32 ІV септеуге жататын зат есімдер

Төртінші септеуге негізінен мужской родта  nom.sing-ы –us-қа  және средний родтағы nom.sing –ы –u- ға, ал gen.sing-тары олардың барлығының - us-қа  аяқталатын зат есімдер жатады. Мысалы: senātus, senātus  m - сенат; exercĭtus, exercĭtus m әскер; genu, genus n - тізе; cornu, cornus n - мүйіз

 

S i n  g u l a r i s

P l u r a l i s

 

m

n

m

n

 

Nom.

Gen.

Dat.

Acc.

Abl.

Voc.

 

exercĭtus

exercĭtus

exercĭtui

exercĭtum

exercĭtū

exercĭtus

 

cornu

cornus

cornu

cornu

cornū

cornu

 

exercĭtus

exercĭtuum

exercĭtĭbus

exercĭtus

exercĭtĭbus

exercĭtus

 

cornua

cornuum

cornĭbus

cornua

cornĭbus

cornua

Бірінші, екінші және үшінші септеулер бойынша сын есім, сан есім, есімдіктер де септелсе, төртінші септеу бойынша  тек қана зат есімдер септеледі.

Төртінші септеуде ескертпе ретінде женский родтағы зат есімдер кездеседі. Мысалы: domus, us f үй;  manus, us f қол; сонымен қатар барлық ағаш өсімдіктерінің аттары, мысалы:  quercus, us f - емен

domus, us f үй зат есімінің септік формаларына көңіл бөлген жөн: domī – үйде; domŭm – үйге; domō - үйден

   S i n g u l a r i s

P l u r a l i s

 

Nom.

Gen.

Dat.

Acc.

Abl.

Voc.

 

domŭs

domūs

dom

domŭm

domŏ

domŭs

domūs

domm немесе domōrŭm

domĭbus

domus немесе domōs

domĭbus

domūs

Бұл зат есімнің септік формаларында екінші септеудің жалғаулары кездеседі [9].

Тапсырмалар

 1. Септеп қазақ тіліне аударыңыз:

plenus gradus,  is exercĭtus  ingens,  id gelu  aspěrum, ea res publica

2. Зат есімдердің формасын анықтаңыз:

 aciē, spē, exercĭtū, manū, campō, popŭlō, virō, fabŭlā, patriā, vī, animālī, nomĭně, regě, sermōně, exercituum, diērum, noctium, leōnum, tauros, casus,  scholas,  partes,  lacrĭmam,  patrem,  locum, vim, spem,  verbis, hominĭbus,  casĭbus,  diēbus,  oppĭda,  nomĭna,  maria, cornua.

3. Төмендегі сөйлемдерді өткен және келер шақта қойып, сөйлем-дерді қазақшаға аударыңыз:

 Medĭcus dicit  puěrum  aegrōtum esse.  Dux  putābat  urbem expugnātam esse.

4. Төмендегі сөйлемдерді ырықсыз етіске өзгертіп қазақшаға аударыңыз:

Milĭtes montem  capiunt. Graeci monumenta extruēbant. Specto.

5. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеоло- гизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:

1) Ad ovo usque ad mala – Басынан аяғына дейін.

2) Acta est fibula – Шоу аяқталды.

3) Ad kalendas Graecas – Шексіздікке.

4) Amici- fures  temporis – Уақыт ұрысы – достар.

5) Conscintia – mille testes – Ар -ұждан - мыңдаған куә.

6) Aeterna Urbs – Мәңгілік қала (Рим).

7) Cave canem Canis timidus vehementius latrat,quam mordet– Қорқақ ит тістемейді, қатты үреді.

6. Аударыңыз:

Specta tabŭlam! En domum Romānam vides. Specta altěram  tabulam:

domum  Romānam  Graeco  exemplo  aedificātam  vides.  In  prima  tabŭla

ostium,  vestibŭlum,   atrium,   tablīnum,  cubicŭla  sunt,   in   altěra   etiam

peristylium,  Graeco  modo  parātum,  statuis  ornātum  est.   Post   domum

hortus  erat, ubi pulchrae  et  multae  plantae  erant. Tullia  amicae rubras et

albas   rosas  et  lilia  alba dat. Etiam  viŏlae  pulchrae  sunt.

Сөздік

1. specto, are – қарау; 2. alter, altera, alterum – басқа; 3. exemlum, i – мысал, үлгі; 4. Greco exemplo – гректердің үлгісімен; 5. ostium, i – кіру; 6. vestibulum, i – кіре беріс; 7. atrium, i – атрий; 8. impluvium, i – қауыз; 9. tablinum, i – кабинет; 10. ornatus, a, um – әшекейленген; 11. post  – кейін, сыртында; 12. post domum – үйдің сыртында; 13. hortus, i – бау-бақша; 14. planta, ae – өсімдік; 15.  ruber, rubra, rubrum – қызыл; 16. aedificatum – салынған.

Римдіктер жөнінде дерек

Бастауыш мектепте оқу бес жылға созылды, бірақ бұл бес жылды жартысына дейін қысқарту керек. Қалалық мектепте жазғы каникулдар төрт айға созылды: маусымның ортасынан бастап қазанның ортасына дейін; ауылдық мектептікі одан да ұзағырақ болуы ықтимал, себебі ата-аналарға шаруашьшықта балалардың көмегі қажет болды. Бұл каникулдарға жылдық мерекелер де қосылды, мерекелік күндер екі айға дейіи жетті. Сабақ беру әрекет-әдістері жетілмеген, балалардың ойлауы мен қабылдауына сай келмегендіктен, енді қазір ең түк білмес деген оқушы бірнеше аптада игеретін сауаттылыкгы римдік оқушылар бірнеше ай бойы меңгерді. Бастауыш мектептің ұстазының білімі әртүрлі болды. Үлкен қалада, Римде оған қойылатын талаптар жоғары болды, ол тек оларды оқу мен жазуға ғана үйретіп қоймай, грамматикамен таныстырып, род, түр, септеу мен шақтарды айыруды үйретуге, дұрыс есептеуге үйретті. Ал бұл сол кезеңде нақты өңделмеген грамматика болмаған тұста оңай іс болған жоқ.

Римдік тәрбие мен білім беру гректікіне ұқсас, «кешенді» болды. Ол оқушының тек ойының ғана емес, сондай-ақ физикалық дамуына әрекет етуге тиіс болды. Сондыктан теориялық пәндермен қатар гимнастикамен де айналысуга міндетті болды, ал ұлдарға келешекте әскери қызметке дайындық қажет болды.

Теориялық түрғыдан алғанда білім беру, біздің уақытымызда сияқты «қадам бойьшша» (пошаговое) болды, яғни бастауыштан және қарапайым білімнен күрделіге өту сияқты болды. Білім алудың бүкіл негізгі элементтері гректерден алынғандықтан, педагогикалық пәндердің атаулары, ұстаздардың аты гректердікі сияқгы болды.