Қазақ тілінде латын предлогтарына шылаулар сәйкес келеді.
Өз алдына жеке тұрып толық мағанасы болмайтын, сөйлемде сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын, бірақ басқа сөздерге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер шылау деп аталады. Қазақ тіліндегі шылаудың атқаратын қызметі бірдей емес. Шылаудың кейбірі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру қызметін атқарса, енді біреулері сөздерді грамматикалық қатнасқа келтіріп отырады, үшінші біреулері сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді анықтап, я толықтап, қосымша мағана үстеп жатады. Бұл жерде септеулік шылауларға тоқтамай болмайды. Келесі сөйлемдерге назар аударайық: Күн сайын газет оқып отырамын. Олар клубқа қарай келе жатыр. Қызу жиналыстан кейін үш-ақ адам қалды.
Осы сөйлемдердегі сайын, қарай, кейін шылаулары өзінің алдында тұрған сөздердің арнаулы септікте тұруын қажет етіп тұр. Мысалы, сайын күн сөзінің атау септікте тұруын қаласа, кейін жиналыс сөзінің шығыс септікте келуін қажет етіп тұр.
Сонымен, өзінің алдындағы сөздің белгілі бір септікте тұруын қажет ететін шылауларды септеулік шылаулар немесе септеуліктер дейді. Қазақ тілінде табыс және жатыс септіктерінен басқа септіктерде тұрған сөздер белгілі бір шылаулармен тіркеседі. Септік жалғауымен тіркесетін шылаулар бірде бастауыш пен баяндауышты байланыстырады, бірде өзінің алдындағы сөзге анықтауыштық қызмет атқарады. Кестені қараңыз.
|
Атау |
Барыс |
Шығыс |
Көмектес |
|
сайын, үшін, жөнінде, туралы, жайында, турасында, секілді, сықылды, шамалы, түгіл, шақты, екеш |
шейін, дейін, таман, қарай, тарта: Отрядта 100-ге тарта бала бар. Қалаға дейін атпен, одан әрі машинамен жүреміз. Өзенге қарай екеуі келе жатыр. |
Соң, әрі, кейін, бәрі, бұрын, гөрі: Бірсыпырадан бері хат та жазбапты. Сенен гөрі менің еңбегім көбірек сіңді. Одан кейін де көп уақыт өтті. |
Қатар, бірге: Бұл жұмыстармен қатар әлі де талай атқаратын істер бар. Сенімен бірге тағы да біреу келді. |
Егер осы септіктермен тіркесіп келген шылауларды алып тастаса, мұндағы сөздер бір-бірімен байланыспайды не мағаналары көмескі болып қалады.
Кестеде көрінгендей қазақ тілінде табыс, жатыс септіктерімен тіркесетін шылау жоқ.
Латын тілінде әрбір предлог (шылау) аккузативпен немесе аблятивпен қолданылады. Екі предлог қана (in және sub) осы екі септеуде де қолданылады.
1. Аккузативпен жиі қолданылатын предлогтар (шылаулар): ad қасында, жанында, маңында; ante алды, алдында; apud қасында; contra қарсы, қарамастан; ob себебі; per ішінде, іші арқылы; trans үстінде, үсті арқылы; post кейін, соң, әрі; praeter басқа; propter үшін, бола.
2. Аблятивпен жиі қолданылатын предлогтар (шылаулар): a (ab) –тан, -тен, -дан, -ден, -нан, -нен, кейін; cum -мен, -пен,- бен, бірге; de туралы, жөнінде, секілді, сықылды, жайында, турасында ; e (ex) –тан, -тен, -дан, -ден, -нан, -нен; prae алдында, шейін, дейін; pro үшін, қорғау үшін; sine – сыз, - сіз.
3. Екі септеуде қолданылатын предлогтар (шылаулар): in – да , -де, -та, -те жалғауы яғни «қай жерде?» сұрағына жауап берсе аблятивпен (abl.) қолданылады және «қайда?» сұрағымен аккузативті (acc.) керек ететін предлог (шылау); sub – астында яғни «қай жерде?» және «қайда?» сұрақтарына байланысты аблятив (abl.) пен аккузативті (acc.) керек ететін предлог (шылау).
Ескерту. (N.B.) 1. Сausā себебі және gratiā үшін, болғандық-тан предлогтары ілік септігімен яғни Genetivusпен қолданылады. Жоғарыда аталған предлогтар сөздің алдында тұрса, бұл екі предлог сөзден кейін тұрады. Мысалы: gloriae causā атақ үшiн, amicōrum causā достар үшiн, exempli gratiā мысалы, мысал үшiн
4. Кейбір предлогтарды (шылауларды) – cum, ex, in, de, ob cияқты – сын есім мен зат есімнің ортасына қоюға болады: magna cum cura қамқорлықпен, үлкен қамқорлықпен
а және е предлогтары дауысты әріптен басталатын сөздердің алдында ab және ex формаларында қолданылады.
Латын предлогтарының (шылауларының) кестесі төмендегідей болады:
|
Accusatīvus |
Ablatīvus |
Genetīvus |
|
Ad, ante, apud, contra, ob, per, trans, post, praeter, propter, in, sub |
A (ab), cum, de, e(ex), prae, pro, sine, in, sub |
Сausā, gratiā |
1. Graecus, i m – грек; 2. Romanus, i m – римдік; 3. deus, dei m – құдай; 4. dea, ae f- әйел-құдай; deis deabusque = deis et deābus – құдайларға және әйел-құдайларына; 5. colo, ĕre – табыну; 6. ara, arae – алтарь; 7. apud (c. Acc) – алдында; 8. templum, i n –храм; 9. sacrifĭco, ĕre құрбандық шалу; 10. Forum, i n – Форум; 11. rotundus, a, um – дөңгелек; 12. Virgĭnes Vestāles –Вестал қыздары; 13. ignis – от, ignem(acc.); 14. perpetuus, a, um – мәңгілік өшпейтін; 15. custodio, īre - күзету; 16. procul – алыс; 17. Atrium Vestae – Веста атриы, вестлкалардың үйі; 18. habĭto, āre - өмір сүру, тұру; 19. festum, i n – мейрм, мереке; 20. celĕbro, āre – салтанатты түрде мейрамдау, тойлау; 21. gero, ĕre – жүргізу; 22.Gallius, i m – галл; 23. diuturnus, a, um – ұзақ; 24. candidatus, i m –мемлекеттік қызметкер; 25.candidus, a, um – ап-пақ: 26. gero, ĕre – кию; 27. teneo, ēre – ұстау; 28. gloria, ae f – даңқ; 29. exercĭtus, us m - әскер; 30. nuntius, i m – хабаршы; 31. Oceanus, i m – теңіз; 32. poto, āre – ішу; 33. premo, ĕre – басу, құлға айналдыру; 34. rego, ĕre – басқару.