Жіктеу есімдігінің (pronomina personalia) үндіеуропа тілдерінде шығу тегі бір. Латын тілінде ego, орыс тілінде я, неміс тілінде ich, ағылшын тілінде I, латын тілінде tu, орыс тілінде ты, неміс тілінде du, ағылшын тілінде you. Сондай-ақ үндіеуропа тілдерінде мұра болып қалған атау септігі мен ілік септігінің с у п л е т и в т і г і, яғни қосымша басқа түбірден жасалуы (латын тілінде suppletivus қосымша деген мағанада). Жіктеу есімдігі жақтық ұғыммен байланысып келіп, затқа, адамға байланысты болады. Мында сөйлеуші жақ немесе І жақ мен, біз, біздер, тыңдаушы жақ немесе ІІ жақ сен, сендер. Латын тілінде ІІІ жақ немесе қазaқ тілінде бөгде жақ деп аталатын форма жоқ. ІІІ жақтың орнына латын тілінде сілтеу есімдігі қолданылады. Жіктеу есімдігі кім? кімдер? деген сұраққа жауап береді
|
Септеу |
S i n g u l a r i s |
P l u r a l i s |
||||||
|
Nom |
еgo |
мен |
tu |
сен |
nos |
біз |
vos |
сендер |
|
Gen. |
mei |
менің |
tui |
сенің |
nostri nostrum |
біздің |
vestri vestrum |
cендердің |
|
Dat. |
mihi |
маған |
tibi |
саған |
nobis |
бізге |
vobis |
сендерге |
|
Acc. |
me |
мені |
te |
сені |
nos |
бізді |
vos |
сендерді |
|
Abl. |
me |
менімен |
te |
сенімен |
nobis |
бізбен |
vobis |
сендермен |
Nos және vos есімдіктерінің ілік септігінің көпше түрінде екі форма қолданылады: nostri мен nostrum және vestri мен vestrum. Екінші форма (nostrum, vestrum) бүтіннен бөлшек бөлінгенде қолданылады: unus nostrum біздің біреуіміз (один из нас); quis vestrum? сендердің қайсысы?(кто из вас?) Бұндай ілік септікті genetivus partitivus (бөлік ілік септігі орыс тілінде родительный части) деп атайды.
Сum предлогы аблятив те тұрған есімдіктермен қолданылғанда септік формадан кейін тұрады да, бірігіп жазылады: mēcum менімен, tēcum сенімен, nōbīscum бізбен, vōbīscum сендермен.