21 Сын есім (Nomen Adjectīvum)

Әр алуан заттық ұғымды білдіретін зат есімнің толып жатқан сындық белгілері болады. Заттың сапасын, түсін,  белгісін, күйін,  салмағын, көлемін,  т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Қазақ тілінде сын есімдердің сұраулары қандай? қай? Болса,  латын тілінде qui? quae? Quod?

Латын тілінде сын есімдер морфологиялық құрамына байланысты екі топқа бөлінеді:

1) І және ІІ септеуге жататын сын есімдер;

2) ІІІ септеуге  жататын сын есімдер болып.

І және ІІ септеуге жататын сын есімдер

Зат есімдер сияқты І септеуге жататын женский родтағы сын есімдер –а-ға аяқталса, ІІ септеудегі мужской родтағы сын есімдер             

us,  -er –ге,  ал средний  родта тұрған сын есімдер  –um –ға аяқталады. Сөздікте сын есімнің мужской родтағы формасы толығымен жазылып, женский және средний родтағы сын есімдердің жалғауы беріледі.

Мысалы: bonus, a, um жақсы, қайрымды; niger, gra, grum қара. Бұл сын есімдердің женский родтағы толық формасы  bona, nigra болса, средний родтағы формалары bonum, nigrum болады.


І және ІІ септеуге жататын сын есімдердің септелуі

magnus, magna, magnum үлкен, зор

   Түрі

Сеп
теу-лер

genus

masculīnum  (m)

genus

feminīnum (f)

genus

neutrum  (n)

magnus

magna

magnum

  sing.

     Nom

 Gen

 Dat.

 Acc

 Abl.

 Voc

 magnus  үлкен

 magnī     үлкеннің

 magnō    үлкенге

 magnum үлкенді

 magnō    үлкенмен

 magnĕ    үлкен

 magna үлкен

 magnae үлкеннің

 magnae үлкенге

 magnam үлкенді

 magnā үлкенмен

 magna үлкен

 magnum үлкен

 magnī     үлкеннің

 magnō    үлкенге

 magnum үлкенді

 magnō    үлкенмен

 magnum үлкен

  pl.

Nom

 Gen.


  Dat.

Acc.

Abl.

 

Voc

magnī    үлкендер

magnōrum үлкендердің

 magnīs  үлкендерге

 magnōs үлкендерді

 magnīs үлкендермен

 magnī  үлкендер

 magnae үлкендер

 magnārum

     үлкендердің

 magnis үлкендерге

 magnas үлкендерді

 magnis үлкендермен

 magnae үлкендер

 magnă  үлкендер

 magnōrum үлкендердің

 magnīs үлкендерге

 magnă  үлкендерді

 magnīs  үлкендермен

 magnă  үлкендер

Ескерту. (N.B.)

Латын тілінде multi көп, көптеген сын есімі  басқа сын есімдермен et және шылауы арқылы байланысады. Мысалы: multi et misĕri servi көптеген бақытсыз құлдар [7].

Тапсырмалар

1. Аударыңыз:

1. Sententia Pauli vera est. 2. Nauta pĕritus năvigat. 3. Causa iusta est. 4. Puĕros parvos magna pĕrīcŭla terrent. 5. Nŭmĕrus librōrum bibliŏthēcae nostrae magnus est. 6. Culpam vestram nĕgātis. 7. Culpam suam nĕgant. 8. Tăbŭla rāsa. 9. Dŏlus mălus. 10. Terra incognĭta. 11. Ager prīvātus. 12. Mălum nĕcessārium. 13. Puer librum Lătīnum tĕnet. 14. Viri bŏni arbitriō.        

2. Төмендегі сын есімдердің адасқан әріптерді тауып орнына қойыңыз. Қазақшаға аударыңыз.

а) hmasnuu

b) nicrocoda

c) frusupond

d) srulac

e) riauvs

f) rfufigre

g) svuon

h) uphlrec

3. Төмендегі тізбектің ішінен сын есімдерді тауып, жазыңыз:

Аvidusbonаtenerlongusfrugifervariusmagnаantiquusprivatusmaluspulchrumaltuslatusprofundаhumanuscetersanumverusalterperītusmiserincognĭtusgratuslibernĕcessāriussolusparvusclarusnigerasperarmiger

4. Келесі сөз тіркестерін құрыңыз:

биік қабырға

ежелгі тарих

жаңа сөз

әйгілі ақын

жақсы жолдас

көне қала

кішкентай арал

ұзақ  жол

жақсы өнеге іс

үлкен орман

әділетті адам

қара жер

ұзақ өмір

қарулы қала

жаман әдет

5. Афоризмдерді жаттаңыз.Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:

1) Festina lente – Асықпа.

2) Qui quaerit, reperit – Іздеген табады.

3) Qui scribit, bis legit – Кім жазады, екі рет оқиды.

4) Vita brevis, ars longe – Өмір қысқа, өнер мәңгілік.

5) Vox audita latet, littera scripta manet – Дыбыс ұшып кетеді.

6) Noli equi donate inspicere dentes – Сыйға тартылған жылқының тістеріне    қарамайды.

7) Potius sero quam nunquam – Ештен кеш жақсы.

8) Duobus litigantibus tertius guadet – Екеуі ұрысып қалса, үшіншісі қуанады.

9) Ignorantia non est argumentum – Көрмеген - дәлел емес.

10) Nemo debet bis puniri pro uno delicto – Ешкім бір әрекет үшін екі рет жазаланбауы керек.

Schola Nostra

Schola nostra  haud procul a foro oppĭdi nostri sita est. De fenestris

scholae  discipŭli aedificia alta et pulchra, vias latas et rectas, theatrum novum et hortum publĭcum vident. In schola multa auditoria sunt, ubi  puĕri littĕras discunt, in bibliŏthēca autem discipŭli libros legunt et ad litterārum studium se praeparant. Nostra bibliŏthēca magna est multosque libros habet. Varia sunt librōrum argumenta.

Сөздік

1. Avidus, a, um –сараң; 2. varius, a, um - әр-түрлі; 3.  antiquus, a, um – көне; 4. malus, a, um –жаман; 5. altus, a, um – жоғары; 6. profundus, a, um – терең; 7. humanus, a, um – адамгершілікті; 8. ceter, a, um – басқа; 9. sanus, a, um – дені сау; 10. magnus, a, um – үлкен, зор; 11. solus, a, um – жалғыз; 12. alter, a, um – басқа; 13. longus, a, um – ұзын; 14. latus, a, um – кең; 15. parvus, a, um – кішкентай; 16. clarus, a, um - әйгілі, атақты; 17. pulcher, chra, chrum – көркем, әдемі; 18. bonus, a, um –жақсы; 19. niger, gra, grum –қара; 20. liber, bĕra, bĕrum – еркін, бос; 21. miser, ĕra, ĕrum  – бақытсыз; 22. asper, ĕra, ĕrum – ауыр, жайсыз; 23. tener, ĕra, ĕrum – биязы, жұмсақ; 24. frugifer, a, um – жемісті; 25. armiger, a, um – қарулы; 26. arena,ae f – топырақ, құм; 27. arca, ae f- сандық, жәшік;  28. industria, ae f – еңбекқорлық; 29. controversia, ae f – талас; 30. custodia, ae f – күзет;  31. disciplina, ae f – тәртіп, ілім; 32. fabrica, ae f – шеберхана; 33. fabula, ae f - әңгіме, ертегі; 34. fama, ae f – даңқ, өсек-аяң, хабар-ошар; 35. familia, ae f – от басы, жанұя;  36. farina, ae f – азап; 37. causa publica –қылмысты іс; 38. filia, ae f – қыз; 39. gratia, ae f ризашылық; 40. gloria ae f -  атақ, даңқ; 41. homocida, ae f – кісі өлтіруші; 42. hypotheca, ae f – ипотека; 43.iniuria, ae f – заң бұзушылық; 44. privatus, a, um – жеке меншікті; 45. verus , a, um – дұрыс; 46. perītus, a, um – тәжрибелі; 47. incognĭtus, a, um – белгісіз; 48. gratus, a, um – ризашыл; 49. nĕcessārius, a, um – қажетті.

Римдіктер жөнінде дерек

Жаңа туған нәрестені жуып, әкесінің аяғына жатқызған. Әкесі ба-ланы отбасына қабылдағанын көрсету үшін баланы қолына алған. Туылғаннан кейін тоғызыншы күні жаңа туған нәрестеге есім беру рә-сімін өткізіп,  балаға булла - зұлым рухтардан қорғайтын арнайы тұмар мойнына ілген.

Бала 14 жасқа толған кезде, ол негізгі білімін алды деп есептеліп, осыған орай оны ересек деп жариялау рәсімін өткізген. Ол ата – анасы-мен және достарымен бірге форумға  келіп, онда балалық киімдері мен булласын шешіп, оның орнына оған ер адамның тогасы беріліп, бірінші рет қырынған, содан кейін ол толыққанды азамат ретінде тіркелуі керек еді. Осы оқиғаға орай мерекелік дастархан жайылған.