасам (дыбысталуға қатысты ұғым) мүшелерінің дұрыс қалыптасуына қызмет ететін құрал – жаңылтпаштар. Tiл мүкісінен сақтандыратын, мүдірмей сөйлеу дағдысын қалыптастыратын. жаңылмай, кідіріс жасамай ойын толық жеткізетін, сөз қадірін білу ceзімін тәрбиелейтін, қиялын дамытатын ой - өрнегінің жинағы.

Халықтық педагогикадағы жырлар – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі. Халық педагогикасындағы жырлардың өзi – адамзатты туған күннен бастап өмірінің соңына дейін қамтитын тағылымдық, тәрбиелік құрал. Оның кұрамдары: бесік жыры, тұсау кесер, санамақ, мазақтама, тақпақ, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, беташар, шілдехана, наурыз, бата-тілек. Аталған құрамдар – халық педагогикасының саласы.

Халықтық педагогикадағы бала тәрбиесіндегі құралдардың бipi – epтeгi. Тұрмыс салтқа қатысты ертегілер: Ойсыл қара (туйенің иeci), Қамбар ата (жылқы иесі), Зеңгі баба (сиыр, кара мал иeci), Шопан ата (қой иeci) - Сек-Сек ата (eшкi иeci). Хайуанаттар туралы ертегілер: Ақ қасқыр; қиял-ғажайып ертегілер: Ұшқыш кілем, зымыран. Батырлық туралы ертегілер: Күн астындағы Күнекей қыз, Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай және т.б. аңыз ертегілер: Алдар Көсе, Жиренше, Қожанасыр. Ертегілердің жетілген түpi – аңыз әңгімелер. Оның салалары: 1) Аспан әлемі, жан-жануарлар, жер, су, мекен аттары. Ру, тайпалардың шығу тегіне катысты аңыздар. Діни-эзотерикалық ой-түйіндер, әлеуметтік арман-қиялдар. Тарихи қаһармандық құбылыстар. 2) Жетіқарақшы, Үркер жұлдыздары, Самұрық пен Бозінген жайлы оқиғалар. 3) Алты арыс Алаш; Домалақ ана т.б. ру, тайпалардың шығу Teгi. 4) Лұқпан Хакім; Қағбаның қаратасы діни философиялық тұжырымдар. 5) Жерұйық жайлы әсем елес суреттері Epтегi өмip сүруге мысал ретінде рөл атқарып, жасөспірім балалардың қиялын дамытуға бірден-бір басымдықта болып келген.

Халықтың педагогика тәрбиесінің негізгі факторлары: табиғат, ойын, сөз өнepi, iс, қарым-қатынас, дәстүр, тұрмыс, өнер, дін, мұрат, нышан. Адам өмip сүруінің әлеуметтік ортасы – табиғат. Әр ұлттың табиғатқа деген өзіндік сүйіспеншілігі, елжандылық, табиғат қорғау сезімi, табиғатпен үйлесімділік көрініc те адамның қазақ халқының табиғат тылсымын түсінyi, ауа райын болжау тәсілдері табиғат құпиясын терең білyi, айсыз түнде жұлдызға қарап жол табуы, көз айырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тануы — халықтық тәрбиенің ерекшелігі.

Халықтық педагогикадағы ойын мен сездің рөлі өте жоғары болған. Ойын - балалардың ic-әрекетіндегі көпқырлы, бай сала. Ойын ойнау арқылы балаларда өнер дамиды. Ойын – өмip талабы. Балаларды бастаған icтi аяғына деиін жеткізуге, ұйымшылдыққа, кешендікке, ұшқырлыққа үйретеді. Ойынның ауқымы неғұрлым көпқырлы болса, оның тұлғалық болмысы тәрбиелеуге мүмкіндігінің мол екендігі байқалады. Ойын әр баланың өзін-өзi тануына, өзіндік нәтижeлi ic-әрекет жасауына ықпал етеді. Ұлттық ойынның түрлері: алтыбақан, ақ сүйек, белбеу соқ, асық ойнау, хан ойыны, күзет, ай керек, соқыр теке, жасырынбақ, қыз қуу, аударыспақ көкпар тарту, палуан күрес т.б.

Халықтық педагогиканың бip факторы - еңбек. Еңбек - адам өмірінің негізгі факторы. Аз сөйлеп, көп нәтижеге жету-еңбек заңдылығы. Еңбек арқылы адам бойында іскерлік, дағды қалыптасады.

Халықтық педагогикадағы дәстүр-ұрпақ сабақтастығы. Дәстүр – адамдардың қоғамдық қатынастарындағы көптеген нәрселерді алдын-ала білуінің бағдары, келешекке қандай да болсын заңдылықтарды, ережелерді, қағидаларды болжап отырудың амалы. Дәстүр -жалпы халықтың ортақ игілігі. Дәстүр – әдептілік пен инабаттылықтың нормаларын құрушы, салт-сананың, тәлім-тәрбиенің қағидаларын кейінгі ұрпақтарға жеткізуші қоғам алдында жауапкершілігін арттырудың себепшісі. Дәстүр - жеке тұлғалар мен жұртшылық қауымды біріктірудің, ұжымдастырудың, қуатты қурал қызметін атқарушы. Дәстүр – адам тәнінің, жанының, рухының ең биік деңгейге бағдарлануының тәсілі, рухани нәрдің даму көзi болып есептеледі.

Этнопедагогика іліміндегі педагогикалық ой-пiкipлер – ғасырлар ауқымындағы қазақ халқының тәжірибеден сұрыпталған мәдени мұрасы. Қазақ халқы - өзінің тарихи дамуында тәлім-тәрбиеге қатысты тәжірибе, ереже, қағида және мінез-құлық нормаларын жақтаушы, кейінгі ұрпаққа жинақтаушы. Жеке тұлғаның қазақ халқының этнопедагогикасындат моральдықпсихология- лық үлгіөнегесіне көңіл бөлінген. Көшпенді тұрмыс, ұшы қиырсыз жазық дала, әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалдың балаларға тәрбие берудің айрықша түрлерін дүниеге әкелінді. Моральдық-психологиялық бағдар-еңбексуйгіштік қиыншылыққа төзе білушілік, ел намысын қорғаушылық, жаудан беті қайтпаушылық, ата-тегін жадында сақтаушылық, ата салтын бұзбаушылық, т.б. сапаларды сомдаушы. Қазақ этнопедагогикасының психологиялық жағы – бірауыздық қауымдастық.

VI ғ. Шу өзенінің алқабын Білге Қаған мен оның iнici Күлтегін Тан (Қытай) – империясынаң ұдайы қорғап отырған қолбасшылар. Біздің бүгінгі мәдени мұрағатымызға айналған көне дәуір ecкepткiшiнiң өсиетнамасы, ежелгі дәуірдегі бабалар ерлігі мен батырлық дәстүрлері, тұрмыс-салтын жұртқа паш ететін шежірелері бүгінгі ұрпақтың қазынасы. Күлтегін – ұлан-асыр кең даланы еркін билеген тұлғалы батыр. Тоныкөк - жаугершіліктен шығар амалдарға философиялық пайым құрастырушы кемеңгер. Құлпытастардағы балаларды, жасөспірімдерді Отансүйгіштікке, Елжандылыққа баулитын жігерлі сөздердің құдіреті: «Құлақ қойып тыңдаңыздар, ...Су ағысы тартылса, жас жапырақ қурайды, адамдардан күш кетсе – жат кісігe бағынады... Менің ағам мені адам eттi...» деген лұғат сөздер құлпытастың өзегі. Оғыз-қыпшақ мемлекетше жыраулық қызмет аткарған – Қорқыт ата. Өлім жайлы мәнгілік философиялық толғаулары – рухани мұра. Қорқыттың әуенді - этнографиялық асыл мұрасы, даналық, ұлағатты, қанатты сездері, ана бейнесіне сипаттама бepyi (әйел затының төрт сипаты) халық дәстүрі мен тәрбиесінің көpiнicтepi.

Әбу Насыр әл-Фарабидің жан қуаты жайлы даналық ой-тұжырымдары бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ. Фарабидің таным, ннтеллектуалды әлеует жайлы ой-пікірлері интеллектілі әлеует туралы, түйсік пен қабылдау, ес секілді сезім тетіктеріне берген тағылымы айқындалған. Ойлау мен сөйлеудің өзара байланысы жайлы тұжырымы, әл-Фараби іліміндегі ceзiм мен эмоцияның жан қуатының нышаны деп есептемей, жуйке жуйесінің бояу-реңі сапасында тануы, әл-Фарабидің философиясындағы төрт тағанның (әуез, өнер, әлеует, медицина) бүгінгі ғылымға пайдасы тиіп отыр.

Х-ХІІ ғғ. Қарахан мемлекетің тұсында өмip сүрген Жүсіп Баласағұн – халқын басқаратын бектің сипатын сомдаған кемеңгер данышпан. «Кұтты білік» – ерінің несібелі, құтты, бахытты, дәулетті болуына ақыл берелік шығарма. Бәйіт жанрымен өрілген бұл шығарманың кейіперлері – Нұрлы, Кұтты,Бакытты болудың жолдары, төрт құбыладан туратын мінез құлық қасиеттері жіктелген. Оның біріншісі – әділет, екіншісі дәулет,үшіншісі – парасат,төртіншісі-қанағат. Төрт кұбыланың өзара байланысының мәні-олардың осал мінез құлықтарының бір-біріне айқындап берумен нақтыланған. Шығарманың түйіні – 4 құбыла, бip-бipiмeн жеке тұлғаның бойында тұтастық сапада келеді. Бәйіттің Боғраханға арналуы. «Құтты біліктің» Венадан табылып, оны А. Егеубаевтың қазақшаға ерекше аударып, кепшілікке ұсынған.

Ж. Баласағұни ізгілікті сипатты Күннің Нұрынан, Рухани және заттық дәулеттен, үш иерархияның қосындысы қанағаттан тұрар ұсақ құрамдылықтардың тұтас жүйесін «Құтты білік», бәйітінде түзіп берген. Оның толық нұсқасы 7-модельде ұсынылып отыр.

XI ғ. Махмұд Қашқари – диалекттілік сөздік қорын сөйлетуші кемеңгер ғалым. Ұлт ішіндегі әртүрлі атаулармен бip затты атайтын дағдыны жоюға қатысты сөздік. «Диуани лұғат ат-түрік» – сөздікте батырлыққа, ерлікке, кұрес жырларына, дидактикалық сарындағы өлеңдерге, оқу-білімге шақыратын шығармалык ұғымдар, ортақ сөздермен аталады.

Tүpкi сөздігінің жинағы – түркі жұртының бip сабағы қазақ елінің білімі мен ғылымын ғылымын қалауына себеп болған еңбек, аталған сөздік ұлттық тәлім-тәрбиенің арғы тегін көрсететін құнды дүние.

ХІ ғ. Ахмет Иүгнеки – «Ақиқат сыйы» атты кітабымен тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім, кісілік өнеге-үлгілерді өлең өрнегімен жеткізуші кемеңгер. Халықтық әдепті өмір құбылыстарынан жоғары коюшы. Тыңдаушысы мен оқушысын қияңқылық, кекшілдік, қыршаңқылық, қисықтық с секілді адам бақытына кеселдік келтірер қылық- тардан аулақ болуына және қисынды, инабатты, меірімді, әдепті қылықтарды дарытуға үндеген. Әдептіліктің бір белгісін жомарттық деп есептеген. Аталған жақсы қылықтардың кайшылықта келетін түрлері тәкаппарлық, өркөкіректік екендігін ескертеді. Әдептілік жақсы құлықтың болуының өзi ол адамның тектілігінде деген философиялық тұжырым жасаған.

XIІ ғ. Құл Қожа Ахмет Иассауи – даналық өнерінің сырын айқындайтын «Даналық кітабын» жазған ғұлама. Ж. Баласағұни іліміндегідей бұл шығарманың сыртқы құрылымының төрттіктен тұратыны: 1) Шариғат; 2) Тарикат; 3) Мағрифат; 4) Хақиқат. Діни шығармалардың ғылыми сипатын таба білу өнеріне үнделді. Сопылық ой-тұжырымдарды насихаттайтын (адалдық пен имандылықтың жолы мен оған қол жеткізер жолы).

Қорыта келгенде, қазақ отбасы тәрбиесі үлкенді сыйлау, кiшiгe құрмет көрсету секілді ілтипатқа бағынып құрылған. Оның ішінде отбасы отағасының, бәйбішесінің, ұлы мен қызының, жақын-жуығының алатын өзіндік орындары болып отырған. Әрқайсысының атқарар ic-әрекеті, жауапкершілігі, отбасына қосар үлестері болып келген.

Қорыта келгенде, адамның жасқа деген дүниетанымы әрқилы. Бipaқ жалпы халықтың ой-санасында жас туралы сіңіп кеткен көзқарасты оңай өзгертуге болмайтынын ескерген орынды.

Бүгінгі тыныс тіршілігіміздің бip тамыры өткендегі әдеби мұрада екені жаңалық болмаса керек. Десек те, осы тұжырымды ic-әрекетте, оку-тәрбие үрдістерінде этнопедагогика әлемінде жүзеге асыруда қайшылық тудырып отырған ең басты мәселе демекпіз. Ceбeбi әдебиетші қауымның өз eншісi – әдеби шығармалар. Көбінесе, этнопедагогика объектісінде қарастырылып, зерттеліп жүрген нысандар белгілі бip шығармашылықтың кейбip үзінділері болып келгендіктен, авторлардың, қаламгерлер немесе ақын-жыраулардың дүниетанымын тұтас қабылдау жағынан кемістік болып жүргені белгілі. Өткенді қопармай, ойымызды болашақ платформасына сәйкес алу тұрғысымен келсек, кешегі «нар заман мен зар заман поэзиясы» этнопедагогиканың iшкi ұстанымы мен тұжырымын байытарлық құнды материал. Егер этнопедагогика пәнін мемлекеттік стандартқа орнықтыру ниетіміз болса, әдеби шығармалардан сан салалы бағыттарды зерттей отырып, жоғары оқу орындарында студенттерді оқыту үшін арнайы, инновациялық мәндегі оқулық шығару – кезек күттірмейтін ic. Miне, осындай салмақты ойдын басын бастай отырып, көпшілік назарына Асанқайгы (XV ғ.), Қазтуған жырау (XV ғ.), Доспамбет жырау (XVI ғ.), Шалкиіз жырау (1465–1560), Марғасқа жырау (XVII ғ.), Ақтамберді жырау (1675–1768) секілді ықылым заманның ұлттық Рух бастауын, кейінгі ұрпақтың ұйтқысын ту eтіп ұстаған даналардың iзгілікті тұжырымдары мен патриоттық өршіл сезімдерін бүгінгi жастарымызға дарыту мақсатында сұрыптап талдауды жөн көpiп отырмыз.

Асанқайғы болмысынан нені оқу-тәрбие үрдісіне улгі тұтамыз? Біздер әpбip Тұлғаға осындай зерделеу үрдісіне қозғау саларлық проблемалы-зерттеушілік сұрақ қоя отырып, студенттердің ізденісіне нұсқау жасаймыз. Әңгіме оқытушының құр нұсқау жасаумен аяқталмайтыны түсінікті. Олай болса, әр оқытушы аталған сұрақтың ықтимал жауабын алдын-ала әзірлейді. Бұны әзірлегенде, ескеретін бip жағдай - алдымен модульдік жүйеге салу ic-әрекеті. Оның құрылым жүйесі былай болып келеді. Шығарманың көлем.

Шығарманың тақырыбы, мұраты, сарыны, автордың тұжырымы, қоғам туралы ойы, мүддесі, нұсқаулық пайымы.

Шығармаларын талдаудың технологиясы.

Студенттің аталған талдау процесінен жинақтаған ой-тұжырымы, түсінігi, бағам-түйіні.

Модульдік технология тек бұрыннан мемлекеттік стандартта бар ілім мен білімдерді меңгертудің, жолы ғана емес, этнопедагогика қабылдату мақсатында қолданылатын ic-әрекеттің ең ұтымды түpi. Осы тұжырымдарды ic-әрекетте қалай жүзеге асыруға болады?

Тақырыбы: Асанқайғы шығармаларындағы қоғамдық тауқыметтің нышаны.

Мақсаты: Ел басына ауыр күндер тап болғанда, нар көтерер «жүкті» өзi көтерген абыз, алты алаштың ақылманы, озық ой-пікіp иесі, елін билеген Тұлғаларға айтқан асыл кенестерінің классикалық улгісін жастардың бойына дарыту және олардың аталған ізгілікті ұстанымды дамытарлық қуат көздерін ояту.

1) Асанқайғы Сәбитұлының төрт түрлі толғауы жарияланған, осы толғаулардың сарынын тақырыптарға жіктеу жұмысы жүргізіледі.

2) Абыздың толғаулары өзінің өмірнамасына тікелей бағынышты. Бip жағынан толғау-жырларының қоғам тынысын аудырмар сипаттайтынын ескерсек, екінші жағынан, болашақ қамын ойлап, тығырыққа, тұйықтыққа, тірелу, торығу сезімін байқау қиын емес. Мұнымен бірге шындықты жырға өрнектеген жырауымыздыңреалистік әдісті сол кездің өзінде сәтті қолданып тұрғанын аңғарамыз. Олай болса, ұлттық намысқа тиер: «Социалистік қоғамдареализм пайда болды» деген стереотипті тұжырымды жоққа шығару мүмкіндігін аңғарамыз.

Бірінші толғауында риторикалық сұрақ символ:

«Құйрығы жоқ, жалы жоқ –

Құлан қайтіп күн көрер?!» –

Бүгінгі жастар бұндай ұғымды қабылдай бермейді. Сондықтан мағынасын ашып, әңгіме «құлан» туралы емес, адамның сипаты жырдың астарында өрнектеліп тұрғанына назар аудартып, жеке алып қарасақ, аллегория дер едік. Бірақ бұл Асанқайғы жыраудың ой-тұжырымын өзгертіп жібереді, сондықтан «символ» деген ұғымға тоқтаймыз.

Екінші жұптың түйінінде астарлаудың қуатын айқынырақ сезінеміз:

«Аяғы жоқ, қолы жоқ –

Жылан қайтіп күн көрер?!»

Автор астарлауды тікелей адамға қатысты етіп алады:

«Шыбын шақса, жаз болып –

Таздар қайтіп күн көрер

Жалаң аяқ балапан

Қаздар қайтіп күн көрер?!»

Аталған толғаудан жеке ұғымдарды бөліп алсақ: «шыбын», «қаз» метафоралық реңге ие болар еді. 

Бірақ, бұл ұғымдарды метафора деп талдасақ, тұспалдау, астарлау эквивалентіне нұсқан келеді.

Бұл толғаудың түйіні: Алтын Орданың ханы Ұлығ Мұхамедтің ықпалды биі болған Асанқайғының ХVғасырдың 20-жылдарында Ордр басының хандық құзырынан айрылғанда, бірге кетуімен байланысты туған толғау екендігі; 1456 жылы Шу алқабында қазақ ордасы құралғанде, Асанқайғы жаңа мемілекеттің ұраншысына айналды. Бұл Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс алқабын қайтадан иеленген Сарыарқаның Ұлытауы болса керек. Ұлытау жері – хандыққа бата берер киелі өлке.

 

3.2 Оқулық материалындағы дәстүрлі ән мен саз өнерінің құрылым – жүйесіндегі тәрбиелік мүмкіндік

 

Өткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр.

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...»,

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойныңа кірер денең...», - деген жолдарында, ұлы Абай әннің өмірдегі орнын нақ суреттегендей, қазақ халқы ән-күйді жанындай жақсы көріп, рухани жан-дүниесін ән арқылы шебер бейнелей білген.

Ән - поэзиялық шығарма мен музыкалық әуеннен туған вокалды музыкалық шығарманың сазы. Ерте заманнан бері халық арасына кең таралып, халықтың өмірін, қуанышын, мұңын, табиғат құбылысы мен махаббатты жырлайтын ерекше жанр.

Әншілік өнер мен музыкалық өнері, әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күйімен дамып отыратын көптеген ғасырлар үнінің жемісі.

Әншілік – жалпы өмірдің бүкіл дүниенің қимыл іс-әрекетін, образды бейнелейтін диалектикалық құбылыстарды адам сезімімен қабыстырып, өмір қайшылықтарының, әсерлі дыбыстарының, әуендерінің жиынтығы.

Әннің қоғамдық әлеуметтік сипаты, тәрбиелік мәні елдің санасының бір сәт тысқары қалмаған. Кең далада желдей есіп, ауыздан-ауызға тарап, толассыз кезіп жүретін ән мен күйді халық жан дүниесінің ең асыл мұраттарын дәріптеп, таратып отырған. Халықтың рухани байлығы, ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі, заманымыздың тарихи шежіресі.

Әнді, негізінде, шығарушы да, шырқатып салушы да – халық. Әннің қасиетін қазақ халқы қадірлей біліп:

«Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер»,

«Ақылың болса жыр тыңда...» – деген сөздер арқылы жақсы айтқан.

Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-баба сұлу ән, асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетеледі. Сондықтан кең байтақ ата жұртта буыннан-буынға жалғасып, ұят-аят, әдет көрген, мейірім-шарапат салтанат құрды. Ең кереметі сол, ән қанатында халық ойының тереңдігі, шексіз қиялы, кестелі, орамды шешен тіл берік сақталып заманның алдын орап, кейінге тарады. Мұның өзі отбасынан отантұтастығына дейін тамырын үзбеген дәстүрге айналды.

Академик Б. Асафьев айтқандай екі өнер саласы ән мен өлеңнің бірлестігінің арасында ән табиғаты өмірде кең тараған өнердің біріне айналып отыр. Ән айтпайтын, құлақ қойып тыңдамайтын адам болмайды. Ән тыңдап, дауыстап айту адамға біткен табиғи керектілік. Ол адамның дүниеге келген кезеңінен бастап, сөйлей білуден бұрын үлкендердің көмегімен санадан орын алатын табиғи құбылыс. Анасы нәрестесін бесігіне бөлеп: «Әлди, әлди ақ бөпем, ақ бесікте жат бөпем» – деп бесік жырын айтқан. Анасының сазды әуені баланың денесін балқытып, ұйқыға келтірген. Бала талпына келе оның бойына ана тілі арқылы ғана дүниені, өмірді танып, біле бастайды. Оның буыны бекіп, санасы қалыптаса бастағанда-ақ күнделікті күйкі тіршілікпен қатар, халықтың тамаша әуен-сазы оған игілікті әсерін тигізіп, өзінің көркемдігі мен маңыздылығымен баланың жанын баурап, ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына әсерін тигізіп, рухын байыта түседі.

Сондықтан, дәстүрлі айтыстар, «Тойбастар», «Беташар», той-думандардағы қыз-жігіттердің ән-күй сайысы, лирикалық, тұрмыс-салт жырлары, аспаппен сүйемелдеп айтылатын аңыз-ертегілер – халықтың ежелгі мәдениетінің осынау баға жетпес мұрасы – жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру үшін таптырмайтын құнды материал деуге болады. Кеңес өкіметі жылдарында бұл қазынаны барша қауым жинастырылып, осы заманғы дыбыс техникасының барлық түріне салды. Осының арқасында сонау тұңғиық заманында жарық көрген ән, өлең мен жыр қазақ халқының күнде көріп, қалауынша естіп, рухани ляззат алып отыратын асыл қорына айналды.

Сонау Сыр бойынан Алтайға дейін, Алатаудан Жайыққа дейінгі ұшан-теңіз даланы жайлаған қалың халық ғасырлар бойы жасаған музыка мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, байыта берді, олардың мәдениеті алдағы елдердегідей нотаға жазылып, дыбыс құралына түспей-ақ халықтың ауыз әдебиеті сияқты біреуден онға, оннан мыңға тарап, өлмес-өшпес халық хазынасына қосылып жатты.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа халқымыздың рухани мұралары арқылы әлемнің тынысын байқау, баланың сана-сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа, өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеп, өмір шындығын сезінуге, елін, жерін, отанды сүю сезіміне баулу мәселесі бүкілхалықтық іс болып отырғаны баршамызға мәлім. Сондықтан, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруды, іс жүзінде асыруда домбырамен дәстүрлі ән айтудың үлкен маңызы бар. Ән айтудың ерекшелігі – балалардың санасына ғана емес, сезіміне де, ой-өрісіне де әсерін тигізетіні анық. Ән үйренер кезде өлеңнің мазмұнын түсінуге, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік беріледі. Қазақ халқының ән айту мектебі бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді.

Халқымыздың дәстүрі бойынша әнді домбыраның сүйемелімен және сүйемелсіз жеке де немесе бірнеше кісі қосылып та орындаған. Әсіресе домбырамен жеке ән салу дәстүрі мол тарап, ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға жалғасып тауып, дамып келеді.

Домбыра – ертеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы, қазақтың қасиетті дүниесі. Өскелең ұрпақтың жан-жақты білімді болуы, эстетикалық талғамының жоғары болуына, жалпы адамгершілік, имандылық қасиетінің дамуына бұл аспаптың тигізетін әсері мен рөлі өте зор. Оны тарта алмаса да, қадірлей білу керек. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын, дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады.

«Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады» – деген қазақта сөз бар.

«Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді», – деген Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын ұғуға болады. Балалардың жалпы музыканы қабылдау ерекшелігі, өмірге деген көзқарасы, мінез-құлқы, білімі, жалпы мәдениеті, музыкалық қабілеті, ой-өрісі бірдей болып келе бермейді. Тәй-тәй басқан баланың жүрісін біртіндеп тұзеу, былдырлап сөйлеген сөздерін қалыпқа келтіру, жаман әдеттерін сол кішкентай сәби кезінен қадағалау – ананың парызы болса, ал шәкірттің дұрыс отыруын және оң қол, сол қол саусақтарының қойылуын, алғаш домбыра ұстаған сәттен бастап үнемі ескертіп отыру, қадағалау – домбырашы-ұстаздың парызы.

Келешекте домбыра үйренуге арналған жаттығулардың түрлерінің ішіндегі әр шәкірттің қабылдау мүмкіншілігіне қарай, дене бітіміне лайықтап, таңдап беру. Саусақтардың қойылымын, дұрыс, түзу, жарасымды отырысын, көрнекті құралдар қолдану, айнаға қарап орындау арқылы байқалған кемшіліктері жойып отыру. Ал енді ән айтуға, ең тиімді және оқушының аспапты оңай игеріп кететін жаттығулар тізбегі келешекте оқу-әдістемелік құрал ретінде дайындау қажет сияқты.

Соңғы кезеңде еліміздің көптеген жалпы орта білім беретін мектептерде фонограммамен ән айту дәстүрі орын алып кеткендерін байқауға болады. «Әнші балалап», «Айналайын», «Бозторғай», «Мектеп жұлдыздары», «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» т.б. және көптеген мерекелік концерттер мен байқаулар жиі өтуде. Осындай техникалық жеңіл өнерге әдет алған бала келешекте нота сауатын үйренуге, кез-келген музыкалық аспапты сауатты ойнауға еңбекқорлығы, шыдамдылығы жетпей, ұлтымыздың музыкалық өнерін оның ішінде домбырамен дәстүрлі ән айтуды қастерлеп өсуі екіталай.

Халқымыздың әншілік мәнері жеңіл де, әдемі, қоңыр да шырқау әуезімен, жарқын да шалқымалы ашық сазды үнімен айрықшаланады. Әдетте әншілер әнді бір-бірінен ауызекі түрде үйреніп қабылдайтын. Жиырмасыншы әсіресе отызыншы жылдары, қазақтың байырғы унисондық бір дауысты, жеке айтылатын ән дәстүріне жаңалықтар еңгізіліп, Қазақстанда халықтың ән шығармашылығы жедел өркендей бастады. Бұл кездерде қазақ ән өмірінің дамуына халық композиторларының сіңірген еңбектері зор болды. Олардың бір ерекшелігі – ежелгі ұлттық дәстүр бойынша ән әуенінің авторы ғана болып қоймай, соған лайық өлеңді де өздері шығарды. Сонымен қатар әндердің орындаушылары да өздері болды. Мұның өзі қазақтың халықтық ән музыкасының даму тарихында айрықша өзгешіліктердің бірі болып табылады.

Қазақстанның жаңарған өмірін жырлайтын көптеген әсем әндер туды. Осы тұста қаншама дүлдүл әнші-композиторлардың есімдері елген белгілі болды.

Дәстүрлі әншілік өнер өзінің айтылу және айтылу құрылымдылық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөліне бастады:

1) Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп;

2) Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп;

3) Батыс өңірлердегі әншілік мектеп;

4) Шығыс өңірлердегі әншілік мектеп;

5) Сыр бойындағы әншілік-термешілік мектеп.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші-композиторлар қатарында Біржан салды, Мұхитты, Ақан серінің, Жаяу Мұсаны, Абайды, Үкілі Ыбырайды, Әсетті, Естайды, Ғазизді, Шәкәрімді, Мәдиді, Нартайды, Майраны т.б. ұрпақтан-ұрпаққа асқақ әншілік эстафетасын жеткізушілер музыкалық мазмұнды түсіндіріп, оны мазмұндық жағынан байыта түскен өнер шеберлердің қосқан үлестерін ерекше атап кетуге болады.

Қазақстан жерінде дарынды танып баулитын, халықты түрлі аспаптарда ойнауға, ән айтуға, жалпы өнерге бейімдейтін бірден-бір оқу орны және арнаулы мектеп болған жоқ. Мысалы, халқымыздың ән-күйлерін жинақтап, өнер қазынасының ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші дарынды өнер иелері, халқымыздың өз ішінен табылып отырды. Ел мұңы ән-күй арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен елден-елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өнердің қайсы бір түрі болмасын, қолдан-қолға, жүректен-жүрекке таралып, ел арасына сіңіп жатты.

Дәстүрлі халық әндерінің ел арасынан жинап, нотаға түсіріп, жүйеленуіне және оларды қарапайым халық арасында насихаттануына А. В. Затаевич, Б. Г. Ерзакович, А. Қ. Жұбанов, А. Темірбекова, және т.б. музыка зерттеуші ғалымдар, этнографтар зор үлестерін қосты.

Халық әндерінің елге кең тарап, ұрпақтар ұрпаққа жетіп отыруында әнші-композиторлармен бірге жекелеген әнші орындаушылардың да еңбегі аз емес. Тамырын үзбеген дәстүрлі әніміз бүгінгі күнге Манарбек Ержанов, Құрманбек Жандарбеков, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Иса Байзаков, Дәнеш Рақышев, сияқты аса дарынды әншілер арқылы жетті.

Ұстаздың шәкіртке ауызекі берілетін халықтық ән айту дәстүрі арқылы ән үйренудің жүйеленген үрдіс қалыптасты. Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап-жылдап жүріп, шеберлігімен бірге, оның білім-танымын, тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болды. Елге есімі тарап, түрлі айтыс-тартысқа қатысып үлгірген өнерпаз әнші осылайша жеке өнер жолын айқындады.

Еліміздің түпкір-түпкірінен әнші-жыршылар шығып кешегінің ізбасарлары, бүгінгінің гүл ашарлары болған, әншілік дәстүрді жалғастырушы әншілерді: Қ. Байбосынов, Қ. Құлышева,                      Е. Қосбармақов, С. Жампейісова, А. Қосанова т.б. атап кетуге болады.

Қорыта келгенде, әннің, музыканың өскелең ұрпаққа беретіні көп-ақ. Тек сол көркемдік, эстетикалық азықты үнемі, дер кезінде үнемдеп, педагогикалы қағидалармен жастарды баули білгеніміз жөн.

Құлақты жауыр қылған батыс музыкаларына еліктеген, көшедегі әнді сахнаға шығарған заманда, жеңіл музыкаға әуестеніп кеткен жастарымызды, кәсіпқойлық - ұлттық дәстүрлі музыкалық өнерімізге, рухани, бай құндылықтарымызға ынталандырып, қызықтырып, эстетикалық талғамын, дүниетанамын қалыптастыру қажет.

Сондықтан домбыраны сауаттылықпен ойнап көзін ашқан бала әлде қайда еңбекқорлыққа, адамгершілікке, ұжымдылыққа, кішіпейілділікке, эстетикалық талғамы жоғары болып өседі. «Ұяда нені көрсең ұшқанда соны ілерсің» - деген қанатты сөз осының айғағы іспеттес. Теңіздің түбінде жатқан інжү-маржандай бай өнерімізді келешек ұрпақтың бойларына сіңіріп, тәрбиелеу, олардың дүниетанымын қалыптастыру - әр қазақ отбасының және кез келген музыка маманының міндеті екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Қазақ әндерінің жанрлық сипаттамасы ретінде оқыту тәжірибесінд этномузыкатанушы – Б. Ерзаковичтің тұжырымдамасы қолданылып келеді. Ғалым өзінің «Қазақ халқының ән мәдениеті» еңбегінде мынадай жанрлық анықтамаларды келтіреді:

1! Тұрмыс-салт әндері. Күнтізбелік әндер-жыл өлеңдері, емдік-жоралық әндер – «Бәдік», «Күлапсан», жан-жануарларға арналған әндер;

2) Әулеттік-жоралық әндер. Той әндері – «Жар-жар», «Беташар», «Той бастар», «Сыңсу», «Қоштасу», қазаға (өлімге) байланысты әндер – «Естірту», «Жоқтау», «Көрісу»;

3) Тұрмыстық-отбасылық әндер. Насихат өлеңдер, балаларға арналған «Бесік жырлары», тұсау кесу, бесікке салу тақпақтары;

4) Еңбек әндері. Киіз үй құрғанда, көрпе тігу, киіз басу кезінде айтылатын әндер;

5) Лирикалық әндер. Туған жер, махаббат әндері.

6) Әлеуметтік қарсылық әндері. «Көкшолақ», «Сараның әні», «Ақбөбек» т.б.

7) Тарихи әндер. «Елім-ай», «Құты қатты патшаның» т.б.

Халық әндерін мұндай жанрларға бөлудің тым саяси реңк алғаны кейінгі зерттеулерде айтылып жүр. Б. Ерзакович сөз жоқ, халық әндерінің жанрлық тұғырын дәл таныған, дегенмен әндердің бөлінуінің дәстүрлі формалық түрлері анықталмай отырғаны да рас. Ж.Кәрменов халық әндерінің екі томдық жинағын шығарғанда кеңестік кезеңдегі ән мәтіндерінен арылу керектігін баса жазды, сонымен бірге әндердің күрделілігі мен формасын жанр ретінде ұсыну қажеттілігі айтылды. Мұндай пікірді А. Алматовтың зерттеулерінен де кездестіруге болады. Осы орайда ән жанрларын мынадай топтарға бөле қараудың ыңғайы бар сияқты:

1) Романс тектес әндер – «Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни» т.б.

2) Сатиралық-юморлық әндер – «Он алты қыз», «Ағашаяқ», «Құлбай бай» т.б.

3) Қара өлеңге құрылған әндер – «Сәулем-ай», «Еркем-ай», «Қамажай», «Жеті арал жерім-ай» т.б.

4) Қыз-келіншектер әндері – «Майра», «Дудар-ай», «Әупілдек» т.б.

5) Желдірме әндер –термелер, арнау, насихат әндер т.б.

6) Эпостық мазмұндағы әндер – жырлардың кейіпкерлерінің атынан айтылатын әндер – «Жігіттің падишасы - Әмір Темір», «Қос мүйізді Ескендір» т.б.

7) Авторлық-арнау әндер. Молдабайдың әні, Ғазиздің әні, «Бүркітбай», «Шашубай», «Теміртас» т.б.

Әндерді бұлай бөлу арқылы олардың формасын анықтауға болады, романс тектес әндердің диопозоны кең, вокалдық қайырымы мол болады. Ал, сатиралық-юморлық әндерде керісінше, мұндағы ән ырғағы шапшаңырақ, мәтіні мен мелодиясы үнемі қайталанып отырады, вокалдық дамуы шектеулі.

Қара өлеңдерді көбінесе халық әндері деп атайды, бұлардың да қалыптасқан қайырымы бар, көбінесе он бір буындық өлеңге құрылады. Мелодиясы пентатоникалық сарынға бейім, сондықтан әннің өте көне түрі деп айтуға негіз бар. Қыз-келіншектер әндерінде вокал иірімдері мол кездеседі, мұны бөле атаудағы себеп – диопозоны мен ән мәтіні әйел дауысының табиғатына лайықталған. Желдірме әндердің ырғағы ширақ, аты айтып тұрғандай салтанатты әрі жүрдек шырқалады. Эпостық мазмұндағы әндер кәдімгі қара өлеңге ұқсас, бірақ әннің аты немесе мазмұны эпостық кейіпкердің атына құрылады.Авторлық-арнау әндердің сарыны айтыс мақамдарын еске түсіреді, мұнда әуелі «Ал», «Ахау», «Оу» деген сияқты қаратпа айқай айтылады, қайырмасы қара өлеңге құралады, кейде өзге әндердегі мәтіндер қолданыла береді, ал, шумақта міндетті түрде автордың өзін немесе ата-бабасын мадақтаған өлеңі болады.

Халық әндері аймақтық мектептерге бөлінгенмен негізгі сарыны жалпы қазақы әнге ортақ сазға құрылады, сондықтан бір өлкенің әнін басқа өлкенің әншісі қиналмай айта береді, яғни қазақ әнінің біртұтастығы аймақтық әншілік мектептеріне қанша жіктегенмен бұзылмайды. Ғарифолланың Арқа әндерін тамылжыта шырқағаны, Жүсіпбектің Мұхит әндерін тебірене айтқаны соған дәлел бола алады.

Халықтық ән дәстүрінде орындаушылық ерекшеліктеріне қарай аймақтық мектептерге бөле оқыту тәжірибесі қалыптасқан. Жалпылай айтқанда, шартты түрде Арқа мектебі, Жетісу мектебі, Батыс Қазақстан (Мұхит Мералиев) мектебі деп бөлінеді.

  1. Арқа мектебі – қазақы әншіліктің мейлінше дамыған саласы болып табылады. Арқа мектебінің өкілдері деп –Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Майра Уәлиқызы, Шашубай, Тайжан т.б. саңлақтарды атауға болады. Арқа әндері біркелкі еркін ырғақпен айтылады, диапозоны мейлінше кең болады. Арқа әндерінің кәсіби мектебін жасағандар – Ж. Елебекеов, Ж. Кәрменов, Қ. Байбосыновтар, бұлардан өзге, ән өнерінде ерекше із қалдырған Қ. Байжанов, Ә. Қашаубаев, Қ. Бабақов, Қ. Лекеров, Б. Жылқыбаев, М. Ержанов, Ж. Омарова, Р. Есімжанова, Р. Қойшыбаева, М. Көшкінбаев, И. Әлібаев, Ж. Қартабаева, Л. Сүйіндікова, М. Ешекеевтердің атын атай аламыз.
  2. Жетісу мектебі – қазақтың көне әндерінің, әсіресе халықтық әуендердің мол сақталған әншілік өнер шоғыры саналады, орындалуы мен домбырада сүйемелденуі Арқа әндеріне өте ұқсас, сондықтан бұл мектептің өкілдерінің репертуарында Арқа сазгерлерінің әндері де кең орын алады. Жетісу әншілігінің көрнекті өкілдері ретінде Жамбыл, Кенен, Қапез, Пішан, Дәнеш Рақышевтарды атай аламыз. Жетісу ән мектебінің кәсіби тұғырын қалаған – Ж. Кәрменов, оның ізін жалғастырушы шәкірті – Е. Қосбармақов.
  3. Батыс Қазақстандық әншілік мектеп – еліміздің батыс өлкесінде дамыған әншілік өнер. Бұрынғы Бөкей Ордасының жерінде шырқалған төкпелі жыр негізінде синтезделген желдірмелі ән Мұхит арқылы жаңа белеске көтерілді.

Мұхит әндері Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе жерінен бастау алып Сыр мен Арқаға дейін қанатын жайған. Бұл мектептің басында Ғарифолла Құрманғалиев тұр, Ғарифолла Құрманғалиевпен үзеңгілес өнерпаз ретінде Әли Құрмановтын есімін құрметпен атай аламыз. Ғ.Құрманғалиев осы мектептің жеке арнаға айналып үлкен өнер саласы болуына көп тер төкті. Ғарифолла мектебінен шыққан оның шәкірттері – Қ. Бекбосынов,Қ. Орашева, Қ. Рахимова, А. Дәрібаева, Ж. Сәрсенғалиев. Қ. Ақтаев. М. Төрешов, Қ. Бердіғалиев, Ә. Еңкебаев, Қ. Құлышева, С. Таутаева, С. Рахметжанов, С. Әбдірахманов,             С. Жанпейісова, С. Мырзабаева, А. Қосанова, Қ. Кәкімовтар.

Бұл әдістемелік құралда Арқа әншілік мектебі зерттеу көзі болғанмен, жалпы қазаққа ортақ әншілік өнерге қатысты оқыту жұмыстарының методикасын келтіруді мақсат етіп отырмыз. Себебі, әншінің алғашқы дауыс қою дайындығы, домбырамен сүйемелдеуі, репертуар таңдауы, сахналық шеберлігі, дәстүрлі иірімдерді меңгеруі – барлық ән мектептеріне ортақ мәселе.

Аспаппен ән айту. Халық әндерін аспаппен сүйемелдеу ежелден келе жатқан өнер, ертеде түркі серілері әнді барабан, сыбызғы, домбыра (танбура, танбур, дутар, шертер, рубаб, қомуз т.б шертпелі-шекті аспаптар), қобыз, жай, ғиджак (немесе гыпжак – төркіні қыпшақ деген сөз), жетіген (ятган, чаткан), шаңқобыз (варган) аспаптарының көмегімен шырқағаны тарихтан белгілі. Кейіннен қобыз бен домбыра аспабындағы үрдіс кең тарады, қалғандары қолданыстан шыға бастады, яғни, осы аспаптармен айту дағдысы мейлінше дамып, қалғандарын ығыстыра бастады. ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінде татар (қазан) сырнайының қазақ даласында пайда болуы қобызбен айту дәстүрін кейін шегерді, ең соңғы қобызбен жырлаған адам ретінде тарихта Жанақ ақынның аты аталады, басқалай мәдени дерек жоқ. Сырнайдың келуі ән сахнасына Майра, Шашубай, Тайжан, Нартай, Құтбай сияқты тарландарды әкелді, олардың сырнаймен толғаған әндері cахарада жаңаша мәнермен шырқалды. Алайда, ХХ ғасырдың 70-80 жылдары сырнаймен ән сүйемелдеу күрт тиылды деуге болады. Тек ел ішіндегі таланттар ғана ескіше сырнай толғайтын дәстүрді тастамады, олар көбінесе Сыр бойындағы Нартай дәстүрін жалғастырушылар еді. Семей, Қарағанды, Жезқазған, Жаңақорған сияқты ән қонған өлкелерде ендігі жерде жаңаша заман ырғағына икемделген әндерді айтатын – Болат Сыбанов, Жақсыкелді Сейілов, Бексұлтан Байкенжеев сияқты сазгерлер шыға бастады. Дегенмен бұрынғы сырнаймен айту дәстүрін қайта жаңғырту бақыты ХХ ғасырдың соңында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік Консерваториясының түлегі – Клара Төленбаеваға бұйырды. Клара сырнаймен айтылды деген ескі әндердің түпнұсқасын дәл таба алды, Майра, Нартай мен Шашубай сазы қайта жалғасын тапты.

Қобызбен айту өнері де ел ішінде жалғасып жатты. Қобызшы Сматай Үмбетбаевтың орындауындағы Арқа сазгерлерінің әндері мен термелері қоғамға қайта қозғау салды. Белгілі әнші – Бекболат Тілеухан жыраулардан қалған көне түріктік мақамды қайта дүниеге алып келді. Қазіргі кезеңде қобызбен ән айтатын жастар аз да болса баршылық. Жас әнші Қазыбек Әдікеев осы салада жемісті еңбек етіп жүрген өнерпаз.

Шертермен ән салу дәстүрі ертеректе жойылды дегенімізбен, ол да қазақ мекендеген Өзбек аудандарында өзінше дамуын тоқтатпады, Қазақтың Оңтүстігіндегі отырықшы елдерде шертермен өлең айту әйелдер мен қыздардың әуесі болып саналған. Өкініштісі сол, Болат Сарыбаев қазақ аспаптарын қайта жаңғыртқанда осы бір шертер әншілігіне зерттеу жүргізгені хақында еш мәлімет жоқтығы жанға батады-ақ. Қазіргі кезде Б.Бәбіжан шертермен ән айту дәстүрін сәтімен қолға алып жүр. Осы өнерді де болашақта кәсіби түрде дамытуға әбден болатындай.

Жетігенмен ән айту дәстүрі қазақта болмады деп айтуға да ауыз бармайды, себебі, бізбен мәдениеті мен тілі туыстас хакас, саха, бурят халықтарында осы өнер қазіргі кезеңде басты мәдениет болып отыр, сондықтан жетіген аспабы да өзінің жарқын болашағын күтіп жүргені рас. Қазір осы аспаппен Қарақат Әбілдина айналысып жүр, дегенмен еуропалық гармониямен өрнектелген жайылма аккордтардан тұратын аккомпонемент нағыз дәстүр бола қоюы қиындау. Сондықтан жетігендегі қоңырқай тембр арқылы халық әндерін өз мақамында қайта тудырудың да мүмкіндігі бар екенін айтамыз.

Сыбызғымен ән айту дәстүрі – көне түркілік үлгі болып саналады, қазіргі кезде башқұрт ұлтында ғана сақталып отыр. Сыбызғыны тартып отырып оған көмейді қоса толғаудың өзі әуелде ән мен күйді біріктірмек тілектен туындайды, дегенмен сыбызғымен ән салғанда бірінші аспаппен ән әуені орындалады, содан соң жеке дауыста ешқандай сүйемелдеусіз әннің өз мәтіні шырқалады, соңында ән мақамы аспаппен тағы да бір қайырылады. Қазақ музыкасында қазір сыбызғы өнері даму жолына толық түсті деп айтуымызға болады, оған белгілі сыбызғышы – Талғат Мұқышевтың еңбегі көп сіңгенін айту артық емес, ендеше сыбызғымен ән айту дәстүрін жаңғырту алдағы абыройлы міндеттеріміз болмақ.

Адырнамен ән айту да қазақта болған көшелі өнердің бірі. «Қыз Жібек» фильмін түсірерде композитор Н. Тілендиев профессор          Б. Сарыбаевтың кеңесімен осы аспапты киноға қолданғаны белгілі («Көш қызығы» әні). Қазір бұл аспаптың жетілген түрін фольклорлық ансамбльдерден жиі кездестіруге болады. Арфа аспабына ұқсас болғандықтан ән айтуға өте қолайлы, бұл да жаңғыруын күтіп жүрген дәстүріміз болып табылады.

Домбырамен ән айтудың жолы бөлек. Қазақтың әндеріндегі «Домбыра екі шекті қолға алайын», «Домбыра ер жігіттің қолғанаты», деген сөздер текке айтылмаған. Яғни ән төресі домбырамен ғана шырқалған. Домбыраның екі және үш шекті түрі сал-серілерде кеңінен қолданыста болған. Шығыс Қазақстан мен Жетісу өлкесінде үш шекті домбырамен сүйемел жасау кәдімгідей шеберліктің шыңы болып саналған. Арқа әншілерінде бұл аспап болмады деудің реті жоқ, әйткенмен екі шекті домбыраның қолданысы басым болды. Қазіргі кезде үш шекті домбырамен ән айту ешкімге әуезе болмай тұр, Бекболат Тілеуханның орындауындағы жалғыз ғана «Жорға тай» әні халықтың құлағында жаңғырық сияқты жарқ еткені болмаса... Бұл аспаппен оқыту мәселесі де болашақтың еншісінде.

Домбырамен ән салу сәттілігінің елу пайызы аспапқа байланысты. Әнші күйшіге барабар өнерпаз болуы шарт. Ертеде әншілер халық дамылдауы үшін күй тартып сейілтіп отырғаны белгілі. Жүсіпбектің Тәттімбет күйлерін сұңғыла шерткені, Манарбектің артында ондаған күйі қалғаны осыған куә. Қазіргі кезде домбыраны оқыту біржақты жүргізілетін сияқты. Себебі, белгілі ән мектебінің өкіліне өз аймағына тән күйлерді оқыту біздің пайымымыз бен тәжірибеміз көрсетіп отырғандай үлкен нәтиже бермек. Арқа әншісі шертпе күйші, Батыс Қазақстан әншісі төкпе күйші болуы керек. Алайда жаппай төкпеге тәрбиеленген Арқа мектебінің шәкірті аспапты әнге ылайық жатықтықпен ешқашан тарта алмайды, немесе керісінше. Жалпы арнайы домбырадан дәріс беруші мамандар халық әнінің білгірі болғаны дұрыс. Бұл талап домбырашылар үшін қиын болмаса керек-ті, себебі күй мен ән егіз өнер екені бесенеден белгілі.

Дәстүрлі әншілер отырып та тұрып та ән айтуды салтқа айналдырған. Отырып айту аспапты ыңғайлы ұстауға қолайлы, бұл әннің домбырада тартылатын қайырымдарын таза игеруге мүмкіндік береді, ал тұрып айтудың да өз ұтымдылығы бар, мұндай әрекетте диафрагмаға күш түспейді, дауыс еркіндікке ұмтылады. Сондықтан тәжірибеде осы екі жағдайды да шектемеу керек сияқты.

Домбырамен ән сүйемелі жеке музыка ретінде өте күрделі құбылыс. Ән айтылғанда ақырын шертілетін аспап шумақ біте берген сайын құтырынып, әуендегі қуатты ағымды екі шекке ауыстырады, сол кезде домбыра бебеулей тартылғаны дұрыс. Әнші ән әсеріне қаншалықты күш жұмсаса аспапқа да соншалықты сергек қаруы керек.

Жалпы аспап сипаты туралы да айта кеткеніміздің орны бар. Арқа әндері Арқаның (қалақ) домбырасымен әсерлі шығады, ал оркестр үшін арнайы жетілдірілген қазіргі домбыра Арқа әндеріндегі шертпеге ыңғайлы емес, оқытушылар осыған назар аударғаны дұрыс.

Әнді домбырамен сүйемелдеу үшін шәкірт айтатын әнінің мелодиясын күйге бергісіз шеберлікпен шертіп алуы керек, әнді толық және еркін шерте алатын мүмкіндікке қол жеткізгеннен кейін ғана дауысты қосу қажет. Ал ән мелодиясын дауыспен таза меңгеріп алғанмен оған домбыраны қоса алмай отырған шәкіртті көз алдымызға елестетейікші.., мұнда жалпы домбырадан дәріс беретін оқытушының методикасы кемшін түсіп отыратыны айтпаса да түсінікті, Арқа мектебінің шәкірттеріне шертпе күйді басымырақ тартқызу аспаппен ән қостауда жемісті нәтиже береді, біздің қазіргі оқыту барысында домбырашы мұғалімдер төкпе күй репертуарын көбірек ұсынатыны ешкімге құпия емес, төкпені білген дұрыс, дегенмен оған икемделген оқушының қол жатысы мамандыққа керағар жағдай туғызады. Халық әнін оқытуда кездесетін ең үлкен әдістемелік тұрғыдағы қате осы.

Аспап меңгеру - дәстүрлі әншінің алатын алғашқы асуы. Сондықтан мамандықтан сабақ беретін оқытушы бұған аса мұқият болғаны абзал.

3.3 Мектепте музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы және педагогикалық шарттары

 

Музыка өнері – адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырады. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді.

Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.

Музыкалық білім беру педагогикасы – қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие, тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірибесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.

Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар – түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.

Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.

Музыка – қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өзіндік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады.

Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін-бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау-бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Сөйтіп, қоғамдық, педгогикалық маңызы жоғары адамгершілік тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруда қолайлы жағдай туындайды.

Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппараттарының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардың ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.

Кесте 3.3

Педагогикалық шарттары

Мазмұны

1 Ретроспективтік талдауды іске асыру

Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді.

2 Қоғам өзгерісінің музыкадағы өзгерісін анықтау

Қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.

3 Музыкалық білім беру тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізу

Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие, тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді.

4 Дыбыстардың тыңдаушыға әсерін ескеру

Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді.

5 Әуеннің және саздың жеке тұлғаға ықпалын аудару

Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.

6 Тыңдарманның эстетикалық талғамын ояту

Музыка – қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы.

7 Саз өнерінің адамгершілік қалыптастыру мүмкіндігі

Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр.

8 Еңбекке баулу қарымы

Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады.

 

Оқушылардың ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.

 

Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпал тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүесімен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойлуы балалардың дене қозғалысы мәдениетін қалыптасуына көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бірізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі белсендіріледі.

Басқа да өнер түрлері сияқты музыка – танымдық процестерді белсендіру құралы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өрісі кеңейеді, ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың кешенділігін (тембірі мен гармонияның мәнерлігін қабылдау), сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын (гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы – тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының өресін биіктетуде шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор.

Педагогика – жалпы және арнайы білім беру саласында теориялық, практикалық іс-әрекеттің негізі болып табылатын білім берудың мазмұны, формасы мен әдістері туралы ғылым. Осыған сәйкес белгілі бір білім саласы бойынша педагогикалық проблемаларды зерттейтін музыкалық білім беру педагогикасы сияқты бөлімдерінің болуы заңды құбылыс.

«Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымы – көптен бері қолданып келе жатқан ұғым. Бұл ұғым көпшілікке музыкалық білім беру саласында, соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты қолданылады. Сонысен бірге музыкалық білім беру педагогикасы түрлі типтерге музыкалық оқу орындарында (балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, балалардың хор студиясы және т.б.) жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық білім беру және осы саланың бірден-бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен консерваторияларда кәсіби музыкалық білім беру мәселелерін қалыптастырады.

Кез-келген ғылым саласы сияқты, музыкалық білім беру педагогикасы әдіснамалық негіздерге сүйенеді. Табиғаттың, адамның, қоғамның, танымның даму заңдылықтары философияның заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан ұзақ жылдар философияның аясында өркендеген және өркендеу үстіндегі педагогиканың бір саласы – музыкалық білім беру педагогикасы да философиялық тұжұрымдардың негізінде дамиды.

Музыкалық білім беру педагогикасы қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды. Сондықтан музыкалық білім беру педагогикасы – балалар мен жастардың ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі жайлы ғылым.

Музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен міндеттерін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі ұғымдарын қарастыру қажет.

Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында алғанда ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал тар мағынады түрлі деңгейду музыкалық тәрбие беру (жалпы және кәсіптік) мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіреді.

Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгертуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттілігі. Музыкалық білім беру педагогикасы – тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген қоғам қажеттіліктерінен пайда болған ғылым. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

Музыкалық білім беру – арнайы ұйымдастырылған оқу процесінде немесе өз бетімен білім алу арқылы білім, іскерлік, дағдылар жүйесін меңгерту ретінде қарастырылады. Білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы музыкалық білімділік мазмұнын құрай келе, кәсіби салада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бемімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Меңгертілген музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта, орта арнайы, жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы музыкалық білім, кәсіптік музыкалық білім деп бөлінеді.

Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасы ғылыми-теориялық, практикалық және болжау функцияларын атқарады. Музыкалық білім беру педагогикасының мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық идеяларға (білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы, оқытудың өмірмен байланыстылығы және т.б.) ғылыми теорияларға сүйенеді. Музыкалық білім беру педагогикасын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан, музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған қалай оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Музыкалық білім беру педагогикасы теориялық жағынан дами отырып, музыкалық білім беру бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруді көздейді. Оған озық педагогикалық тәжірибенің, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларының мектеп практикасына ендірілуі мысал бола алады. Музыкалық білім беру педагогикасына болжам жасау функциясы қоғамның дамуының, мәдениет пен экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы ғылыми-мәдени жетістіктердің даму тенденцияларына талдау жасау негізінде музыкалық білім берудің болашағын жобалауға көрініс береді. Болжамның объектісі – ғылыми теориялар қалыптасқан жағдайда оны болашақтағы практикалық іс-әрекеттерде қолдану жолдарының үлгісінің жасалуы.

Осы тұрғыдан алғанда, музыкалық педагогиканың ғылым саласы ретінде музыкалық тәлім-тәрбиеге байланысты педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады.

Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір ғылым саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді.

Музыкалық білім беру педагогикасы – ғылым саласы, оның пәні музыкалық білім беру;

  • Музыкалық білім беру педагогикасының зерттеу объектісі оқушы, музыка пәні мұғалімі, кәсіби сазгер;
  • Музыкалық білім беру педагогикасы музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Ол түрлі фактілерді жинақтап, қорытады, музыкалық-педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды, музыкалық білім беру мен тәрбиелеу ісінің болашағын болжайды;
  • Музыкалық білім беру педагогикасы өз пәнін зерттеуде жалпы педагогикалық және арнайы зерттеу әдістерін (бақылау, әңгімелеу, эксперимент және т.б.) қолданады;

Қайсы бір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасына қатысты негізгі категориялар (музыкалық тәрбие, музыканы оқыту, музыкалық білім беру) қалыптасқан.

Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.

Өнердің осы түрінің адамның жан дүниесіне ықпал ету механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде-ақ антика ғұламалары назар аударған. Тарихи-археологиялық деректерге қарағанда, музыка ежелгі грек қауымының өмір тіршілігінде айтарлықтай орын алған және олар музыкалық тәлім-тәрбиеде жинақталған.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында музыкалық білім беру саласы дербес ғылым саласы ретінде дами бастады. Оған бірнеше факторлар себепкер болды. Біріншіден, бұл қоғамның әлеуметтік жаңаруы және адамгершілік, халықтық, ізгілік, демократизм идеяларының өркендеуіне байланысты еді. Осы кезеңде өмір сүрген орыс классик сазгерлері, педагогтары А. Н. Серов,           В. В. Стасов, Ц. А. Кюи, М. Глинка, А. Доргомыжский,                       П. Чайковский, С. Танеев, Н. Римский-Корсаков және т.б. өнердегі халықтық демократизм, ағартушылық идеяларын дәріптеп, тәрбиені прогрессіл рухпен қанықтыруды батыл талап етті және музыкалық мәдениетті жетілдіру жөнінде құнды пайымдаулар жасап, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға атсалысты.

Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады.

Бірінші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы) музыкалық білім беру педагогикасының негізін салушы ғалым-ұстаздардың                (А. Н. Карасев, С. И. Миропольский, Д. Н. Зарин, С. Т. Щацкий және т.б.) педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі және музыкалық тәрбие берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін қарастыруға арналған бірқатар музыкалық-педагогикалық еңбектердің жарық көруімен сипатталады.

Музыкалық білім беру педагогикасының проблемаларын, соның ішінде музыкалық тәрбиенің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау ісімен айналушылардың бірі А. Н. Карасев болды. А. Н. Карасевтың «Ән айту әдістемесі» өз кезінде аса танымал еңбектердің бірінен саналған-ды. Әдістемеде ән айтуға үйретудің мақсаты және одан туындайтын нақты міндеттер, ән айтудың тәрбиелік маңызы анықталған. Автордың пікірінше ән айтудың мақсаты – балалардың музыкалық қабілеттерін, сонымен бірге дауыс, сөйлеу, тыныс алу органдарының іс-әрекетін белсендіру және қалыптасқан музыкалық қабілеттері мен іскерліктерін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Ол нота сауаттылығын ашу жөнінде де құнды пайымдаулар жасады.

Музыкалық білім беру педагогикасы қалыптасуының алғашқы кезеңіндегі Ресей мен Батыс Европадағы музыкалық тәрбие берудің жағдайы туралы объективті мағлұматтар жинақталған маңызды еңбектердің бірі С. И. Миропольскийдің «Ресей мен Батыс Европадағы музыкалық білім беру туралы» кітабы еді. Автор еңбегінің негізгі мақсаты музыканың тәлім-тәрбиелік маңызын ашу және сол кездемүмкін болып есептелмейтін жалпыға бірдей музыкалық тәрбиені жүзеге асыру жолдарын қарастыру болатын.

XIX ғасырдың соңында музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуына Д. Н. Зарин мен А. Л. Маслов өлшеусіз үлес қосты. Олар өздерінің музыкалық тәжірибесіне сүйене отырып, балалардың музыкамен шұғылдануға деген әуесқойлығын, шығармашылық белсенділігін арттыру негізінде олардың музыкалық қабілеттерін дамытуға болатындығын дәлелдеп берді. Д. Н. Зариннің «Мектепте хормен ән салу әдістемесі» оқу құралында музыкалық қабілеттерді дамытудың бірқатар мәселелері қарастырылған. Оның пайымдауынша балалардың музыкалық белсенділігін арттыру музыкалық қабілеттерді дамытудың негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Автордың балаларға белгілі бір мәтінге немесе аяқталмаған музыкалық фразаны жалғастыра әуен шығарып аяқтау, музыкалық қабылдауды әнді орындау және оны импровизациялау негізінде ұйымдастыру музыка сауатын меңгеруде, дыбыстардың қатынасын, қозғалысын бейнелейтін әуендер шығару сияқты ұсынған шығармашылық тапсырмалардың, сонымен қатар музыкалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту, әнші даусының тәрбиесі, әнді үйрету, репертуар сұрыптау бойынша ұсынған әдістемелерінің практикалық маңызы зор.

Жеке тұлғаның музыка арқылы шығармашылық сапа-қасиеттерін дамыту мәселелері П. Л. Яровскийдің, В. Н. Щацкаяның ізденістерінде көрініс алған.

П. Л. Яровский (1877–1942) – көрнекті музыкатанушы, сазгер, пианист, қоғам қайраткері, өнертану ғылымдарының докторы Мәскеу, Киев консерваторияларының профессоры. Оның бүкіл өмір жолы музыкалық тәлім-тәрбие жұмысын дамытуға арналған. Оның музыкалық-педагогикалық практикасында балалардың музыкалық мүмкіндіктерінің мейлінше ашылуына, шығармашылық қабілеттерін белсенділікпен дамуына ықпалын тигізетін өзіндік әдістемесі осы саладағы ізденушілерге үлкен қызығушылық туғызған еді. Автордың балалардың музыканы қабылдауы, олардың шығармашылық бастауларының көзін ашу міндеттерін жүзеге асыруда есту, сенсомоторлық түйсіктерді белсендіру бойынша ұсыныстары да назар аударарлық және өз заманындағы жаңашылдық болып табылады.

Музыкалық педагогиканың көрнекті өкілдерінің бірі –               В. Н. Щацкая. Ол 1965 жылы Мәскеу консерваториясын бітіріп «Детский труд и отдых» балалар клубын басқарды.

В. Н. Щацкая мен С. Т. Щацкийдің «Бодрая жизнь» колониясындағы музыкалық тәрбиені ұйымдастыру тәжірибесі бүгінгі зерттеушілердің назарын өздеріне үнемі аударып келеді. Бұл тәжірибенің ерекше белгілері – ең алдымен сол кезеңде белең алған тәрбиедегі дөрекі жалтырақтық пен жаттандылыққа формализмге тосқауыл бола алатын амал-жолдарды іздестіру еді.

Екінші кезең (XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысы) ән-күйдің дербес пән ретінде оқытылуына және музыкалық білім мен тәрбие беру әдістемесінің жасалуына байланысты, музыкалық білім беру педагогикасының жаңа ғылым саласы ретінде қалыптаса бастауымен сипатталады. Сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткері А. В. Луначарскийдің басшылығымен Халық ағарту комиссариаты жанында арнайы музыкалық бөлім ашылды. Сөйтіп, мектептерде музыкалық білім мен тәрбие мақматы мен міндеттері, талаптары айқындалып, музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің жүзеге асыру жолдары қарастырыла бастады. Ән сабағын оқытуға байланысты қойылатын талаптар күшейтіліп, білім мазмұнын сұрыптау қолға алынды, сабақ өткізу әдістемесін жасау және оқу құралдарын дайындау жұмыстары жоспарланды. Ән сабағын жүргізетін мұғалім даярлығы да назардан сырт қалған жоқ.

Мектептегі музыкалық тәлім-тәрбиенің мақсаттары мен мазмұнын анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылған Н. Я. Брюсованың, музыка сабағын жобалау, құру мәселелерін талқылауға арналған М.М. Койранскаяның мақалалары да музыкалық білім беру педагогикасы теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан еңбектер дейге болады.

Ресейде музыкалық педагогиканың дамып қалыптасуына музыкатанушы, сазгер, педагог. ССРО-ның академигі Б. В. Асафьев көп еңбек сіңірді. Ол ірі музыкатану мектебінің негізін салушы ретінде аса танымал ғалым, эстетика, музыка теориясы мен тарихы туралы кітаптардың сондай-ақ мектепте музыкалық тәрбие беру әдістемесі және оны ұйымдастыру проблемалары мен кәсіби-музыкалық білім беру жөніндегі салиқалы мақалалардың авторы.

Б. В. Асафьев өзінің еңбектерінде мектеп оқушыларының музыканы қабылдау қабілетін, музыкалық талғампаздығын дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Оның пайымдауынша музыка сабақтарында тек музыкалық шығармаларды тыңдаумен ғана шектелмеу керек, керісінше, олардың музыкалық қабылдау мүмкіндіктерін кеңейту қажет, яғни музыканы практикалық жағынан меңгерту міндеттері қойылуы тиіс.

Б. В. Асафьевтің пікірінше, өнер туындыларының бағасы мен нарқын осы салада аз да болса шығармашылықпен әрекет етіп, соның жемісіне қуанып, шаттана білген адам ғана, байыптай алмақ. Бұдан оның өнермен шұғылданудағы шығармашылық іс-әрекетке ерекше мән бергендігін көреміз.

Музыканы тыңдап қабылдаудың психологиялық аспектілері, соның ішінде «музыкалық ұғым-түсініктер» негізінде музыкалық ойлауды дамыту, музыканы тыңдау барысында адамның белгілі бір сезімге бөленіп, сан қилы психикалық кейіпке түсіп қана қоймай, талдау, жинақтау, салыстыру нәтижесінде музыкалық материалдарды саралау, сұрыптау, баға беру сияқты ойлау процесінің жүріп жатқандығы Б. В. Асафьевтің назарынан сырт қалмаған. Оның музыкалық педагогика саласында қалыптасқан қағидалары сол кезеңде музыкалық тәрбиенің қалыптасуына өлшеусіз зор үлес қосты, әрі болашақта дамуына негіз болды.

Музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуына шешуші роль атқарған бұл кезеңде тек ғылыми-әдістемелік өңдемелердің және музыкалық білім берудің мазмұнын, әдіс-құралдарын, ұйымдастыру формаларын қарастырған ғылыми-әдістемелік еңбектердің жарыққа шығаруларымен бірге, музыкалық білім беру проблемаларын шығармашылықпен, теориялық тұрғыдан ой таразылайтын батыл қадамдар жасалды.

Үшінші кезең (XX ғасырдың 50–90 жылдары) – музыкалық білім беру педагогикасының теориялық негіздерінің жасалуымен жәнеосыдан туындайтын Ресей, Қазақстан ғалымдарының ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының өріс алуымен ерекшеленеді.

Білім беру және тәрбиелеу процессі кезінде тұлғаның әлеуметтендірілуін қамтамасыздандыру қажет. Бұл жаңа ашылыстарды игеруді, өзіндік күн көруді үйренуді, мәдениеттің минимумдық негізін салуды білдіреді. Музыка туралы білім біздің заманымызда күннен күнге үлкен роль атқарады.

Егерде бұндай жұмыс нәтижесінде оқушылар музыка пәнінде эмоционалдық қанағаттанса, онда олар музыкаға деген сүйіспеншілікті бүкіл өмір бойы өткізе алады. Солардың біреулері болашақта композитор, біреулері – әнші, тағы біреулері – жақсы, музыканы сүйсіне тыңдайтын тындарман болуы мүмкін. Музыкалық тәрбиешілер жастарды осы 2-3 топқа қосылып кетулеріне себеп болу керек.

Музыка педагогикасының әдістемесін жасаушы, ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы О. А. Апраксина Ресейде алғашқылардың бірі болып орыс музыкалық педагогикасы тарихын зерттеумен айналысты. Музыка сабақтарының мектептің оқу жоспатымен оқытылатын басқа да пәндермен ұқсас жақтары бар. Алайда, О. А. Апраксина атап көрсеткендей, музыка сабақтарының өзіне тән айшығы оқу материалының мазмұнына, балалардың танымдық ерекшеліктеріне, жалпы, әсіресе арнайы музыкалық қабілеттерінің даму деңгейіне, қолданылатын оқу әдістерінің тиімділігіне, пайдаланылатын техникалық құралдарға, мұғалімнің жеке тұлғасына байланысты көрініс алады.

Автордың музыка мұғалімін даярлау проблемасына қатысты «Методика музыкального воспитания» оқу құралы музыкалық білім беру педагогикасындағы ең құнды еңбектердің бірі болып саналады. Осы мерзімде мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге сондай-ақ орта арнайы және жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары бірінен соң бірі жарық көре бастады. Сол жылдары балабақша тәрбиешілері мен музыкалық жетекшілерге арналған «Музыкальное воспитание в детском саду» атта оқу құралы басылып шықты.

Өткен ғасырдың 60–70 жылдары музыкалық білім беру педагогикасы мәселелеріне қатысты пікірталастар өрби түсті. Пікірталастар біріншіден, сабақты «ән сабағы» немесе «музыка сауаты» тәрізді бөліктерінің немқұрайлылықпен, қалай болса солай бөлініп өтілетіндігі туралы күдік тудыратын қарама-қайшылықтардың беті ашылды. Көп кешікпей академик Д. Б. Кабалевскийдің тың көзқарастағы музыкалық-педагогикалық тұжырымдамасы өмірге келді. Аталған тұжырымдама автордың болашақ музыка мұғалімінің жаңа бағдарламасының жаршысы болған «Об основных принципах и методах программы по музыке для общеобразовательной школы» атты мақаласында және бірқатар кітаптарында көрініс тапты.

Музыка өнері өмірдің ажырамас бөлігі ретінде эстетикалық, танымдық, тәрбиелік функциялар атқарады. Бұл туралы                      Д. Б. Кабалевский былай деп тұжырымдағанды: «Адам жасаған өнер сол адам туралыжәне сол адам үшін жасалады, музыка мен өмірдің байланысы осында жатыр… Міне сондықтан да өнер үнемі адамдардың идеялық дүниесін байытып, рухтандырып, дүниетанымын бекітіп, күш қуатын арттырып келеді».

Д. Б. Кабалевскийдің жетекшілігімен дайындалғанмузыка пәні оқу бағдарламасының жаңашылдығы бағдарлама мақсатында да айқын көрініс тапты. Егер бұған дейін музыкалық білім беру педагогикасының мақсаты балаларды музыка өнеріне тартып, оған деген қызығушылығын тудыру, белгілі бір көркемдік дағды, іскерлігін қалыптастыру болса, жаңа бағдарламада оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда теңдеусіз құрал болып табылатын музыканың адамның, әсіресе өскелең ұрпақтың рухани өрісіне эмоционалды түрде ықпал ететін әсер-күшін пайдалану талабы қойылды. Сөйтіп, музыка пәнінің жаңа мақсаты – оқушылардың музыка және оның қоғамдағы ролі мен әлеуметтік қызметі жөнінде біртұтас ұғым-түсініктері негізінде музыкалық қабілетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа мақсат жаңа міндеттерді нақтылауды талап ететіні белгілі. Сондықтан эстетика, психология, дидактика саласындағы қағидалары сондай-ақ Д. Б. Кабалевскийдің тұжырымдамасы негізінде музыкалық білім берудің басты үш міндеті қарастырылды.

Бірінші музыкалық міндет – оқушылардың музыкаға эмоционалды қарым-қатынасын қалыптастыру. Бұл міндеттің орнындалуы музыканы қабылдау негізінде жүзеге асырылады. Сөйтіп, оқушылардың музыкаға эмоционалдық ынта-ықыласын, музыкалық сезімін, музыканың сазын эмоционалды нәзік байыптау, білімді меңгеру, дағды, іскерліктерді иелену, музыканы тыңдап, орындауға деген белсенді талпынысын оятуға қажетті жағдай туғызылады.

Екінші музыкалық міндет – музыкаға деген қарым-қатынасты қалыптастыру. Бұнда оқушылардың музыкалық шығармаларды саналы түрде қабылдау тәжірибесін жинақтау, музыкалық білімдерді күнделікті өмірде қолдана білу, музыкалық образдардың сипатын сезіну, даму логикасын байыптау, шығарманың өміршеңдігі мен идеялық негізін саналы түрде ұғып-түсіну қарастырылған.

Үшінші музыкалық міндет – музыканы орындау, әсіресе музыкамен әуестенудің ең қолайлы формасы ретінде хормен ән салу процесіндегі іс-әрекеттік, практикалық қарым-қатынасты қалыптастыру. Бұл міндеттің шешімі оқушылардың музыкалық есту ұғым-түсініктерінің қалыптасуы мен музыкалық қабылдау процесінде орындаушылық дағдыларының дамуына байланысты.

Күнделікті музыкалық практикадааталған міндеттер бір-бірімен тығыз байланыста болуы тиіс және олардың қажетті деңгейде қалыптасуы оқушылардың музыкалық тәжірибе деңгейін мектеп оқушыларының музыкалық дамуының аралық сатыларындағы нәтижелерін анықтауға негіз бола алады. Жаңа бағдарламаның басты жаңашылдығы – музыканы оқытудың жүйесін және нақты сабақтарды құруға негізі болатын тақырыптық принципті ұстану.

80-ші жылдары сазгер-педагогтардың назарын болашақ музыка пәні мұғалімі даярлығы проблемалары өзіне назар аудара бастады. Осы бағытта Э. Б. Абдуллин, Л. Г. Рапацкая, Е. В. Николаева,             Г. М. Цыпин және т.б. ғалым-педагогтар арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Аталған проблеманың көптеген аспектілері    М. Х. Балтабаев, Р. Р. Джердималиева, С. А. Ұзақбаева,                       А. А. Қалыбекова, Т. А. Қышқашбаев, Ш. Б. Құлманова, Ө. К. Спанов және т.б. қазақстандық ғалымдардың ғылыми ізденістерінде көрініс тапты.

Музыкатану, музыкалық білім саласындағы әдебиеттерде Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнің өзінде қазақ даласында музыка өнеріне баулу, кәсіби шыңдау бойынша едәуір тәжірибе қалыптасқандығы мазмұндалған. Сазгерлікке, әншілікке, күйшілікке баулу отбасында, жастардың сауық-сайранында, мейрамдарда немесе арнайы кәсіби білім беру мектептерінде жүзеге асырылып келген. Одан кейінгі кезеңдерде Қазақстандағы музыкалық білім беру жұмысы бұрынғы Одақ көлемінде жүзеге асырылды.

Осы кезеңдегі музыкалық-эстетикалық тәрбие беру жұмысы профессор С.А. Ұзақбаеваның зерттеу еңбегінде жан-жақты талдауға алынған. Зерттеушінің «Өміршең өнер өрісі» атта еңбегінде осы жылдардағы музыкалық тәлім-тәрбие берудің тарихы, ерекшеліктері жан-жақты сипатталады. Автордың халық педагогикасы идеяларының дамуы мен қалыптасуына берген тарихи-педагогикалық сипаттамасы музыкалық педагогика проблемаларын зерделеуге қосқан аса маңызды үлесі болып табылады.

Өткен ғасырдың 20-жылдары Б. В. Асафьев, Б. Л. Яворский,     В. Н. Щацкая сияқты орыс мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бастамасымен Ресейде өріс алған музыкалық-ағартушылық қозғалыс Қазақстанда ойдағыдай жүзеге аспай қалды. Оған себеп елдегі ұлттық маман кадрлардың, талапқа сай материалдық базаның тапшылығы еді. Тіпті түрлі типтегі мектептер (жеті жылдық, тоғыз жылдық, шаруа жастары мектептері, I және II дәрежедегі мектеп-коммуналар, ауылды мекендерде екі жылдық, төрт жылдық, жеті жылдық мектептер, ФЗУ-лар т.б.) ашылғанымен, музыка пәнін оқытуды өз деңгейінде ұйымдастыруға септігін тигізе алмады. Ең алдымен музыка пәнінің арнайы бағдарламасының болмауы да үлкен кедергі болды. Алайда бұған қарамастан, балалар мен жастарға музыкалық тәрбие беру жұмысы тоқтап қалған жоқ. Республиканың түпкір-түпкіріндегі елді мекендерде, мектептерде түрлі музыкалық үйірмелер ашылып, көпшілік-насихат жұмыстары қызу жүріп жатты. Сөйтіп, халық таланттарының көзі ашылып, қазақ интелегенциясының қалыптасуына ықпалын тигізді. Музыкалық-эстетикалық тәлім-тәрбие бағытында бірқатар мектептен тыс мекемелер өз жұмысыг жандандыра бастады. Солардың бірі – 1920 жылы Орынбор қаласында ашылған Қазақ өлкелік тәжірибелік-эксперименттік мектеп-коммуна еді. Онда ән сабағы аптасына екі сағаттан жүргізіледі. Алайда, арнайы мамандар болмағандықтан, ән сабақтарын музыкалық білімді мамандар орыс тілінде жүргізді.

30-шы жылдары Одақ көлемінде кеңінен өріс алған мәдени құрылыс ісі Қазақстанда музыкалық білім беру ісінің дамуына үлкен септігін тигізді. Балалар музыка мектептерінің, техникумдар мен жоғары оқу орындарындағы жұмыстарды бір жүйеге келтіру ісі қолға алына бастады. Алматы қаласында 1932 жылы алғашқы музыкалық-драмалық техникумның және оның базасында А. Қ. Жұбановтың басқаруымен қазақ халық музыкасын зерттеу кабинеті және қазақ халық аспаптары жетілдіру бойынша музыкалық-эстетикалық шеберхананың ашылуы үлкен бастама болды. 30-шы жылдардағы тағы бір жетістік Қазақстандағы барлық мектептердің Ресейдің музыкалық білім беру бағдарламасымен оқытуға көшуі еді.

Алайда Қазақстанда оқулардың, оқу құралдарының, кәсіби мамандардың жетіспеуінен музыкалық білім беру артта қалып отырды. Бұндай кемшіліктерді жою мақсатында тәрбие жұмысының негізгі формасы ретінде үйірме жұмысына көп мән берілді . Барлық мектептерде музыка, хор, драма үйірмелері жұмысы жанданды. Сөйтіп, көркемөнерпаздар ұжымдары оқушыларға музыкалық тәлім-тәрбие беруде қыруар іс атқарды. Тарихта үлкен із қалдырған Ұлы отан соғысы елеулі нұсқан келтіргені белгілі. Осы кезеңде Ленинград, Киев, Мәскеу, Харьков қалаларынан эвакуацияланған өнер адамдарының талантты сазгерлері мен педагогтердің Қазақстан жеріне қоныстануы музыка мәдениеті мен білімнің дамуына маңызды ықпал тигізгені мәлім.

40-шы жылдары республиканың музыкалық өмірінде елеулі уақиға болды. Ол 1944 жылы Алматыда мемлекеттік консерваторияның ашылуы еді. Консерваторияға жоғары квалификациялы түрлі мамандықтағы кадрлар даярлау, қазақ, орыс, шетел музыкасы саласында ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды орындау, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау, өнер мен ағарту саласында мамандардың біліктілігін жоғарлату міндеттері жүктелді.

Осы кезеңде көркемөнерпаздардың олимпиадалары мен байқаулардың ұйымдастырылуы да оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіруге өз үлестерін қосып жатты.

Сонымен, соғыс және соғыстан кейінгі жылдары сыныптан тыс және мектептен тыс іс-әрекеттер осы бағыттағы жұмыстардың негізгі формасы болды. Ал музыкалық тәрбие мазмұндық жағынан бейбітшілік пен достық, бақытты өмір, патриоттық сипатымен ерекшеленеді.

50-ші жылдары ел еңсесі көтеріліп әлеуметтік-экономикалық жағдай біршама жақсарды. Осыған байланысты білім беру саласында елеулі жетістіктер бой көрсетті.

Жетіжылдық және жалпыға бірдей орта білім беру міндетті түрде жүзеге асырылатын болды. Политехникалық білім беруді одан әрі дамыту оқу-тәрбие жұмысының деңгейін жоғарлату, оқу-материалдық базасын нығайту күн тәртібіне қойылды. Жаңа оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары жарыққа шығарылды. Ең бастысы, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру негізінде оқу-тәрбие жұмысын жақсартудың жолдары мен әдістері айқындала бастады.

60-шы жылдар 1962-1963 оқу жылы Қазақ ССР оқу министрлігінің бұйрығына сәйкес халыққа білім беру жүйесінің қайта құрылуына байланысты жалпы білім беретін мектептердің бәрі жаңа оқу жоспары мен бағдарламасына көше бастады. Сөйтіп, ән-күй сабақтары бастауыш, сегізжылдық қазақ мектептерінің 1-7 сыныптарында 1 сағаттық апталық жүктемемен оқытыла бастады. Осындай өзгерістерге байланысты ән-күй пәнінің бағдарламасы қайтадан қаралды.

1962 жылы белгілі педагог әрі сазгер, көпреген балалар әндерінің авторы Б. Ғизатовтың қазақ тілінде дайындаған, үш бөлімнен тұратын «Мектептегі ән-музыка сабағының мұғалімдері үшін» атты әдістемелік құралы басылып шықты. Оның «Музыка сауаты» атты бірінші бөлімінде автор нота сауатын меңгерту жөніндегі жұмыс жүйесін қарастырды. Ал «Ән үйрену сабағы» атты екінші бөлімінде бір және екі дауыста ән салу әдістемесі, әнді орындау ережелері, сабақтардың үлгілері және мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар берілген. Үшінші бөлімі Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сияқты күйші сазгерлердің, көрнекті орыс және қазақ сазгерлерінің шығармашылығын сипаттауға арналған.

Сонымен, Қазақстан мектептеріндегі музыка пәні мазмұнына бірен-саран қазақ әндері мен күйлері ендіріліп, толықтырылып отырғанымен, мақсат, міндеттері, құрылымы, мазмұны біртектес болды және Ресей бағдарламасы негізінде жүргізіліп келді.

80-ші жылдары барлық Одақтас республикалар сияқты Қазақстан да жаңа бағдарламаның бейімделген вариантын жасау ісі қолға алына бастады. Қазақ мектептеріне арналған бағдарламаны жасайтын авторлық ұжым құрылды. Оның жетекшісі Б. Ғизатовтың басшылығымен, ұжым мүшелері Р. Р. Джердемалиева,                         Г. Ж. Қарамолдаева 1984 жылдық қазан айында бейімделген жаңа бағдарламаны, хрестоматиялар мен фонохрестоматияларды жарыққа шығарды. Аталған авторлық ұжым бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаны әдістемелік жағынан қамтамасыз етуде көп еңбек сіңірді.

90-жылдары республикада ұлттық музыкалық ерекшеліктер ескерілген, қазақ мектептерінің мұқтаждығын қанағаттандыра алатын жаңа оқу бағдарламаларын дайындау қажеттілігі өріс алып, қазақтың көркем мәдениеті арқылы оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәлім-тәрбиесін жетілдіру мен оқу орындарында жүзеге асыру жүйесінің болмауы арасындағы қарама-қайшылық шиеленісі түсті. Музыкалық білім беру саласындағы орын алған қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру қазақстандық ғалым-педагогтардың музыкалық-педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендірді.

М. Х. Балтабаев – 100-ден аса мәдениеттану, фольклор, музыкалық-эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырған еңбектердің авторы. Ғалым-педагогтың «Қазақстанның дәстүрлі көркем мәдениеті» атты монографиясы, «Педагогикалық мәдениеттану» оқу құралы, жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сыныптары үшін «Музыка», 10–11 сыныптар үшін «Өнер», балабақшалар үшін оқу бағдарламалары және әдістемелік кешені, жалпы білім беретін мектептердің бастауыш, орта, жоғары сыныптары үшін «Музыка» оқу бағдарламалары және әдістемелік кешені, жоғары оқу орындарының музыка факультеттері үшін арнайы курстардың оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, бастауыш сыныптарға «Әсем саз», бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған «Елім-ай» оқулықтары, оқу құралдары жарық көрген.

М. Х. Балтабаев музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесін жасауда дәстүрлі көркемдік мәдениеттің бай мүмкіндіктері толық пайдаланылуы қажет, сонымен бірге бүгінгі дәстүрлі білім мен тәрбие жүйесін жаңа сападағы деңгейге көтеру механизмін іздестіру бүгінгі күннің көкейкесті талаптарының бірі деп есептейді. Ол өз зерттеулерінде қазақтың ән мәдениетін, сәндік-қолданбалы мәдениетін, халықтық би мәдениетін, халақтық сөйлеу мәдениетін дәстүрлі көркем мәдениеттің жүйе құраушы компоненттері ретінде атай келе, оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесіне деген жаңаша көзқарасын ұсынады.

М. Х. Балтабаевтың жетекшілігіндегі авторлық ұжым «Елім-ай» ән-күй бағдарламасын дайындады. Бағдарламаның мақсаты – оқушылардың рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын музыкалық мәдениетін қалыптастыру. «Елім-ай» ән-күй бағдарламасының білімдік, тәрбиелік мақсат, міндеттері жеке тұлғаның дәстүрлі көркемдік тәрбиесінің өлшемдері мен көрсеткіштеріне сәйкес анықталған:

– халық өнері туындыларын қабылдау процесінде музыканы саналы түрде түсіну;

– ән салу, би, ойын, сурет салу, музыкалық аспаптарды шертуді қарастыратын орындаушылық іс-әрекет;

– қарапайым әндерді импровизациялау, би элементтерін түрлендіру, ән, ертегілерді драматизациялау, музыкалық ойындарының кейіпкерлерінің образдарын жеткізе білу.

Бағдарлама «Сарыарқа», «Тұлпар», «Аққу», «Елім-ай» сияқты тақырыптық құрылымда түзілген. Олар бастауыш білім берудің барлық кезеңдерінде логикалық байланысып, бірін-бірі толықтырып, әрі бірін-бірі байытып отыратын екі сағаттық апталық жүктеме арқылы жүзеге асады.

«Елім-ай» бағдарламасы қазақ халқының көркемдік шығармашылығының сан түрін кешенді түрде пайдалану негізінде бала психикасының түрлі жақтарына кешенділікпен ықпал етуді көздеді. М. Х. Балтабаев осы өнер атауының қай-қайсысын пайдалануда синхрондылықты сақтауды міндетті деп санамайды. Керісінше, білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, әсіресе бастапқы кезеңде кезекпе-кезең пайдаланудың тиімділігін атап көрсетеді.

Алайда респудликадағы жоғары оқу орындарында болашақ музыка пәні мұғалімдерін жоғарыда аталған талаптарға сай даярлауға қазіргі кезеңдегі мүмкіндіктер жоқтың қасы. Яки, бағдарламаны ойдағыдай алып шығатын, оның барлық міндеттерін шеше білуге қабілетті педагогикалық кадр даярлығы осы бағдарламаны қазақ мектептерінде кеңінен ендіруге кедергі болғандығын айтып өтуіміз керек.

«Елім-ай» – қазақ халық мәдениетінің өзара байланысы мен синкреттілігін ашып көсететін бағдарлама. Оның авторлары өскелең ұрпаққа өнер түрлерінің (ән, аспаптық, сәндік-қолданбалы, би, ауызекі-поэтикалық) мәні мен маңызын, олардың халық өмірінде алатын орнын түсіндіруді, шығармашылық мұраға деген сыйластықты көзқарасын, сондай-ақ балаларды осы өнер түріне қатысты іс-әрекеттерге тартуды мұрат еткен.

Оқушыларды қазақ халқының ерекше мәдениетіне, тартуға деген талпыныс А. Райымбергенов бастаған авторлық ұжым дайындаған «Мұрагер» атты музыка бағдарламасынан байқалады. Бағдарламаның мақсаты – қазақстандық патриотизмді, ұлттық рухани байлықтың мұрагері екендігін сезінетін, өз халқының салт-дәстүрін, өнерін, ана тілін білетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.

Аталған бағдарламаның басты ерекшелігі – балаларды домбыра шертуді нотасыз, ауыхша әдіспен үйрету және халық әндерін домбыраның сүйемелдеуімен орындауға машықтандыру.

Халық ән-күйін меңгерту қарапайымнан күрделіге қарай принципіне негізделген. Балалар бастапқыда қарапайым да жеңіл-желпі жаттығулар жасап, аса күрделі емес ән-күйлерді орындауға машықтандырылса, бірте-бірте күрделі шығармаларды орындауға үйретіледі. Білім мазмұнында ән, күй, жыр, терме, айтыстар, би, қолданбалы және сәулет өнерінен мағлұматтар беру де қарастырылған. Оқу жүктемесі аптасына үш сағаттан жоспарланған. Тағы бір айта кететін жайт, бағдарламаның құрылымдық жоспарында балаларды нота сауатынсыз домбыра тартып үйрету бағытының басым болуы. Бұл өз кезегінде бағдарламаның «Музыка» сабағынан гөрі домбыра үйрену үйірме жұмысына жақын екендігін, әрі апталық сағат санының типтік оқу жоспарына сәйкес емес екендігін көрсетеді.

Сөйтіп, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ұлттық сана-сезімнің өсуі бастауыш мектепте ұлттық негізде музыкалық тәрбие беру бағытында бірқатар жаңашылдықтың дамуына ықпал етті. Нәтижесінде «Музыка» пәні бойынша «Елім-ай» (жетекші                 М. Х. Балтабаев). «Мұрагер» (жетекшісі А. Райымбергенов) сияқты бірнеше баламалы бағдарламалар өмірге келді.

Ендігі жерде оқушылардың туған халқының мәдениет негіздері жөніндегі білімі мен тәрбиесіне ықпалын тигізетін халықтың тарихы, өмір сүру болмысы, салт-дәстүрі ұғым-түсініктерін кеңейтетін, өзін ұлттың мүшесі және азаматы екендігін саналы түрде ұғынуын, отбасы мен мектептегі мінез-құлық нормалары жөніндегі ұғым-түсініктерін қамтамасыз ете алатын және типтік оқу жоспарына қойылатын ғылыми-теориялық, әдіснамалық талаптарға сай бағдарлама жасау қажеттігі белең алды. Ондай бағдарлама Ш. Б. Құлманованың,          М. А. Оразалиеваның, Б. Сүлейменованың авторлық бірлестігі арқасында жарыққа шығып, Қазақстан мектептерінің игілігіне айналды.

Бағдарламада 1993 жылы 8 сәуірде жарияланған «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріндегі білім мазмұны тұжырымдамасы», мемлекеттік оқу жоспары және оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық қағидалар негізге алынған.

Педагогика ғылымында оқу жоспарын құрудың бірнеше амал жолдары қалыптасқан. Аталған бағдарлама осы спиралды құру жолымен құрастырылып және педагогика ғылымында білім мазмұнын құру, дайындау бойынша қалыптасқан ерекшеліктерді басшылыққа алған.

Ш. Б. Құлманова – жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні бағдарламаларының көрнекті авторларының бірі. Ол XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы музыка пәні оқу бағдарламаларына және қазақ халық музыкасына негізделген типтік бағдарламаларға жасаған талдауы арқылы музыкалық педагогика тарихын зерделеуге және музыкалық білім беру мазмұнын анықтау жөніндегі педагогика ғылымының қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық ғалым-педагогтардың ( М. Оразалиева, Б. Сүлейменова) қатысуымен музыка пәнінің типтік бағдарламасын жасап ұсынды. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы мектептерінде қолданыс табуда. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету үшін әдістемелік тұрғыдан негізделген, түрлі нұсқаулар, хрестоматиялар, білім стандарты жарық көрді.

XX ғасырдың 90-шы жылдарында қазақстандық ғалымдар музыкалық білім саласында біршама еңбек етті. Солардың қатарында болашақ музыка пәні мұғалімінін даярлау проблемасына айтарлықтай үлес қосқан қазақстандық ғалым Р. Р. Джердемалиева музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығын әдістемелік білім, іскерлік, дағдылардың қалыптасуына, интелектуалдық тұрғыдан ойлауды дамытуға және педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылықты, музыкалық педагогиканың әдістемелік проблемаларын шешудегі жеке тұлғалық-құндылықты бағыттылығын айқындап алуға бағытталған жүйелі, тұтас процесс ретінде қарастырады. «Методическая подготовка учителя музыки» атты еңбегінде музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының алғышартын, функцияларын, әдіснамалық принциптерін, педагогикалық шарттарын атап көрсетеді. Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының танымдық, мазмұндық, операционалды компоненттеріне сипаттама береді. Автордың «Основы методологической подготовки учителя музыки» бағдарламасының және «Организация самостоятельной работы студентов по педагогике музвоспитания» оқу құралының болашақ маман даярлау үшін де, музыка пәні мұғалімінің күнделікті іс-әрекетін ұйымдастыруда да маңызы зор. Бағдарламаның «Музыкалық педагогикалық білім беру жүйесіндегі әдістемелік даярлықтың ролі мен ерекшеліктері», «Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының мәні мен мазмұны», «Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының негізгі дидактикалық және әдіснамалық принциптері» тақырыптары пән мұғалімінің әдістемелік даярлығының мәні мен тұтас құрылымы жөнінде саналы түсінік беру, әдістемелік міндеттерді шешуге қажетті әлеуметтік маңызды кәсіптік сапа-қасиеттерін дамыту, болашақ мамандардың музыкалық білім беру педагогикасының теориясы мен практикасында әдістемелік проблемаларды шығармашылықпен іштей мақсат етіп қоя білуге төселдіруге бағытталған.

Р. Р. Джердемалиева болашақ музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығы проблемаларын құрастырумен қатар, жалпы білім беретін мектептегі музыка пәні оқу бағдарламаларының жасалуына да үлкен үлес қосты. Ол 1977 жылы академик                    Д. Б. Кабалевскийдің жетекшілігіндегі авторлық ұжымның «Музыка» пәні бағдарламасын Қазақстан мектептеріне ендіруге байланысты қазақ мектептеріне лайықталған бағдарлама жасауға қатысты. Бұл бағдарлама Б. Ғизатовтың жетекшілігіндегі авторлық ұжымның        (Г. Қарамолдаева, Л. Мамизерова, А. Байментаева, Ө. Байділдаев) бірлестікте орындалған еңбегі болатын. Болашақ музыка пәні мұғалімінің даярлығын жетілдіру мақсатында республика көлемінде түрлі жарыс, конкурстар ұйымдастырылып, даярлық курстарын өткізді.

Болашақ музыка пәні мұғалімінің кәсіби даярлығында психологиялық-педагогикалық курстар маңызды роль атқарады. Осы пәндерді оқыту барысында студенттердің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге кәсіби даярлығы проблемалары А. А. Қалыбекованың еңбегіінде көрініс тапқан. Зерттеуші өз еңбектерінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге даярлық ұғымының мәнін ашты. Болашақ музыка пәні мұғалімі даярлығының дамуындағы психологиялық-педагогикалық курстардың ықпалын және студенттердің кәсіптік қызығушылықтарын анықтау әдістемесін, оқушылырдың эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыруға даярлықты қалыптастырудың басты факторларының бірі ретінде тұтастық тұрғыдағы ғылыми негізделген жоғары оқу орнында психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың негіздемесін аталған даярлықты қамтамасыз етуге арналған педагогикалық тапсырмаларды сараптаған.

Музыкалық білім беру саласында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі музыка пәні оқу бағдарламаларын, әдістемелерін жасауға елеулі үлес қосқан – ғалым-педагог                 Ш. Б. Құлманова. Ғалымның еңбегінде бастауыш сынып оқушыларын халық музыкасы арқылы тәрбиелеу мүмкіндіктерді олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, ерік, сезім, дауысқа қатысты мүшелер: есту мүшесі, дауыс мүшесі, тыныс мүшелері) және музыкалық қабілеттерін (есту, ырғақ, музыкалық ес) ескерумен айқындалады. Автор оқушыларға қолайлы халық музыкасын белгілі бір өлшемдердің негізінде сұрыптауды ұсынады. Еңбекте қазақ халық музыкасы арқылы тәрбиелеу негізінде екі жақты процесс орын алатыны, ол, бір жағынан, оқушыларға өтілетін музыканы бейнелі түсіну мен меңгеруді, екіншіден оның мазмұнын әр түрлі дербес іс-әрекетте белсенді шығармашылықпен жүзеге асыруды бірлестіретіні жайлы мазмұндалады. Автордың қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі мәні мен ерекшеліктерін анықтауының музыка педагогикасы үшін маңызы зор. Олар: қазақ халық музыкасында болмыстың көркемдік-образдық және нақты-тарихи бейнеленуі, бейнелілігі, мәнерлілігі, интелектуалдығы, көпварианттылығы, ұжымдық сипаты.                   Ш. Б. Құлманованың тағы бір жетістігі – қазақ халық музыкасының жанрлық ерекшеліктеріне және оларды педагогикалық маңыздылығына қарай жүйеге келтіріп, мазмұндық сипаттама беруі; тұрмыс-салт музыкасы (тұрмыс әндері, салт күйлері, тұрмыстық күйлер, тарихи әндер мен күйлер, лирикалық әндер мен күйлер, этникалық шығармалар, қобыз күй аңыздары, домбыра күй аңыздары), әлеуметтік теңсіздік ән, күйлері.

Қорыта айтқанда, музыкалық білім беру педагогикасының дамып, қалыптасу жағдайына көз жіберу, тұтастай алғанда, жалпы педагогиканың, психологияның, эстетиканың, музыкатанудың, мәдениеттанудың түйісер тұсында дамып, қалыптасқан ғылымиаралық, дербес ғылым саласының пайда болғанын айғақтайды. Музыкалық білім беру педагогикасының дамып, қалыптасу тарихын таразылау оның ғылым саласы ретіндегі мәні мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.

Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты болады.

«Әдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады.

Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:

- мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу жұмыстарының өзара байланысты амалдары;

- олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері.

Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістері – ақпараттандыру (мұғалім оқу материалын баяндайды, түсіндіреді); оқушыларға практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту; мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жетекшілік ету функцияларын орындауы.

Оқыту процесінің мәні және оқыту мақсаттарының көп аспектілігі «оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді:

- «…білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі» (Педагогикалық энциклопедиялық сөздік);

- «…білім мазмұнын меңгертуге тұрақты түрде жүргізілетін, яки мақсатқа қол жеткізетін оқушының танымдық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы мұғалімнің бірізді әрекеті»                       (И. Я. Лернер);

- «…мұғалімнің оқушының танымдық әрекетіне жетекшілік ету амалы» (Т. А. Ильина);

- «…мұғалімнің зерттелетін материалды меңгертуге бағытталған, түрлі дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту жұмысының амалы» (И. Ф. Харламов);

- «… білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған және нормативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу жұмысының нақты формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-әрекеті үлгісі» (В. В. Краевский);

- «…оқу процесінің жетекші міндеттеріне, мақсаттарына сай пәннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары»                       (Э. Б. Абуллин);

Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау, арқылы оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті (оқыту процесінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту процесінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту әдістерін оқу процесінің жетекші міндеттері мен мақсаттарына сай музыка пәнінің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары деген анықтаманы негізге алуға болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан.

Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды. Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық, басқарушылық, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, т.б. және оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.

Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен ақпараттар жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі және баспа сөздері болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру,дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекілік әдістер әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен қылылығын, өнердің, қоғамдық сананың басқа да түрлерімен ұқсастығы мен айырмашылығын ұғындырады.

Талдап қорыту әдісі музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың жетекші әдісі ретінде оқушылардың музыка өнеріне саналы қарым-қатынасын дамытуға, көркемдік ой-өрісін қалыптастыруға бағытталады. Музыкалық талдап қорыту әдісі, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру аиалдарының жиынтығы ретінде, олардың музыка жөніндегі негізгі білімін меңгертуде, жетікші іскерліктерін қалыптастыруда қолданылады. Бұл әдіс бірізділікті әрекеттерден құралады.

Бірінші әрекет оқушылырға тән бағдарламасының тақырыптарымен танысу, тереңдете меңгертуге қажетті музыкалық тәжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын жүзеге асырады.

Аталған әдісті қолдануда мұғалімге нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы, тиімді, қажетті жақтарын таңдай білу міндеті жүктеледі. Педагогикалық бақылау және баға беру тәсілдері музыка сабақтарында оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуды қолданылатын әдіс. Олар оқушылардың музыкалық даму барысында түзетулер енгізуде қосымша роль атқарады. Бақылау мен тексеру оқу процесінің өзінше жеке элементі болып шет қалмауы, керісінше білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, талпындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс.

Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады:

- оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;

- оқу пәнінің ерекшелігі;

- дидактикалық талаптар;

- оқушының жас ерекшелігі;

- оқушылардың музыкалық білім саласындағы теориялық, практикалық даярлық деңгейі;

- оқушылырдың музыкалық тәрбиелік деңгейі;

- оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;

- мектептің әлеуметтік ортасы, материалдық-техникалық базасы;

- музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлік және тәжірибе деңгейі.

Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихындаең пікірталасты проблеме болып келді. С. И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма – белгілі бір мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық энцоклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей ұйымдастырылуы» - деп тұжырымдалған. Ал, оқытуға келсек, форма – ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меғгеру барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.

Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласындағы түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген:

- оқушылардың саны;

- оқу орны;

- оқыту дәрістерінің ұзақтығы.

Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі, мектептен тыс ұзақтығына байланысты классикалық сабақ, қосарлы сабақ, қысқартылған сабақ және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді.

Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.

Өнер пәні ретінде ән-күй сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О. А. Апраксина өз еңбектерінде тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пәні ретінде өзге сабақтармен ортақ ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тән:

1) Өзге пәндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға сүйенеді;

2) Өзге пәндерді оқыту сияқты музыка сабақтары жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады;

3) Музыка пәнін оқыту өзге пәндермен және ұйымдастыру формаларымен байланысты болады;

4) Ұйымдастыру формаларының әртүрлілігіне қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс;

5) Өзге пәндермен ортақтастығы – онда негізгі оқыту әдістері де қолданылатындығында.

О.А. Апраксина музыка сабақтарының басқа да ерекшеліктерін ашып көрсетті:

- Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше формасы. Музыкаға оқытуда танымдық процестің өзі тек ой-сананың әрекеті ғана емес, эмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;

- Екінші ерекшелігі – музыка адамның психикасына, моторикасына және физиологиялық процестерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер мен физиологиялық процестер жүріп жатады;

- Үшінші ерекшелігі – міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланысты, сабақтың әр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;

- Төртінші ерекшелігі – музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауға, ән салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар да көркем болуы тиіс. Тіпті унисонда орындалған бір дыбыстың өзі де әдемі, әрі көркем орындауды талап етеді. Ондай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тәуелді болады. Сондықтан оқу материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мәнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пәндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының танымдық, сондай-ақ оқушының жалпы жалпы және арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту әдістері; төртіншіден, қолданылатын техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пәні мұғалімінің тұлғалық, кәсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс табады.

О. А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін және оқыту заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады:

- музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;

- музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушының даярлық деңгейлеріне сәйкес анықталуы;

- музыка оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау;

- педагогикалық байланыстардың болуы;

- музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;

- жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;

- жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы;

- музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту;

- музыкалық тәрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы;

- музыкалық дүниетанымын дамыту;

- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;

- музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

- педагогикалық әдеп, оқушылардың адамгершілік сапа-қасиеттерін дамыту;

- музыка сабақтарын нақты жоспарлау;

- музыка сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау;

- музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану;

Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны және оқыту әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.

«Музыкалық білім беру педагогикасының жанры» – дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды ретіндегі сабақтың өзіне тән образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық-педагогикалық поэма құрылымдарына сәйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка сабақтарының құрылымына сай келеді.

Музыка сабағы – музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.

Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.

Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында, яки есте сақтау, білу оқу дағдылары және алған білімдерін түрлі ситуацияларды қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.

Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Әсіресе, қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын, оқыту әдіс-тәсілдері нақтылы белгіленген конспект дайындаған дұрыс.

Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оның мәні пән бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сәйкес құрылған бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Кеінгі кезде оқыту процесінде осы жұмысты тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагностика» жиі қолданылып жүр:

1) алдын-ала тексеріс, мұғалімнің сабақты өткізуге дайындаған жоспары, материалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдері, әдісі, формалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі;

2) ағымдағы тексеріс, сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырыстарды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында оқушылардың ұжымдық топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады;

3) қорытынды тексеріс, жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде де өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындақтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.

Дидактикалық тесттер оқыту нәтижелерін тексеру мен баға беруде кейінгі жылдары көптен қолданылуда. Оларды жалпылама төрт типке бөліп қарастырымыз:

  • есте сақтауға және еске түсіруге тиісті мағлұматтар, фактілер, ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерді тексеру;
  • зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексеру;
  • алынған мағлұматтар негізінде білімдерін жаңа нақты ситуацияларды пайдалана білу іскерліктерін тексеру.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру, оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады.

Тексеру әдістерін таңдау иексерушінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тікелей байланысты. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын тексеруде, оның жүйелілігі мен тереңдігін қамтамасыз ету үшін, бұдан да басқа қалыпты емес түрлері, айталық, өздік баға беру, өзара баға беру сияқты әдістер қолданылады.