12 Сабақты және салт етістіктер

Етістік – қыр-сыры мол, күрделі сөз табы. Етістіктердің бірқа-тары табыс септікті сөздерді тілейді де, енді бірқатары оны меңгере алмайды.
Табыс септікті форманы меңгеруге қабілетті етістіктерді сабақты етістік (переходные глаголы) дейміз де, табыс септікті меңгере алмайтын етістіктерді салт етістік (непереходные глаголы) дейміз [1].

Латын тілінің етістігі төрт жіктеуге бөлінеді.  Төрт жіктеуге  де жатпайтын ерекше етістіктер де кездеседі.

Қазақ тілінде тұйық етістіктер немесе етістік атаулары (infinitīvus) етістіктің түбіріне –у жұрнағы қосылу арқылы жасалса, латын етістігінің infinitīvus формасы  -re  жалғауына аяқталады. Төрт жіктеудің барлығында етістіктің infinitīvus формасы  -re  жалғауына аяқталып, осы жалғаудың алдында тұрған әріп арқылы жіктеулерге топтастырылады, етістіктің осы шақтағы түбірі анықталады. Яғни инфект түбірінің соңғы  дауысты дыбысына байланысты төрт жіктеу бойынша етістіктерді бөлеміз. Үшінші жіктеуге жататын етістіктерде -re жалғауымен бірге  ĕ жұрнағын алып тастау қажет етістіктің түбірін анықтау үшін:

1) бірінші жіктеуге жататын етістіктердің  түбірі  -ā аяқталады. Мысалы: amā-re жақсы көру;

2) екінші жіктеуге жататын етістіктердің  түбірі  -ē аяқталады. Мысалы: vidē-re қарау, көру;

3) үшінші жіктеуге жататын етістіктердің  түбірі  u немесе дауыссыз әріптің біріне аяқталады. Мысалы: leg-ĕ-re оқу; (үшінші жіктеуге жататын етістіктің түбірін анықтау үшін -re жалғауымен бірге  ĕ жұрнағын алып тастау қажет)

4) төртінші  жіктеуге жататын етістіктердің  түбірі  -ī аяқталады. Мысалы: audī-re тыңдау.

Сөздікте етістік бірінші жақ жекеше түрдегі формасында беріледі де, аудармасы infinitīvus формасында болады. Мысалы: orno - әшекейлеу, scribo- жазу, accuso – кіналау.

Тапсырмалар

1. Төмендегі етістіктердің түбірін тауып, жіктелу формаларын анықтаңыз:

Үлгі:

 Инфинитиві

Аудармасы

Түбірі

Жіктелу формасы

accusāre

кінәлау

аccusā

1


Amāre жақсы көру, agĕre істеу, әрекет ету, accusāre кінәлау, audīre тыңдау, clamāre айқайлау, condĕre негізін салу, credĕre сену, dăre беру, debēre міндетті болу, dicĕre сөйлеу, docēre оқыту, ducĕre жетелеу, жеткізу dormīre ұйықтау, errāre қателесу,  finīre аяқтау, habēre ие болу, laudāre мақтау, laborāre жұмыс істеу, legĕre оқу, mittĕre жолдау, monstrāre көрсету, movēre жылжыту, numerāre санау, narrāre әңгмелеу, ornāre әшекейлеу, scribĕre жазу, sentīre сезу, servīre қызмет ету, tenēre ұстау, timēre қорқу, valēre дені сау болу, vidēre көру, vincĕre жеңіске жету, venīre келу, vivĕre өмір сүру, arāre жержырту.
2. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеоло-гизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:

1) Lupus in fabulis – Бөріні айтсаң, құлағы көрінер.

2) Verbum movet, exemplum trahit – Сөз қызықтырады, мысал жетелейді.

3) Aut cum scuto, aut in scuto – Қалқанмен немесе қалқанда.

4)  Errare humanum est– Қателесу адамдық.

5) Mala herba cito crescit – Нашар қылық – жұқпалы.

6) Per aspera ad astra – Жұлдыздарға қиындықтар арқылы.

7) Persona grata – Қалаған тұлға.

8) Persona non grata – Қажет емес тұлға.

9) Plenus venter non student libenter – Тоқ қарын – оқуға жоқ .               

3. Recĭta!

De Dianā et Minervā

Diana et Minerva deae sunt. Diana est dea silvārum, praeterea dea lunae est. Diana sagittas habet. Sagittis bestias silvārum necat. Minerva dea pugnārum est et item litteras amat. Minerva hastā  pugnat. In Graeciā et in Italiā  sunt multae statuae Diānae et Minervae.