26 Өздік есімдік (Prenomen reflexivum)

Өздік есімдігіне жалғыз ғана  suiөз деген сөз жатады. Латын ті-лінде өздік есімдігінің жекеше түрде атау септігінің және көпше түрде барлық септеулерінің формалары болмайды

Nom.    -

Gen. sui өзінің

Dat.  sibi өзіне

Acc.  se  өзін

Abl.  se  өзімен

Сum предлогы жоғарыда айтылғандай аблятивте тұрған  есімдікте қолданылғанда септік формадан кейін тұрады да, бірігіп жазылады: sēcum өзімен,   латын тілінде sui   өздік есімдігі 3-ші жаққа ғана жатады [7].

Тапсырмалар

1. Мәтінді аударыңыз. Есімдіктердің түрін, формасын анықтаңыз:
1. Puer parvus nomine Marcus e scholā domum properat et amicum suum nomine Alexander videt. Alexander Marcum quoque videt.

2. Quo propĕras, Marce?

3. Domum propĕro, amice. Et tu?

4. Quoque domum propĕro. Quid facies domi?

5. Pilā ludam, aut librum legam. Veni ad me!

6. Eheu, amice! Debeo hodie capitulum de libro Latino traducĕre. Magister me cras rogabit et respondēre debēbo.

7. Et quando venies ad me?

8. Cras ad te veniam.

9. Expectābo te.

Сөздік

ad (c acc.)– к; capitulum (n) – бөлім; cras – ертең; domi – үйлер; e, ex– -дан, -ден, -тан, -тен; eheu – өкінішті; expecto, expectāvi, expectātum, ex-pectāre – күту; me –мені, менімен (ad me – маған); nomine – атауы; par-vus, a, um – кішкентай; quando – қашан; quo – қайда; respondeo, respon-di, responsum, respondēre – жауап беру; rogo, rogāvi, rogātum, rogāre–сұрау; te–сені,сенімен (ad te – саған); traduco, traduxi, traductum, tra-ducĕre-аудару tu-сен.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Quo Marcus propĕrat? 2) Quo Alexander propĕrat? 3) Quid (не) Marcus domi faciet? 4) Quid Alexander domi faciet? 5) Quid Alexander facĕre debet? 6) Quando Alexander ad Marcum veniet?                                     
3. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеоло-гизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:   

1) Ut sementem feceris ita metes – Не ексең соны орасың.

2) Unam castigabis centum emendabis – Бірді жазалап  жүзді түзетесің.

3) Gutta cavit lapidem non vi sed saepe cadendi – Тамшы тасты күшпен емес, жиі тамшылап бұзады.

4) Etiam sanato volunere cicatrix manet – Жара жазылса да орны қалады.

5) Tempora mutantur et nos mutamur – Уақыт өзгереді, біз де өзгереміз.

6) Sero venientibus ossa – Кеш келгенге сүйектер.

7) Per risum multum cognoscimus stultum – Ақмақты артық күлкісінен білеміз.

8) Domus propria- domus optima – Өз үйім кең сарайым.

9) Dulce et decorum st pro patria mori – Отан үшін жан пида.

10) Dum recte vives, ne cures verba malorum – Шындық соттан қорықпайды; Шындық үшін сот жоқ.

4. Қосымшада берілген №1 қорытынды бақылау жұмысын орын-даңыз.

Римдіктер жөнінде дерек

Шекарада орналасқан легиондар жорық кезінде біркелкі үлгі бой-ынша тұрақты лагерлер салды. Легион лагерінде әдетте 5 мыңға жуық адам болатын. Лагерлер бір жоспар бойынша салынғандықтан, жауынгерлер қайда болса да өз бөлімін  оңай таба алатын. Бірте-бірте шатырлардың орнына ағаштан тұрғын үйлер салынды. Біздің заманымыдың II ғасырында римдіктер тастан бекіністер сала бастады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін сарбаздар көбінесе олар қызмет еткен бекіністің жанында қоныстанды. Лагерлердің айналасында қалалар осылай пайда болды. Ұлыбританиядағы осы бекіністердің бірінің жанында жеке үйлер мен таверналардың қирандылары (руина) табылды.