33 V септеуге жататын зат есімдер

Бесінші септеуге nom.sing-ы –ēs-ке , ал gen.sing-ы - ēī- ге немесе  -ěī-ге  аяқталатын зат есімдер жатады. Мысалы: speciēs, ēī f – түрі;  fidēs, ěī f – үміт, ě.

Жоғарыда берілген мысалдардан байқауға болатыны егер nom.sing-тың (атау септіктің жекеше түрі)  – ēs жалғауы дауысты әріптен кейін тұрса,  gen.sing. (ілік септігіндегі жекеше түрі) формасында  – ēī жалғауы ұзақтық белгісімен, ал егер nom.sing-тың (атау септіктің жекеше түрі) – ēs жалғауы дауыссыз әріптен кейін тұрса,  gen.sing. (ілік септігіндегі жекеше түрі) формасында  – ěī жалғауы қысқалық белгісімен қолданылады.

Бесінші септеудің  зат есімдері негізінен  женский родқа жататын зат есімдер.

Бесінші септеуге жататын  res, rěi  f – зат, іс және dies, diēī f  – күн зат есімдерінің ғана көпше түрі бар, қалған бесінші септеуге жататын зат есімдердің көпше түрі  мүлдем жоқ немесе тек қана nominativus пен accusativus pluralis-та қолданылады. 

 

singularis

pluralis

singularis

pluralis

Nom.

Gen.

Dat.

Acc.

Abl.

Voc

rēs

rěī

rěī

rěm

rēs

rēs

rērum

rēbus

rēs

rēbus

rēs

diēs

diēī

diēī

diem

diē

diēs

 diēs

 diērum

 diēbus

 diēs

 diēbus

 diēs

Ескерту (N.B.)

res зат есімі кейбір сын есімдермен бірігіп тұрақты фразеологиялық бірліктерді құрайды; res publĭca – мемлекет;  res gestae (pl) қылық; res novae (pl) – мемлекеттік төңкеріс; res secundae (pl) – сәттілік, бақыт; res adversae (pl) – бақытсыздық; rerum scriptor – тарихшы [9].

Тапсырмалар

1. Септеп қазақ тіліне аударыңыз:

spes magna (spes  -V септеу,  magna – I септеу); forma et status (forma – I септеу, status – IV септеу).

2. Төменде берілген сөздерден сөйлем құраңыз. Есіңізде болсын баяндауыш сөйлемнің соңында, бастауыш номинативте, ал толықтауыш аккузативте:

1. matrōna, puella, vocāre; 2. domĭnus, servus, malus, vituperāre; 3.amīca, tunĭca, sordĭdus, habēre; 4. exertĭus, patria, defenděre; 5. vir, matrōna, puer, puella,  dies festus, celebrāre; 6. poēta, silva, ager, vicus, pulcher, narrāre.

3. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеоло-гизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:

1) Crede experto – Тәжірибеліге сеніңіз.

2) Desiderata(pl.). Desideratum (sing) – Тілек.

3) Exampla docent – Мысалдар үйретеді.

4) Faber est quisque suae fortunae – Әркім өз бақытының ұстасы.

5) Omne nimium nocet – Барлығы қалыпты жақсы.

6) Suus rex reginae placet – Әр балшықшы (құс) өзінің батпағын мақтайды.      
4. Оқыңыз (Recĭta!):

Res publĭca – res popŭli est. Variae sunt  formae  et status rērum publicārum. Gloriam rei publĭcae  exercĭtus defendit. Viri boni  rem publĭcam amant,  in rebus secundis et in rebus adversis rei publĭcae auxilio sunt. Cives saepe  de rebus  publĭcis atque de rei publĭcae  commŏdispŭtant.  Vir bonus nullum pericŭlum pro re publĭca, nullum incommŏdum pro patria vitat. Fidem virōrum Romanōrum poētae saepe laudabānt. Diēbus  festis pupŭlus Romānus deis  deabusque  sacrificābat et  pro re publĭca deos orābat.

Сөздік

1. res publĭca – мемлекет; 2. res publĭcae – мемлекеттік істер; 3. res secundae – табыс, бақыт; 4. res adversae – бақытсыздық, қайғылы жағдай; 5. res gestae – ерліктер; 6. scriptor rerum  gestarum – тарихшы; 7. viri boni  ...  rei publĭcae auxilio sunt – адал азаматтар мемлекетке қызмет етеді; 8. dies festus – мереке күні, мейрам.

Римдіктер жөнінде дерек

Карфаген соғысына ақша жетпегені үшін, ақшаны ауыстыруға мәжбүр болды. Бұл өлшем дұрыс болып шығып, өте көп пайда әкелді. Штемпель көмегімен мыс ақшаларға бір жағынан Янус құдайының басын, екінші жағынан кеменің бір бөлігін бейнеледі, ұсақ ақшаларда – триента және квадранта – кеменің бейнесін орнатты. Империяның дәуірінде реформалар өткізілді.

Қазна екіге бөлінді: императорлық және сенаттық болып, сондықтан императорлық және сенаттық ақша жасалына бастады. Императорлық ақшалар күміс және алтын белгімен, ал сенаттық ақшалар тек қана қола болып, S және С әріптері белгіленді, «сенатус консультум».

Республика және империя ақшаларында өзгешеліктер көрінеді. Республика кезеңде ақшаларда Янус, Юпитер, Марс, Юнон, Минерваның бастары бейнеленсе, тек Цезарь кезіңде сенаттың рұқсатымен ақшада өз суретін бейнеледі.

Октавиан Августың, Марк Антонийдың, Клеопатраның портреттері ақшада сақталған. Күмістен, алтыннан бірінші ақшаны шығарған адамды Плиний Үлкені «қылмыскер» деп атайды.

Себебі, алтын үшін қан төгісі аз болған жоқ.