23 Есімдік (Pronomina)

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі – есімдік.  Есімдік  басқа сөз табынан  мағана жағынан да, тұлғалық жағынан да  ажырайды. Есімдіктердің мағанасы басқа  есімдерге қарағанда, жалпы (абстракті) түрде болады.

Қазақ тілінде заттық ұғымдардың орнына жұмсалып тұрған есімдіктер (субстантивті есімдіктер) және мен есімдігінен басқасы көптік жалғауын қабылдайды. Мысалы: сендер, кімдер, нелер, т.б   Бірақ мендер болып айтылмайды.

Субстантивті есімдіктердің көпшілігі  негізінен  тәуелденеді, септеледі, жіктеледі.

Егер есімдік нағыз сын есім мағанасында (атрибуттық есімдік) жұмсалып тұрса, онда ол ешбір жалғауды қабылдамайды.

Синтаксистік қызметі жағынан қай сөз табының  орнына жұмсалуына  қарай сөйлемнің бастауышы да, баяндауышы да, анықтауышы да болады.

Қазақ тіліндегі есімдіктер мағаналық және  тұлғалық  ерекшеліктеріне қарай жеті топқа бөлінеді. Олар: 

1) Жіктік есімдік.

2) Сұрау есімдігі.

3) Жалпылау есімдігі.

4) Болымсыздық есімдік.

5) Сілтеу есімдігі.

6) Өздік есімдік.

7) Белгізісдік есімдігі.

Латын тілінде  есімдіктердің келесі категориялары кездеседі:

1) Жіктеу (pronomina personalia).

2) Өздік (prenomen reflexivum).

3) Тәуелдеу (pronomina possessiva).

4) Сілтеу (pronomina demonstrativa).

5) Қатыстық (pronomina relativa).

6) Сұрау (pronomina interrogativa).

7) Болымсыздық (pronomina negativa).

8) Есімдік сын есімдер (adjectiva pronomina).