Қазақ тілінде тәуелдеу есімдігі жоғарыда берілген тізімде жоқ екенін көресіздер. Қазақ тілінде жіктеу есімдіктеріне – нікі, - дікі, -тікі жұрнақтарын қосу арқылы тәуелдеуге болады. Pronomina Possessīvaға орыс тіліндегі притяжательные местоимения сәйкес келеді
|
Латын тілі |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
||||
|
m |
f |
n |
|
муж. |
жен. |
сред. |
|
meus tuus suus nostĕr vestĕr |
mea tua sua nostra vestra |
meum tuum suum nostrum vestrum |
менікі сенікі оныкі біздікі сендердікі |
мой твой свой наш ваш |
моя твоя своя наша ваша |
моё твоё своё наше ваше |
Тәуелдеу есімдігі І және ІІ септеуге жататын сын есімдердің септелу үлгісімен септеледі. Vocatīvus формасында meus есімдігі mі! Формасын қабылдайтынын естен шығармау керек. Pronomina Possessīvaны жалғауларына байланысты мужской, женский, средний родтарға бөлеміз, тәуелдік есімдіктің тегі (роды) қандай зат есіммен тіркесуіне байланысты. Зат есім қай текте (родта) тұрса, тәуелдік есімдік сол текте (родта) қолданылуы тиіс. Яғни, І септеуге жататын мужской родтағы зат есімдер ( poēta ақын; nauta теңізші)–us-қа, -er-ге аяқталатын тәуелдік есімдермен қолданылады. Мысалы:poēta noster ақын біздікі немесе біздің ақын; nauta vester теңізші сендердікі немесе сендердің теңізші; patria mea отан менікі немесе менің отаным; amicus tuus дос сенікі немесе сенің досың.
Cын есім сияқты тәуелдік есімдер зат есімнен кейін тұрады.
Қазіргі кездегі Батыс Еуропа тілдеріндегідей тәуелдік есімдік бастауыштың жағына байланысты қолданылады:
amo (І жақ ) amīcum meum мен менің досымды жақсы көремін
(я люблю моего друг)
amas (ІI жақ ) amīcum tuum сен сенің досыңды жақсы көресің
(ты любишь твоего друга)
amat (ІII жақ ) amīcum suum ол өз досын жақсы көреді
(он любит своего друга)
Аударғанда орыс тілінде де, қазақ тілінде де өз өздік есімдігін қолданады, ал латын, ағылшын, неміс және басқа Батыс Еуропа тілдерінде олай емес. Салыстырайық:
ағылшын тілінде – I love my friend, he loves his friend …
неміс тілінде – Ich liebe meinen Freund, du libest deinen Freund