Латын тілінің етістігінің екі формасы бар. Олар: жақты (verbum finitum) және жақсыз ( verbum infinitum) формалары.
Латын тілінде етістіктің барлық түрі үш негізден құрылады.
Олар:
1. инфект негізі
2. перфект негізі
3 супин негізі
Негіздерді сөздікте берілетін етістіктің төрт формасы арқылы анықтауға болады:
1) Preasens indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) – етістік-тің осы шақтағы ашық райдағы негіз етістің формасы (І жақ жекеше түрі): orno.
2) Perfectum indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) – етіс-тіктің өткен шақтағы ашық райдағы негіз етістегі формасы (І жақ жекеше түрі): ornāvi.
3) Supīnum – супин: ornātum.
4) Infinitīvus praesentis actīvi – етістіктің осы шақтағы негіз етіс-тегі инфинитивтік формасы: ornāre.
Латын тілінің инфинитивтік формасы қазақ тілінде тұйық етіс-тікке ұқсайды. Қазақ тіліндегі тұйық етістіктер немесе етістік атаулары етістік түбіріне -у жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әртүрлі қызмет атқарады.
Мысалы:
І жақ: Менің көруім Біздің көруіміз
ІІ жақ: Сенің көруің Сендердің көрулерің
Сіздің көруіңіз Сіздердің көрулеріңіз
ІІІ жақ: Оның көруі Олардың көрулері
Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қызметін атқарады. Мысалы:
Қайталау – оқу анасы. Repetitio est mater studiōrum.
Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті. Vir patriam defendĕre debet.
Балалар латын тілін үйренуде. Libĕri lingua Latīna docent.
Қайталау (repetitio) - бастауыш, қорғауға (defendĕre) – толықтауыш, үйренуде (docent)- баяндауыш болып тұр.
Бірінші (praesens) және соңғы төртінші (infinitivus) формала-
рының түбірі (негізі) бір. Оны инфект түбірі (негізі) деп атайды. Екеуі де негізгі формаларға жатады, себебі жалғыз бір формасы бойынша жіктеу түрін анықтау қиындыққа соғады. Екі формасын қатар қолдана отырып, жіктік түрін дұрыс анықтуға болады.
Латын тілінде инфект түбірі арқылы негіз және ырықсыз етістерде тұрған, шақтары бойынша аяқталмаған істі білдіретін етістіктер жасалады.
Екінші формасы – перфект түбірі – І жақта жекеше түрде тұрған перфект формасының –і жалғауын алып тастау арқылы анықталады:
sing.perf.ind.act. |
перфект түбірі |
ornāvi |
ornāv- |
Перфект түбірінен аяқталған істі білдіретін негіз етіс формасын-дағы етістіктер формасы жасалады.
Супин (Supīnum) – етістіктен жасалған түбірі – ŭ -ға аяқталып, табыс септігінде тұрған зат есім. Супин қимылды білдіріп, істің мақсатын сипаттайды. Мысалы: Venio ornātum. Әшекейлеу үшін келдім.
Супин түбірін супин формасының – um жалғауын алып тастау арқылы анықтауға болады.
супин (supinum) |
супин түбірі |
ornātum |
ornāt- |
Супин түбірінен перфект қатарына жататын өткен шақта тұрған ырықсыз етіс (рarticipium perfecti passīvi) формасын құруға болады