Фонетика – тіл дыбыстары туралы ғылым. Ол бұл ғылымды дыбыс-тау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Фонетика (гректің phonetikos – «дыбыс мағанасы» дегеннен шыққан) тіл дыбыста-рын зерттейді, оның негізгі объектісі – тіл дыбыстары. Тіл дыбыстары-ның пайда болуы, жасалуы табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен ұқсас. Тіл дыбыстары өкпеден шыққан ауаның дыбысталу мүшелеріне қақтығысып, соғысуынан, дыбыстау мүшелерінің вибра-циялық қимылының нәтижесінде пайда болады.
Фонетика ғылымы дыбыс атаулының бәрін бірдей зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Адам аузынан шыққан дыбыстардың бәрін емес, тек мағналы сөздерді жасай алатын дыбыстарды зерттейді [1].
Латын сөздерінің айтылуы ғасырлар бойы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Ол жаңа Батыс Еуропа тілдерінде болып жатқан фонетикалық процестермен байланысты болды. Сонымен қатар, біз шынайы римдік дыбысталуын білмейміз. Әр түрлі халықтар латын сөздерін әр түрлі етіп айтады. Қазіргі кезде латынша айтылымды ежелгі римдіктердің айтуына мейлінше жақындата отырып, ғылыми зерттеулер негізінде біріздендіру үрдісі байқалады. Төменде соңғы кездерде қабылданған дәстүрлі латын әріптерінің оқылуы берілген:
1) h әрпі аспирация білдіреді; қазіргі уақытта қабылданған айты-лым ағылшын немесе неміс тілінің айтылуымен сәйкес келеді. Ағыл. немесе нем. h: horse, Herz;
2) i әрпі латын тілінде екі жолмен оқылады: а) дауысты дыбыс [и] ретінде, мысалы: imperator [импэра́тор] билеуші; б) дауысты дыбыс-тардың алдындағы дауыссыз [й] ретінде: iuventus [ювэ́нтус] жастық;
3) k әрпі бірнеше сөздерде кездеседі: Kalendae [кале́ндэ] календы (әр айдың бірінші күні); Kaeso [кэ́зо] адам есім; Karthago [карта́го] Карфаген. Бұл сөздерді Calendae, Caeso, Carthago деп жазуға болады;
4) l әрпі әдетте ақырын айтылады (неміс немесе француз тіл-деріндегідей).
Дауысты дыбыстарды айқындау үшін дыбыстау мүшелерінің қызметіне көңіл аударған жөн. Мысалы: a, e, i, o, u, y дыбыстарын айтқанда кедергісіз шықса, p, b, t, d, c, g дыбыстарын айтқанда кедергіге ұшырайтындығын байқаймыз. А, e, i, o, u, y дыбыстарының былай болуы еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсуі және ауыздың кеңірек ашылуынан. Дыбысталудың бұндай қызметіне қарап, дауыстыларға мына төменгі белгілер тән деуге болады:
дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамайды;
1) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қаттырақ дірілдетеді;
2) дауыс шымылдығынан өткен ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне дерлік таралып түседі;
3) дауыстыларда үн басым, олармен ән салуға болады;
4) дауыстылардың тағы бір қасиеті – олардың буын құрайтындығы.
Сонымен, айтқанда ауа дауыс шымылдығынан кейін, кедергісіз, еркін шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз [1].
Латын тілінде дауыстылар: жалаң дауыстылар (монофтонгтар), дифтонгтар және диграфтар болып бөлінеді. Алты дауысты әріптер a, e, i, o, u, y он екі дауысты дыбысты құрайды (алты қысқа және алты созылыңқы).
1 О,u дауыстыларын айтқанда, ерін сүйірленіп, ілгері қарай жыл-жиды, ал a, e, i, у дыбыстарын айтқанда, ерін тартылып, екі езу кейін, құлаққа қарай жылжиды.
2 А, е, о дауыстыларын айтқанда, иек төмен түсіп, ауа еркін шы-ғады, ал i, u, у дауыстыларын айтқанда, иек жоғары көтеріліп, ауа қы-сылып шығады.
3 А, o дауыстыларын айтқанда, тіл артқа, кейін тартылып жыл-жиды, ал e, i, u, у дыбыстарын айтқанда, тіл ұшы ілгері жылжиды да, тілдің үсті шамалы төмендеп ойысады. Осының нәтижесінде бұл ды-быстар жіңішке айтылады.
Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: au[ау] және eu[эу] Eu-ro-pa [эуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп.
Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: ae [э] aera [эра] мыңжылдық және ое[ө] poena [пөна] жаза. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [¨] (трема) немесе ұзақтық белгісі [‾] қойылады, мысалы poёta немесе poēta [поэта] ақын.
Дауыссыздардың жасалуын айтқанда, ол дауыстылардың жасалуымен салыстыра түсіндіріледі, атап айтқанда:
1) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамаса, дауыссыздарда ауа міндетті түрде дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды;
2) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді;
3) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің барлығына бірдей таралып түссе, дауыссыздарда ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне таралып түспейді;
4) дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса, дауыссыздарда дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды;
5) дауыстылармен ән салуға болса, дауыссыздармен бұлай етуге болмайды;
6) дауыссыздармен буын құрай алмаймыз.
Дауыссыздар латын тілінде muta ( p,b,t,d,c,g) және liquida (l,r) болып бөлінеді.
Латын тілінде дауыссыз әріптердің оқылуында біраз ерекшеліктері бар. Классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылса, ал орта ғасырдан бастап Сс әрпі е, і, у әріптерінің және ae мен ое диграфтарының алдында тұрса [ц], қалған жағдайларда [к] болып оқылады. Мысалы: college [коллега] жолдас, clarus [кларус] әйгілі, Caesar [Цэзар] Цезарь, centum [центум] жүз.
Бірнеше тұрақты әріптер тіркесін есте сақтау қажет. Олар:
ph [ф] болып оқылады philosophus [филозофус] философия;
rh [р] болып оқылады rhetor [рэтор] ритор;
th [т] болып оқылады theatrum [театрум] театр ;
ch [х] болып оқылады pulcher [пульхэр] әдемі;
sch [сх] болып оқылады schola [схола] мектеп;
qu [кв] болып оқылады aqua [аква] су
Классикалық кезеңде ti барлық жерде [ти] болып оқылған. Мысалы ratio [ратио] сана, scientia [скиэнтиа] білім. Ал латын тілінің дамуының соңғы кезеңінде (біздің заманымыздың ІІ–VІ ғасырла-рында) s, t, x әріптерінен кейін және дауыссыз әріптің алдында [ти], ал дауысты әріптің алдында [ци] болып оқылған.
Мысалы: bestia [бестиа] аң, mixtio [микстио] араластыру, iustitia [юстициа] әділет, ratio [рацио] сана, scientia [сциэнциа] білім.
Ngu әріптер тіркесі дауысты әріптердің алдында [нгв], дауыссыз әріптердің алдында [нгу] болып оқылады. Мысалы: lingua [лингва] тіл, angulus [ангулус] бұрыш, longus [лонгус] ұзын, unguis [унгвис] тырнақ.
Классикалық кезеңде S дауысты әріптердің ортасында тұрса [c] болып оқылса, латын тілінің дамуының соңғы кезеңінде [з] болып оқылған. Мысалы: casa [каза] лашық, үйшік. Егер S әрпінің алдында m немесе n әріптері тұрып, ал S-тен кейін дауысты әріп тұрған жағдайда да [з] болып оқылатынын ескере кету қажет. Қалған жағдайда S [c] болып оқылады.
Латын тілінде дауысты дыбыстар созылыңқылық және қысқа болып екіге бөлінеді. Оқулықтар мен сөздіктерде дауысты әріптердің үстінен белгілерді көруге болады. Оны созылыңқылық [ ‾ ] және қысқалық [ ˇ ] белгілері деп атайды. Кейбір еуропалық тілдерде диакритикалық белгі десе, семит тілдерінде вокалдық белгілер дейді. Мысалы: ā (а-ұзақ), ă (а-қысқа). Бұл белгілер екпінді дұрыс қоюға көмектеседі. Латын тілінде:
- алты созылыңқы дауыстылар: ā ē ī ō ū у
- алты қысқа дауыстылар: ă ĕ ĭ ŏ ŭ ў
1) дифтонгтары бар барлық буындар табиғи ұзақтықты сақтайды. Мысалы: the-sau-rus [те-зау-рус] қазна sau – буыны ұзақ;
2) барлық жабық буындар табиғи созылыңқы. Мысалы: ma-gis-ter [ма-гис-тер] ұстаз сөзінде gis- буыны созылыңқы. Бірақ егер дауысты дыбыс muta cum liquida тіркесенің алдында тұрса қысқа болады. Мыслы: te-ne-brae [те-не-брэ] қараңғылық;
3) ашық буыннан кейін дуысты әріп тұрса, табиғи қысқа болады. Мысалы: pa-tri-a [па-три-а] отан tri – буыны қысқа;
4) соңында дауыссыз әріп тұрған ашық буын табиғи қысқа [ˇ] немесе табиғи созылыңқы [‾] болады. Мысалы: for-tū-na [фор-ту-на] тағдыр мұндағы tū буыны табиғи созылыңқы, ал fe-mǐ-na [фе-ми-на] әйел сөзінде mǐ буыны табиғи қысқа. созылыңқылық және қысқалық белгілерін сөздік арқылы анықтауға болады.
2.4.1 Екпін
Бірнеше буыннан тұрған бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естіледі. Латын тілінде екпін сөз мағанасын айқындап, саралап тұрады. Кейде екпіннің орын ауысуымен байла-нысты сөздердің мағаналары бір-бірінен өзгеше болады.
Мысалы: édŭco [é -ду-ко] – тәрбиелеу, edūco [e-дý-ко] – алып кету. Екпінді дұ-рыс қойып оқу арқылы екінші және үшінші жіктеуде тұрған етістіктерді ажыратуға болады. Мәселен: docēre [доцéре] – оқыту екпін соңынан санағанда екінші буында тұр, dícĕre [дицере] – сөйлеу екпін соңынан санағанда үшінші буында тұр. Буын латын тілінде соңынан есептеледі. Соңынан бірінші тұрған буынға ешуақытта екпін түспейді, екпін соңынан есептегенде екінші немесе үшінші буындарда ғана тұрады:
1) екі буыннан тұратын сөздерде екпін қашанда соңынан екінші буынға түседі;
2) көп буынды сөздерде екпін соңынан екінші буынға қойылады, егер сол екінші буын созылыңқы болса. Мысалы: fortūna [фортуна] тағдыр, magíster [магистер] ұстаз;
3) көп буынды сөздерде егер соңынан екінші буын қысқа болса, екпін үшінші буынға қойылады. Мысалы: rátio [рацио] сана, sciéntia [сциэнциа] білім.
2.4.2 Буын және буынға бөлу
Сөз – белгілі бір ұғымның атауы. Сөздер белгілі бір дыбыс-тардың жиынтығынан тұрып, ол дыбыстар буын құрайды. Демек, сөздің ең кішкентай бөлігі дыбыс, одан кейін – буын.
Латын тілінде қазақ тіліндегідей дауысты дыбыстардың ерекшелігі – олардың буын құрайтындығы. Демек сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Буындар латын тілінде ашық және жабық болып бөлінеді. Дауысты дыбысқа аяқталатын буын – ашық, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын – жабық деп аталады.
1 Буындардың саны монофтонг, дифтонг, диграфтардың санына байланысты.
2 Дифтонгтарды, дигрфтарды буынға бөлуге болмайды.
Мысалы: cau-sa [кау-за] себеп.
3 Екі монофтонгтар қатар тұрса бөлінуге тиіс. Мысалы: de-us [дэ-ус] құдай.
4 Muta cum liquida тобын бөлуге болмайды. Олар: cl, cr, gl, gr, bl, br, dl, dr, pl, pr, tl, tr. Мысалы: pa-tri-a [па-три-а] отан, tem-plum [тэм-плюм] храм.
5 Тұрақты әріптер тіркесін (ph, rh, th, ch, sch, qu) бөлуге болмайды. Мысалы: pul-cher [пуль-хэр] әдемі, phi-lo-so-phus [фи-ло-зо-фус] философия.
6 Үш дауыссыз қатар тұрса соңғы дауыссыз дыбыс бөлінеді (muta cum liquida және тұрақты әріптер тіркесінен басқа). Мысалы: sanc-tus [санк-тус] киелі [7].