Activi конструкцияcын қолданғанда баяндауыш негізгі етісте (действительный залогта) қолданылады да, істің бастауышпен, тұрлаулы мүшемен, орындалып тұрғанын көрсетеді:
Rivus hortum cingit. Бұлақ бақты қоршап тұр.
Discipŭlus librum legit. Оқушы кітап оқиды.
Librum lego. Мен кітап оқимын.
Passivi конструкциясын қолданғанда баяндауыш ырықсыз етісте (страдательный залогта) қолданылады да, істің тұрлаусыз мүшемен, орындалып тұрғанын көрсетеді.
Ескеретіні жанама толықтауыш (косвенное дополнение) жансыз зат есім (неодушевленное) түрінде берілсе онда бұл толықтауыш аблятивте қолданылады, оны ablatīvus instrumenti (аблатив құрал) деп атайды:
Hortus rivō cingĭtur. Бақ бұлақпен қоршалған.
Ал егер жанама толықтауыш (косвенное дополнение) жанды зат есім немесе есімдік түрінде берілсе онда бұл толықтауыш a (ab) предлогымен тұрған аблятивте қолданылады, оны ablatīvus auctoris (орындаушының аблативі ) деп атайды:
Liber a discipŭlo legĭtur. Кітап оқушымен оқылады.
Liber a me legĭtur. Кітап менімен оқылады.
Ағылшын тілінде орындаушы зат болса with предлогын, ал орындаушы адам болса by предлогын қолданады [7].
1. Төмендегі етістіктердің формасын, жіктелу түрін, түбірін тауып, қазақшаға аударыңыз, І жақ жекеше түрін және ІІІ жақ көпше түрін Praesens indicatīvi activi және passīvi формаларында құрыңыз:
Vocāris, vivĭmĭnĭ, vocāmur, punītur, punīuntur, venīris, color, timēmĭnĭ, fallĭmur, monēris, defendĭtur, struĕris, vidēmĭnĭ, trahĕris, tangĭtur, movēor, studeĭmĭnĭ, dormīmur, laborāris, scriber.
1. Аударыңыз:
1. De te fabūla narrātur. 2. Victoria concordiā gignĭtur. 3. Magnā copiā aquae campus irrigātur. 4. Si discipŭli bene student, a magistris laudāntur. 5. Statuae virōrum clarōrum rosis ornāntur. 6. Instrumenta et arma e ferro parāntur. 7. Sine causa a te accūsor. 8. Amicus meus Lucius vocātur, ego vocor Marcus, et tu? 9. Troja a Graecis expugnātur. 10. Puĕri a magistris erudiuntur. 11. Poētae audiuntur, leguntur, ediscuntur. 12. Isti libri tibi a me mittuntur. 13. Clavus clavo pellĭtur. 14. Audacia pro muro habētur.
2. Өздік етіс конструкциясында тұрған сөйлемдерді ырықсыз етіс-ке ауыстырыңыз:
1. Natūra nihil sine causa gignit. 2. Stellae nautis viam monstrant.
3. Magistra puellis fabulam narrat. 4. Agricolae terram arrant. 5. Puellae statuam rosis ornant. 6. Luna et stellae noctu terram illustrant. 7. Sagittis Diāna bestias silvārum necat. 8. Minerva litteras amat. 9. Magister fluvios terrae nostrae in charta monstrant. 10. Etiam bestia memoriam habet.
3. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:
1) Actor – Талапкер (сот ісінде), өтініш беруші.
2) Casus improvisus – Күтпеген оқиға.
3) Causa private – Жеке сот ісі.
4) Causa publica – Қоғамдық сот ісі.
5) Contra factum non datur argumentum – Дәлел фактке қарсы күшсіз.
6) Facta sunt potentiora verbis – Фактілер сөзден күшті.
7) Iudex est lex loquens – Судья – сөйлейтін заң.
8) Ius criminale – Қылмыстық құқық.
9) Ius privatum – Жеке құқық.
10) Ius publicum – Қоғамдық заң.
Жас римдіктердің өмірлік серігін әдетте ата -аналар таңдады. Қыздар 12 жастан бастап тұрмысқа шыға алады, бірақ көбінесе олардың ата -аналары олардың 14 жасқа толуын күтті. Алдын ала келісім – шарттардың бірнеше түрлері болды. Республика дәуірінде әйелдің ақшасы мен мүлкі күйеуінің әкесінің меншігіне айналуы мүмкін. Кейінірек әйелдер өздерінің жеке меншігіне билік ете бастады және әлдеқайда еркіндікке ие болды. Үйлену күні өте мұқият таңдалды, өйткені рим күнтізбесінде көптеген күндер қолайсыз деп саналды. Көбінесе үйлену маусымның екінші жартысында өткізілді –бұл кезең әсіресе бақытты және қолайлы деп саналады. Үйлену күні қалыңдықтың үйі гүлдер мен гирляндтармен безендірілген. Қалыңдық ақ туника киіп, басын гүлдермен безендірген арнайы жамылғымен жауып, қызыл фата мен қызыл аяқ киім киді.