Афоризм – қысқа сөзбен түйінделген тиянақты, бейнелі ой. Афоризмнің әр түрлі жайлардан «түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар» екенін атап көрсетеді.
Афоризм (қанатты сөздер) деп әр түрлі қызмет саласындағы тәжі-рибені көрсететін немесе қорытындылайтын, әдеби және ауызекі сөй-леуде үнемі қолданылатын нақыл тұжырымдарды айтамыз. Әрбір «кө-не» тілдің өзіндік қанатты сөздері мен айтылымы бар. «Қанатты сөз-дер» ұғымының өзі Гомерге жатады және әдеби сын термині ретінде ол XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданыла бастады. Лат-ын тілі мұндай өрнектерге, айтылымдарға өте бай.
Қанатты сөздер әр түрлі жолмен туындайды және адам тәжірибесінің әр түрлі салаларына қатысты. Негізгі бағыттары немесе салалары мыналар: күнделікті даналық афоризмдері (мақал –мәтелдер, фразеологизмдер), ғылыми танымның өрнектері (медицина, құқықтану және т.б.), әдеби шығармалардан, сондай -ақ белгілі бір жағдайға байланысты әйгілі тарихи тұдғалардың айтқандары. Бұл қанатты сөздердің барлық түрлері латын тілі тарихында бар.
Әдетте, бізге жеткен қанатты сөздерді, римдіктердің күнделікті өмірін жинақтайтын, белгілі бір латын жазушысы берген кейінгі әдеби формадан нақты ажырату мүмкін емес. Алайда, жалпы алғанда, мұны халық даналығының кең ауқымын көрсете отырып жасауға болады.
Әсіресе римдіктердің саяси тәжірибесі қарқынды болды. Сондықтан бұл сферада көптеген түйінді сөздер пайда болды (көп жағдайда гректердің әсерінсіз емес).
Көптеген айтылымдар медицина саласында дүниеге келді. Оған, мысалы, әйгілі грек дәрігері Гиппократқа жататын: «Өмір қысқа, өнер
ұзақ» (Ars longa, vita brevis est) немесе «Екі рет береді, кім жылдам» деген атақты афоризмдер кіреді. (Bis dat qui cito dat).
Көптеген сөз тіркестері құқықтану саласына қатысты, мысалы: «Ешкім өз ісінде судья емес» (Nemo judex in propria causa), «Басқа жақ тыңдалсын» (Audiatur et altera pars), «Бір куәгер куә емес» (Testis unus testis nullus) және тағылары.
Қанатты өрнектердің яғни айтылымдардың функционалды рөлі - мәтіннің мәнерлілігін арттыру; олар стильдік құралдардың белгілі бір түрі ретінде пайда болады. Әсіресе шет тіліндегі мәтіндегі латын қанатты өрнектер әсерлі.
Афоризм қазақ тілінде де жетерлік. Біздің ата-бабаларымыздың тілі керемет бай. Әуезов ғылыми және әдеби-көркем шығармашылық еңбегінде Афоризмге үлкен мән беріп, оны жинауға ерекше көңіл бөледі. Ол ертедегі билер, шешендер, ел арасындағы көнекөз қариялар немесе әлем әдебиетінің белгілі майталмандары айтқан Афоризм сөздерді жадында сақтаған, қажеттілерін қағазға түсіріп алып отыр-ған. Солардың бірқатары баспасөз бетінде, жазушының 20 томдық шығармалар жинағында «Есте болар сөздер» деген тақырыппен жарияланды, енді біразы жазушының мұрағатында сақтаулы. Әуезов афоризмді жинаумен қатар, оның жанрлық сипаты, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері, сөз өнерінің өзге жанрының поэтикалық жүйесінде пайдаланылуы мен атқаратын көркемдік қызметі туралы да маңызды байымдаулар жасаған. Афоризмнің, оның басты поэтикалық қасиеттерінің ақындар айтысында, шешендік өнерде пайдаланылу жолдары мен олардың көркемдік-эстетикалық қызметі жазушының бірнеше зерттеу мақалаларында көрсетілген. «Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845–1904)» атты монографиясында «бір-екі өлең жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайда көбінесе афоризм боп қалыптасқанын» айта келіп, Афоризмнің әр түрлі жайлардан «түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар» екенін атап көрсетеді.
Афоризмнің баламасы ретіндегі ділмар терминін А.Байтұрсынов енгізді. Ал Шәкәрім Құдайбердиев "мәнді сөздер" деп атайды. Ділмар сөз ойды жинақтап, тереңдетіп, салмақты, өрнекті, кестелі айтуға, мейлінше қысқа, түйінді тұжырымға, өткір мәнерлілікке, парасатты пайымға негізделеді. Мұндай үлгілі, дарынды сөздердің авторы бел-гілі. Әлемдік сөз өнерінде афоризмнің өзіндік тарихы бар. Нақыл сөз-дер көне заманның ойшылдары Платон, Аристотель, Гераклиттен бастала тұра, туған халқымыздың әдеби-көркем мұраларында, әдебиет классиктерінің туындыларында да кездеседі. Ділмар сөзер: отан, халық дәуірге, оқу-білім, ғылым-өнерге, ақыл-парасат, арман-мақсат, үміт-тілекке, адамгершілік асыл қасиеттерге, достық, махаббат, ұрпақ, өмір, уақыт, ата-ана тәрбиесіне, мінез ерекшеліктеріне қатысты жасалады.
1. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:
1) Dura lex, sed lex – Заң қатал, бірақ заң.
2) Experientia est optima magistra –Тәжірибе – ұлы тәлімгер.
3) Ibi viсtoria, ubi Concordia – Келісім бар жерде, жеңіс бар.
4) Aquila non captat muscas – Бүркіт шыбын ауламайды.
5) Non scholae sed vitae discimus – Біз мектеп үшін емес, өмір үшін оқимыз.
6) Scientia potentia est – Білім- күш.
7) Alibi – Басқа жерде болу.
8) Invenit et perfecit – Аштың және жетілдірдің.
Римнің негізі қаланған жыл б.з.б 753 ж. Оның негізін қалаушы Ромул, бірінші патша болды, одан кейін патшалар біздің ғасырымыз-дың 509 жылына дейін билік жүргізді. Ал қазіргі кезде ғалымдар мем-лекеттік құрылымның өзгеруін және республиканың басталуын V ға-сырдың ортасына жатқызады. Респулика кезінде әкімшілік билік екі консулдың қолына берілді, олар соғыс кезінде армияның жоғарғы қолбасшылығын да жүзеге асырды. Жоғарғы шенеуніктер (magistratus maiогes) – мемлекеттік қазынаны басқарды және қаржылық істермен айналысты; эдилдар (aedilis) – қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақта-ды, сонымен қатар қаланың құрылысы мен санитарлық жағдайын бақылады; трибундар (tribune plebis) – плебейлердің мүдделерін қорға-ды; преторлар (ргаеtог) – сот қызметкерлері. Қызметке тағайындалар кезде белгілі бір реттілік сақталды (уақыт өте келе шенеуніктердің са-ны өзгерді), үміткерлердің жасы да ескерілді. Біздің заманымызға дейінгі 180 жылы қабылданған заң бойынша, азамат квестор лауазы-мына тек 30 жастан кейін, эдил лауазымына – 37 жастан кейін, претор - 40 жаста, консул - 43 жаста өтініш бере алады. Әрине, бұл принцип-тен ауытқулар болды және белгіленген жастан бұрын мемлекеттік қызметке ие болу жоғары бағаланды.