Латын тілінің тарихын зерттеген ғалымдар классикалық кезеңге дейін көптеген фонетикалық өзгерістердің болғанына көз жеткізіп отыр. Әр кезеңде фонетикалық заңдар пайда болып іс жүзіне асырылып отырған. Фонетикалық заңдардан хабардар болу морфологиялық системаны түсінуді жеңілдетеді. Негізгі фонетикалық заңдарға жататындар:
1) дауыссыздардың регрессивтік ассимиляциясы;
2) ротацизм заңы;
3) редукция заңы.
Сөйлеу барысында бір дыбыс екінші бір дыбысты, бір буын екінші бір буынды, бір түбір өзіне жалғанатын қосымшаны, бір сөз екінші бір сөзді өздерінің соңғы дыбысындай етіп үйлестіруді, ұқсастыруды, қиюластыруды талап етіп тұрады. Дыбыстар ықпал еткенде, бір жақты ғана емес, бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал жасайды. Сөйтіп, көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы делінеді, үндестік заңы дауысты дыбыстармен де, дауыссыз дыбыстрмен де байланысты болады. Дауыссыз дыбыстардың үндесуінде әңгіме тек қана жеке дыбыстардың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал жасауы жайында болады.
Сондықтан, дауыссыз дыбыстармен байланысты үндестік заңын ғылыми тілмен ассимиляция немесе дыбыс үндестігі деп атайды. Бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп, ықпал жасауын кейінді ықпал немесе р е г р е с и в т і к ассимиляция дейміз.
Ассимиляция – латын тілінің assimikato «ұқсату», «ұқсасу» (уподобление) деген мағананы білдіретін сөзінен шыққан термин.
Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне түгелдей ұқсатуын тіл білімінде толық ассимиляция дейді:
1) Тіл алды дауыссыздары (палаталь) d және t дауыссыздары s дауыссызының алдында толығымен ассимиляцияланады.
Мысалы: cedo бару етістігінің І жақта перфектте формасы ced түбіріне + si >cessi. Ss әріптер тіркесі сөздің аяғында жеңілденеді: dōs қыз жасауы зат есімі dots > doss-тан жасалған.
2) Тіл арты (веляр) үнді g дыбысы және ерінді (билабиаль) үнді b дауыссызы, s және t қатаң дауыссыздардың алдында қатаңданады жазуда c + s әріптері x әрпімен белгіленеді).
Мысалы: rego билік етемін, басқарамын етістігінің І жақтағы перфектісі reg –si > rec –si (жазуда rexi); супины reg-tum > rec-tum; scribo жазу: scrib –si > scripsi; супины scrib – tum > scriptum.
3) Тіл алды үнді d дыбысы c, g, p, f, t, r, l дауыссыздарының алдында әдетте толық ассимиляцияланады: accēdo жақындаймын етістігі ad +cēdo-дан жасалады, affĕro әкелемін етістігі ad + fĕro –дан жасалады, arrĭpio ұстаймын етістігі ad + răpio –дан жасалады.
Интервокалды s дыбысталу барысында r-ға ауысады. Оны р о т а ц и з м заңы деп атайды. (Грек тілінің ρ «rho» әрпінің атауымен аталған). Ертеректе етістіктердің инфинитивтік формасы – se-ге аяқталған, кейіннен дауысты әріптердің ортасындағы s әрпі r-ға ауысқан.
Мысалы: accusāre кінәлау, audīre тыңдау.
Тағы бір мысал esse болу етістігінің имперфектум және бірінші келер шақтарда осы заңға сүйеніп өзгереді: es – a – m > eram eso > ero
Қысқа дауыстылардың р е д у к ц и я заңы бойынша келесі өзгерістерді есте сақтаған жөн:
1) ортадағы ашық буында тұрған кезкелген қысқа әріп қысқа ĭ –ға ауысады, егер ол әріптен кейін r әрпі тұрмаса. Мысалы: бұйрық райында яғни императивтің көпше түрінде тұрған mittĭ-te жөнелтіңдер етістігі mitt ĕ –te формасынан жасалған;
2) ортадағы жабық буында тұрған ă әрпі ĕ–ға ауысады. Мысалы: făctum – perfĕctum;
3) ортадағы ашық буында тұрған ae диграфы ī- қа, ал au дифтонгы ū-қа ауысады. Мысалы: caedo шабамын етістігі перфектте cecīdi шаптым формасын cecaedi-ден қабылдайды, немесе causa себеп етістігінен accusare кіналау етістігі жасалған;
4) соңғы жабық буындағы қысқа ŏ әрпі ŭ қысқаға ауысады. Мысалы: lupŏs > lupŭs;
5) ортанғы буында тұрған қысқа ĭ әрпі r әрпінің алдында тұрса, ротацизм заңы бойынша пайда болған, қысқа ĕ–ға ауысады. Мысалы: capĕre = capĭ- se > capĕ-re;
6) соңғы буындағы қысқа ĭ әрпі қысқа ĕ–ға ауысады. Мысалы: marĕ теңіз marĭ түбірінен жасалған [7].
1 Төмендегі латын сөздерін екпін ережесін пайдаланып оқыңыз (Recĭta!):
Aes, vae, jam, qui, quae, quod, sex, sol, Thrax
a-ēr, ae-ra, ae-quus, cae-cus, cae-lum, Cae-sar, Grae-cus, Grae-ci, Cel-te, sae-pe, poe-na, coe-pi, cau-sa, ju-gum, lin-gua, Cy-clops, scho-la, Grac-chus, Pyr-rhus, sphae-ra, pha-lanx;
fi-li-a, ja-nu-a, Phry-gi-a, proe-li-um, Ju-li-us, La-ti-um, spa-ti-um, Ae-gip-tus, tri-um-phus, se-cun-dus, ho-nes-tus, ae-ter-nus, De-cem-ber, pro-pin-quus, Mi-ner-va;
Dae-dă-lus, Ger-mā-nus, syl-lă-ba, de-clā-ro, Cau-că-sus, Ho-mē-rus, Ci-cĕ–ro, A-thē-nae, po-ē-ta, ma-chĭ-na, a-quĭ-la, a-mī-ca, can-dĭ–dus, da-tī-vus, oc-cĭ-do, oc-cī-do, Jup-pĭ-ter, in-cŏ–la, Eu-rō-pa, a-tŏ-mus, sae-cŭ –lum, ta-bŭ-la, ac-cū-so, e-dŭ-co, e-dū-co;
Jus-ti-ti-a, sym-pho-ni-a, ad-ver-bi-um, par-ti-ci-pi-um, e-le-phan-tus, la-by-rin-thus;
O-ce-ă-nus, De-mos-thĕ-nes, De-mo-crĭ-tus, He-ra-clī-tus, ge-ne-tī-vus, pe-ri-cŭ-lum, E-pi-cū-rus, ma-ni-pŭ-lus, Ther-mo-pў-lae.
2 Төмендегі латын сөздерін буынға бөліп, екпіндерін қойыңыз:
Ager. Nemo. Moenia. Aedes. Paean. Aёr. Poēta. Causa. Nauta. Seu. Eurōpa. Ira. Pinus. Aio. Janus. Justus. Adiuvo. Subiectus. Syrus. Lyra.
Cibus. Certe. Cession. Civitas. Cyclus. Lucerna. Credo. Corpus. Calvus. Lac. Donec. Homo. Hic. Hortus. Charta. Chronica. Thesis.
Theatrum. Rhodos. Philosophus. Philippus. Lingua. Lasus. Locus. Culpa. Levis. Aqua. Quoque. Quirites. Quies. Quasi. Coquo. Rosa. Risus. Casa. Caesar. Iustitia. Militia. Vitium. Poitio. Silentium.
3 Оқыңыз (Recĭta!):
Tabula rasa. Caus improvīsus. Barba crescit. Caput nescit. Ubi rem meam invenio, ibi eam vindĭco. Vidēte levitātem homĭnum. Prior tempŏre potior iure. Respublica nostra. Athēnae. Roma. Lutetia. Parisiōrum. Mosqua. Tibĕris. Pontus. Euxīnus. Plautus. Terentius. Vergilius. Horatius. Gaius Julius Caesar. Marcus Tullius Cicĕro. Pompanius. Ulpiānus. Modestīnus. Iustiniānus. Pacta conventa. Corpus iuris. Ius utendi - fruendi. Ius gentium.
Bona fides. Lex Iulia de reputundis.
Римнің бастапқы тұрғындары тек латын тайпасының өкілдерінен тұрады деп ойламау керек. Сабиндер (итальяндықтар), сондай -ақ этрусклықтар Римде және жақын маңда ұзақ уақыт өмір сүрді. Осылай-ша, латын тайпасының төңірегіне біріккен және латынша сөйлейтін Рим-нің ең ежелгі тұрғындары этникалық тұрғыдан біртекті болмады. Оны басқа ештеңе біріктірмеді. Римнің толық азаматтары саналатын «рим халқына» (populus Romanus) жататындар – бастапқыда Лаций тұрғындары. Ромул Рим қауымдастығын ұйымдастырды. Ол 100 «атадан» (латынша senex – қария) Сенат құрды, жоғарғы биліктің белгі-лерін орнатты, бүкіл «рим халқы» үш тайпаға (tribus) бөлінді. Бастапқы тайпалар, 3 этникалық элементтің бірігуін бейнелеген: латиндер, сабиндер мен этрусктар. Кейінірек тайпалар территориялық негізде толыққанды азаматтардың бөлімдерін белгілей бастады. Үш тайпаның әрқайсысы Рим қоғамының аралық әлеуметтік және мемлекеттік бірлігін білдіретін курия (curia) болып бөлінді. «Курия» сөзінің өзі бір мезгілде курия мүшелерінің кездесулері өтетін орынды (және арнайы ғимаратты) білдірді. Ромул, Римнің алғашқы патшасы, қала тұрғындарын көбейту үшін қашқындарға пана құрды. Өз кезегінде 30 курияның әрқайсысы он-он руға бөлінді. Яғни 300 рудан тұрды. Ру мүшелерінің мүлкі ортақ және діни рәсімдерді бірге атқарды. Ру мүшелерінің саны нақты немесе тұрақты болмады. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың басында әйгілі Фабиевтер кланы 300 -ге жуық адамды құраса, ал Клаудия кланы - шамамен 5 мың адам. Демек, сандық жағынан куриялардың тең емес екендігі анық.