10 І септеу зат есімдерінің морфологиялық белгілері

Зат есімнің  морфологиялық белгілері дегенде, оның тұлғасы мен қосымшалары туралы сөз етіледі.

Қазақ тілінде зат есімдер тұлғалық құрамы жағынан, ең алдымен,  негізгі түбірлі зат есім болып келеді. Мысалы: ат, су, қол, қалам, мал. Сонымен бірге зат есімдер  тұлғалық құрамы жағынан туынды түбірлі де болады.

Мысалы: мал-шы, су-сын,  біл-ім,  тарс-ыл, ор-ақ, аз-шылық.  Мұнда туынды түбірлер негізгі түбірлерге  жұрнақтар қосылу арқылы жасалып тұр. Сондай-ақ, жұрнақтар арқылы зат есімдерден зат есім, сын есімдерден зат есім,  етістіктерден зат есім, одағай, бейтарап сөздерден  зат есім жасала беретінін байқаймыз. Сөйтіп, қазақ тілінде  зат есімдерді түбір зат есімдер және туынды зат есімдер  деп бөледі. Бұл екеуін қосып жалаң зат есімдер дейді.

Ал латын тіліне келсек, латын тілінің І септеуге жататын зат есімдері сын есімнен және етістіктен жасалады.

1. Сын есімдерге –ia, -itia жұрнақтарын жалғау арқылы сапалық және қатыстық зат есімдер пайда болады. Мысалы:

avārus, a, um сараң – avar-itia, ae f сараңдық

iustus, a, um  әділетті - iust-itia, ae f әділеттілік

miser, era, erum  бықытсыз – miser-ia, ae f бақытсыздық

2. Етістіктің инфект түбіріне -(e)ntia, -(a)ntia форманттарын жалғау арқылы сапалық зат есімдер пайда болады. Мысалы:

scire білу – sci-entia, ae f білім

ignorāre  білмеу, көрінбеу – ignore-antia, ae f білімсіздік, топастық

3. Супинге -(t)ūra, -(s)ūra жұрнақтарын жалғау арқылы істің нә-тижесін көрсететін зат есімдер жасалады. Мысалы:

pingo, pinxi, pictum, ĕre сурет салу  -   pic-tura, ae f сурет

colo, colui, cultum, ĕre жөнеу  -  cul-tura, ae f жөнделген зат

Жоғарыда аталып өткен жолдармен жасалған І септеуге жата-тын зат есімдер латын тілінде жиі кездесіп қолданылады.