Заттың қимылы мен амалын, жай-күйін білдіретін сөздердің тобын етістік деп атайды.
Латын тілінде етістіктің келесі грамматикалық категориялары бар: жағы (persōna), көптелуі (numĕrus), шағы (tempus), райы (modus), етісі (genus).
1. Латын етістігінің үш жағы бар:
persōna prima – I жақ
persōna secunda – ІІ жақ
persōna tertia – ІІІ жақ
Латын тілінде жіктеу барысында есімдіктер қолданылмайды, тек салыстырған жағдайда ғана қолданылады. Сондықтан lego етістігін оқимын деп емес мен оқимын деп аудару қажет. Тағы ескеретін жағдай сөздікте етістіктердің бірінші жақтағы жекеше түрдегі формасы беріледі.
2. Екі көптелуі бар:
numerus singulāris – жекше түрі Мысалы: lego мен оқимын
numerus plurālis – көпше түрі Мысалы: legĭmus біз оқимыз
3. Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп аталатын түрі білдіреді. Қимыл, іс-әрекеттің орындалатынына, орындалуға тиістілігіне, орындалғанды-ғына қарай латын етістігінің алты шағы бар. Шақтар екі топқа бөлі-неді: инфект жүйесінің және перфект жүйесінің шақтары болып.
Инфект жүйесінің шақтары аяқталмаған істі сипаттайды да, оған келесі шақтар жатады:
praesens – осы шақ; етістіктің осы шағы қимыл мен іс-әрекеттің дағдылы түрде болып тұратынын және қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді.
imperfectum – нақ өткен шақ;
futurum I (primum) – бірінші келер шақ; келер шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан кейін істелетіндігін көрсетеді.
Перфект жүйесінің шақтары керісінше аяқталған істі сипаттайды. Оған жататын шақтар:
perfectum – өткен шақ; қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын көрсететін етістіктің түрі өткен шақ деп аталады.
plusquamperfectum – бұрынғы өткен шақ
futurum II (secundum)- екінші келер шақ
4. Үш райы бар:
modus indicatīvus – ашық рай; осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағаналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталады.
modus conjunctīvus – қалау райы; іс-әрекетті орындаушы адам-ның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағанасында айтылатын етіс-тіктің түрін қалау райы деп атайды.
modus imperatīvus – бұйрық райы; істің бұйыру мағанасын біл-діретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.
5. Етістіктің істеушіге (субъектіге) және істелетін затқа (объек-тіге) қатысына байланысты мағналық және тұлғалық жағынан құбылуын (өзгеруін) етіс дейміз. Қазақ тілінде етістердің өзіндік ма-ғанасы және морфологиялық көрсеткіштеріне қарай бес топқа бөлін-се, латын тілінде екі етіс бар: genus activum – өздік етіс, genus passiv-um – ырықсыз етіс.
Істі кімнің істегендігі көрсететін етістіктің түрі өздік етіс деп аталады. Өздік етіс табыс септігіндегі тура толықтауышты қатыс-тырып та, қатыстырмай да айтыла береді.
Мысалы: Magister puerum laudat. Ұстаз баланы мақтайды
Істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады.
Мысалы: Puer laudātur ā magistrō. Бала мұғаліммен мақталады.