ІІІ септеуге барлық родтағы (тегіндегі) яғни женский, мужской және средний родтағы (тектегі) зат есімдер жатады. Бірақ бұл зат есімдердің түбірі g, c, d, t, b, p, r, l, n, m, s дауыссыздарына және қысқа ĭ дауыстысына аяқталады. ІІІ септеуге жататын зат есімдердің nom.sing.-сы яғни жекеше түрдегі атау септігі –s арқылы жасалып сигматикалық номинатив (грек тілінің σ – «сигма» әрпінің атауы) деп аталса, еш жалғаулықсыз жасалған сөзді асигматикалық номинатив дейміз. Сондықтан ІІІ септеуге жататын зат есімдердің nom.sing.-сы әртүрлі: miles, victor, custos, tempus, ratio, verĭtas, anser, nomen, urbs, orbis, mare, anĭmal, longitūdo, homo, lex және т.т.
ІІІ септеуге жататын зат есімдердің жекеше түрдегі ілік септігінің жалғауы – is, ІІІ септеуге жататын зат есімді nom.sing арқылы анықтауға болмайтындықтан, міндетті түрде екі формасын есте сақтау қажет – nominatīvus және genetīvus singulāris. Жоғарыда айтылғандай genetīvus singulārisтан –is жалғауын алып тастау арқылы зат есімнің практикалық түбірін анықтайды. Мысалы:
nominatīvus genetīvus түбір
vox дауыс vocis voc-
Келесі есімдер сигматикалық номинатив құра алады:
а) түбірі тіл арты ( заднеязычные) дауыссызына аяқталатын:
nom.sing gen.sing
vox < voc-s voc-is
ә) түбірі ерін (губные) дауыссызына аяқталатын:
nom.sing gen.sing
plebs < pleb-s pleb-is
б) түбірі тіл алды (переднеязычные) дауыссызына аяқталатын:
nom.sing gen.sing
civĭtas < civĭtat-s civitāt-is
в) түбірі қысқа ĭ (женский мен мужской родтар)- ға аяқталатын:
nom.sing gen.sing
navis < navi-s nav-is
Келесі есімдер асигматикалық номинатив құра алады:
а) түбірі мұрын (носовые) дауыссызына аяқталатын:
nom.sing gen.sing
nomen nomĭn-is
ә) түбірі liquidaға (плавные) аяқталатын:
nom.sing gen.sing
victor victōr-is
б) түбірі –s-қа аяқталатын:
nom.sing gen.sing
tempus temporis < temposis
mos mor-is < mos-es
в) түбірі қысқа ĭ (средний род)- ға аяқталатын:
nom.sing gen.sing
anĭmal < animali animāl-is
ІІІ септеуге жататын зат есімдер әр түрлі үш топқа бөлінеді: түбірі дауыссызға аяқталатын есімдер септеудің дауыссыздар түрі (согласный тип) деп аталса, түбірі қысқа ĭ – ға аяқталатын есімдер септеудің дауыстылар түрі (гласный тип). Бұдан басқа септеудің аралас түрі (смешанный тип) кездеседі.
Бұл ІІІ дауыссыздар септеуіне атау септігі мен ілік септігіндегі буын саны сәйкес келмейтін (неравносложные), түбірі бір дауыссызға аяқталатын үш тектің де (родтың) зат есімдері жатады:
victor, ōris, m vox, vocis, f nomen, mĭnĭs, n
жеңіңпаз дауыс есім
Септеу |
sing |
pl |
sing |
pl |
sing |
pl |
Nom. Gen. Dat. Acc. Abl. Voc. |
victor victōr-ĭs victōr-ī victōr-ĕm victōr-ĕ victōr |
victōr-ēs victōr-ŭm victōr-ĭbŭs victōr- ēs victōr-ĭbŭs victōr- ēs |
vox voc-ĭs voc-ī voc-ĕm voc-ĕ vox |
voc-ēs voc-ŭm voc-ĭbŭs voc- ēs voc-ĭbŭs voc-ēs |
nomĕn nomĭn-ĭs nomĭn-ī nomĭn-ĕm nomĭn-ĕ nomĕn |
nomĭn-ă nomĭn–ŭm nomĭn-ĭbŭs nomĭn-ă nomĭn-ĭbŭs nomĭn-ă |
ІІІ септеуге жататын зат есімдердің көбісі етістіктердің негізінен (супиннен және инфекттен) жасалған:
Aтқарушы жақ (действующее лицо) – nomĭna agentis – мағанасындағы мужской родтағы (тектегі) зат есімдер - (t)or, -(s)or жұрнақтары арқылы супин негізінен жасалып, адам ұғымын білдіреді:
Етістік |
Супин негізі |
Зат есім |
aro, arāvi, arātum 1 жер жырту lego, legi, lectum 3 оқу defendo, defendi, defensum қорғау |
arat- lect- defens- |
arat-or,ōrĭs m жер жыртушы lect-or, ōrĭs m оқушы defens-or, ōrĭs m қорғаушы |
Бұл латын тілінде ғана емес басқа жаңа тілдерде де жиі кездесетін тип. Орыс тілінде де аз емес. Мысалы: новатор, рационализатор т.т. Жаңа тілдерде осы жұрнақтар адам ұғымынан басқ заттық мағана да береді. Мысалы: трактор, репродуктор, экскаватор, телевизор және т.т.
Сондай-ақ супин негізіне -(t)io(n), -(s)io(n) жұрнақтарын жалғау арқылы өрбіген еcімдер қатары бар. Бұл типте қимылдық ұғымды білдіретін женский родтағы (тектегі) зат есімдер – nomĭna actiōnis :
Етістік |
Супин негізі |
Зат есім |
arrow, narrāvi, narrātum 1 әңгімелеу lego, legi, lectum 3 оқу video, vidi, visum көру |
narrat- lect- vis- |
narrat-io, ionis f әңгіме lect-io, ionis f оқ у (чтение) vis-io, iōnis f көру (видение) |
Осы типтес зат есімдер жаңа тілдерде өте жиі кездеседі. Батыс Европа тілдеріне бұл сөздер негіз ретінде кірген:
лат. Nom. Sing. Demonstratio- көрме – gen. Sing. Demonstratiōnis – негізі demonstration – неміс тілінде die Demonstration – ағылшын тілінде the demonstration – француз тілінде la demonstration.
Орыс тілінде бұндай сөздер женский родтағы –(ц)ия жалғауымен енген формалар: демонстрация, революция, нация, лекция, инспекция, және т.б.
Инфект негізіне – or жұрнағын жалғау арқылы қимылдық ұғымды білдіретін мужской родтағы зат есімдер жасалады:
timeo, ui, -, timēre 2 қорқу tim-or, ōris m қорқыныш
clamo, āvi, ātum, clamāre 1 айқайлау clam-or, ōris m айқай
Сапалық сын есімнен – (i)tat – жұрнағы арқылы сапалық ұғымды білдіретін мужской родтағы абстрактлі (дерексіз) зат есімдер – nomĭna qualitātis (nom.sing.-та олар –tas-қа аяқталады) жасалады:
liber, ĕra, ĕrum басы бос liber-tas, tātis f бостандық
verus, vera, verum шыншыл ver- ĭtas, itātis f шындық
Осындай мағанада сапалық сын есімнен – (i)tudin – жұрнағы арқылы сапалық ұғымды білдіретін женский родтағы зат есімдер (nom.sing.-та олар –tūdo-ға аяқталады) жасалады; magnus, a, um зоp, үлкен; magn-itūdo, itudĭnis көлемдік (величина) pulcher, chra, chrum көркем,әдемі;pulch- itūdo, itudĭnis көрік (красота).
Түбірі қысқа ĭ – ға аяқталатын есімдер ІІІ септеудің дауыстылар түрі (гласный тип) деп аталатыны жоғарыда айтылған. Негізінен септеудің бұл түріне Nominativus singularis-ы -ĕ, -al, -ar –ға аяқталатын (mare, maris n теңіз; anĭmal, animālis n мал; exemplar, āris n үлгі) средний родтағы зат есімдер жатады. Олардың:
Ablatīvus-ы -ī – ға
Nominatīvus пен Accusatīvus-ы -iă – ға
Genetīvus-ы –ium – ға аяқталады
Көрсетілген ерекшеліктер бойынша берілген зат есімдердің барлығының түбірі қысқа ĭ, сондықтан септеудің осы түрі – дауыстылар түрі (гласный тип) деп аталады.
Септеу |
Singulāris |
Pluralis |
Nom. Gen. Dat. Acc. Abl. Voc. |
Marĕ marĭs marī marĕ marī marĕ |
mariă mariŭm marĭbŭs mariă marĭbŭs mariă |
Ескерту. (N.B.) ІІІ септеудің дауыстылар түріне атау септігі мен ілік септігінде буын сандары бірдей (равносложные) женский родта тұрған бірнеше зат есімдер де жатады: turris, is f мұнара ; febris, is f безгек ; tussis, is f жұтел; securis, is f балта; sitis, is f шөл; puppis, is f кеменің алдыңғы бөлігі (корма).
Бұдан басқа ІІІ септеуде тұрған буын сандары бірдей өзен аттары мен қала аттары жатады: Tiberis, is m Тибр; Neapolis, is f Неаполь. Олардың:
Accusativus singularis-ы -im-ға аяқтаталып,
Accusativus pluralis-ы -īs-қа (немесе ēs-қа)
Ablativus singularis-ы ұзақ –ī-ға
Genetivus pluralis-ы -ium-ға аяқталады.
Осы топқа vis, -, f күш зат есімін жатқызуға болады. Бұл зат есім-нің genetivus және dativus singularis формалары жоқ.
cептеу |
sing. |
pl. |
sing. |
pl. |
Nom. Gen. Dat. Acc. Abl. Voc. |
turrĭs turrĭs turrī turrĭm turrī turrĭs |
turrēs turrium turrĭbŭs turris (turres) turrĭbŭs turrēs |
vis - - vim vī vis |
virēs virium virĭbŭs virēs virĭbŭs virēs |
ІІІ аралас септеуге жататын зат есімдер екі топқа бөлінеді:
1) Бірінші топқа атау септігі мен ілік септігінде буын сандары бірдей емес (неравносложные), негізі екі немесе оданда көп дауыссыздан тұратын, Nominativus singularis-ы –s –қа яқталатын зат есімдер жатады. Мысалы: pars, part-is f бөлік (часть) ; urbs, urb- is f қала ; nox, noct-is f түн.
2) Екінші топқа атау септігі мен ілік септігінде буын сандары бірдей (равносложные), Nominativus singularis-ы –is –қа немесе –es-ке аяқталатын зат есімдер жатады. Мысалы: avis, avis f құс; nubes, nubis f бұлт.
Бұл зат есімдердің Genetivus pluralis-ы –ium-ға аяқталады, яғни септеудің дауыстылар түріне сәйкес келеді, барлық қалған септеулерде септеудің дауыссыздар түрінің септік жалғаулары қолданылады, сондықтан бұл септеуді септеудің аралас түрі дейміз. Аралас септеуге көбінесе женский родтағы зат есімдер жатады.
cептеу |
sing. |
pl. |
sing. |
pl. |
sing. |
pl. |
Nom. Gen. Dat. Acc. Abl. Voc. |
pars partĭs parti partĕm partĕ pars |
partēs partiŭm partĭbŭs partēs partĭbŭs partēs |
avĭs avĭs avī avĕm avĕ avĭs |
avēs aviŭm avĭbŭs avēs avĭbŭs avēs |
nubes nubĭs nubī nubĕm nubĕ nubes |
nubēs nubiŭm nubĭbŭs nubēs nubĭbŭs nubēs |
ІІІ аралас септеуге средний родта тұрған бір зат есім жатады: os, ossis n сүйек (nominativus және accusativus pluralis ossa, genetivus pluralis ossium).
Төмендегі кестеде ІІІ септеудің үш түрі салыстырылған:
Септеу мен түрі |
Дауыссыздар септеуі |
Аралас септеу |
Дауыстылар септеуі |
Ablativus sing. |
-ĕ |
-ĕ |
-ī |
Genetivus sing. |
-ŭm |
-ium |
-ium |
Nom.- Acc. pl |
-ă |
-ă |
-iă |