Зат есім – сөз таптарының ішінде ең молы және басқа сөздердің негізгі ұйтқысы. Зат есім басқа сөздермен қарым-қатнасқа түсіп, сөй-лемде сөйлем мүшелерінің бәрінің дерлік қызметін атқарады. Деген-мен, зат есім заттық ұғымды білдіретіндіктен, оның сөйлемдегі ең басты, негізгі қызметі бастауыш пен толықтауыш болады.
Зат есімдер қандай сөзбен тіркесуіне және сөйлемде қай орында тұруына байланысты анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та бола береді. Барлық шетел тілдеріндегідей латын тілінде сызықша жоқ. Сызықшаның орнына esse – болу етістігі қойылады (Ағылшын тілінде to be етістігі, ал неміс тілінде sein етістігі). Мысалы: (Бастауыш және баяндауыш)
Siciliă est insulă. Сицилия – арал;
Sardiniă est insulă. Сардиния – арал;
Siciliă et Sardiniă sunt insulae.
Сицилия және Сардиния – аралдар.
Латын жай сөйлемдерінде қазақ тіліндегідей бастауыш сөйлем-нің басында, ал баяндауыш сөйлемнің соңында тұруға тиіс.
1. Қалалардың аттарын үлгі бойынша түрі мен родын (тегін) ескере отырып, елдермен байланыстырыңыз: Roma in Italiā est. Athēnae in Graecia sunt.
|
Genŏva, ae Женева Londinium,i Лондон Mosqua, ae Москва Madriītum, i Мадрид Parisii Париж Varsovia, ae Варшава |
Britania, ae Англия Helvetia, ae Швейцария Francogallia, ae Франция Rossia, ae Россия Polonia, ae Польша Hispania, ae Испания |
2. Recĭta!
lunā
Forma lunae rotunda est. Luna terrae propinqua est. Luna et stellae noctu terram illustrant. Luna saepe figūram littĕrae C habet. Non sеmper lunam vidēmus: umbra terrae interdum obscūrat lunam.
Luna plena nautis grata est. Luna et stellae nautis viam monstrant. Nautis multae stellae notae sunt. Dea lunae est Diāna.
Марк Туллиус Цицерон (Marcus Tullius Cicěro) Арпиннен (б.з.д. 106–43) – көрнекті рим жазушысы және шешені, мемлекет қайрат-кері, көптеген философиялық және риторикалық шығармалардың ав-торы. Оның сөйлеген сөздері мен хаттары сақталған, олар Римдегі қо-ғамдық қатынастар мен Цицеронның жеке өмірі туралы құнды ақпа-рат көзі болып табылады. Оның Марк атты ұлы мен Туллия атты қы-зы болған, оны Туллиола (Тulliǒlа) деп еркелетіп атаған. Цицеронның балаларға деген сүйіспеншілігін оның хаттары, әсіресе, жер аудары-лып айдауда жүргенде жазылған хаттары дәлелдейді, ал жас кезінде қайтыс болған Туллияның өлімі Цицерон үшін үлкен соққы болды