Заттың сыны мен сапасы үнемі бір деңгейде болмайды.
Мысалы: ақ, ақшыл, ақшылтым, ақтау, өте ақ дегенде ақ түсінің әр түрлі дәрежеде қолданылып тұрғанын байқау қиын емес. Осындай заттың сынының әркелкі дәрежеде болуын шырай деп атайды. Бір түрлі түр мен түстің, сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әрқилы реңдерін шырай дейміз.
Латын тілінде сын есімінің үш түрлі шырайы бар: жай шырай (gradus positīvus), салыстырмалы шырай (gradus comparatīvus), күшейтпелі шырай (gradus superlatīvus).
Заттың жай белгісін, түрін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, исін, дәмін, т.б. көрсететін белгіні жай шырай дейміз. Бұл шырай қалған шырайларды жасауға негіз болады. Мысалы: жақсы
Біркелкі сынның, сапаның бір-бірінен артық не кем екенін көрсететін сын есімнің түрін салыстырмалы шырай дейміз. Мысалы: жақсырақ, жақсылау.
Латын тілінде салыстырмалы шырай сын есімнің Gen. Sing формасының жалғауын (екінші септеуге жататын сын есімдердің –ī жалғауы да, үшінші септеуге жататын сын есімдердің –ĭs жалғауы) мужской және женский родта – ior, ал средний родта – iŭs жұрнақтарына өзгерту арқылы жасалады. Салыстырмалы шырайдың Nom.sing – асигматикалық (яғни s дыбысынсыз деген термин, бұл термин гректің σ – «сигма» әріпінің атауынан шыққан)
P o s i t i v u s |
C o m p a r a t i v u s |
|||
Nom. |
Gen. |
m |
f |
n |
altus miser pulcher celer facĭlis felix |
alt-ī misěr-ī pulchr-ī celěr-ĭs facĭl-ĭs felīc-ĭs |
alt-ior miser-ior pulchr-ior celer -ior facil-ior felic-ior |
alt-ior miser-ior pulchr-ior celer -ior facil-ior felic-ior |
alt-iŭs miser-iŭs pulchr-iŭs celer -iŭs facil-iŭs felic-iŭs |
Барлық сын есімдердің салыстырмалы шырайдағы Gen.sing формасының жалғауы үш родқа бірдей. Олар – ior-is - қа аяқталады.
Cеп-теу |
singularis |
pluralis |
||||
m |
f |
n |
m |
f |
n |
|
Nom. Gen. Dat. Acc. Abl. Voc |
altior altiōrĭs altiōri altiōrem altiōrě altior |
altior altiōrĭs altiōri altiōrem altiōrě altior |
altiŭs altiōrĭs altiōri altiŭs altiōrě altiŭs |
аltiōrēs altiōrum altiōrĭbŭs altiōrēs altiōrĭbŭs altiōrēs |
altiōrēs altiōrum altiōrĭbŭs altiōrēs altiōrĭbŭs altiōrēs |
altiōră altiōrum altiōrĭbŭs altiōră altiōrĭbŭs altiōră |
Заттың бастапқы жай белгісін –сапасын, көлемін, аумағын, дәмін, иісін, т.б. қасиеттерін күшейте түсетін сын есімнің түрін күшейтпелі шырай дейміз. Мысалы: жап-жақсы
Латын тілінде көшейтпелі шырайының жасалу түрі бірнешеу. Көбінесе жай шырайдағы сын есімнің Gen.sing формасының жалғауының орнына - issĭm жұрнағы мен сын есімнің родтық –us, -a, -um жалғауларын жалғау арқылы жасалады. Сондықтан женский родтағы сын есімдер І септеу бойынша, ал средний мен мужской родтағы сын есімдер ІІ септеу бойынша септеледі.
Жай шырайда -er, -a, -um- ға (І мен ІІ септеуге жататын сын есімдер) және -er, -is, -e -ге (ІІІ септеуге жататын сын есімдер) аяқталатын сын есімнің күшейтпелі шырайы мужской родтағы Nom.Sing. формасына -rĭm жұрнағын және –us, -a, -um жалғауларын жалғау арқылы жасалады.
P o s i t i v u s |
C o m p a r a t i v u s |
|||
Nom. |
Gen. |
m |
f |
n |
clar-us beāt-us sapiens miser celěber |
clar-i beāt-i sapientis |
clar-issĭm-us beat-issĭm-us sapient-issĭm-us miser-rĭm - us celěber-rĭm-us |
clar-issĭm-a beat-issĭm-a sapient-issĭm-a miser-rĭm-a celěber-rĭm-a |
clar-issĭm-um beat-issĭm-um sapient-issĭm-um miser-rĭm-um celěber-rĭm-um |
ІІІ септеуге жататын Nom. sing. және Gen.sing формалары мужской және женский родтарда –ĭlis –қа аяқталатын алты сын есімнің күшейтпелі шырайы Gen.sing формаларындағы -ĭs жалғауының
орнына – lĭm (sĭm-нан) жұрнағы мен – us, -a, -um жалғауларын жалғау арқылы жасалады.
facĭlis (gen sing. facĭlis) жеңіл – facil-lĭm-us, a, um
difficĭlis (gen sing. difficĭlis) ауыр – difficil-lĭm-us, a, um
simĭlis (gen sing. simĭlis) ұқсас – simil-lĭm-us, a, um
dissimĭlis (gen sing. dissimĭlis) ұқсамайтын– dissimil-lĭm-us, a, um
humĭlis (gen sing. humĭlis) аласа – humil-lĭm-us, a, um
gracĭlis (gen sing. gracĭlis) сымбатты – gracil-lĭm-us, a, um
Бірнеше латын сын есімі өзінің шырайларын жалпы ереже бойынша емес яғни жұрнақтар арқылы емес, басқа түбірлерден жасайды. Кейде оны синтетикалық емес жол деп атайды. Ол сын есімдерді жатқа білген жөн:
Жай шырай |
Салыстырмалы шырай |
Күшейтпелі шырай |
bonus, a, um - жақсы malus, a, um - жаман magnus, a, um - үлкен parvus, a, um - кішкене multi, ae, a - көп |
melior, meliŭs pejor, pejŭs major, majŭs minor, minŭs plurēs, plură |
optĭmus, a, um pessĭmus, a, um maxĭmus, a, um minĭmus, a, um plurĭmi, ae, a |
Жай шырай формасында дауысты (e, u, i) әріптен кейін тұрған – us жалғауына аяқталатын сын есімдердің шырайлары синтетикалық жолмен емес яғни жұрнақ арқылы емес, күшейткіш үстеулерді сын есімдердің алдынан қою арқылы жасалады. Салыстырмалы шырайда magis (аса, тым) үстеуі және күшейтпелі шырайда maxĭme (ең, аса, орасан, өте) үстеуі қолданылады. Мысалы:
Жай шырай |
Салыстырмалы шырай |
Күшейтпелі шырай |
idoneus - қолайлы necessaries - қажетті |
magis idoneus - қолайлылау magis necessaries - қажеттілеу |
maxĭme idoneus - өте қолайлы maxĭme necessaries - өте қажетті |
Салыстырмалы шырайда екі түрлі септеу қолданылады. Септеудің қолданылуы quam шылауына байланысты. Егер салыстырмалы шырай quam – қарағанда, салыстырғанда шылауы арқылы жасалса, онда атау септік (Nominatīvus) қолданылады. Мысалы: Aqua levior est, quam ferrum – Су темірге қарағанда жеңіл. Шылаусыз формада шығыс септік (a b l a t ī v u s c o m p a r a t i ō n i s) қолданылады. Мысалы: Aqua levior est ferrō – Су темірден жеңіл. Аblatīvus жиі қолданылады.
Күшейтпелі шырайда ілік септігі предлогсыз қолданылады. Оны g e n e t ī v u s p a r t i t ī v u s деп атайды. Мысалы: Fortissĭmus omnium – Барлығының ішіндегі ең батылы